Рөлдік ойын «Дүкен»
Қорлар
«Ақша» ойынға арналған қатты көк пластиктен қиылып алынған жолақтар, үстінде символдардың бейнелері – пішіндердің қасиеті көрсетілген.
«Тауарлар» - пішіндердің өздері. «Тауар» ретінде пішіндердің суреттері жапсырылған қораптарды дайындауға болады.
«Дәріхана» ойынының қорларын пайдалануға болады.
Ойын «Дәріхана»
Мақсаты: «Математика» сабақтарында алған білім, дағды, машықтарын ойын жағдайларында бекіту.
Балаларға қатарластарымен қатынасқа түсе білу дағдыларын, қоғамдық орындарда өзін – өзін ұстай білу ережелерін бейімдету.
Өзара көмекке келе білу сезімдерін тәрбиелеу.
Психикалық және ойлау үдерістерін, ойын жағдайларында балалардың логикалық ойлау үдерістерін дамыту.
Зейіндерін, еске сақтау қабілеттерін жетілдіру. Сөйлеу дағдыларын дамыту.
Қорлар:
«Дәрілер» - Дьенеш пішіндерінің үш қасиетін жапсырған дәрілердің бос қораптары. «Ақшалар», «Рецепттер» - Дьенеш пішіндерінің үш қасиетін жапсырған карточкалар.
Ойынға арналған үстел, халаттар, арнайы бас киімдері.
«Ойнайық та, ойлайық»
Кілемнің үстіне түзу алдын – ала дайындалған пішіндерді қоямыз.
«Бақыт көшесі»:
«Қызыл пішіндермен жүріп отырып, бақытымды табамын!»
«Достық көшесі»:
«Көк пішіндер көшесімен жүріп отырып дос тауып аламын».
«Денсаулық көшесі»:
«Сары көшемен жүгіріп өтіп, денсаулығымды сақтаймын!»
«Қуаныш көшесі»
«Бейбітшілік көшесі»
«Шаршылармен жүремін, бейбіт өмірді үйге кезігемін!»
«Күлкілер көшесі
«Үшбұрышты үйге кіремін, мейірімді күлкімді сыйлаймын».
«Көтеріңкі көңіл – күй көшесі»
«Мейірімділік көшесі»
Баршамызды мейірімділікке шақырамын!
«Балғын шақ көшесі»
Балғын балақайлармен біргеміз!
Дьенеш пішіндерімен ойын сәттері
«Дос пішіндер қаласында»
Мақсаты: Балаларға деген мейірімді қатынасты тәрбиелеу.
Ойын тапсырмалары:
1. Еденде пішіндерден құрылған көшелер. Үйлерде балалар пішіндермен тұратын болады. Бір – бірлерімен танысуды ұсынамыз: өз пішінінің «атын» атату. Досына үй тауып беру.
2. Ұлдардың, қыздардың пішіндері қайда «тұратынын» анықтау.
3. Топ бұрыштарында түстерге сәйкес пішіндерді қою. Педагог былай деп түсіндіреді: «Енді пішіндер өз достарын қошеметпен қарсы алады: көк пішіндер – отырады, қызылдар – секіреді, сарылар - айналады». Дабыл бойынша: балалар қозғалады.
4. Сіздің пішініңіздің «үйі» қайда болғанын есіңізге түсіріңіз. Өзіңіз жасаған қозғалыс қимылыңызды көрсетіңіз.
«Теңіз пішіндері»
Балалар топтарға бөлінеді. Біреулері жағадағы тастар болды, басқалары қолдарынан ұстап, еденге отырды. Барлығы мынадай сөздерді атады:
«Теңіз толқиды бір, теңіз толқиды екі. Теңіз толқиды үш! Теңіз жұлдызы тұр тыныш!»
Балалар – «тастар» ұсақ тастардың теңіз жағасындағы қимылын көрсетеді, ал балалар «теңіз жұлдызының» қимылын жасап жатады. Содан кейін рөлдерімен ауысады. Бұл ойын барлығына ұнайды. Көңілді, шулы өтіп, балалар кішкене еркелеп алды. Балаларды тыныштандыру үшін мен мынадай релаксация сәтін ұсындым, яғни «теңіз бетіндегі тыныштық» дедім, балалар тыныштықты ести отыра, дельфиндердің жүзгендерін, кеменің суда жүзгенін, теңіз тыныштығын бейнеледі. Сосын үстелге барып пішіндері бар қораптарды алуларын ұсындым.
Пішіндерді үшке бөліңдер: сары, көк, қызыл.
Сары пішіндер күн болады, көктер – толқындар, қызылдар – кемелер.
Бірінші болып Санжар тапсырманы орындады. Көк пішіндерді үстелдің төменгі жағына қисық жол ретінде қойды, күнді қою әрине қиындық туғызған жоқ, кемелері барлығының әртүрлі болып шықты. Балалар бір – бірлеріне қонаққа барып қандай сурет жасағандарын тамашалады. Содан кейін тапсырманы одан әрі ойлап табуды ұсындым.
Теңіз және мұхит түбінде қазынасы мол сандықтар жатыр дедім. Маған
жақындап қанша сандық алғыларың келсе, сонша алыңдар. Балалар жақындап, қанша алғылары келсе, сонша алды. Барлығына жетпей де қалды. Басқа топтамадан алуға тура келді, өйткені балалар 5,4,3,2 сандықтан ала бастады. Қазына деген түсінік ұнады.
- Енді сандықтың ішінде қандай қазына жатқанын тауып ала аласыңдар ма дедім. Ол үшін сендерге өздеріңнің пішіндерің көмектеседі. Балалар пішіндердің қасиеттерін тамаша ұғады, сондықтан сандықтардың ішінде қандай қазына жатқанын табу қиындыққа әкелген жоқ.
Тапсырманы тез орындаған балаларға басқаларына көмектесуді және менімен бірге тексеруді ұсындым. Олар бар ықыластарымен жұмыстарын атқарды. Барлығы жетістікке жетіп, ойын аяқталды.
«Гүлді жазық дала»
Мақсаты: Достарына көмекке келу, достық сезімді сақтай білу дағдыларына тәрбиелеу. Дьенеш пішіндерін үш қасиетке: түсі, пішіні, көлеміне сай айыра білулеріне жаттықтыру. Берілген қасиетке сай пішіндерді сұрыптауға үйрету. Балалардың ес, ой, зейін, сөйлеу дағдыларын дамыту.
1 тапсырма.
Балалар, кәнекей пішіндерден жазық дала құрастырайық. Бұл далада қызыл, көк, сары гүлдер өсетін болады. Тақтада үлгі көрсетіледі.
Балалар үлгімен салыстыра отырып пішіндерді өз алдарына қояды.
2 тапсырма.
Балалар, өздеріңнің қанқыздарыңды алыңдар да, ұшыңдар. «Қанқыз»
ұшып жүріп, кішкентай үшбұрышты көк гүлге қонды. Гүлдің тәтті нәрін сорып, ары қарай ұшып кетті. Алыстан үлкен қызыл гүлді көріп, соған барып қонды». Әр балаға жылдам сауал қойдым: «сенің қанқызың қандай гүлде отыр?».
3 тапсырма. Сергіту сәті:
«з-з-з-з ызылдауық қоңызым, қайда барып қондың? Мен жапырақ астында,
ызылдаймын дем алып!». Енді, қанқыз ұйықтау үшін домалақ сары гүлге ұшып кетті. Ол қандай гүл? Балалар: бақбақ – деп жауап берді. Бірден жауап алдым. Сенің қанқызың қайда отыр? Қандай гүлге ұйықтауға кетті.? Ол бірден тез жауап бере алды. Бұл әрине оның зейін қойып тыңдап, тапсырманы орындап отырғанын көз жеткізді. Қанқыз ұйықтап жатқанда, біз сендермен асханаға шырын ішуге барамыз.
4 тапсырма.
Қанқызға қайтып келеміз. Кәнекей, қанқыздарға сыйлық жасайық. Мен сендерге сандықшаларды таратып беремін. Сандықта шырыны бар қандай шиша жатқанын кім тез тауып бере алады? Жоққа шығаратын қасиеттерді тез қолдана бастап, пішіндерді топтастыру жүреді.
Қорытынды.
Барлық тапсырмаларды өзім тексеремін, меннен кейін балалар жүрді. Қорытындыны ауызша айтып, балалар бір – бірлерін бағалап шықты.
«Үшбұрыш ханзадада қонақта».
Мақсаты: Достарына көмекке келу, достық сезімді сақтай білу дағдыларына тәрбиелеу. Символдар бар карталарды көрсетіп, олардың мағынасын түсіндіру, яғни үйлер, басқа пішіндерді атату.
Ойын барысы:
Үшбұрыш ханзадасы Геометрия еліне қонаққа шақырады. Өзінің достары – басқа пішіндермен таныстырмақшы: оларды толық атайды. Мысалы: менің досым – көк кішкентай шаршы, ....
Елді аралап жүріп балалар Үшбұрыш ханзаданың жолдастарын табады. Келесі сабақта ханзада өзінің шаһарымен, ондағы үйлерімен таныстырады. Қай досы қандай үйде тұратынын анықтауды ұсынады. Әр үй бейнесінің жанында пішіндердің үш қасиетіне байланысты белгілер болады. Балалар жоққа шығару арқылы тез тауып алады.
Үй тапсырмасы: «Достарыңа дәм таттыр»
Ата – аналармен ойнау
Пішіндер қасиеті бейнеленген символдар бар ыдыстар.
Пішіндердің бірінші қасиеті: түсі, пішіні, көлемі.
Пішіндердің екінші қасиеті: түсі мен көлемі, пішіні мен түсі, пішіні мен көлемі.
Пішіндердің үшінші қасиеті: түсі, көлемі, пішіні.
« Менің үйім».
«Отбасыларыңмен бірге тұратын армандаған үлкен үйлеріңді салыңдар».
«Дьенеш пішіндерімен құрастырылған үйді» сабақта өз бетімен құрастыруға болады.
«Киіз үйді әшекейле».
«Дьенеш пішіндерін» қолдану арқылы түрлі деңгейдегі тапсырмалардың нұсқалары. Тапсырмаларды балалардың алған білім, дағдыларына қарай түрлендіріп отыруына болады.
1. «Киіз үйді үлгі бойынша әшекейле».
Үлгі бойынша көрсете отырып барлық 24 пішінді қойып шығуға болады. Мысалы. Үлкен қызыл үшбұрыш киіз үйдің ортасында тұрады, кішкентай көк шеңбер – жоғарыда, ол шаңырақ болады.
2. «Киіз үйді екі символды пішіндердің қасиеті бойынша әшекейле»:
А) көлемі мен түсі бойынша. Мысалы, үлкен қызыл пішіндер, үлкен көк пішіндер, үлкен сары пішіндер. Кішкентай қызыл, кішкентай көк, кішкентай сары пішіндер.
қ
к
с
Қ
Б) түсі және пішіні бойынша. Мысалы, қызыл шеңберлер, көк шеңберлер, сары шеңберлер;
Қызыл шаршылар, көк шаршылар, сары шаршы пішіндері;
Қызыл, көк, сары тіктөртбұрышты пішіндер
Қызыл, көк, сары үшбұрышты пішіндер
В) Көлемі мен пішіні бойынша. Мысалы, кішкентай дөңгелек, үлкен дөңгелек пішіндер;
Кішкентай үшбұрышты, үлкен үшбұрышты пішіндер;
« Математика» сабақтарында Дьенеш пішіндерін қолдану арқылы «Көңілді пішіндер» айдары бойынша сабақ конспектісі.
Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер қаласына саяхат»
(Дьенеш логикалық блоктармен құрастырылған математика сабағы)
Мақсаты: Геометриялық фигураларды үш сипаттама (түсі,пішіні,көлемі) арқылы сұраптау білу.
Міндеттер:
Білімділік: -1-10-ға дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту.
- геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту.
- Сандарды атап арифметикалық есептер шығару.
Дамытушылық: -Логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту
- тапқырлығын арттыру.
- Санамақтар айтқызып математикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: - Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: Әдемі түстермен (геометриялық пішіндермен) үй суреті,геометриялық пішіндердің суреті.
Үлестірмелі: Әр балаға 3 түсті үлкен-кіші геометриялық пішіндер,сандар,тапсырмаларымен карточкалар.
«Салыстыр-толықтыр», «Жүру ережелер», қағаздан шығыршықтар, «смайликтар», бағалау жұлдызшалар.
Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап,көркем сөз, Дьенеш логикалық блоктармен жұмыс өткізу,дидактикалық ойындар.
Сөздік жұмысы: геометриялық фигуралар, сипаттама, пішін,
«Досы көпты жау алмайды»
Алдын-ала жүргізілген жұмыстар:
Балаларды техникалық құралдармен - ұялы телефонмен, компьютермен таныстыру. Оларға «компьютерлік бағдарлама», «вирус», «антивирус» деген ұғымдар жайында түсіндіру. Дьенеш логикалық блоктарымен ойындар өткізу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері.
Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады.
– Балалар, бүгін бізде ерекше күн,сондықтан балалар шуағын төккен «күнмен», «мейірімді аспан атамен» амандасайық!
Сәлем дейміз аузымызбен
Сәлем дейміз қолымызбен.
Сәлем дейміз көзімізбен
Қуансын, барша әлем бізбен!.
Өте жақсы балалар. «Жақсы сөз-жарым ырыс» демекші,қане балалар мен сендерге жақсы тілектер айтайын.
- Елім, аман болсын, бақытты болайық, нан көп болсын, аналарымыз аман болсын, достарымыз көп болсын.
Сендердің алдарында «Көңіл-күйдің бет-бейнесі» жатыр, қолдарына алып сабақты қандай көңіл-күймен бастайтыңдарын бір-біріне көрсетіңдер.
2.Сабақтың мақсатымен таныстыру:
Балалар математика Патшайымнаң хат келді, оны Патшайымның достары Дөңгелек пен Үшбұрыш әкеп менің қолыма берді.(тақтаға пішіндердің бейнесін ілу)
Геометриялық Пішіндер қаласында қиын жағдай болыпты – сол қаладағы компьютерлік желіге вирус түсіпті дейді. Компьютерлердің бәрі тұрып қалған, керекті ақпараттарды көрсетпейтін көрінеді. Патшайым соны емдеуімізді сұрайды. Қалай көмектесеміз бе? Олай болса тезірек асығайық.
Геометриялық Пішіндер қаласына поезбен
баруды ұсынамын. Ол үшін, поезды алдарындағы жатқан үлкен геометриялық пішіндерден құрастырып алайық.
1. Геометриялық пішіндерден поезд құрастыру.
Міне поезда дайын, поезд құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық.Ал тез вагондарға орналасайық.
Сақ болыңыздар, есік жабылды, поезд жолға шықты.
-Балалар жолда ішіміз пыспас үшін сендермен «Сұрақ-жауап» ойыныны ойналық, жауабын ауызша емес, карточкамен көрсетеміз.
2.Дидактикалық ойын: «Сұрақ-жауап»
Мақсаты: Балалардың санды есту және оны цифрмен көрсету дағдысын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Әр баланың алдында 1-ден 10-ға дейін цифрлар.
1.кемпірқосақта неше түс бар? (7)
2.бағдаршамда неше көз бар? (3)
3.қолғапта неше саусақ бар? (5)
4.адамда қанша көз бар? (2)
5.жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)
6.аспанда неше күн бар? (1)
7.бір жылда неше ай бар? (12)
8.бір аптада неше күн бар? (7)
9. Адамда қанша саусақ бар? (10)
10.Екі сиырдың неше мүйізі бар?(4)
-Балалар, міне біз соңғы аялдамаға келдік. Бұл көңілді пішіндердің қаласы .
3. «Пішіндерді өз үйіне орналастыр» ойыны.
Мақсаты: талдау арқылы пішіндерді орналастыру,пішіндер туралы білімдерін бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: |