Әдістемесі кафедрасы қазіргі қазақ Әдеби тілі пәніненашы қ саба қ



бет5/5
Дата29.01.2018
өлшемі0,99 Mb.
#36135
түріСабақ
1   2   3   4   5

У қосымшалы қимыл есімдер барыс жалғауында кел, кет, әкел, шақыр, бер сияқты етістік баяндауыштарға қатысты болғанда, олар мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалады:

Келмеп пе едің жол тосып, жолығуға аулаққа? (Абай). Сырбай буыршынды, расында, шалуға әкелген еді (С. Мұқанов). Сен Алматыға ойнауға келген жоқсың, оқып білім алуға келдің.

2. Зат есімдер мен –ғалы//-гелі, -қалы//-келі тұлғалы етістіктер тіркесіп, кейде күрделі мақсат пысықтауыштық қызметте жұмсалады:

Бала кітап алғалы келіпті. Біз хал-жайыңызды білгелі келдік.

3. Есімдер үшін шылаумен тіркесіп те мақсат пысықтауыш болуы мүмкін.

Отан үшін аттанам, Ақ семсерді қолға ала (Жамбыл) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай). Бала үшін жанды өзектен жалын жұтып, бағына көк жұлдызы куә болсын (Т. Жараков).

4. Қалау, бұйрық рай формалы етістіктерден кейін көмекші деп етістігі айтылып, кейде көсемше тұлғалы етістіктің бір өзі мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалады:

Алматыға оқып білім алайық деп келдік. Бізді аудандық партия комитеті колхоз жұмысына көмектессін деп жіберді. Қарт Иван, Антон, Ильялар Ысқақты шығара келіпті (Ғ. Мұстафин).

5. Барыс жалғауы есімге бола етістігі көмекші болып та мақсат пысықтауыш жасалады:

Мен саған бола келдім.

6. –ма+с (-ме+с) тұлғалы есімшеге барыс жалғауы жалғанып та мақсат пысықтауышта жасалады:

Қылмыс заңын атамасқа,адам зарын елемеске келіп пе едік осында! (Ғ. Мүсрепов).
СЕБЕП ПЫСЫҚТАУЫШ

Себеп пысықтауыш қимыл процесінің себебін білдіреді. Себеп пысықтауыштарға н е л і к т е н? н е с е б е п т і? Деген сұрақтар қойылады.

Себеп пысықтауыштар сөйлемде тек баяндауыш болған етістіктің мағынасын айқындап, тек сол қимылдың болу-болмау себебін ғана білдірмейді, көбінесе, оның қасындағы басқа амал,мекен пысықтауыштармен де мағыналық байланыста тұрады. Матвеевтің даусы шаршағандықтан бәсең шықты деген мысалдағы шаршағандықтан дегенді тек баяндауышқа (шықты) қатыстырып бәсең деген пысықтауышты алып тастап айтсақ (Матвеевтің даусы шаршағандықтан шықты), онда себеп пысықтауыш орынсыз айтылған сөз болар еді. (Дұрысы- шаршағандықтан бәсең шықты).

Сондықтан бірқатар себеп пысықтауышы бар сөйлемнің құрамында баяндауышқа да қатысты басқа пысықтауыш болады. Бірақ барлық жағдайда бұл шарт сақтала бермейді: Маствеевтің даусы көп сөйлегендіктен қарлықты; Ол бұл сөзді қуанғаннан айтып отыр дегендерде, себеп пысықтауыштар тікелей етістік баяндауыштарға қатысты болып, солардың себебін білдіреді.

Себеп пысықтауыштардың қызметінде жұмсалатын сөз көбінесе өткен шақтық есімше болады. Ол есімшелер себеп пысықтауыш қызметінде жұмсалу үшін мынадай тұлғаларда және басқа сөздермен тіркесте айтылады:

1. Есімшеге –дық+тан//-дік+тен деген жұрнақ және шығыс жалғауы жалғанады, ккейде ол жұрнақтан кейін тәуелдік, сонан соң шығыс жалғауы жалғанады:



Қатты ұйықтағандықтан Ботагөздің басы ауырып қалған екен (С. Мұқанов). Түсінбегендіктен, түсіне алмағандықтан... сезбей қалар деп ойлады. (Ғ. Мүсрепов). Бұл сөзді мәселеге түсінбегендіктен айтып отырсың. Ол Отанын шын сүйетіндіктен қажырлы еңбек етуде.

2. Есімшеге тікелей не тәуелдік жалғауларынан кейін шығыс жалғауы жалғанады:



Шошынғаннан шешесі есінен танып қалды (Ы. Алтынсарин). Асқардың қасындағы жігіт оның әнінің аяғы баяулауын даусының нашарлағаныннан ұялғандығы шығар деп ұқты (С. Мұқанов). Қуанғаннан Қарекең орнынан қозғалмай қалыпты (Ғ. Мүсрепов).

3.Есімшеден кейін себепті, соң деген шылау сөздер айтылады.

Ол тәртіпті болған себепті жұмысты жақсы істейді. Дубровскийлер өздеріне жатпайтын тиіссіз табыспен пайдаланғаны себепті жауапты болды (А. С. Пушкин). Ашыққан соң өз ішегімді өзім суырып жеп отырмын,-депті түлкі (Ертегіден).

4. Есімшеге -дық//-дік, одан кейін тәуелдік (кейде онсыз да) және шығыс жалғауы жалғанып барып, оған деп етістігі көмекші болады.

Троекуров өзінің аман отырғанын тонаушылардың да қорққандығынан, деревнясына полиция адамдарының ең жақсыларын әкеп қойғандығынан деп білді (А. С. Пушкин). Қайырбек жұмыс қарқынының нашарлығын күн райының бұзылғандығынан деп есептейтін.

5. Көңілшектік, еріншектік, жалқаулық, тәртіп тәрізді абстракт мәнді зат есімдерге тәуелдік және шығыс жалғаулары жалғанып та себеп пысықтауыш қызметінде қолданылады.

Сенің көңілшектігіңнен мен осы халге ұшырап отырмын. Оның жалқаулығынан жұмыс кезінде орындалмады. Бұл баланың тәртіпсіздігінен бәріміз ұятқа қалып отырмыз.

Көбінесе шылау қызметінде келетін сондықтан, сол себептен, солай болғандықтан деген сөздер себеп пысықтауыш қызметінде де жұмсалуы мүмкін.

Сын мен өзара сын алға басуымыз үшін керек. Біз сын, өзара сынды сондықтан күшейте түсуге тиістіміз. Социялистік жарыс – еңбек өнімін арттырудың шарты. Біз социялистік жарыс туын сол себептен жоғары ұстауға тырысамыз.

Себеп пысықтауыштар орайына қарай бірдеңенің салдары мағынасында да ұғынылады. Оларды, әсіресе тәуелдегі есімшелерден болған пысықтауыштары бар жоғары мысалдардан байқауға болады. Сондай себеп-салдарлық ұғымда оқта-текте пысықтауыш болып кездесетін сөздер – көсемшелер: Мен сені сағынып келдім (Мен сені сағынғандығымнан келдім, д.м.) Тәжен білмей қателесті (Тәжен білмегендіктен қателесті д.м.).


АМАЛ ПЫСЫҚТАУЫШТАР

а) Тәсілдік амал пысықтауыш

Қимылдың қандай тәсілдермен атқарылуын білдіретін пысықтауыш амал пысықтауыш болады. Олар қ а л а й?, қ а й т і п?, қ а л а й ш а? деген сұрақтарға жауап береді.

Амал пысықтауыштар екі топқа бөлінеді: т ә с і л д і к а м а л , с а п а л ы қ а м а л. Т ә с і л д і к а м а л. Тәсілдік амал пысықтауыш болатын сөздер – үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемше тұлғалы етістіктер. Олардың баяндауышқа мағыналық қатысы қимылдық қарқындық бейнелеуіші болады.

Іс-әрекеттің қимылдық тәсілін білдіретін амал пысықтауыштар көбінесе етістіктің көсемше түрлеріне айтылады:

(Олар) біріне-бірі күлімсіреп қарады (Ғ. Мұстафин). Төргі бөлмеден шыққан үшеу... ұзын столға жағалай отырысты (Ғ. Сланов). Оларды да жақсылап қонақ етіңдер. Оның даусы сөзінің ақырында қатулана шықты (Ғ. Мұстафин).

Көсемше тұлғалы етістіктер қосарланып та жоғарыдағыдай амал пысықтауыш жасалады:

Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың (Мақал) Жолыңа қарай-қарай көзім талдым. Баяндамашы біздің міндеттерді атап-атап айтты. Есік алдына жүгіре-жүгіре шықтық. Сөйлей-сөйлей қозғалып, сөзін бітіруге жақындағанда, жылжи-жылжи столға келіп, столды бір-екі рет жұдырықтап жіберді (Ғ. Мұстафин).

Бұл сияқты қос сөзді пысықтауыштардың бірқатары әрі қимылдың, әрі қарқындық амалды (қимылдың не шапшаң, не баяу екенін) білдіреді. Оның үстіне кейбір қос сөзді қимыл пысықтауыш көптік тұлғада айтылатын баяндауышпен ғана сабақтасады. Мысалы: Есік алдына жүгіре-жүгіре шықтық дегенді Есік алдына жүгіре-жүгіре шықтым деуге болмайды.

Өткен шақтық есімшеге –ша, -ше жалғанып, қимылдық меже, шек қою мағынасындағы пысықтауыш болады: тойғанша жеді, шаршағанша жүгірді, жеткенше қуды.

Іс-әрекеттің қарқындық тәсілін білдіретін пысықтауыштардың мағынасы әр түрлі болады: баяу, шапшаң, үдеу, қайталау, т.б.

Ондай пысықтауыштар мынадай сөздерден жасалады:

а) тез, жылдам, шапшаң, ақырын, жай, шұғыл, қайта-қайта сияқты үстеулерден тез имылда; сәл көтерілді; ақырын сөйледі; (аяғыңды) шапшаң бас; жылдам жүр; жай оқы; ол шұғыл бұрылды; ол жазғандарын кайта-кайта оқыды, т.б.

Қарқындық амал пысықтауыш қызметінде жұмсалатын тез, сәл, жай, сияқты үстеулер қасындығы етістігінің мағыналық өзгешелігіне қарай істің шапшаң орындалу амалын білдірумен қатар, кейде шақтық та мағынада жұмсалады:

Мен тез барып, тез қайтам ( С. Мұқанов). әңгіме сырлары сондайға кеп сарқып, екі шабытты көңіл ұғысты да сәл тыным тапты (М. Әуезов).

Жоғарғыдай пысықтауыш қызметіндегі сөздерге -ырақ //-ірек жұрнағы жалғанып, олардың қарқындық дәрежесі күшейтіліп те айтылады: тезірек жүр, қаттырақ сөйле, жайырақ оқы, т.б. /-рақ//-рек жұрнақтары жалғанатын үстеулердің сын есімдерге жақындығы байқалады/.

ә) Қылт, кілт, тарс, тарс-тұрс, жалт, бұрқ-бұрқ, жалт-жұлт сияқты еліктеуіш сөздер:

Жантық осыны айтты да, қалт тоқтай қалды (Ғ. Мұстафин). Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз... жүрсін кілт доғарып, жалт қарады (С. Мұқанов). Олар айналсоқтаған Олжабек бетіне жалтақ-жалтақ қарап тұрғанын байқамады. Қара бақыр шымыр-шымыр қайнап жатыр (Ғ. Мұстафин). Екі адам күбір-күбір сөйлесіп тұр. (Ғ. Мұстафин). Кәмшат мұндағы үлкендерге кішкене нәзік саусақтарын созып жалт-жұлт қарайды (М. Әуезов).

б) Бірден, бір-ақ, көзбе-көз, қолма-қол, жалма-жан, зорға, әрең сияқты үстеулер:

Ол үйге бірден кіріп келді. Олар бізге бірте-бірте жақындай береді. Сабыржан ақшаны қолма-қол санап берді. Рақым жалма-жан тұра жүгірді. Қалың шоғырдың ешкі емес, киік екенін бір-ақ білдік. Жарас ұйқылы көзін әрең ашты.

Бейнелеуіші амал пысықтауыштар қимыл тәсілінің түрде (фигуральный) екенін білдіреді. Ондай мағынада пысықтауыш болатын сөздер:

а) Шалқасынан, жүресінен, етпетінен, алшысынан, мұртынан, тізелеп, жанбастап, бүге түсіп деген үстеулер:

Темір қапқа шалқасынан ашылды. Бала шалқасынан құлады. Ол жүресінен бір тізерлеп отыра кетті. (С. Мұқанов). Марат жүгіріп бара жатып етпетінен құлады. Асық алшысынан түсті. Төрде отырған жігіт мұртынан күді де, жанбастап жата кетті. Базарлы бүге түсіп жатқан-ды (М. Әуезов). Алды-артына қарамай қашып бара жатқан жау солдаты бір кезде тоңқалаң аса құлады (Ғ. Мүсрепов).

ә) Маң-маң, талтаң-талтаң, бүкең-бүкең, бүрсең-бүрсең, ербең-ербең (ербеңдеп), қарш-қарш, пырт-пырт сияқты еліктеуіш сөздер:

Нар түйелер аяқтарын маң-маң басады. Ботақан қалт-қалт басып келеді. Нұрғожа талтаң-талтаң басып Шәйкеннің үйіне жөнеледі (С. Мұқанов).

Боз күрең, қара жирен, ала шұбар,

Өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап.

Ыңырсып колхозымның төрт түлігі

Ауылдан маң-маң басып өріске өрді

(Жамбыл).

Бұл топқа киімшең, көйлекшең, жалаң бас, жалаң аяқ, қуанышпен сияқты сөздермен болған пысықтауыштар да жатады.

ә) С а п а л ы қ а м а л п ы с ы қ т а у ы ш

Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жалы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр ккелсін айналасы

(Абай).


Бұл өлеңдегі жеңіл, жылы, теп-тегіс деген сөздер – сын есімдер. Олар сөйлемдегі етістіктерге қатысты болып, олардың сындық сапасын айқындап, пысықтауыш қызметінде жұмсалып тұр.

Осындай, қимылдың сапасын білдіретін амал пысықтауыштар сын есімдер, сын есімге ұқсас үстеулерден және сан есімдерден жасалады да, қ а л а й? Қ а н ш а? Н е ш е? (н е ш е р е т) деген сұрақтарға жауап болады.

Негізгі және туынды сын есімдер етістікке қатысты болып пысықтауыш қызметінде жұмсалғанда, олар бұрынғы лексикалық мағынасын өзгертіп, үстеуге айналмайды. Бірақ үстеулер сияқты пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы:

Кәрі Каспий ауыр күрсініп... долданып жатқан бір кез екен. (Ғ. Мүсрепов). Өлеңдеріңіз жүрекке жып-жылы тиеді. Ботагөз Алексейге қатты ұнады. (С. Мұқанов). Ата-аналар арасында саяси-түсінік жұмысын кең әдемі ұйықтайды,-деді (ана).

Әрине, баланың бәрі де осындай әдемі ұйықтайды (Ғ. Мүсрепов). Ағаш кессең ұзын кес... (Мақал).

Осы мысалдардағыдай, сапалық сын есімдер пысықтауыш қызметінде жұмсалу үшін баяндауыш болған етістіктердің дәл алдында тұруға тиісті. Ондай пысықтауыштардың баяндауыштармен осылай қабыса байланысып, қатар тұруы – олардың сол қызметте жұмсалуының синтаксистік амалы. Бірақ кез келген негізгі сын есімдерді етістіктермен қатар қойып пысықтауыш қызметінде айта беруге болмайды, тек санаулы сан есім сөздер ғана сол қызметте етістіктермен тіркесе алады. Ол туралы «Сын есім мен етістіктен құралған сөз тіркесі» дегенді қараңдар.

Олардың лексикалық мағыналары етістіктердің мағыналарымен үйлесімді, солармен тіркесе алатын сөздер. Ал, мысалы, заттың түсін, түр-тұрпатын білдіретін сын есімдер, бұлайша, пысықтауыш қызметінде айтылмайды. Өйткені етістікткрдің ондай сыны болмайды, сондықтан олар етістіктермен тіркесе алмайды.

Негізгі сын есімдерден гөрі, туынды сын есімдер пысықтауыш болып өте жиі қолданылады. Онда да олардың бәрі емес, үстеумен шендес сын есімдер:

1.-сыз//-сіз жұрнағы жалғанған туынды сын есімдер пысықтауыш қызметінде қимыл процесіне біреудің не бірдеңенің қатысы жоқтығын білдіреді:

Сенсіз қағаз жазылмайды ( Ғ. Мұстафин). Ол менсіз ешқайда кете алмайды. Батырбек дәлелсіз сөйледі. Бала қатесін жазды. Мұғалімнен рұқсатсыз кластан шығуға болмайды.

2. Зат есімдерге –дай (-дей, -тай ) –тей жұрнағы жалғанған туынды сын есімдер сапалық пысықтауыш қызметінде теңеу, салыстыру мағынасында жұмсалады:



Көк болаттан киіндің, Елім берік құрыштай,

Жауар күндей түйілдің, Тілім өткір қылыштай,

Нажағайдай жарқылдап Егескен жауды езгілеп

Тастүлектей шүйілдің Тығамыз көрге жаныштай

(Жамыл) (Н. Байғанин)



Асыр салып ойнақтап

Батырдай жауға шабатын.

Алтын бидай дариядай шалқыған

Кейде –дай//-дей ... жұрнағы жалғанған сөздерге –ың//-ің қосымшасы үстеліп те теңіздейін тербетілді, сірідейін сірісті, т.б. сол мағынада пысықтауыш болады.



-дай/-дей жұрнағы етістіктің есімше түріне жалғанып та сапалық амал пысықтауыш жасалады:

Бұл жолы екеуміздің даусымыз бірге өрілгендейшығады. Жылап аққан арық суын жалаңдаған сары құм жалмап алып түк көрмегендей сазара түседі.(Ғ.Мұстафин).Ысылдаған леп адамнаң барлық тамарларына суық көлбақа соқтыққандай түршіккен тұла бойы шымыр-шымыр етеді (С.Мұқанов).

-ша//-ше жұрнағы арқылы үстеуге айналған есімдер теңеулік сапа мағынасында пысықтауыш болады:

Суда балықша жүзетін бір балықшы шал бар екен. Білмейтін кісіше сазара қалуын қарашы! (Ғ.Сланов). Бөрененің бір басын нар тартса, екінші басы нарды тартып таспаша созылды жануар. Дода сақал қара кісі жер қыртысын таспаша тіліп, қара шамды төңкеріп барады.

Сапалық пысықтауыш ретінде жұмсалатын сөздердің енді бір қатары – сен есімдер, сандық ұғымды білдіретін басқа есімдер. Сан есімер ол қызметте түбір күйінде, кейде олардан кейін рет, есе деген көмекші есімдер тіркесіп айтылады:



Бригадир колхоз басқармасының кеңесіне бүгін үш келді. Қарға екі шоқып, бір қарайды. Аспандағы боз торғай қырық құбылды. Ол бұл сұрауды өзіне миллион рет қойды. Кадр жайында осы үйге шақырып алып, екі рет ескерттім. Біздіңбиылғы табасымыз былтырғыдан он есе артты.

Осы мысалдардағыдай, сандық сапа ретінде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сан есімдер – тек есептік сандар. Олардың басқа жинақтау, болжалды сандар көсемшеге айналып және шығыс жалғауда тұрып пысықтауыш бола алады: екеулеп істейік, он-ондап саналық, бір-бірлеп келе бастады, үш-үштен үлестірдік, т.б.

Заттың анық санын білдірмей, сандық ұғымда айтылатын аз, көп, шамалы, азырақ, көбірек, едәуір, талай, тегіс, біраз, бірқатар сияқты сөздер де сапалық пысықтауыш қызметінде жиі қолданылады: аз сөйле, көп істе, шамалы кідірдік, азырақ жүріңкіре, көбірек бер, едәуір көбейд, талай айттым, тегіс күлді, біраз әуре болдық. Әдебиеттен мысалдар:

Сөзге ысылмаған Жанбота сол тілден қорғанып көп бұққан. – Сен, ана, азырақ жата тұр...(Ғ.Мүсірепов). Көз шырымен алмайтын ұйқысыз күндерді... ол басынан талай өткізді (С.Мұқанов). Өзінің немере інісі оны бірқатар әурелеген болатын (Ғ.Мұстафин).

Арқан бойы, бір құлаш, бес шақырым, жиырмадан тәрізді сөздер мен сөз тіркестері өлшемдік сапа ретінде пысықтауыш болады:

Күн келе шығып арқан бойы көтерілді(Ә.Әбішев). Жолаушылар бес шақырым жүрді. Сикорский келген жігіттерді жиырмадан топтап бөле бастайды (Ғ.Мүсірепов). Қонақтар... қырық-елуден, жиырма-отыздан лек-лек болып... келе жатыр...(М.Әуезов).



Сөйлем мүшелері



Тұрлаулы мүшелер

Тұрлаусыз мүшелер



Анықтауыш

Қандай? Қай?

Қанша? Неше?

Нешінші? Қайдағы? Кімнің? Ненің?


Пысықтауыш

Қайда? Қайдан?

Қашан? Қалай?

Неліктен? Не үшін? Не мақсатпен?





Бастауыш

Кім? Не? Кімдер?Нелер?

Кімі?Несі?Кімім?

Нем?Кіміңіз?Неңіз?

Кімдерің? Нелерің?



Баяндауыш

Не істеді? Не қылды? Қайтті?

(қай сөз табынан

болса,сол сөз та-

бының сұрағына жауап береді)



Толықтауыш

Кімге? Неге?

Кімді? Нені?

Кімде? Неде?

Кімнен? Неден?



Кіммен? Немен?








Зат есім Есімдік Сын есім Сан есім Есімше,

тұйық етістік
Күн жылынды. Бұл - үлкен үй. Ақылды ісіне Үшеуі сыртқа Іздеген жетер

Досым келді. Өзің кел. сенеді. шықты. мұратқа.

Сыпайы сырын Төрт екіге бөлінеді. Оқу - инемен

сақтар. құдық қазғандай.









Баяндауыштың жасалу жолдары


Етістік


Зат есім

Сын есім

Сан есім

Есімдік

Күн жылынды.

Досым келді.



Бұл – үлкен үй.

Оның алғаны – кітап.



Дала тап-таза.

Күн ыстық.



Екі жердегі екі – төрт.

Оның жасырған саны – бес.



Менің айтарым осы.

Біздің ауыл әне.






Анықтауыштың жасалу жолдары





Сын есім


Есімдік

Зат есім

Сан есім

Есімше

Олар шалғай ауылда тұрады.

Бұл сөз оған қатты әсер етті.

Өзен бойында қора-қора қой жайылып жүр.

Оныншы сыныпта бұл тақырыпты өттік.

Оқығанның беті жарық.



















Толықтауыштың жасалу жолдары





Зат есім


Есімдік

Сын есім

Сан есім

Есімше, тұйық етістік

Қорқақ көлеңкесінен қорқады.

Оспан ешкімнен қорықпайды.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Бестен үшті алса, екі қалады.

Үйге баруға қолым тимей жүр.




Пысықтауыштың жасалу жолдары






Үстеу


Барыс, жатыс, шығыс септіктердегі сөздер


Есім сөздер


Еліктеу сөз


Көсемше

Біз ілгері жүрдік.

Оның даусы таяудан естіледі.

Олар Отан үшін қаза тапты.

Олар тасыр-тұсыр жүгірді.

Шешесі баласының жүзіне мейірлене қарады.


Жаттығулар орындау

Мақсаты: Сөйлем мүшелері бойынша білім, түсінігін қалыптастыру.

  1. Мына сөздерді бастауыш етіп сөйлем құра:

батыр, билеті барлар, оқушылар

  1. Сөйлемдердің баяндауышын толықтыр.

Өнер алды-.........

Қыздардың үлкені-....................

Айнұр гүлдерге ....................


  1. Толықтауыштың сұрақтарын тап, астын сыз.

Не істеді? кім? не? кімге? неге? кіммен? немен? қайда?

  1. Сөйлемді толықтыр, олар қандай сөйлем мүшесі болады?

Ағам ............ оқиды.

Әжем ............ күлді.

Асқар кітапты ............... оқыды.


  1. Қай септіктегі сөз анықтауыш қызметін атқарады, астын сыз.

атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.

Жауаптары:

  1. Батыр майданда шынығады.

Билеті барлар ішке кіре бастады.

Оқушылар сабаққа дайындалды.



  1. Өнер алды-қызыл тіл.

Қыздардың үлкені-Майра.

Айнұр гүлдерге су құйды.



  1. Кімге? неге? кіммен? немен?

  2. Ағам Астанада оқиды.

Әжем балаша күлді.

Асқар кітапты дауыстап оқыды. (Пысықтауыш).



  1. Ілік септігіндегі сөз анықтауыш болады.



3.Интерактивтік тақтамен жұмыс

Мақсаты: Игерілген білім, білік, дағдыларын пысықтау, шыңдау.

А үстеліне: Сөйлем мүшелерінің сұрақтарын өз шеңберіне енгіз.



бастауыш




баяндауыш
несі? кімнің? не?



толықтауыш






анықтауыш
қалай? неге? қанша?

қайтті? кіммен? кімді?

кім? қайда? не қылды?




пысықтауыш


қандай? не істеді?



қашан? кімі?
Б үстеліне: Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, ерекше көздерден сөйлем

мүшесінің атауын оқисыңдар.

1

2

3

4

5

6

7


1. Қазақтың бас ақыны

2. Сирек кездесетін ағаш

3. Еліміздің жүрегі.

4. Ырыс алды- ...................

5. Қазақ тілінің бір саласы.

6. Бастауыш- қандай мүше?

7. Денсаулық- зор ......................

8. Абайдың сүйікті ұлы.

В үстеліне: Анықтауыштарды тап, жасалу жолдарын анықта.

1) Қысқа жіп- күрмеуге келмес.

2) Әжем күміс жүзігін маған сыйлады.

3) Сыныпта жиырма бес оқушы бар.

4) Осы жылқы- жүйрік.

5) Жалбыраған бұтақтары жерге тиіп тұр.

6) Абайдың әңгімесіне әкесі риза болды.

ілік септігі, зат есім, есімше, есімдік, сын есім, сан есім




неге? кімді?
толықтауыш
кіммен?

кімнің? қанша?
анықтауыш
қандай?

қалай? қайда?
пысықтауыш
қашан?
Жауаптары:

кім? не?
бастауыш
кімі?несі?

қайтті?
баяндауыш

не қылды?

не істеді?
А үстелі


Қ А Р А Ғ А Й



А С Т А Н А
1

2


А Б А Й

Б үстелі

3


Ы Н Т Ы М А Қ



4


Қ А Р А Ғ А Й



С И Н Т А К С И С

5



Т Ұ Р Л А У Л Ы
6


Б А Й Л Ы Қ
7


Ә Б І Ш шш«кшшшшшшшшшшшШшшшшшшшшшшшшшшшшш шшшшшшШшшшшшш шШшШШ
7

8

В үстелі

1) Қысқа жіп – күрмеуге келмес. сын есім

2) Әжем күміс жүзігін маған сыйлады. зат есім

3) Сыныпта жиырма бес оқушы бар. сан есім

4) Осы жылқы – жүйрік. есімдік

5) Жалбыраған бұтақтары жерге тиіп тұр. есімше

6) Абайдың әңгімесіне әкесі риза болды. ілік септігі



"Жұмбақтас"

Мына схема бойынша сөйлем құрастыр:

1) - · ­ · -· ­ · ­ ~ ~ ~ ~ ~ ~ .

2) ~ ~ ~ ~ ~ ~ ~ ~ ~ ~ .


1) Күзде ағаштың жапырақтары сарғая бастайды.

2) Ана тілі - біздің асыл байлығымыз.

1-вариант
1. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді табыңыз

А. Базаралы келді

В. Күн едәуір көтерілді

С. Ол қуанғаннан жылап та жіберді

Д. Жаңбыр аралас қар жауды.
2. Дара бастауышы бар сөйлемді табыңыз.

А. Ұлжан-сыншыл адам

В. Республика алаңы адамға толы

С. Төрт жердегі төрт-он алты

Д. Кеш жатқан –жаман.
3. Есім сөзден болып тұрған баяндауышты табыңыз.

А. Ердің сыншысы – ел

В. Ол кешкісін келіп еді.

С. Дала тіршілігі енді басталды.

Д. Елге баруға мүмкіншілік жоқ.
4. Күрделі бастауышты тап

А. Мәдени, демалыс паркі

В. Бәріміз жиналдық.

С. Бұлтты аспан

Д. Төрт жердегі төрт – он алты.
5. Дара бастауышы бар сөйлемді табыңыз.

А. Еңбек түбі –береке

В. Жиырма бес жас маған тағы қайтіп клсе ғой.

С. Ырыс алды-ынтымақ

Д. Талаптыға нұр жауар
6. Есімдіктен болған бастауышты табыңыз.

А. Біздің қақпан әне

В. Сіздің бар шығармаларыңыз осы үйден табылапды.

С. Сіздерге ақылды көп үйреттік

Д. Бәрі келген болар.


Сұрақ

1

2

3

4

5

6

жауап



















2-вариант


1. Бастауыш қай сөз табынан келген.

Кейбіреулер сәл тоқтап, Абайдың аузына тоқталды.

А. Зат есім

В. Сын сім

С. Есімдік

Д. Етістік


2. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді көрсетіңіз.

А. Бірлік болмай тірлік болмас

В. Ақтайдың үйі салтанатты, көрікті

С. Ол тесілсе, сыздана қарайды.

Д. Кірпігін сирек қағады.
3. Бастауышы сын есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.

А. Жақсыдан қашпа, жаманға баспа

В. Жомарт жоқтығын, жүйрік тоқтығын білдірмес

С. Әдептіге елікте, әдепсізден жирен.

Д. Жуас түйе жүндеуге жақсы
4. Күрделі сан есімнен болған баяндауышты анықтаңыз

А. Бұл - елеусіз нәрсе емес

В. Марат пен Қанат жүздесті

С. Аттың басывн тежеп ұста

Д. Сиыр - төрт жүз, жылқы- мың үш жүз
5. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.

А. Амангелді сынды батырды ел ұмытпас

В. Ағалы-інілі екеуіне сүйсіндік

С. Келіп тұрғаны –осы

Д. Көрмес – түйені де көрмес
6. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді табыңыз.

А. Кеш болды.

В. Бұлтты аспан

С. 1942 жыл

Д. Ол ерте жатты



Сұрақ

1

2

3

4

5

6

жауап



















3-вариант


1. Есім сөзді баяндауышты табыңыз

А. Дана ақыл сұрамас

В. Жұмысы жоқ ит ойнатар

С. Дұшпан дос арасынан шығады.

Д. Абырой –ар еңбегі
2. Зат есімнен болған күрделі бастауышты табыңыз.

А. Бәйге бригадаға берілді

В. Жұрт тынышталды

С. Күн көзі тым өткір

Д. Ол –инженер
3. Есімшеден болған бастауышты табыңыз

А. Ұрыс даласы азан-қазан

В. Бағып-қаққан анаңды аялауға тура келеді.

С. Көрмес –түйені де көрмес

Д. Сен бүгін бізге таң қалма
4. Баяндауыштың сұрақтарын көрсетіңіз.

А. Не істеді? Қайтті?

В. Қай сөз табынан болса? Сол сөз табының сұрақтарына жауап береді.

С. Қанша? Неше?

Д. Қашан? Қандай?
5. Бастауышты табыңыз.

А. Кеше келді

В. Кеш келді

С. Кім келді

Д. Жазда келді
6. Бос орынға қай жауап береді?

Тұрлаулы мүшелер..................................................................................

А. өз алдына жеке сөйлем құрай алмайды.

В. Зат есімнен болған мүшенің сын-сипатын анықтап тұрады.

С. Сөйлем құрауға негіз болатын мүшелер.

Д. Сөйлеммүшесі бола алмайды.



Сұрақ

1

2

3

4

5

6

жауап



















Рус адабиёти ва уни ўқитиш методикаси кафедраси катта ўқитувчиси

Д.Дуйсaбаеванинг «Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері» мавзусида ўтказган очиқ дарсига
Т А Қ Р И З
“Қозоқ тили ва адабиёти” таълим йўналиши (бакалавриат) 3-курс талабаларига “Ҳозирги қозоқ адабий тили” фанидан ўқиладиган очиқ дарс маъруза матнида даставвал дарс технологияси ишлаб чиқилган, мавзу режаси, таянч сўзлар ва фойдаланилган адабиётлар рўйхати берилган.

Маъруза матни аниқ, тушунарли ва илмий тилда ёзилган бўлиб, ўрганилган мавзунинг барча нозик қирралари очиб берилган. Маъруза мавзуси “Ҳозирги қозоқ адабий тили” (бакалавриат) таълим йўналиши 3-курс талабаларига мўлжалланган “Ҳозирги қозоқ адабий тили” фанининг фан дастури, ишчи дастури ва тақвим режасига тўла мос тушади.

Ҳозирги қозоқ тили фанидан 3-курс талабаларига «Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері» мавзусида очиқ дарсида маърузачи бирнечта интерфаол усулларидан фойдаланган ҳолда сўз туркумлари ҳақида батафсил маълумотлар берди. Шунингдек, дарс жараёнида янги педагогик технологияларга асосланиб, ҳар хил слайдлардан ва тестлар, савол-жавоб варақаларидан ҳам ўринли фойдаланди.

Марузачининг «Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері» мавзусида ўтган очиқ дарсида талабаларга янги педагогик технологияга асосланиб мавзуга доир ҳар хил слайдлардан маълумотлар олди, тест билан иш олиб борди, ҳамда лекторнинг саводхонлиги ўз-ўзидан кўриниб турибдики, олий ўқув юрти ўқитувчиси сифатида ўз касбининг мутахассиси эканлигини ва илмий-назарий жиҳатдан билимли эканлигини кўрсата олди. Машҳур методист олимларнинг назарияларига суяниб илмий ва амалий жиҳатдан дарснинг мазмуни тушунтирилди. Бу эса ўз навбатида талабаларнинг мавзуни тушунишига ва мукаммал билиб олишига ёрдам беради. Дарс мазмунли ва қизиқарли ўтишида лектор ва талабалар биргаликда фаол иш юрита олишди, мавзу юзасидан қозоқ тилининг муҳим жиҳатлари айтиб ўтилди.

Хулоса қилиб айтганда Д.Дуйсабаеванинг «Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері» мавзусида ўтказган очиқ дарси бугунги кундаги замонавийликни тақозо этган ҳолда жуда ҳам мазмунли ўтди деб ҳисоблайман.

РТМ методисти Г.Нишанова



Рус адабиёти ва уни ўқитиш методикаси кафедрасининг

2017 йил, 20 декабрдаги № 9 - сонли навбатдаги йиғилиш баённомасидан
К ў ч и р м а

Тошкент шаҳри 20 .12. 2017 йил

Қатнашдилар: Рус адабиёти ва уни ўқитиш методикаси кафедраси мудири доцент Ю.Матенова, проф.Е.Абдувалитов, катта ўқитувчилар Д.Дуйсабаева ва Н.Абдувалитов
Кун тартиби:

4. Турли масалалар. Очиқ дарслар муҳокамаси

Кафедра катта ўқитувчиси Д.Дуйсабаеванинг 301 кз гуруҳида «Ҳозирги қозоқ адабий тили» фанидан “Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері мавзуси бўйича ўтказган очиқ дарси мухокамаси.


ЭШТИЛИДИ: Кафедра мудири, доцент Ю.Матенова катта ўқитувчи Д.Дуйсабаева томонидан 12-декабрь куни, 1-жуфтликда «Ҳозирги қозоқ адабий тили» фанидан “Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерімавзусида очиқ дарс ўтканини эълон қилди. Ўтилган дарснинг ютуқ ва камчиликлари тўғрисида дарсни кузатган проф-ўқитувчилардан ўз фикр-мулоҳазаларини билдиришни сўради.

СЎЗГА ЧИҚДИ: Ўз навбатида проф. Е.Абдувалитов сўзга чиқиб, очиқ дарс ўз вақтида, режа асосида амалга оширилди, дарс ўқитувчи томонидан илмий-назарий ҳамда услубий жиҳатдан тўғри ташкил этилганлиги, шу билан бирга ўқитувчининг нутқи равон, дарсни ўз ўрнида ташкил этганлиги, илмий манбалардан кенг фойдалана олганлиги, мавзуни фанлараро боғлаган ҳолатда, талабаларга атрофлича тушунтириб берганлигини айтиб ўтди. Шунингдек, дарс жараёнида слайдлар, тестлар, савол-жавоб варақаларидан унумли фойдаланди.

Ундан кейин катта ўқитувчи Н.Абдувалитов очиқ дарсда иштирок этганлигини, дарс ўқитувчи томонидан тўғри ташкил этилганлигини, дарс давомида ўқитувчи талабалар билан жонли мулоқат олиб борганлигини, очиқ тест, кўргазмали қуроллар, қўшимча адабиётлардан фойдаланганлигини ва ёзув тахтасидан унумли фойдаланганлиги, талабалар билан савол-жавоб тарзида фаол ва эркин иштирок этганлигини айтиб ўтди. Дарс илмий-назарий ва услубий жиҳатдан ижобий деб баҳолашини айтди.


Мажлис қарор қилади:


  1. катта ўқит. Д.Дуйсабаеванинг 301 кз гуруҳида «Ҳозирги қозоқ адабий тили» фанидан “Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерімавзусида ўтказилган очиқ дарси талаб даражасида ўтилди деб топилсин.

  2. катта ўқит. Д.Дуйсабаеванинг ўтказилган очиқ дарс машғулоти 7.5 балл билан баҳолансин.


Кафедра мудири Ю.Матенова

Котиба: Е.М.Загородняя





1 Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын үстеулердің сондай ерекшелігіне қарап, А.М.Пешковский «В них изображаются признаки признаков», - дейді («Русский синтаксис в научном освещении», М., 1934, 86-бет)

2 Мезгіл пысықтауыштар кейде етістікке қатысты болмай, зат есім, сын есімдерден болған баяндауыштарға да қатысты болып, оларды мезгілдік жағынан айқындап тұрады.

Каталог: shaxsiyreja


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет