Музыкалық қабілеті
Әуен мен ырғаққа тез көңіл бөледі, мұқият тындайды.
Өлеңді жақсы айтады.
Музыкалық аспапта ойнауға, өленге, биге көп сезім, күш салады.
Ән-әуендерді жақсы көреді. Концертке қатысқысы келеді немесе оны тындайтын кештерге барғысы келеді.
Басқаларға қосылып өленді әсем айтқысы келеді.
Өлең айтқанда өзінің сезімін, көңіл-күйін әні арқылы көрсеткісі келеді.
Өзі әуен шығарады.
Бір музыкалық аспапта жақсы ойнайды.
Ғылыми жұмыстарға қабілеті
Өзінің ойын тура және ашық айтады (ауызша немесе жазбаша).
Кітаптар оқиды, өзінен бір-екі жас үлкен балалардың ғылыми еңбектерін қызығып оқиды.
Абстрактық түсініктерді орта деңгейден жоғары түсіну қабілеті бар, қорытынды жасай алады.
Мотивациялық координациясы бар (көргенін тез ойына сақтайды, естігенін тура жазып алады).
Сабақтан кейін көркем әдебиеттерді оқығаннан гөрі ғылыми кітаптарды оқығанды жөн көреді.
Егер оның жобасын, жаңа идеяларын ата-анасы, мұғалімі қолдамаса немесе нәтиже шықпаса, ол саспайды.
Оқиғалардың себебін, мағынасын білгісі келеді.
Өзінің жобасын жасау үшін көп уакыт бөледі (жинақтау, құрастыру сияқты).
Ғылыми туындыларды, оқиғаларды, талдап, пікірлескенді жақсы көреді, көп ойланады.
Достарыңызбен бөлісу: |