Дістемелік кешен



бет14/40
Дата24.04.2024
өлшемі0,64 Mb.
#201285
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
konstruktivti bilim beru adisteri pani boi nsha oak mi-20-31
дәріс сабақ№9
Орта қалыптастыру:

  • білім алушы оқып үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;

  • үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатыынас орнату;

  • үйренушілерге білімді дайын күйінде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.

Әрекет арқыылы үйрету және үйрену:

  • үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетінін дәлелдеу;

  • үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін игеру.

Өмірмен байланыстыру:

  • үйрету және үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу үшін қарастыру.

Өзінділік пен дербестікке баулу:

  • үйренушілердің дайын жауабын ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру;

  • сыни тұрғыдан ойлауларына жағдай жасау.

Осының нәтижесінде үйренеді:

  • терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

  • өз әрекеттері мен идеяларыын талдау және оларға баға беру;

  • ақпаратты өздігінен түсініп, оны сараптап, дұрыс таңдай білу;

  • пікірталасқа қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

  • шешім қабілдау және қиын мәселелерді шешу;

  • басқалармен тиімді қарым-қатынас құрып, өзара бірлесе жұмыс атқару;

Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу - қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудіңзерттеушілік түрі басымдылыққа ие болады.
Білім беру үрдісінде оқушыларға білім беруде тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген ынтасын дамытып, ойын еркін жеткізе білу қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға негіз болады деуге болады. Сондай-ақ мұғалімдер осы бағытта жұмыстар атқарса оқушы мен мұғалім арасында өзара серіктестік пайда болады. Сонымен қатар еркін тілде сөйлеп өзінің сыни көзқарасын білдіріп, басқаларға жеткізе алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.
Диалогтік оқыту – мұғалімнің жан-жақты жұмысын талап етеді.
Білім беру барысында диалогтік оқытуды дамыту үшін мұғалімнің тәжірибесінде не қажет? Әрине, оқытудың әдіс-тәсілдерінің сынып жағдайында дұрыс таңдалуы нәтижеге жетудің бастамасы болып табылады. Бұл мұғалімнен біліктілік пен шеберлікті қажет етеді.
Кембридж әзірлеген Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясына басым назар бөледі. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.

Оқу үрдісі барысында келесі жайларды ескерген жөн

оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ету

әр оқушы өз деңгейінде жұмыс жасап, кейбір болжамдар бойынша ойларын білдіре алуларына жағдай жасау

көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістеуіне мүмкіндік беру

оқушылардың бастапқы білімдерін жаңа біліммен өзара байланыстыруға мүмкіндік тудыратын жағдай жасау

Сондай-ақ диалогтік оқыту барысында оқушылардың өз ойларын айтуға мүмкіндік туғызу, оқытуда мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы диалог жүргізу дағдысы қай денгейде екенін үнемі назарда ұстау маңызды болып табылады.
Диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың негізгі ерекшелігі - ұстаздар мен оқушыларға өз еріктерімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге жағдай жасайды. Қазіргі оқытудың талаптарына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуды керек етеді. Сондықтан қазіргі заман талабына сай жас ұрпақтың көкірегі ояу, ізденімпаз, отаншыл, шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек деп ойлаймын. Оқушыларға жаңа тақырыптарды қызықты, түсінікті етіп түсіндіру үшін керекті тәсілдердің бірі ретінде диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету деп ойлаймын. Осы жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, жаңа сабақтың аясында қосымша қызықты деректерді ұсынуға, қиын тақырыптарды әр түрлі жұмыс түрлері арқылы жеткізуге, жаңа идеяларды әсерлі етіп көрсетуге болады. Бағдарламаның жеті модулін білім беру үрдісіне енгізе отырып мұғалім мен оқушылар арасындағы белсенді қарым-қатынасты қалыптастырып, келешек өмірге жол ашамыз.
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету негізінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өткізілген сабақтардың нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу қабілеті, сұраққа жауап беру қабілеті, мәтінді сипаттау қабілеті, сұрақ қоя білуі, таныс материалды меңгеру қабілеті біршама жақсы нәтижелерге көтеріледі деуге болады.
Бұрынғы оқушылар тек қана тыңдаушы болса, қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін қалай оқу керектігін түсінетін жеке тұлға екендігіне ерекше мән бергеніміз жөн. Тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа тәсілдерін қолдануымыз керек деп ойлаймын. Бұл заман талабы. Көштен қалуға болмайтындығын бәріміз де түсінеміз.
Алдағы уақытта да білім беру үрдісінде осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыратын болсақ:

  • барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысады;

  • барлық оқушылар өздерін еркін сезінеді;

  • олар бір нәрсені қате айтамыз деген қорқыныштан арылады;

  • жауапты бірлесіп іздейді, жолдастық көмек, бір- біріне деген жауапкершілік сезімі пайда болады;

  • сабақ оқушы үшін, мүғалім үшін де пайдалы болады;

  • ең бастысы олар бір- біріне қатты әсер етеді, бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі үйретеді.

Білім беруде жақсы істер жалғасын тапса оқушы қалай оқу керектігін түсініп, өзін-өзі реттеп, достық қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күйде болары анық. Мен үшін ең тиімді сабақ ол - нәтижелі сабақ. Ал, сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет