Әдістемелік жинақты құрастырған: Қосымша білім беру педагогы Мухтарова Р. З. Екібастұз қаласы, 2015жыл



бет1/4
Дата22.08.2017
өлшемі0,87 Mb.
#24088
  1   2   3   4


«Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені


Математика сабақтарында

Дьенеш пішіндерімен ойнау үрдісінде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу

Әдістемелік жинақты құрастырған:

Қосымша білім беру педагогы

Мухтарова Р.З.

Екібастұз қаласы, 2015жыл
Әдістемелік құралда 5-6жас шамасындағы балаларға Дьенеш пішіндерімен дайындалған әдістемелік әзірлемелердің материалы ұсынылды. Логикалық тапсырмаларды орындай отырып, балалар информатика түсініктері туралы алғашқы мағлұмат алады.

Бала ойын кезінде ғана өзін және өзінің әдеттерін тани бастайды. Қатарластарымен қарым – қатынасқа түскенде моральдың нормасын, әдеп ережелерін меңгереді. Бұл үшін Дьенеш пішіндерінің топтамасымен берілген ойын тапсырмалары ықпал етеді.

Дьенеш пішіндерін қолдану мүмкіндіктерін талдау « математика» пәнін өткізгенде балалардың ақыл-ой, байқағыштық қабілетін дамыта отырып, қарапайым математикалық түсініктерді қалай меңгергендерін дәлелдеп бере алады.

Әдістемелік құрал балабақшадағы тәрбиешілерге, «математика» пәнінің мұғалімдеріне және ата-аналар үшін ұсынылды.



Кіріспе
Мектепалды 5-6 жасар балаларын мектепке дайындау бағдарламасында баланың ойлауында, есте сақтауында М.Фидлердің «Дьенеш блогы» дидактикалық ойындарын қолдану ұсынылды.

Дьенеш блогы: ол не? Дидактикалық материалдардың негізгі мақсаты («Дьенеш блогы» деп автор аты бойынша аталады): мектепке дейінгі балаларды қасиеті бойынша бөле білудегі логикалық есептерді шешуге үйрету.

Гедеон Дьенеш – венгр психологы және математигі 4-6 жасар балаларды оқыту үшін көптік операциясын, олардың байланысына арналған дидактикалық материалды әзірледі. Аталмыш логикалық материал 48 логикалық блокты топтамадан тұрады. Пішіндер 4 қасиетімен ерекшеленеді:

Пішінімен – үшбұрышты, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрышты пішіндер. Түсімен – қызыл, сары, көк пішіндер. Өлшемімен – үлкен және кішкентай пішіндер.

Көлемімен – жуан және жіңішке пішіндер. Дьенеш блогы баланың логикалық ойлайтын, талдау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Логикалық есептерді шығаруға қажетті дағдыларды қалыптастырады.

«Дьенеш пішіндері» логикалық материалы мен мектепке дейінгі балаларға түзету, көмек беру жұмыстары ретінде қолданылады. Ойындары балалардың зиятты ойындарға, білімге деген қызығушылығын арттырады. Топта ойындарды ойнатуға жағдай жасау ретінде дамытушылық кеңістікті құрғанмын. Балаларды мектепке дайындау кезінде жақсы нәтижеге жетуге болады. «Математика» сабақтарында Дьенеш пішіндерімен ойналатын ойын жаттығуларын ұжымдық, өзіндік және шығармашылық, ойын сәттерінде, жаттығуларда, үй тапсырмаларын орындайтын әрекеттерде енгіземін. Бұл алған білімдерін, дағдыларын бекітуге, арнайы пайда болған жағдайлармен қатар,балалардың ақыл-ой, байқағыштық қабілетін дамыта отырып, қарапайым математикалық түсініктерді қалай меңгергендерін дәлелдеп бере алады.

«Дьенеш пішіндерімен» ойналатын ойындар балалардың өзіндік әрекет ету мүмкіндіктерін түрлендіреді, ойын кезіндегі баланың ашылу үдерісін жылдамдатады.

Ойын балаларды, үлкендерді біріктіреді, отбасындағы шағын климатты жақсартады. Нәтижесінде баланың өзін – өзі бағалуы артады, өз күшіне сенімділік пайда болады. Балалар қарым – қатынасқа үйренеді, топпен жұмыс жасауға бірігеді. Негізгісі достарына көмек көрсете алу, басқалардың жетістігіне бірлесіп қуану тілектері пайда болады.

Балаларды блоктар арқылы ойната отырып, оларға нысандардың түсін, пішінін, көлемі мен жауандығын көрсете отырып, ажыратуға үйретуде, информатикадан бастапқы сабақтар және математика тұрғысынан алғы ұғымдарды меңгертуде таптырмас құрал. Ол балалардың ойлау әрекеттерін дамытады (сараптама, салыстыру, жалпылау), логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін және танымдық қабілеттерін (қабылдау, есте сақтау, наразға алу, елестету) жетілдіреді.

Дьеныштың блоктарымен ойнай отырып, бала әр түрлі заттық әрекеттер жасайды (бөлу, белгілі ережемен орналастыру, қайта орналастыру және т.б.).



Дьеныштың логикалық блоктары 48 геометриялық фигуралардан тұрады:

а) төрт пішінді (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, тікбұрыш);

б) үш түсті (қызыл, көк және сары);

в) екі көлемді (үлкен және кішкентай);

г) қалыңдығының екі түрі болады (жуан, жіңішке).

Жинақта бірдей бір де бір фигураны кездестірмейсіз. Әрбір геометриялық фигура төрт ерекшелігімен беріледі: пішіні, түсі, көлемі, жуандығы.



Дьеныштың блоктарымен танысу.

Алдымен баланы блоктармен таныстыру керек. Баланың алдына блоктарды жайып салып, олармен қалағанынша ойнауға, ұстап көруге, араластыруға мүмкіндік беріңіз. Кейіннен мына тапсырманы ұсынуға болады:

Бір фигураны көрсетіп, осындай түсті фигураны тауып алуды тапсырыңыз (мысалы, сары). Сосын балаға үшбұрышты барлық блоктарды көрсетуін сұраңыз (немесе барлық үлкен фигуралар).

Аюға барлық көк фигураларды, қоянға – сары, тышқанға – қызыл фигураларды беріңіз, сосын фигураларды (көлемі, пішіні мен жуандығы).



Блоктар арқылы ойындар мен жаттығулар өткізу.

Баланың алдына бірнеше фигуралар қойылады, бала олардың есіне сақтап қалуы керек, кейін фигуралардың біреуі жоғалып кетеді немесе басқа түрімен ауыстырылады немесе екі фигураның тұрған орындары бір бірімен ауыстырылады. Бала осы өзгерістерді байқауы керек.

Барлық фигураларды қапшыққа саламыз. Балаға қапшықтың ішіне қолын салып, сипалай отырып, барлық дөңгелек фигураларды (барлық үлкен немесе жуан) алуды ұсыныңыз.

Барлық фигуралардың тағы да бір қапшыққа салыңыз, бала қапшықтан бір фигураны алып шығып, оның бір немесе бірнеше белгілерін айта отырып, суреттеп беруі керек. Немесе қапшықтан алмай тұрып, пішініні, көлемі мен жуандығын айтып беруі керек.

Үш фигураны алыңыз, бала оның қайсысын қандай себеппен артық екенін айту керек (түсі, пішіні, көлемі мен жуандығы жағынан).

Бір фигураны алып түсі (көлемі, пішіні, жуандығы) осыдан басқа болатын барлық фигураны табуды ұсыныңыз. Осындай тапсырмаларды ерекшеліктерін кезектестіре отырып, жалғастырыңыз: қызыл, сары, қызыл, сары (пішіні мен көлемі, жуандығы бойынша кезектестіруге болады).

Фигуралардың біріншісі екіншісінен бір ғана ерекшелігімен дараланатындай етіп, бір тізбекке салыңыз: түсі, пішіні, жуандығы.

Жанында түсі мен пішіні жағынан бірдей болмайтындай етіп, фигураларды саламыз (түсі мен көлемі; көлемі мен пішіні, жуандығы мен пішіні және т.б.).

Әрбір блоктың жұбын табу керек, мысалы, көлемі бойынша: үлкен сары дөңгелек кішкентай сары дөңгелекпен жұптас болады және т.б.

5 жастағы балалар суретті жақсы топтастырады (заттар мен сөздерге қарағанда), 6-жастағы балалар сөздерді, кейде суреттер мен заттарды да жақсы топтастырады.

Мектеп жасында дейінгі балалардың ойлауы нақты болатындығы соншалықты, ол затты ойша және оның әрекетін тікелей қабылдауды қажет етеді. 6 жастағы балалар заттың болғанында ғана емес, оның суретін егер ол болмаған жағдайда да ол туралы ойлай алады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларды топтастыруға үйрету кезінде материалды сезінуден бастап оны сөзбен жеткізуге дейін біртіндеп ауыстыра бастаймын. Осыдан келіп, мен ойын материалына күрделіліктің әртүрлі деңгейін кірістіру керек деген қорытындыға келдім. Лото, жұп суреттер, үлкен және оюлы мозаика, кубиктер жинағын, дамыту ойындарын («Өрнекті сал», «Төртбұрыштарды сал»), моделдеу және орындарына салу элементтері бар ойындар, Дьенештың блоктарын, жеңіл модуль материалдарын, құрылыс жинақтары болуы керек.

Балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, мен ойынға көп көңіл бөлдім, мұнда балалардың топтасып, жұптасып ойнауларын қолданған жөн.

Мақсатым: балалардың заттардың түсін, пішіні мен көлемін Дьеныштың блоктарының көмегімен ажырату қабілеттерін қалытастыру.

Мақсатымды жүзеге асыру үшін мына міндеттерді айқындадым:


  1. Балаларды логикалық блоктардың көмегімен сенсорлық эталонмен таныстыру (түсі, пішіні мен көлемі).

  2. Балаларды белгілермен таныстыру – символдар, схемалар.

  3. Балаларды заттардың ерекшеліктерін жалпылау, топтау, салыстыру, абстарктылау және анықтауға үйрету.

  4. Балалардың логикалық тапсырмаларды шешуге жаттықтыру.

  5. Интелектуальды қабілеттерін дамыту: жоспарлау, сараптау қабілеттері, оймен қортындылау, үйлестіру.

  6. Танымдылық үрдістерін дамыту: қабылдау, наразға алу, ойлау, сөйлеу, елестету, есте сақтау.

Дьеныш блоктарымен балалармен жұмыс жасау тәжірибесіне енгізу үшін мына шартарды анықтадым:

  1. Топтың даму ортасына блокты жинақтарды енгізу.

  2. Блоктар бойынша ойындар дайындау.

  3. Блоктармен жұмыс бойынша схемалар, карточкалар жасадым.

  4. Ата-аналарға арналған кеңес беруді жасадым .

  5. Дьеныш блоктармен сабақ өткізудің конспектілерін жасадым.

Осыдан келіп, өзім үшін мына жұмыс жоспарын қалыптастырдым:

  • Осы бағытта жұмыс жасап жатқан педагог-әріптестерімнің жұмыс тәжірибелерімен танысу

  • Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дамытушылық орта қалыптастыру.

  • Белгілі мақсатты көздейтін ойын түрлерін нақтылау

  • Логикалық блоктармен жұмыс жасаудың түрін ұйымдастыру.

  • Балаланың 5-6 жасындағы дамуының психикалық ерекшеліктерін суретейтін ғылыми әдебиеттерді зерделеу.

  • Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, даму ортасын дайындау.

  • Барлық уақыт аралығында әр баланың логикалық ойлау машықтарының қалыптасу ерекшеліктерін қадағалау.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерімен жетудің құралы ретінде мен логикалық ойлауды дамытушы ойындарды таңдап алдым. Оларды былайша бөлдім:

1. Заттық: дидактикалы – түсін, пішінін, түрін, табуға бағытталған, дамытушылық – (бірнеше деңгейлі күрделілік): Дьеныштың блоктары. Логикалық блоктармен әртүрлі әрекеттер жасау барысында балалар әртүрлі ойлау қабілеттеріне ие болады, олар математика алдындағы дайындық ретінде өте маңызды болып келеді. Олардың қатарына сараптау, абстарктылау, салыстыру, топтау, жалпылау, жасыру, шешу, сонымен қатар «жоқ», «және», «немесе» логикалық операциялары жатады. Осы ойындар мен жаттуғыларда баланың алгоритмдік мәдениет тұрғысында ең қарапайым қабілеттері дамитындығын байқадым.

Логикалық блоктардың көмегімен балалар көңілдерін, есте сақтаулары, қабылдауларын жаттықтырады. Бұл ойындар алаңқайлық елестетуді дамытады, балаларды құрылыс үлгісін сараптауға, кейіннен – қарапайым схема бойынша әрекет етуге баулиды.

2. Сөздік: жұмбақтар, елестету, қиялдарын дамытатын ойындар. Саусақ ойындар: бұл мидың белсенділігін арттырады, ойлауды дамытады, қолдың ұсақ сезгіштігін дамытады. Мұнда екі қолдың да қатысуы керек, бұл балаларға «оң, сол, жоғары, төмен» дегенді бағыттауға мүмкіндік береді. Егер бала қандай да саусақ ойынын меңгерген болса, ол басқа тақпақтар мен әндерге басқа көріністер ойлап табуға тырысады.

Өзімнің педагогикалық қызметімді жоспарай отырып, мен келесі жоспар-схеманы іске қосамын, ол бірлескен және өз бетінше ойын ойнауды ұйымдастыру.

Дьенеш пішіндерімен ойналатын ойындарды пайдаланудың мақсаттылығы


Шығармашылық қабілеттері




әмбебаптығы




моторика




Дьенеш пішіндерімен ойналатын ойындарды пайдаланудың мақсаттылығы


зият

Кеңістікті ойлау


сенсорика

Зейін, ой



логика

Ұғынықтылығы

« Математика» сабақтарында Дьенеш пішіндерін пайдалану


Шаттық шеңбері




Ата аналармен жұмыс




Ойын сәті




«математика» сабақтарында Дьенеш пішіндерін пайдалану




Сабақтағы шығарма

шылықты әрекет





Үй тапсыр

масы




Мәселелі жағдайлар



« Математика» сабақтарындағы ойын тапсырмалары

« Ойлан, тап»

Мақсаты: Заттардың ерекшеліктері атау (түсі, пішіні, көлемі, жуандығы), жалпылау оларды анықтау қабілеттерін дамыту, заттың қандай да бір нақты ерекшелігінің жоқ екендігін сөзбен айтып жеткізу (қызыл емес, үшбұрышты емес және т.б.).

Ойлау операциялары мен әрекеттерін меңгеруге көмектесу, яғни құпия символдары бойынша ұсынылған пішіндердің қасиеттерін анықтауға,

«емес» логикалық операциясын орындау; үш қасиетін жоққа шығаратын пішінді табуға үйрету.

Қорлар:

Дьенеш пішіндері берілген карточкалар.



Ойын барысы:

Педагогтың үстелінде сандық. Сандықтың ішінде Дьенеш карточкалары жатады. Сандықта не бар екенін анықтау ұсынылады.


Балалар өз қалаулары бойынша сандықтың ішіндегі карточкаларды алып қарастырады, жоққа шығарып тұрған пішіндердің қасиеттерін бейнелегенді қарастырады. Қажет пішінді тауып алып көрсетеді.. Өз жауабын дәйектеу кезінде ауызша жауап берулеріне болады. «Қызыл емес, сары да емес, ендеше көк. Кішкентай емес, үшбұрышты емес, шеңбер емес, шаршы емес, ендеше тіктөртбұрыш! Сонда Көк үлкен төртбұрыш. - сары емес, көк емес /қызыл/, - көк , - сары.

-дөңгелек, - шаршы, - үшбұрыш, -тіктөртбұрыш.


Каталог: uploads -> doc -> 0f36
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f36 -> Сабақ Өткізетін: «Жас натуралист»
0f36 -> Сабақтарының ұйымдастырылуы «Үй мәдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары»
0f36 -> Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға үйрету
0f36 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезең: Сәлеметсіндер ме, балалар! Отырыңыздар. Бүгін нешесе? Аптаның қай күні?
0f36 -> Тақырыбы: «Тіл халық мұрасы» танымдық ойын Мақсаты
0f36 -> Сабақ : Мен және менің отбасым Мектеп: А. Навои атындағы №11 жарпы орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет