Пәннің мақсаты: Болашақ педагогтердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу, әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық үдерістерге қолдау көрсету. Жеті модуль мәнмәтінінде білім алушыларда тұжырымдамалық түсіну негіздерінің және тәжірибелік дағдылардың қалыптасуы, өз тәжірибесі туралы сын тұрғысынан ойлану(рефлексия)дағдыларының, өзін-өзі жетілдіру қабілетінің болуы, мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге дайындау.
Пәннің міндеттері: Конструктивті оқыту әдістемесінің педагогикалық-ұйымдастыру негіздерін анықтау; осы технологияның практикалық жүзеге асу моделін жасау. Білім берудің əдіснамалық қағидаларын ескере отырып, оқытудың нəтижесін конструктивті оқытуды қазақстандық жүйеде бар ғылыми жетістіктер негізінде үйрену.
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер:Конструктивті оқыту әдістемесінің ғылыми негізін ашу, пəндік жəне метапəндік нəтижелерді жоспарлау, білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін жүйе жасау, тұлғаның функциональдық сауаттылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратын механизмді анықтау;