Дістемелік кешен



бет19/40
Дата24.04.2024
өлшемі0,64 Mb.
#201285
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Байланысты:
konstruktivti bilim beru adisteri pani boi nsha oak mi-20-31

Стратегиялық бөлініс: Мектепті жетілдіруге бағытталған нақты мақсатқа бағыттылушылық – стратегиялық бөліністің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Бұл бөліністі біз, мысалы, мұқият ойластырылған кадрлық тағайындаулардан көре аламыз, ол жағдайда олар жеке дара шеберлігі тұрғысынан емес, негізінен олардың мектептегі көшбасшылықты дамытуға қосқан үлесі тұрғысынан қарастырылады.
Кезеңдік бөлініс: Бұл тәсіл прагматикалық жағдаяттық сипатпен қоса, басым бөлігінде кәсіби дамуға бағдарланған стратегиялық сипатқа да ие. Себебі өздеріне көшбасшылық тән екендігін көрсете алған мұғалімдерге жауапкершілік те көп жүктеледі. Мұғалімдер өздерінің көшбасшылыққа қабілетті екендігін қаншалықты дәлелдей алса, оларға жүктелетін жауапкершіліктің мөлшері де соншалықты арта бермек.
Бастамашылық бөлініс: Бұндай бөлініс кезінде көшбасшылық мұғалімдерге бөлініп берілмейді, керісінше ол мұғалімдерді өзі қамтиды, яғни оны тағайындамайды, ал мұғалімдер өздері қабылдайды, сондықтан оны жоспарланған тәсілден гөрі, ерікті деп санауға толық негіз бар. Көшбасшылық қабілеттері бар мұғалімдер өз еріктерімен белгілі бір үдерісті жүргізу жауапкершілігін өз мойындарына алып, өздері ықпал ететін аймақ ауқымын кеңейтеді, кейде бұл үдеріс басшылықтың қатысуынсыз да болып жатады.
Бөлініс мәдениеті: Бұл жағдайда «кім» дегеннен гөрі, «не» дегенде баса назар аударылады. Көшбасшылық нақты қызмет саласында және жекелеген адамдардың бастамасы бойынша жүргізіледі. Мұғалімдер әріптестерімен бірлесе отырып, бастама білдіреді, оларда ешқандай басшы, жетекші деген болмайды. Бұл адам рухының, қайратының көрінісі, мектептің орныққан дәстүрлері, оның жалпы мәдениетінің көрсеткіші десе де болады. Көшбасшылықты бөлудің бұл түрі өзара қарым-қатынастардың төрт түріне байланысты.
Құрметтеу (басқаның пікірін тыңдау және бағалау).
Жеке қарым-қатынас (кәсіби өзара қарым-қатынасты қолдайтын орнықты жеке қарым-қатынас).
Құзыреттілік (басқалармен өзара қарым-қатынас барысында күтілетін нәтижеге қол жеткізе білу).
Адалдық (сенімді және шынайы өзара қарым-қатынас).
Осы Бағдарламада негізінен «көшбасшылықты тарату мәдениетіне» артықшылық беріледі. Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы (МКДЖ) жетекшіліктің бұл түрінің кең тарағаны болып табылады. Ол жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер:
• іс-тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіне жауапкершілік алу;
• оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер таңдау;
• бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинау және қолдану;
• кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысу үшін көшбасшылықты нығайтудың ерекше тәсілі болып табылады.
Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МКДЖ бағдарламасы «мұғалім – зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Біз «академиялық империализм» деп аталатын мақсаттан – мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек (Elliot, 1991). Дамыту бойынша жұмыс белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды. Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет