Әдеби-теориялық ұғымдар
Сөзбен сомдалған тұлға – образ
_______________________________________________________
Әдеби тек тұрғысынан
|
Лирикалық
|
Драмалық
|
Эпикалық
|
Ода
Ән өлеңдері
Арнау
Эллегия
Лирика
сатира
|
Трагедия
Комедия
Драма
|
Аңыз
Ертегі
Мысал
Әңгіме
Батырлар жыры
Дастандар
Пэма
Повесть
роман
|
Эпикалық бейнелеу тәсілі автордың баяндауына, әңгімелеуіне құрылады, автордың өмір шындығын кең қамту, сан алуан адамдар тағдырын жан-жақты ашып суреттеу мүмкіндігі мол. Осындай авторлық баяндау – әңгімелеуге құрылған шығармаларға миф (аңыз), ертегі, мысал, әңгіме, батырлар жыры, новелла, повесть, дастан, поэма, роман, роман-эпопея жатады.
Миф – табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял-ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян. Шағын көлемді эпикалық жанрға тән жанрлық түрлердің бірі – ертегі. Ертегі – адам өміріндегі немесе хайуанат дүниесінде болуға лайық, әралуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая.
Мысал – эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі.
Новелла – көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады.
Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көлемді көркем шығарма.
Фельетон – эпостың шағын түріне жататын очерк секілді аралық жанрдың бірі.
Повесть – орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі
Поэма – орта көлемді эпостың повестен басқа тағы бір түрі.
Роман – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт пен кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.
Ертегілер. Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.
Ертегілердің хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілері, шыншыл ертегілер сияқты түрлері бар.
Әдеби ертегілер. Ертегілердің бір саласы – әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деп атайды.
Аңыз әңгімелер. Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы – аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде шыңдық оқиға мен қиял ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады
Шешендік сөздер. Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы - шешендік сөздер. Шешендік сөздер - елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері.
Мысалдар. Мысалдар аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуа-күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді.
Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория дейді.
Баллада-орта ғасырларда француз, испан, итальян поэзиясында туып, қалыптасқан лириканың ерекше түрі.
Новелла (итал.novella)- көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма,кейде өлеңмен жазылады. Новелланың әңгімеден айырмасы- онда әдеттен тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады.Оқиға желісі таңғаларлықтай қызықты етіп өріледі және тосын, күтпеген жерден аяқталады.
Пьеса- драматургиялық шығармалардың жазылу түрі. Трагедия да, драма да, комедия да пьеса түрінде жазылады.Пьесада прозадағы, поэзиядағы сияқты авторлық суреттеулер, мінездеулер, баяндаулар болмайды. Шығарманың барлық оқиғасы, ойы, кейіпкерлер бейнесі- бәрі кейіпкерлердің өз сөздері арқылы жасалынады.
______________________________________________________________________
Проза – қазақ әдебиетінде кешеңдей туған, бірақ орасан, шапшаң дамыған сала
Көркем әдебиетке тән нәрсе әр алуан өмір құбылыстарын образ арқылы көзге елестетіп, ой-сезімге әсер ету болса, кейде ол бұрын болып өткен өмір шындығын, адамдардың арасындағы тартыс, қарым-қатынастарды да шығармаларында суреттейді.
Жазушы, ақындар суреттемек әр алуан өмір құбылыстарын не поэзия, не көркем қара сөз, не драмалық шығармалар арқылы көрсетеді. Сондықтан мейлі поэзия, мейлі көркем қара сөз, мейлі драма - бәрі де көркем әдебиет саналады.
Жай қарағанда бұлар бір-бірінен өзгешеліктері айқын, әр басқа әдебиет нұсқалары болып көрінсе де, тереңірек үңілсек, бұл өзгешеліктер тек сыртқы түр айырмашылықтары екендігін, көркем шығармалардың кейде түрі басқа болса да, тегі біреу болатындығын аңғарамыз.
Осы айтылғандар тәрізді негізгі айырмашылықтарына сүйене отырып, жалпы көркем әдебиетті эпос, лирика, драма деп үш топқа жіктеуге болады. Бұлай жіктеуді әдебиетті тегіне қарап бөлу деп атайды. Ғылыми зерттеулерде әдебиет тектерін (литературные роды) жанр деп те атайды. Жанр (французша - gener) - тек, түр. Бұрын да, кейін де «әдебиеттің тектері» деудің орнына «жанр» дейтін. Эпостық жанр, лирикалық жанр, драмалық жанр.
Эпос – көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі. Әдебиеттің басқа жанрларына (тектеріне) қарағанда, эпос жанрына жататын көркем шығармаларда оқиға, адамдардың араларындағы қарым-қатынастар біртіндеп дамиды. Қандай өмір құбылысын суреттесе де, әр жағдайдағы адамдардың арасындағы тартысты баяндаса да, не олардың мінез-құлық, іс-әрекеттерін сипаттаса да, жазушы өзінің оларға қалай қарайтынын аңғартпайды. Тек көруші, бақылаушы, біреулерден естіп, сол естігенін, объективтік қалыпта суреттеп айтып беруші дәрежесінен аспайды. Міне, осы әдіс негізінде берік сақталып жазылған көркем шығармалар, мейлі өлеңмен, мейлі қара сөзбен жазылсын, эпостық жанрға жатады.
Лирика. Суреттеп отырған өмір құбылысына өзінің оны қалай түсінуін аңғартатын, күйініш-сүйінішін көрсететін көлемі шағын өлеңдік шығармаларды лирика дейді.
Лирика көпшілігіне өлеңмен жазылады. Бұл - оның өзіне тән бір ерекшелігі тәрізді нәрсе. Лириканың элементі әдебиеттің басқа жанрларында да кездесуі мүмкін. Бірақ ол өте сирек кездеседі және басқаларына тән қасиет, ерекшелік емес. В.Г.Белинский лириканы өте жоғары санайды. «Поэзияның жаны - лирика», - деп бағалайды. Егер эпостық жанрда жазылған шығармаларда зат, өмір құбылысы объективтік дәрежеде суреттелсе, оған автор өзінің қарым-қатысын көрсетпеуге тырысса, лирикада керісінше субъект, яғни автордың өзі бірінші орынға шығады. Суреттеп отырған өмір құбылысы автордың жан толқыны, дүниетануымен мидай араласып кетеді. Біз бұл лирикалық суреттеулерден заттың не құбылыстың картинасын көріп қоймаймыз, оны жан-жүйемізбен сезінеміз. Ақынның көңіл күйі, жан сезімі, ол құбылысқа қалай қарайтындығы көзде емес, көңілде болады. Өзі алған әсерімен бізді де әсерлендіреді.
Суреттеп отырған өмір құбылысына әрі көзқарасын көрсететін, әрі өз басының күйініш-сүйінішін білдіретін өлеңдердің бәрі де лирикалық жанрға жатады.
Драма. Драмалық жанрға жататын шығармалар диалог түрінде жазылады. Автор қатысушылардың сөздерін бұлжытпай, төл сөз күйінде береді. Және артист қалай айтуы керек, әр жағдайда қимыл, құбылыс қандай болуы керектігін көрсетеді. Қатысушылардың сахнада айтатын сөздері реплика делінеді де, ал артистердің бет-құбылыс, қимыл, қозғалыстары қандай болуы керектігіне берілетін сілтеулерді авторлық ремарка деп атайды.
______________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |