Екібастұз қаласы 2017 жыл. Түсінік хат Бұл дидактикалық материал оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 6-сыныбына «Қазақ тілі»


-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарыңды қойыңдар. Етістіктерден көсемше түрлерін жасаңдар



бет13/15
Дата19.02.2017
өлшемі11,71 Mb.
#10798
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарыңды қойыңдар. Етістіктерден көсемше түрлерін жасаңдар.
Менің сүйікті ермегім

Сурет салу – менің сүйікті ермегім. Мен суреттерімді үлкен шабытпен саламын. Өзім қиял-ғажайып әлемге барғандай боламын.

Бірінші суретімді салу үшін мен әдемі бояуларды алып, күзгі орманға бардым. Барлық ағаштар мен бұталарды күздік бояуға – біреуін сары, біреуін қып-қызыл түске келтірдім.

Қайың мен жөкенің жапырақтарын лимон сияқты сарымен боядым. Ырғай мен үйеңкінің жапырақтарын піскен алмадай қызарттым. Тек қарағай мен шыршаларды қалай бояйтынын білмедім. Осы ағаштардың бұтақтарында жапырақтар емес, инелер ғой. Инелерді қалай бояйсың? Жазда қалай болды, солай қалды.

Міне, осылай мен бірінші суретімді салдым.
2-тапсырма. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.
Суреттерімді, саламын, бояуларды, бұтақтарында, күзгі, жапырақтарын, үйеңкінің, қызарттым,шыршаларды, бояйсың, салдым.
3-тапсырма. Төмендегі сөздерге жіктік жалғауын жалғап, сөйлем құра.
Адам, разы, қуанышты, мәз, бірінші, орманда, сурет сал.
4-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.
Абайдың ермегі

Абай Қарқаралыдан қайтып келген соң, күні-түні кітап оқыды. Оқыған кітаптарынан көп асыл бұйымдар тапты. Абай тарихи кітаптар мен Шығыстың дастан, хикаяларын бас алмай оқиды. Кешке шайдан соң, Абай кейбір оқып шыққан кітаптарын үй ішіне әңгімелеп береді. Зере әжесі Абайдың кітапқа ықыласын байқап:



  • Қарағым, осының ақыл. Осы ала қағазыңнан айырылма. Басқа балаларға ұқсама, - дейді.

  • Абай әжесінің сөзіне разы болып, күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды.

(М. Әуезов).
5-тапсырма. Мәтіннен мағынасы жақын және қарсы мәндес сөздердің сыңарын тауып оқыңдар.
а) қарсы мәндес ә) мағынасы жақын

күндіз - ... асыл - ...

ұқсау - ... күнде -...

разы - ... жақсы - ...

айырылу - ... мәз болу - ...


124–сабақ

Сөздік:

толы – полный

сайрайды – поют

құлпырып кетеді – расцветают


1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.
Менің демалыс орным
Менің атым – Амина. Менің сүйікті демалыс орным – ол үйдің жанындағы саябақ. Біз отбасымызбен онда жиі барамыз. Саябақ әр түрлі болады. Күзде бақтың іші жапырақтарға толы, ауа сондай тап-таза. Қыста біздің саябақ ғажайып орман сияқты. Ағаштар ақ қарлы матаға оранған сияқты, керемет әдемі. Көктемде бақтың ішінде құстар сайрайды. Ал жазда саябақ құлпырап кетеді, өйткені онда түрлі-түсті гүлдер, жасыл шөптер өседі.

Біз осында келгенде, рахаттанып демаламыз.


2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Аминаның сүйікті демалыс орны не?

  2. Саябақ күзде қандай болады?

  3. Күзде саябақтың ішінде ауа қандай?

  4. Қыста саябақ неге ұқсайды?

  5. Көктемде бақтың ішінде нелер сайрайды?

  6. Амина осы жерді неге ұнатады?


3-тапсырма. Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңдар.

Тауда
Қыста мен достарыммен тауға барғанды сондай ұнатамын. Қысқы тау

ерекше сұлу! Бір шоқыға шығып, шаңғымен төмен қарай сырғи беруге болады. Ешқандай қиналмайсың.

Ал тау табиғаты ше?! Ауасы өте таза, жұта бергің келеді. Аспан әрдайым ашық. Қалаға қарасаң, ол тұманнан көз ашпайды. Сондықтан да біз тауға жиі-жиі шығамыз. Онда демалған қандай жақсы! Сөзбен жеткізу қиын.

Тауда ағаштың түрлері көп. Кейде қураған бұтақтарды жинап от жағамыз. Шай қайнатып ішеміз. Денсаулығың жақсы болу үшін тауға бару керек.


Тапсырмалар:
1. Берілген етістіктерді сөз құрамына ажыратып, етістіктің түрлерін анықтаңдар.
Ұнатамын, қиналмайсың, жеткізу, қайнатып, апарысу.
2. Мәтін бойынша 5-6 сұрақ құрастырыңдар.

125–сабақ

Сөздік:

қажетті – необходим

әйгілі – известный

ықпал – влиятельный

сапалы – качественный

интернет жүйесі – интернет


1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.
Менің сүйікті затым
Менің сүйікті затым – компьютер. ХХІ ғасыр – электрондық аппараттардың жылдам дамыған кезеңі.

Компьютер өте пайдалы нәрсе. Оның көмегімен адамдар көп нәрсені біледі. Компьютер ғылым мен техниканың дамуына, халық өміріне көп өгерістер әкелді.

Адамдардың үйлерінде, жұмыстарында, оқу орындарында жиі қолданатындары – компьютер. Ол күнделікті қажеттілікке айналды.

Компьютер жұмыстың сапалы да жылдам жүруіне ықпал етеді.


2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Сенің сүйікті затың қандай?

2. Компьютердің пайдасы қандай?

3. Компьютер адамдарға қандай әсер етеді?

4. Қазіргі кезде компьютер не үшін керек?


3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді оқып, жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратыңдар.
1.Уақыт – әркімнің нақтылы капиталы.

2. Уақытты әр адам қадағалау керек.

3. Әр үйде өлең естіледі.

4. Мейрам болды.

5. Біздің мектеп үлкен.

6. Менің барғым келді.


4-тапсырма. Берілген етістіктерді үш шаққа қойыңдар.

Үлгі: суреттеу – суреттедім – суреттеймін – суреттеп тұрмын.
Қою, салу, тарту, түсу, аудару, ашу, басу, беру, ету, жету, көру.
5-тапсырма. Диалогты жалғастырыңдар. Көсемшенің шағын, жағын анықтаңдар.
- Сен қайда барғалы жатырсың?

- Мен көрмеге ... ... .

- Көрме қай жерде болғалы жатыр?

- Көрме мұражайда ... ... .


6-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті көсемшені қойып жазыңдар.


  1. Сәбит жүгір... кел... жатыр.

  2. Інім Алматыда оқы... келді.

  3. Ол кино көр... келді.

  4. Мен кітапты оқ... бітірдім.


126сабақ

Сөздік:

қасиетті – святой

танымастай өзгерді – неузнаваемо изменился

зәулім – высотные


1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, мәтінді оқыңдар.

Менің сүйікті мекенім
Менің атым – Асхат. Мен Астана қаласында тұра... . Ол Есіл өзені... бойында қасиеті Сарыарқа жерін... орналасқан.

Аз уақыт... ішінде қала танымастай өзгер... . Достық даңғылы... бойындағы көпқабатты тұрғын үйі ерекше көз... түсе.... Өйткені бұл үй... біздің отбасы... тұра... . Көшеміз... келбеті күннен-күнге көркейіп, өзгеріп жатыр; әдемі, зәулім тұрғын үйлер көп салынып жатыр. Көше... бойында қарағай және қайың ағаштары отырғызылған.

Біз төртінші қабат... тұра... . Көршілері... мейірім..., қонақжай адамдар. Біз олар... тату тұрамыз.

Мен туып-өскен жерім... жақсы көре.... Алыс... кетсем, сағынамын, көруге асығамын.


2-тапсырма. Мәтіннен көсемшелерді теріп, сөз құрамына талдаңдар.
3-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңдар.
1. Мен Астана 1. сағынамын, көруге асығамын.

2. Аз уақыттың ішінде 2. күннен-күнге көркейіп, өзгеріп жатыр.

3. Өйткені бұл үйде 3. қаласында тұрамын.

4. Көшеміздің келбеті 4. қала танымастай өзгерді.

5. Көшенің бойында 5. біздің отбасымыз тұрады.

6. Алысқа кетсем 6. қарағай және қайың ағаштары өсіп тұр.


4-тапсырма. Осы көмекші етістіктердің алдына төмендегі етістіктерден көсемшелер жасап жазыңдар.
... отыр ... кел

... жатыр ... бер

... тұр ... ал

... жүр ... жібер


Керекті етістіктер: айту, сөйлеу, ұйықтау, ойнау, көру, жазу, салу, оқу, сату.
5-тапсырма. Сурет бойынша өздеріңнің мекендерің туралы әңгіме құраңдар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет