Әдебиеттануға кіріспе пәні,19 тақырып: Көркем әдебиет тілі



бет13/19
Дата05.05.2020
өлшемі69,49 Kb.
#65839
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
306 adebit
-sabaq-kz-attachment-mzh.-aza-debiet-7-synyp-3-tosan-dostyy-zharasan-elmz, -sabaq-kz-attachment-mzh.-aza-debiet-7-synyp-3-tosan-dostyy-zharasan-elmz, 001273b1-18effb9d, Квалиметрия Лекция 1
Әдебиеттің халықтығы  – көп мағыналы ұғым, яғни, 1) жеке шығармашылықтың ұжымдық шығармашылыққа қатынасы: шығармашылық алмасу мен  кәсіби әдебиеттің халқықтық шығармашылықтағы поэтика, образ, сарындарды мұра ету деңгейі; 2) көркем шығармадағы халық бейнесі мен оның дүниеге көзқарасының өнердегі көрінісінің тереңдігі мен сәйкестігінің (адекватность) өлшемі; 3) өнердің қалың бұқараға эстетикалық және әлеуметтік тұрғыдан түсініктілігнің өлшемі. Тарихи дамуға орай өнердің суреттеу құралдары да, автор көздеген идеялық мұрат та өзгеріске ұшырайды. Сол себепті «әдебиеттің халықтығы» деген ұғымның аясы да өзгеріп отырады. Әдебиеттің халықтығының ең басты өлшемі – халық үшін ең маңызды да қажетті құбылыстар мен өзгерістерді бейнелеу. Әдебиеттің ұлы туындылары қай кезде де өз алдына халықты толғандырған сауалдарды қойып, қоғамдық өмір заңдылықтары ашылатын аса маңызды құбылыстарды бейнелеп отырған. Екінші өлшем – аталған дәуірдің ең озық идеалдарына негізделген өмірлік ақиқатты шынайы суреттеу. Алайда осы аталған екі өлшем әдебиеттің халықтығы ұғымын толығымен көрсетпейді. Себебі шығармада халық үшін маңызды да қажетті жағдайлар суреттеліп, сол дәуірдің ең озық идеалдарымен үндесіп жатуы мүмкін. Бірақ соның бәрі ешкімді қызықтырмайтын қарабайыр үлгіде баяндалуы да ықтимал. Демек, өнер туындысының халық игілігіне айналуында қаламгер шеберлігі орасан маңыз алмақ. Әдеби шығармашылықта қаламгер ұлылығы өмірдің маңызды құбылыстарын кеңінен қамти білуімен, оған тереңдей бойлауымен және бейнелеу қуатымен өлшенеді. Осы белгілер арқылы алдыңғы екеуімен тығыз байланысты үшінші өлшем шығады.  Яғни, халықтықтың үшінші өлшемі қаламгер шеберлігі болып табылады.

Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы.Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицист., ғыл.-эстетик. шығармашылық түрі. Ә. с. — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методол-сын қолданады. Ә. с-ның басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Ә.с. әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Ә.с. да оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады. Ә.с-нда берілген баға сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Ә. с. көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді.Ә. с-ның тарихы ертеден басталады. Қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, идеялық сапалары аса жоғары классик. үлгілерін парықтауда Ә. с-ның рөлі зор болды. Ол жазба әдебиетінің, ғылымның дамуымен бірге өрбіп отырады. Отырарлық ғұлама Әбу Наср әл-Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, Ш. Уәлихановтың, Ы. АЫбырай Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады. 19 ғ-дың 2-жартысында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінің бетінде әдебиетке қатысты материалдардың жиі көрінуі. Ә. с. тарихындағы жаңа кезеңнің басы болды. “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті беттерінде жаңа кітаптардың шығуы туралы хабарлардан бастап, жекелеген жазушыларға арналған ғұмырнамалық мақалалар, әдеби шолулар, түрлі тақырыптағы мақалалар көптеп көріне бастады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров т.б. қазақ әдебиеті жайлы құнарлы пікірлер айтты. 20 ғ-дың 20-жылдары қазақ әдебиеті жаңа дәуірде қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет қайраткерлері жайлы қызу пікір алысулар болды. Әсіресе Абай, Мағжан шығармашылықтары жайлы айтыстар 20 ж-дардағы әдеби сынның орталық мәселелеріне айналды. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1927), Х. Досмұхаметовтің “Қазақ халық әдебиеті” (1928), Ғ. Тоғжановтың “Мағжанның ақындығы мен Жүсіпбектің сыны” (1926), “Әдебиет және сын мәселелері” (1929) сияқты еңбектер қазақ Ә.с-ның жаңа биіктерге бет алғанын байқатты





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет