Әдеби-теориялық ұғымдар Сөзбен сомдалған тұлға – образ



бет4/6
Дата31.01.2022
өлшемі56,49 Kb.
#116480
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Әдеби-теориялық ұғымдар

Құбылтудың түрлері:

Эпитет


Теңеу

Метафора


Кейіптеу

Аллегория

Символ

Метонимия



Синекдоха

Ирония


Гипербола

______________________________________________________________________

Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Оның мағынасы да сан алуан:

  • түсті (алтын күз);

  • әдемілікті (алтын қасықтай);

  • құтты мекенді (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ);

  • атақ-дәрежені (алтын жаға);

  • қазына-байлықты (алтын сандық);

  • жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі) білдіреді.

Эпитет көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады. Көркем әдебиетте тұрақты эпитет жиі қолданылады. 

_________________________________________________________________________Теңеу'>______________________________________________________________________

Теңеу – затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Халық тілінде тұрақты теңеу (алтын көпір, бұйра толқын, сын сағат, берік байлам, ыстықықыласт. б.) мол ұшырасады.  Абай поэзиясында теңеудің көптеген түрлері бар болмысымен, қиысымен қолданылған.

_________________________________________________________________________Метонимия'>______________________________________________________________________

Кейіптеу. Ақын кейде жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттейді. Әдебиетте мұндай тәсілді кейіптеу деп атайды.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы - ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

______________________________________________________________________

Метонимия бір нәрсемен екінші нәрсені алмастырып айтудың өте ұғымды тәсілі. Әскери адамның қарулығын, күш көрсете алатынын, қорғаушы бола алатынын осылай айту арқылы бірден-ақ аңғартып тұр.

______________________________________________________________________

Синекдоха. Троптың өзгеше бөлінетін бір түрі синекдоха (грекше-меңзеу) деп аталады. Бір бүтін нәрсенің орнына оның бөлшегін (басың нешеу?); бөлшектің орнына бүтінді (жұрттың қалай екенін ұқпадым) қолдану.

Біреуге: Басың нешеу? дегенде, оның басын сұрап отырғанымыз жоқ, неше адамы бар екенін сұрап отырмыз. Сол үйдің адамдарының орнына тек қана бастарын аламыз. Жұрттың қалай екенін ұқпадым! дегенде барлық жұртты айтып отырған жоқ, біреуді айтып отыр.

Бір адамның орнына жұртты деген сөзді айтса да, бұдан барлық жұртты ұқпаймыз, сөз аңғарына қарап, бір адамға ғана қастап айтқанын білеміз.

Жоғарғы бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолданған сықылды, көпшенің орнына жекешені, жекешенің орнына көпшені қолдану да синекдохаға жатады.

Мысалы: Тары пісіп тұр. Жылқы көрдің бе? дейді. Тары, жылқы - жекеше. Дұрысын айтқанда, тарылар, жылқылар деу керек қой. Бірақ көпшесін айтпай-ақ, жекешесін айтсақ та, көпшесінің мағынасын беретін болғандықтан, жекеше тары, жылқы деп қолдана береміз.

_________________________________________________________________________Меңзеу'>______________________________________________________________________

Символ (symbolon – шартты белгі) – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып,бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.

______________________________________________________________________

Меңзеу алмастырудың бір түрі – бүтіннің орнына бөлшекті немесе керісінше, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану.

______________________________________________________________________

Гипербола. Шындық болмыспен адамның арасындағы қатынасты көрсететін көркемдеп суреттеу құралының бірі - әсірелеу (гипербола).

Әсірелеу деп құбылысты өте асырып көрсетуді айтады. Құбылысты жай қалпынан өте асырып көрсету арқасында суреттелген құбылыс, адамның ой-сезіміне тез әсер еткіш келеді.

Әсірелеу жай сөзде де, поэзияда  да өте көп.

Қазақтың ескі мақалдарында: «Көп түкірсе, көл болар», «Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар», «көзінің жасы көл болды» дейтін сөздер бар. Адам қанша көп түкірсе де, түкірік не көз жасы көл бола алмайды. Ат қанша арыса да, қарғаның адымы онша алыс жер емес. Оған жетуге болар еді. Бірақ соның өзі мұң болды дейді. Бұл әсірелеулер көп бірлессе, қандай істі болсын орындап шығатынын көрсетеді. Сондықтан ең аз нәрсені алып, «Көп түкірсе, көл болады» дейді. Мұны айтқанда, біз көл туралы ойламаймыз, «көздің жасы көл болды» дегенде көп жылағанын, «Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар» дегенде, арыған атқа аз ғана жердің өзі алыстық ететінін білеміз.

Жоғарғы ерні көк тіреп,

Төменгі ерні жер тіреп,

Асқар төбе бел еді,

Бірде шауып желеді,

Көлденең жатқан көк тасқа

Тіктеп тиген тұяғы

Ұршығынан енеді...



_________________________________________________________________________Градация_(дамыту)'>______________________________________________________________________'>______________________________________________________________________

Литота. Образды сөздің бір түрі - литота. Әсірелеу мен литота бір нәрсенің екі жағы тәрізді. Екеуінің айырмасы: әсірелеу бір құбылысты өте үлкейте суреттесе, литота бір құбылысты өте кішірейтіп суреттейді.

Мысалы:


Етектейін еріннен

Екі елісі қалыпты.

Қиған қамыс құлақтан

Бір тұтамы қалыпты.

Жалбыраған жалынан

Жалғыз қарыс қалыпты.

Күлтеленген құйрықтан

Бір тұтамы қалыпты. 



______________________________________________________________________

Аллегория троптың бір түрі. Аллегорияда пікір астарлы келеді. Бірақ астарлы сөйлеудің әр түрі бар. Кейде астарлау жұмбаққа айналып кетеді. Ондай жағдайда астарлы мағынаны әркім әртүрлі ұғынуы, әр басқа түсінуі мүмкін. Ал аллегория сол астарлап, пернелеп сөйлегенде, дерексіз ұғымдарды деректі, тұжырымды образға айналдырады. Мысалы: қулық, сұмдық, айла, әділдік, жауыздық, қастық, достық - бәрі де, жеке алғанда, дерексіз жалпы ұғымдар. (Әрине, өмірде олардың тұжырымды ұғымға айналатын кездері де болады) Адамдардың араларында болатын қарым-қатыс, күрес-тартыстар белгілі бір жағдайда оларды деректі заттай-ақ сезіндіреді.

Әдебиетте осы айтылған тәрізді дерексіз ұғымдарды деректі ұғымға айналдырып, әрқайсысы бір нәрсені не айуандарды меңзейтін сөз образын аллегория дейді.

Әдебиетте түлкі - қулық, айлакерлікті; қасқыр - қара жүректік, ұрылықты; арыстан - өктемдік, зорлықшылдықты; аққу - достықты, махаббатты; ақ көгершін - бейбітшілікті; үзілген шынжыр - бостандықты меңзейді.

Аллегория көбіне мысал өлеңдерде кездеседі.



______________________________________________________________________

Гипербола(әсірелеу)- өмірде кездесетін әртүрлі құбылыстарды н/е белгілі бір нәрсені шамадан тыс асырып айт тәсілі. Әсірелеу батырлар жырында, ертегілерде, мақал-мәтелдерде көп қолданылады.Мыс, "Көп түкірсе- көл"(мақал)


...Астындағы бурылдың

Жоғарғы ерні көк тіреп,

Төменгі ерні жер тіреп...

("Қобыланды батыр")


Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам!..

(Сұлтанмахмұт Торайғыров)

______________________________________________________________________

Градация(дамыту)- алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу(түйдектеу, баяулату болу бөлінуі).

______________________________________________________________________

Метафора(ауыстыру)-екі нәрсені, құбылысты, салыстыру мен жанастырып жақындату негізінде жасалған, астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз н/е сөз тіркесі. Мыс, Абай өлеңдерінде кездесетін жастық оты,жүрек көзі, дүние есігі, өмірдің өрі.Сондай- ақ:
Көздің жасы жүректің қаныменен

Ерітуге болмайды іштің мұзын.

(Абай)
Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей,

Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей.

(Мағжан)
Метафоралау түрлері

Сөздерді метафоралау процесінде үш түрлі жағдайды байқауға болады.



  • Бірінші жағдайда сөздің сыртқы белгісі алынады. Мысалы, кілт— есіктің кілті, мәселенің кілті; бастау — бұлақтың бастауы, шығармашылық бастау т. б.

  • Екінші жағдайда метафора жасайтын сөздердің семантикасына, ішкі мазмұнына үңілуге тура келеді (түлкі — аң, айлакерлік белгісі; балшық — зат атауы, адам мінезіндегі ынжықтық т. б.).

  • Метафоралаудың үшінші түрінде белгілі бір белгілер мен қасиеттердің басқа топтағы заттар мен құбылыстарға тән екендігі белгілі бола тұра, басқа топтағы ұғымдарға сіңісті болып кетеді. Мысалы, ұлиды деп қасқырды айтады, бірақ ақындардың шығармаларында жел ұлиды. Сол сияқты өткір сөзі қатты заттарға қатысты болатын (өткір ұстара), кейінгі кезде өткір мәселе тіркесі қолдынылып жүр.

______________________________________________________________________

Параллелизм - екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі. Мыс, Ер Тарғынның қиналған тұстағы монологі психологиялық параллелизм арқылы былай беріледі:
Асыл туған Ақжүніс,

Күнді байқап қарасам

Күнді бұлт қоршайды

Күн жауарға ұқсайды

Айда бұлт қоршайды,

Айды байқап қарасам-

Түн жауарға ұқсайды,

Бойды байқап қарасам

Қол - аяғым көсіліп,

Аузы - мұрным ісініп,

Алланың хақ бұйрығы

Маған таяғанға ұқсайды.

Осы жерде Ер Тарғынның мертігіп жатқандағы көңіл- күйі табиғат көрінісімен қатар алынып суреттелген.Ай мен күнді бұлт қоршап, жауын жауатындығына ұқсауы батырға қауіп төнгенін меңзейді.
Импровизация - өлең- жырды тұтқиылдан суырыпсалып айту өнері.Ауыз әдебиетінде өлеңді табан астында суырыпсалып айтуға қабілеті жоқ адамды нағыз ақын деп санамаған.

______________________________________________________________________

Инсценировка-прозалық немесе поэзиялық туындыларды сахна, теледидар, радио қойылымдарына лайықтап, шығарма мазмұнын, идеялық мәнін, көркемдік ерекшеліктерін сақтай отырып, драмалық формада жазып шығу түрі.



______________________________________________________________________

Көркемдік қиял- көркемдік ойлау ерекшелігі, суреткердің дүниеде,өмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді,жай-жағдайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп көрсету әдісі, тәсілі.

Көркемдік қиял шындық пен шарттылықтың бірлестік тұтастығына негізделеді.

Көркем өнерде тақырып таңдау,оның тереңіне бойлау, өмір құбылыстарының ішкі қабаттарына барлау жасау, солардың әлеуметтік-эстетикалық мәнін ұғыну, сан алуан кейіпкерлердің бейнесін, жан дүниесін, жүріс- тұрысын суреттеу көркемдік қиялға байланысты. Сайып келгенде, "Неғұрлым жазушы қиялға бай болса,пікірге шебер болса,соғұрлым шығарма сөзі пікірлі, әсерлі болып шықпақ" деп көрсетеді А.Байтұрсынов. Бұл жерде ескертетін жайт- көркем әдебиеттегі шындыққа сай келетін өмір көріністері де, сондай-ақ армандау, қиялға берілу арқылы жасалатын болжам, әдемі елес түріндегі, мыс, қиял ғажайып ертегілерде кездесетін бейнелерді ойдан шығару, көркемдік қиял негізінде туады.



______________________________________________________________________

Пейзаж - әдеби шығармадағы жаратылыстың яқи табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі. Ж.Аймауытовтың "Қартқожа" романында мынадай табиғат суреттері бар:

1."Аспанда ақ сабынның көбігіндей, ақ мақтадай ақ бұлттар".

2."Жаздың бір түні.Көреген аспандағы көп жұлдыз бен көк торғынға шашылған бриллиант тасындай жылт-жылты етеді. Айдын көлге шомылған аққудай көк торғындай көкте сұлу ай жүзеді.



______________________________________________________________________

Портрет. Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейді. Оқырман өзі оқып отырған шығармадағы кейіпкердің сыртқы түрін көргісі келеді, сөйтіп оның қандай адам екенін көз алдына елестетеді. Мұхтар Әуезов өз шығармасында он үш жасар Абайдың портретін былай берген:

«Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала-бозбалалық қалпына бейімделген...»

______________________________________________________________________

Фигура (айшықтау). Әдебиетте сөз өткір, тартымды, әсерлі болуы үшін, сөз таңдау, ауыстырып айтудан басқа да әдістер қолданылады. Жазушы, ақындар кейде дағдыдағы синтаксисті аттап өтіп, синтаксистің өзгешелеу түрін жасайды. Сөйлемді айтылып жүрген қалпынан өзгертіп құрады. Осы айтылған сөздің өткірлігін, әсерлілігін күшейтетін барлық синтаксистік сөйлем құрастыруларды, бір сөзбен айтқанда, фигура (латынша figure – келбет, бейне) деп атайды. Фигуралар сезім күші кернеген сөздерде қолданылады.



Айшықтаудың түрлері:

Арнау(жырлай, сұрай, зарлай)

Қайталау

Шендестіру

Дамыту

Инверсия


Эллипсис

Егіздеу


______________________________________________________________________

Арнау. Жазушы не өзіне, не біреуге, не көпшілікке қайырыла сөйлесе, арнау дейді.Бұл үшкебөлінеді: жарлай арнау, сұрай арнау және зарлай арнау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет