Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер



бет14/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС
Мал асылдандыру, Мал азығының түрлері
Дәріс жоспары:
5.1 Мал азығының қорытылуы туралы түсінік.

5.2 Малдардың ас қорыту жуйелерінің ерекшеліктері

5.3 Коректік заттардың қорытылуын бақылау әлістері

5.4 Мал азығының протеин арақатынасы



Мал азығының қорытылуы туралы түсінік.


Азық қоректілігі деп оның мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етіп, өнім өндіруге қажетті қоректік зат жеткізу қасиетін түсінуіміз керек. Бір мөлшерде малға жегізілген жемшөптің қайсысы тіршілік пен өнімдік қажеттігін толығырақ өтесе, сол жемшөптің коректілігі жоғары болып есептелінеді. Сайып келгенде, жемшөп коректілігі оның азықтық шығын бірлігіне өндірілген өнім мөлшерімен өлшенеді. Аз жемшөп шығынымен мол өнім өндіруге қол жеткізу.

Азықтағы қоректік заттар, мал қажеттілігіне пайдаланылуы үшін олар алдымен желінуі керек. Тек желініп, ас қорыту жолына түскен азықтың химиялық қосындылары қорытылып (ыдырап), қанға сіңіріліп, мал организмінің тіршілік қажеттілігі мен өнім өндіруіне пайдаланылады. Организм тіршілігін қамтамасыз етуге арналған күрделі ас қорыту үрдісі, мал азығын ауыз қуысында желінуінен басталып, тік ішекте аяқталады. Демек, мал азығының қоректілік потенциалы ең алдымен оның желіну мөлшеріне тәуелді өзгереді. Г.Богдановтың (1990) пайымдауынша азық өнімдік потенциалының 70% желінуіне, ал қалған 30% қорытылуына байланысты. Мал азығының желінуіне сыртқы жағдайлардан оның құрамы, мөлшері, сонымен қатар мал денесінің ірілігі, тірілей салмағы, өнімділігі, күнделікті азық түрлеріне бейімділігі, азықтандыру тәртібінің сақталуы, жиілігі, жемшөптің ас қорыту жолынан өту жылдамдығын жатқызуға болады. Өз ретінде, азықтың жалпы энергиясының алмасу энергиясына айналуы оның көлемін айғақтап, желінуіне тікелей ықпал ететін жасұнық мөлшеріне байланысты болады.



Мысалы, А. Синещековтың тәжірибелік мәліметіне сәйкес жалпы қоректілігі бойынша 79,7% ірі және 20,3% құнарлы жемшөп берілген сиыр тәулігіне 13,1 кг азық жеп, оның 42,4%-ы қарында, 18,1%-ы ішекте, яғни жалпы 66,6% қорытылса, 18,8% ірі, 43,2% шырынды, 38,0% құнарлы жемшөп берілген сиыр тәулігіне 14,0 кг азық жеп, оның 40,1%-ы қарында, 31,9%-ы ішекте, яғни жалпы 72,0% қорытқан. Бұл азық желінуі мен қорытылуының малға берілген жемшөп түрі мен ас қорыту жолынан өту жылдамдығына, осыдан барып ол жол бөлімдерінің біркелкі толтырылуына байланысты екенін де көрсетеді. Әсіресе мұны өнімділігі азық құрғақ затының желінуімен арттырылатын жоғары өнімді сиыр мен бордақылаудағы мал басын азықтандыруда ескеру керек.

Мал азығының желінуі оның өнімдік потенциалын айғақтайтын негізгі фактор болғанымен, ол азықтың мал денесіндегі жалпы пайдаланымына тікелей сәйкестіктен ықпал етпейді. Оған азық қоректік заттарының қорытылуымен қатар біршама жағдайлар әсерін тигізеді. Олардың ішінде азық қоректілігінің жалпылама көрсеткіші болып табылатын энергетикалық қуаттылығының орны ерекше. Мұны мал тіршілігін қамтамасыз етіп, өнім өндіруге пайдаланылатын алмасу энергиясының көлемі оның желінген құрғақ затындағы шоғырлану дәрежесіне тәуелді өзгереді.

Мал азығының құрғақ затындағы алмасу энергиясының шоғырлану дәрежесі өскен сайын оның күйісті мал тіршілігін қамтамасыз етуге пайдаланымы — 66%-дан 78%-ға, дене салмақ қосымына пайдаланымы — 33%-дан 66%-ға жоғарылайтынын, ал сүт өндіруге азық құрғақ затындағы алмасу энергиясының 10—12 МДж/кг(мал организіміндегі брінші алмасу энергиясының схемасын АҚШ ғалымы Г. Армсби ашқан. Жанғанда бөлінген жылылықты 1г немесе 1кг жанған затқа есептеп, шыққан өлшемді мегаджоулмен (МДж) немесе килокалориямен (ккал) есептеген) көлемінде шоғырланғаны тиімді. Мұны К.Блекстердің сиыр азығының 1 кг құрғақ затындағы алмасу энергиясының шоғырлану дәрежесіне байланысты оның тіршілік мұқтаждығын қамтамасыз етуге пайдалану тиімділігі — 60—78%, қосымша дене салмақ қосымына пайдалану тиімділігі - 33—66%, сүт өндіруге пайдалану тиімділігі — 61—70% құрайтыны туралы мәліметтері де дәлелдейді.

Бірақ азықтандыру тәжірибесінде сиыр сүттілігі жоғарылаған сайын 1 кг сүтке шығындалатын азық мөлшері, яғни а.ө. азаяды. Мұны түсіну үшін келесі есептерді келтіруіміз қажет:

— 1 кг сүт сауымына — 0,48 а.ө., есеппен —0,5 а.ө. шығындалып, сиыр тіршілігін қамтамасыз етуге 100 кг тірілей салмагына 1 а.ө. жұмсалады; демек, тірілей салмагы 500 кг сауын сиырга...

...тіршілігін қамтамасыз етуге — 5 а.ө. қажет,

...сүт түзуіне, тәуліктік сүт сауымы — 12, 14, 16, 18, 20 кг болса, сәйкесінше, қосымша — 6, 7, 8, 9, 10 а.ө. қажет.

Тірілей салмағы мен тәуліктік сүт сауымына сәйкес сиыр мұқтаждығы

5+6 = 11, 5+7 = 12, 5+8 = 13, 5+9 = 14, 5+10 = 15 а.ө. құрайды, ал 1 кг сүтке шығындалған азық мөлшері, тиісінше, есептелген...

11 : 12 = 0,92, 12 : 14 =0,86, 13 : 16= 0,81, 14 : 18= 0,78, 15 : 20 = 0,75 а.ө. болудың орнына, іс жүзінде, сол ретпен, 1,8; 1,7; 1,6; 1,56; 1,5 а.ө. көлемінде азаяды. Бұл мал организмінің тіршілігін сақтап, өнім өндіруіндегі мүқтаждығы мен шығыны жай механикалық алып-қосу заңдылықтарымен түсіндіруге келмейтін, күрделі биологиялық физиологиялық-биохимиялық үрдіс екенін көрсетеді.

Желінген азық құрғақ затындағы алмасу энергиясының шоғырлану дәрежесіне байланысты оның тіршілік қажеттігі мен өнім өндіруге жұмсалуы өзгереді — тіршілік мұқтаждығын қамтамасыз етуге жұмсалатын шығын үлесі кеміген сайын өнім өндіруге жұмсалатын үлесі өсе түседі. Орташа өнімді мал денесінде жалпы энергия шығынының 40—60% тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалады.



Осының бәрі, сайып келгенде, мал азықтандыру барысы, яғни берілген жемшөптің желінуі мен содан кейінгі қорытылып, пайдаланылуы, бірқатар биологиялық-физиологиялық зандылықтармен өтетін өте күрделі үрдіс екенін айғақтайды. Шаруашылықтағы мал басының тіршілігін қамтамасыз етіп, ұтымды түрде, яғни аз азық шығынымен, мол өнім өндіру үшін мамандар осы заңдылықтарды жете түсініп, мал азықтандыру ісін де жүйелі пайдалана білулері керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет