Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет54/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз
Нугман Цивилизация Великой степи каз, Нугман Цивилизация Великой степи каз
 
3.3 Оғыз, Қимақ және Қыпшақ хандығы 
 
Оғыздар (ІХ-ХІ ғ. басы). 
Оғыздардың мекен еткен жерлері Қазақстанның
 
Ырғыз, Жайық, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Арал маңы, Сырдария 
жазығы, Қаратау баурайлары, Шу жазығы болатын. Әсіресе ықшамды 
орналасқан аймақтары Арал өңірі, Каспий маңының солтүстік-шығысы мен 
Сырдарияның төменгі ағысы. ІХ-Х ғасырдың басында Сырдария 
атырабының ортаңғы және төменгі ағысы мен сол алқабына қабысып жатқан 
Қазақстанның Батыс даласында 
Мафазат әл-гуз - 
Оғыз мемлекеті құрылды. 
Оғыздар туралы жазған Ибн әл-Факихтің еңбегі әртүрлі толық мәлімет 
береді, соның бірі: «түріктер арасында өзгелерден гөрі көбірек 
құрметтеледі», - дегені.
О. Сулейменов «Аз и Я» атты еңбегінде оғыздарды «б.д.д. VІІ ғасырда 
белгілі болған елдердің бірі»,-деп келтіреді. Бұл жерде үзіндіні сол қалпында 
аудармай келтірейік: «Ассирийские хроники эпохи царя Ассархадона пока 
что – самый древний документ, могущий подтвердить факт существования в 
VІІ веке до н.э. тюркского этнонима 
иш-огуз
». 
Шежіре
түрік елінің жалпы 
рухани өмірінде маңызды орын алады, бәлкім соны көріп естіген әл-Факих 
оларды «құрметтеледі» деп келтірген. Осы сөздің мәнін ашсақ, ол - түркі 
елдердің шежіре арқылы әрбір тайпаның шыққан тегі мен жасаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет