Көркемдік шығармашылық қабілеті
Өзінің суреттерінде көп заттарды, жағдайларды, адамдарды шынайы келбетте салады. (Суреттің көрінісінде бір қалыптылық жоқ).
Өнер шығармаларына өте байсалдылыкпен қарайды. Егер жақсы суретті, дәстүрлі емес скульптураны көрсе, сазды әуенді естісе, ойы сезімге бөлініп, байсалды болады.
Сюжет тандауда өзгешелік білдіреді (суретті шығармада, бір оқиғаны суреттеген кезде гүлдерден, суреттерден, тастардан, маркалардан өзгеше комгтозициялар жасап көрсетеді).
Ойыншық, сурет, композицияларды жасау үшін жаңа материалдарды пайдаланады. Балалардың үйін құрастырғанда, қайшымен, желімдегішпен жұмыс істейді.
Бос уакытында сурет салады. Ермексазбен (пластилинмен) көркем мағыналы ерекше композициялар жасайды (үйді, киімді безендіру, әсемдеу үшін).
Өзінің ойын, көңіл күйін көрсету үшін сурет салады, пластилинмен жұмыс жасайды.
Басқа адамдардан шыққан қол өнер туындыларына қызығу танытады.
Пластилинмен, балшықпен жұмыс істегенді жақсы көреді.
Достарыңызбен бөлісу: |