Екібастұз қаласы 2017 жыл. Түсінік хат Бұл дидактикалық материал оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 6-сыныбына «Қазақ тілі»



бет11/15
Дата19.02.2017
өлшемі11,71 Mb.
#10798
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

107–сабақ

Сөздік:

сауатты – грамотная

талай рет – постоянно

жақсы атақ алғанбыз – получили хорошую славу


1-тапсырма. Мәтінді оқып, бір-біріңе сұрақтар қойыңдар.

Сынып жетекшісі туралы
Біз биыл 6 сыныпта оқимыз. Біздің сыныпта 28 оқушы бар. Сынып жетекшіміз Гүлнәз Әмірқызы. Ол бізге ағылшын тілі пәнінен сабақ береді. Гүлназ апай өте мейірімді, сауатты, білімі жоғары мұғалім. Біз бірге талай рет мектепшілік іс-шараларға қатысып, жақсы атақ алғанбыз. Өткен жылы біз еліміздің бас қаласы Астанаға бардық. Гүлназ апай бізбен өте қызықты сынып сағаттарын өткізеді. Өз уақытын аямай бізбен мұражайларға, кинотеатрларға барып жүреді.

Біз өз сынып жетекшімізді өте жақсы көреміз, сыйлаймыз, құрметтейміз.



2-тапсырма. Берілген етістіктерден жұрнақ арқылы туынды етістіктер жасаңдар.
Үлгі: бас – бас-та.

Аяқ, көз, тіс, тіл, би. таза, кір, су.


3-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңдар, етістіктер қай шақта тұрғанын анықтаңдар.


  1. Кеше біздің сыныпта алты сабақ (болу)

  2. Бірінші сабақ сағат сегізде (басталу)

  3. Демалыс күні мен шаңғы (тебу).

  4. Айгүл кір жуады, әкем дүкенге (бару).

  5. Менің анам фабрикада жұмыс( істеу).


4-тапсырма. Төмендегі сөздердің дұрыс аудармасын жаз.


  1. добрый 1. еңбекқор

  2. грамотный 2. көңілді

  3. знающий 3. мейірімді

  4. веселый 4. сауатты

  5. гостеприимный 5. білімді

  6. трудолюбивый 6. қонақжай


5-тапсырма. Суретті әңгімелеңдер.



108–сабақ

Сөздік:

біркелкі – одинаковые

алжапқыш – фартук

тиіс – обязаны

ыңғайлы – удобный
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, мәтінді оқыңдар.

Мектеп формасы
Мен мектеп... оқимын. Біздің мектеп... өз ережелері бар. Жаңа оқу жылы... бастап оқушылар біркелкі форма кию тиіс. Ол форманы өзіміз... тігін фабрикасы шығарды. Біз... жаңа форма өте ұнайды. Сондықтан қыздар мен ұлдар қуана-қуана киіп жүр.

Дене шынықтыру сабағына біз спорттық костюм... жүреміз. Ал еңбек сабағына арнайы жұмыс халатын, алжапқыш киеміз.

Мектеп... шыққан кезде, үй ішінде мен өзім... сүйікті джинсы шалбарым мен жеңіл футболкамды киіп аламын. Ол маған өте ыңғайлы. Ал кино..., театр... немесе кафе... барғанда, мен әдемі көйлек киемін.
2-тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін тауып, олармен сөйлем құраңдар.

Әдемі, ұзын, ескі, үлкен, тар(көйлек), таза, жақын.



3-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін жазыңдар.

Мұғалім, жақсы, білімді, оқушы, дарынды.


4-тапсырма. Диалогті оқып, өзара сөйлесіңдер. Қарамен жазылған етістіктердің қай райда, қай жақта тұрғанын анықтаңдар.
- Сіз маған ақ көйлек тігіп беріңізші.

- Жарайды. Қандай көйлек қалайсың?

- Жеңі ұзын, жағасы, кеуденің сол жағында қалтасы болсын.

- Онда мен Сіздің өлшеміңізді алайын. Бері маған қарап тұрыңыз. Енді бұрылыңыз, ары қараңыз. Болды, бір аптадан кейін келіңіз.

- Рахмет, сау болыңыз.
5-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңдар.

1. Мұғалім бізге ... тақтаға жазғызды, синтаксистік ... жасатты. 2. Ермек ... оқыды, орыс ... аударды. 3. Оқушылар шығармаларында көп ... жіберді. 4. Света қазақша өте ... сөйлейді. 5. Әлия ... жазбаша орындап отыр. 6. Тіл үйрету ... емес. 6. Мұғалім ... адам. 7. Ол қазақша ... үйреніп жүр. 8. Үйге қандай тапсырмалар ... ?


Керекті сөздер: тілін, сөйлемдерді, білімді, мәтінді, қате, тамаша, жаттығуды, оңай, берілді, талдау, талдау.
109сабақ

Сөздік:

бастауыш сыныптар – начальные классы

жоғары сыныптар – старшие классы

оқырман залы – читальный зал


1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсініңдер. Септік жалғауларын белгілеңдер.
Мектептегі үзілістер
Сабақ аяқталады, оқушылар үлкен үзіліске шығады. Біздің мектепте екінші, үшінші сабақтан соң үлкен үзіліс болады. Онда біз асханаға барып тамақтанамыз. Кейбір оқушылар үзілісте сабақтарға дайындалып, берілген үй тапсырмаларын қайталап отырады. Бастауыш сынып оқушылары үзілістерде түрлі қызықты ойындар ойнайды, олар көңілді болады. Жоғары сынып оқушылары дене шынықтыру залына барып, теннис, шахмат ойнайды. Кейбір оқымысты балалар оқырман залына барып, өздеріне ұнаған кітаптары мен журналдарды оқиды.

2-тапсырма. Берілген етістіктерді қалау райына қойып, жіктеңдер.
Шығу, болу, тамақтану, қайталау.
3-тапсырма. Оқып, орыс тіліне аудар
Уакыты болса

Дүкенге барса маған айтсын.

Жұмысы болса
4-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктерді шартты рай түріне қойыңдар.

1. Ертең қар жау... .

2. Мен ағама хат жаз... .

3. Мұғалім сабақ сұра... .

4. Жаңбыр жау... .

5. Біз оны бүгін мектепте көр... .

6. Сіз Наурызда оны қонаққа шақыр....
5-тапсырма. Төмендегі етістіктерді қалау райына қойып, олармен сөйлем құрастырыңдар.
Билеу, орындау, аяқтау, сөйлеу, жүгіру, шығу
6-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңдар.
Үзіліс келді, үзіліс болды,

Көңілді балалар, оқушылар.

Кел, ойнайық, кел демалайық

Үзіліс бізге қуаныш сыйлады.


110–сабақ

Сөздік:

дәстүрлі түрде – традиционно

сонымен бірге – наряду с этим
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мектептеріңде өткізілетін сабақтар туралы әңгімелеңдер.

Қазақ тілі сабағында
Қазақ тілі сабағы аптасына бес рет болады. Біз қазақ тілі сабағын жақсы көреміз, өйткені ол қызықты өтеді. Қазақ тілі сабағында бір-бірімізге сұрақ қойып, жауап дайындаймыз. Мәтінді оқып мазмұнын түсінеміз, сөздік көмегімен жаңа сөздерді аударамыз. Біз сабақта әр түрлі тақырыптармен танысамыз. Маған ұнайтын тақырыптар «Мектеп», «Отбасы», «Қазақстан жері», «Табиғат». Сонымен бірге қазақ тілі сабағында дәстүрлі түрде біз фонетикалық, морфологиялық талдаулар жасаймыз.

Ең қызықтысы – біз сабақта «Ханталапай», «Асық» сияқты ұлттық ойындар ойнаймыз.

Мен және менің сыныптастарыма қазақ тілі сабағы ұнайды.
2-тапсырма. Сұрақтарды пайдаланып, диалог құрастырыңдар.
1. Сен қандай пәндерді ұнатасың?

2. Қай пәндер сен үшін қиын?

3. Қай пәннің мұғалімін ұнатасың? Неге?

4. Қазақ тілі пәнін оқып-үйрену не үшін керек.


3-тапсырма. Төмендегі мақалды қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды жазыңдар (4-5 сөйлем).
Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.


4-тапсырма. Қалау райда тұрған етістіктерді жіктеңдер.
Жазғым келеді, айтқым келеді.
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті грамматикалық көрсеткіштерді қойыңдар

Нығметтің қалаға бар... келіп жүр. Сәрсеннің өлең айт... келді. Сенің театрға барғ... келді. Бұл мектепте оқы... келмейді. Менің қазір тамақ іш... келмей отыр. Асханаға бар..келмейді.


6-тапсырма. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Етістіктердің қай райда, қай жақта тұрғанын анықтаңдар.
1. Отырыңдар, дәптерлерді үстелге қойыңдар.

2. Сіз мына мәтінді оқыңыз, ал сендер мәтін бойынша сұрақтар қойыңдар.

3. Талғат сөйлемді тақтаға жазсын, ал Марат пен Әлия тексерсін.

4. Қазір біз мәтінді тыңдайық.

5. Мен магнитофонды қосайын. Жарайды, сен магнитофонды қос.

6. Келесі сабақта жатжазу жазайық.

7. Сендер оқырман залына барып, сабаққа әзірленіңдер.

8. Марат мәтінді оқы!


111–сабақ

Сөздік:

сүйікті пәнім – любимый предмет

өткізіледі – проводится

танысу – знакомить

тырысу – стараться

міндетіміз – обязанность


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, аудар.

Менің сүйікті пәнім
Менің атым – Ангелина. Мен алтыншы сыныпта оқимын. Менің сүйікті пәнім – қазақ тілі. Біздің сыныпта қазақ тілі сабағы бірінші сыныптан өткізіледі. Әр сабақта мен жаңа сөздермен, қазақ халқының дәстүрлерімен, тарихымен танысамын

Үйге келгенде, мен әжеме үйренгенімді айтып беремін. Қазақ тілін жақсы білуге тырысамын.

Мен Қазақстан жерінде тудым, менің ана тілім орыс тілі, бірақ қазақ тілін үйренуге біз міндеттіміз.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Саған қандай пән ұнайды?

  2. Не себептен бұл пән ұнайды?

  3. Мұғалімнің аты-жөні кім?

  4. Бұл пән аптасына неше рет болады?

  5. Бос уақытыңда не істейсіңдер?

  6. Келешекте кім болғың келеді?


3-тапсырма. Грамматикалық түсінік. Синтаксис. Сөйлем.


Жалаң

Жайылма


бастауыш

баяндауыш



Бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелері бар

Мысалы: Көктем келді.

Көктем ерте келді


4-тапсырма. Сөздерді қазақ тіліне аудар.
предмет английского языка предмет истории

предмет русского языка предет труда

предмет немецкого языка предмет физкультуры
5-тапсырма. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
1. Оқушылар келді.

2. Біз тарих пәнін ұнатамыз.

3. Балалар көркем мұражайынан шықты.

4. Мұғалім көңілді.

5. Ән сабағында біз ән жаттаймыз.
112–сабақ

Сөздік:

мамық – пух

жиі-жиі – часто

орнатылып – ставят

сырғанау – кататься

қарсы алып – встречать


1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарыңды қойыңдар.
Менің сүйікті жыл мезгілім
Қыс – менің сүйікті жыл мезгілім. Ол – жылдың соңғы айы. Жылдың ең қысқа күні мен ұзақ түні жиырма екінші желтоқсанда болады. Бұл мезгілде жиі-жиі қар жауады, боран соғады. Жер ақ тонға оранып, қардың астында қалады. Шыршалар ақ мамыққа оранады. Айнала бәрі әдемі болады. Өзен, көлдердің бетіне тұрған мұз қалыңдайды. Осы мұз айдындарына үлкендер де, біз де коньки теуіп, шанамен сырғанаймыз. Мен ақ қардың үстінде шаңғы тепкенді ұнатамын.

Қыста менің сүйікті мейрамым болады. Желтоқсан айында балалар және әр отбасы Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз. Үйде шырша орнатылып, арнайы дастарқан жайямыз. Жаңа жылды қарсы алып, бір-бірімізге ақ тілек білдіреміз.


2-тапсырма. Мәтін бойынша көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.


  1. Бұл мезгілде ... жауады.

  2. ...ақ мамыққа оранады.

  3. Өзен, көлдердің ... қалыңдайды.

  4. Мұз айдындарында балалар ... теуіп, ... сырғанайды.

  5. Қыста... қарсы аламыз.

  6. Табиғат үшін Жаңа жыл ... басталады.


3-тапсырма. « Қыс – тамаша мезгіл» деген тақырыпқа әңгіме құраңдар.


  1. Қыс – жылдың... ... ... . 1. ұнайды

  2. Мен қыс мезгілін өте жақсы ... ... ... . 2. туған күнім болады

  3. Қыста әсем қаламыз Астанада ... ... ... ... . 3. шанамен, конькимен сырғанаймыз.

  4. Қарағай мен қайың ақ кимешек ... ... ... . 4. ең тамаша мезгілі.

  5. Желтоқсан өтіп, қаңтар келгенде ... ... ... . 5. әсермен қарсы аламын.

  6. Қыста мұздар қатады,..., ... ... . 6. мұз қалашықтар бой түзейді

  7. Қыста менің ... ... ... . 7. киіп алған сықылды.

  8. Маған қыс ... . 8. ұзақ түндер басталды.


4-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді оқыңдар. Жайылма сөйлемдерді атаңдар.
Қыс түсті. Жерді қалың қар жапты. Шешем маған тон мен құлақшын сатып әперді.

Етігім жылы. Әжем Дәурен екеумізге жылы қолғап тоқыды. Орамалым жұмсақ. Әжем Әминаға дүкеннен жаңа қызыл тон сатып әкелді.



113сабақ

Сөздік:

бекер – не зря

нәрсе – вещь

қасиеттер – качества

үлгі – пример

ұқсау –быть похожим


1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар қойыңдар.

Менің сүйікті ісім

«Кітап - білім бұлағы», - деп бекр айтпаған, өйткені біз кітаптан көп нәрсе аламыз. Мен кішкентай кезімнен кітап оқуды жақсы көремін. Мектептен кейін сабақтарымды істеп, мен сүйікті кітаптарымды алып, оқимын. Кейбір кейіпкерлердің өмірінен жақсы қасиеттерді үлгі ретінде алғым келеді, жағымды кейіпкерлерге ұқсағым келеді. Казіргі кезде көбі компьютерден әңгімелерді оқиды, бірақ, менің ойымша, кітапты оқуға еш нәрсе жетпейді.

Кітап – біздің досымыз.
2-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауышты белгілеңдер. 3-ші сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.


  1. Мен кішкентай кезімнен кітапты оқыдым.

  2. Менің сүйікті кітаптарым бар.

  3. Әрқашанда кітапханада адамдар кітапты оқиды.

  4. Абайдың өлеңдері бүкіл әлемге белгілі болған.


3-тапсырма. «Сенің сүйікті ісің» деген тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, диалог құрастырыңдар.


  1. Сенің сүйікті ісің бар ма?

  2. Ол қандай іс?

  3. Сен бұл істі қай кезден ұнатасың?

  4. Не себеппен осы іс саған ұнайды?


4-тапсырма. Сөйлемді жалғастырыңдар. Жалаң, жайылма сөйлемдерді ажыратыңдар.
1. Мен жүзуді... .

2. Біздің оқушылар қолөнер үйірмесіне ... .

3. Спортшы болғым ... .

4. Менің әкем боксты ... .

5. Менің қарындасым домбыра үйірмесіне ... .
5-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінен жалаң және жайылма сөйлем құрастырыңдар.
Үйірмеге бару, кітап оқу, би билеу, сурет салу, ән айту.
Мысалы: Мен ән айтуды жақсы көремін (жайылма сөйлем).

Ол сурет салады (жалаң сөйлем).


114сабақ

Сөздік:

қызыға оқимын – читаю с интересом

жарлы баласы – сын бедняка

қиын оқиғаларға түседі – попадают в трудные ситуации

бәрі жағдайлардан құтқарып шығады – достойно выходит из всех

ситуаций


тапқыр – находчивый

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Осы мәтін бойынша өздеріңнің сүйікті кітаптарың туралы әңгімелеңдер.
Менің сүйікті кітабым
Мен кітап оқуды жақсы көремін. Менде көп кітап бар. Олар үй жануарлары, аңдар, өсімдіктер туралы. Ертегілер де бар. Мен ертегілерді қызыға оқимын. Ең сүйікті ертегім – «Бай баласы мен жарлы баласы». Бұл кітаптың басты кеіпкерлері: Асан мен Үсен. Асан – байдың, ал Үсен – кедейдің баласы. Осы балалар түрлі қиын оқиғаларға түседі. Бірақ ақылды, еңбекқор, тапқыр Үсен өзін де, байдың баласын да барлық жағдайлардан құтқарып шығады. Мен Үсен сияқты болғым келеді.

Кітап – менің досым.




2-тапсырма. Етістіктің бұйрық райының жіктелуін есте сақтаңдар.


Жақ

Жекеше

Көпше

1 жақ

кел-ейін

кел-ейік

2 жақ

Кел

кел-іңдер

2 сыпайы жақ

кел-іңіз

кел-іңіздер

3 жақ

кел-сін

кел-сін


3-тапсырма. Етістіктерді теріп жазып, бұйрық райдың қандай формада тұрғанын айтыңдар.
Үлгі: тұр – жекеше түр, 2 жақ.
Ертең сен ерте тұр, киін, жуын, тамақ іш. Сонан соң кітапханаға кел. Мен де барайын. Кітапханада екеуміз Сара апайға көмектесейік. Жаңадан келген кітаптарды сөрелерге қояйық. Журналдарды үстелге қояйық, оқушылар оқысын.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, мәтінді оқып, диалог құраңдар.

Кітап оқу – өнер


Білім – адам үшін ең бағалы іс. Сол білім... тарататын құралдың бірі – көркем әдебиет. Әрбір мәдениетті адам, алдымен, әдебиетті жақсы білуі керек. Әдеби шығармалар... оқу арқылы біз көркемдік..., жақсы мен жаман... түсінеміз. Кітап... түсініп оқу керек. Мазмұнын жазып немесе біреу... айтып беретін болу керек. Сондықтан көркем шығармалард...көп оқып, кітап... бағалай білуге тиістіміз.
5-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар.
1. Көп сөйлеген білімді емес, 2. Наданмен дос болғанша,

Көп оқыған білімді. Кітаппен дос бол


115сабақ
Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі

(Ы. Алтынсарин).



Сөздік:

көп көңіл бөледі – уделяет много внимания

тырысамыз – стремимся

мәдениет – культура

тән дыбыстар – специфические звуки
1-тапсырма. Мәтінді оқып, өзіңнің сүйікті ұстазың туралы әңгімелеп бер.

Сүйікті ұстазым
Біз алтыншы сыныпта оқимыз. Біздің мектептің оқушылары орыс тілінде оқиды. Орыс тілімен қатар қазақ тілін де үйренеміз. Менің сүйікті ұстазым қазақ тілінен сабақ береді. Майра апай білімді, мәдениетті, мейірімді мұғалім. Оның сабақтары өте қызықты. Майра апай бізбен көптеген жұмыстар істейді: берілген тақырыпқа сұрақтар қойып, жауап береміз, мәтіндерді қазақша оқып, орыс тіліне аударамыз. Жазба жұмыстарына мұғалім көп көңіл бөледі. Майра апай Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс жазуымызға, айтуымызға үйретеді. Біз қазақша сөйлесуге тырысамыз. Қазақ халқының әдебиеті, тарихы, мәдениеті туралы бізге көп мәлімет береді.

Майра апай – өте ақылды адам.


2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Оқушылар қай тілінде оқиды?

  2. Майра апай қандай мұғалім?

  3. Ол қандай пәннен сабақ береді?

  4. Мұғалім сабақта оқушылармен қандай жұмыстар өткізеді?

  5. Қандай жұмыстарына Майра апай көп көңіл бөледі?

  6. Оқушылар қазақ тілі сабақтарында қандай мәлімет алады?


3-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңдар, олардың қай шақта тұрғанын анықтаңдар.
4-тапсырма. Сөйлемдердегі асты сызылған сөздерге сұрақ қой.


  1. Біз алтыншы сыныпта оқимыз.

  2. Қазақ тілі сабағы қызықты өтеді.

  3. Аптасына бір рет мазмұндама жазамыз.

  4. Сабақта біз ауызша көп сөйлесеміз.

  5. Біз сабақтан соң да қазақша сөйлесуге тырысамыз.


5-тапсырма. Сөздердің септік жалғауларын жазыңдар.


  1. Қазақ халқы... тілін, әдебиетін үйренгіміз келеді.

  2. Мұғалім біз... ән үйретеді.

  3. Орыс тілі... қатар қазақ тілін де үйренеміз.

  4. Қазақ тіліндегі мәтіндер... орыс тіліне аударамыз.

  5. Сабақт... атақты адамдар туралы әңгімелесеміз.


6-тапсырма. «Үйрену» деген етістікті қалау рай түрінде жіктеңдер.
116сабақ

Сөздік:

қонақжай – гостеприимный ет асады – готовят мясо

ардақты – почетный қадірлі – уважаемый

жауапты – ответственный жайма –бесбармачное тесто

илеу – замешивать қамыр – тесто

оқтау – скалка тұздық – соус


1-тапсырма. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерді сөз кұрамына талдаңдар.

Бешбармақ – ардақты ас

Менің сүйікті тағамым – бешбармақ. Қазақ халқы – қонақжай ел. Үйге қонақ келсе, ет асады. Қой сойылады. Қойдың немесе жылқы етінен бешбармақ әзірлейді. Бешбармақ – ардақты ас. Оны қадірлі қонақтарға асады.

Ет пісіру – жауапты іс. Ет піскенше, жайманы жасау керек. Ұнға жұмыртқа жарып, сорпаға илеп, қамыр дайындайды. Содан соң қамырды оқтаумен жаяды.

Ет піскен соң, жайманы сорпаға пісіріп алады, тұздық жасайды. Үлкен табаққа жайманы түсіреді, тұздық құйылады, содан соң етті ретімен салады.

Үстіне пияз қосылған тұздық құйылады. Енді дастарқанға апаруға болады.
2-тапсырма. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңдар.
3-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құраңдар.
4-тапсырма. Мақал-мәтелдердің аудармасын дұрыс тауып, мәнін түсіндіріңдер.


Мақал-мәтелдер

Аудармасы

  1. Сыйлап берсе, суын іш.




  1. Той тамағы – тәтті.


  1. Сыйласқанның суын іш.




  1. Тату үйдің тамағы тәтті.

1.Когда в семье лад, все вкусно подряд.

2. В гостях у друга иводу подадут – пей. 3. Праздничные блюда – самые изысканные. 4. И вода – еда, если от души подана.




5-тапсырма. Сөздерден дұрыс сөйлемдер құраңдар.
Дастарқаннан, үлкен, нәрсе, қазақта, жоқ, дәмнен. Аттамайды, дастарханнан. Тағамнан, дастархандағы, ауыз тимей, дәм, кетуге болмайды. Үш түрі, қазақтың, дастарқанында, ұлттық, тамақтардың, негізгі, болады. Көп, күттіруге, тамақ, ішуге, шақырғанда, тамақты, болмайды.
6-тапсырма. Берілген етістіктерден көсемше түрін жасаңдар.
Сыйлау, құрметтеу, шақыру, күту, тамақтану, дайындау, әзірлеу.

117сабақ

Сөздік:

адамзат – человечество

армандаймын – мечтаю

жауапкершілікті – ответственный

меірбан – милосердный

шыдамды – выносливый

науқас – больной
1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарыңды қойыңдар.
Менің сүйікті мамандығым
Тұрмысымызда, өмірімізде кездесетін жақсы және адамзатқа керекті мамандықтар өте көп.

Бірақ мен дәрігер болуды армандаймын. Бұл мамандық қиын, жауапкершілікті қажет етеді. Дәрігер – адамдарды жақсы көруі, әрі мейірбан жүректі болуы тиісті. Мен науқастардың ауруын жеңілдетіп, оларға көмектескім келеді.

Білімді, батыл әрі шыдамды дәрігер болғым келеді. Адамдарға түн демей, күн демей жедел жәрдем көрсеткім келеді. Мен науқас адамды аяғына тұрғызсам, оған жақсы ем берсем, ол да маған риза болады.

Біздің Отанымыз үшін мұғалім де керек, ұшқыш та керек, инженер де керек, дәрігер де керек. Ондай мамандықтарды меңгеру үшін жақсы және көп оқу керек.


2-тапсырма. Мәтінге сүйеніп, керекті сөздерді жазыңдар.



  1. Өмірімізде ... мамандықтар өте көп.

  2. Мен ... болуды армандаймын.

  3. ..., ... дәрігер болғым келеді.

  4. Адамдарға жедел ... көрсеткім келеді.

  5. Науқас адам маған ... болады.

  6. ... меңгеру үшін жақсы оқу керек.


3-тапсырма. Көп нүктенің орнына септік жалғауларын жалғап, мәтін бойынша диалог құраңдар.
Шоқан Уалиханов

Шоқан он жасын... Омбы қаласындағы әскери мектеп... оқуға түсті. Мектеп... келгенде, ол орыс тілін білмейтін. Ол өте зерек, еңбексүйгіш еді. Аз күнде орыс тілін үйреніп, сөйлейтін болды. Шоқан саяхат туралы жазылған кітаптар... қызығып оқыды. Өзі де оқу бітірген соң, саяхатшы болғысы келді. Омбы қаласында ол Потанин... танысты. Екеуі дос болды. Шоқан жақсы суретші еді. Ол мектепті алтын медаль... бітірді. Шоқан Уалиханов – қазақ халқы... шыққан бірінші саяхатшы, оқымысты, ғалым.


4-тапсырма. Берілген етістіктердің жұрнақтарын белгілеңдер.
Оқып, қуанып, көргелі, асыға, басталғалы, ашылғалы, шаршап, істей, киініп, оқымай, ішпей, бармағалы, келіп, көтере, апарғалы.
118сабақ
Сөздік:

екеуміз – вдвоем

бітіру – заканчивать

шетел – заграница

сыйлап кеткен – подарили

есіме – в памяти

балалық шақ – детские годы
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Менің сүйікті ойыншығым
Біз Артур екеуміз көрші болдық. Кішкентай кезімізден бірге ойнадық, бірге бірінші сыныпқа бардық, мектеп бітірдік. Артур менің жақсы досым болған. Бір күні Артур отбасымен шетелге көшіп кетті. Маған сыйлап кеткен ойыншығы – кішкентай ақ аю. Ол өте әдемі, жұмсақ, көзі өте мейірімді. Осы ойыншықты қолыма алғанда, есіме өткен балалық шағым келеді.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Сенің сүйікті ойыншығың бар ма?

2. Саған оны кім сыйлады?

3. Ол неге саған қымбат?

4. Ойыншығың туралы әңгімелеп бер.
3-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдердегі етістіктерді нақ осы шаққа қойыңдар.

1. Ұлдар әр жерден шұңқыр қазды.

2. Маған мереке күніне сыйлықтар берді.

3. Біз ата-аналарды әрқашанда құрметтейміз.

4. Жоғары сынып оқушылары бізге көмектеседі.

5. Біз бақта ағаш, гүл саламыз.

6. Балалар шелекпен су әкелді.

7. Сынып жетекшіміз бізді мақтады.



4-тапсырма. Сурет бойынша «Менің сүйікті ойыншықтарым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет