Масштабтарына қарай:
- локальдық;
- аймақтық;
- жаһандық.
Жас-жыныс ерекшеліктеріне қарай:
Балалар мен жасөспірімдерге тән;
Жастарға тән;
Ересектерге тән;
Егде адамдарға тән.
Ұйымдастырылуы бойынша:
Кездейсоқ;
Алдын-ала ойластырылған.
Әлеуметік қауіптердің түрлері
Әлеуметтік қауіптер жөнінде сөз қозғалған кезде рухани және мәдени жұтаңдық, қаңғыбастық, маскүнемдік, алкоголизм және темекі шегумен байланысты болатын байланысты қауіптерді де есте ұстаған жөн.
Мысалы, қаңғыбастық дегеніміз адамның бір орыннан екіншісіне үнемі орын ауыстырып, үй-күйсіз, қайыр сұрау арқылы тіршілік етуі. Өкінішке орай, біздің заманымызда осындай қаңғыбастар өте көп, тіпті олардың заңды түрдегі анықтамасы да бар – БОМЖ (без определенного места жительства), әдетте олар көше кезіп, мешіт-шіркеулерді, жер асты өткелдерін жағалап қайыр тілеп жүреді. Мұндай өмір салты деградацияға ұшыратады және де мұндай ортада түрлі жұқпалы аурулармен ауру қаупі де өте жоғары болмақ.
Соңғы 50 жыл ішінде заңгер ғалымдардың жіті назарына қоғам үшін ең қауіпті, әрі ауыртпалықтары да зор болып келетін
Алкоголизм – спиртті ішімдіктерге салынушылық,
Алкоголь – жүйке жүйесін улаушы спецификалық зат. Ол алдымен миды зақымдайды. (Спирт майларды ерітеді, ми ұлпаларындағы басты зат, ол – майлар.) Қан құрамында алкоголь концентрациясының артуы мен мидың зақымдануы арасында тура тәуелжілік байқалған.
Мастықтың жеңіл дәрежесінде адам өзін жеңіл сезініп, проблемаларын ұмытады. Қан құрамында алкоголь концентрациясы 0.05%-тен асқаннан кейін ми қабыршағының зақымдалуы басталады, бір нәрсеге зер салу өз-өзін қалыпты ұстау қабілеті төмендейді. Адамның іс-әрекетінде батылдық, сөзшеңдік пайда болады, өз ісі үшін жуап бере алмайды, тепе-теңдігін жоғалтады.
Алайда алкогольдің пайдалы жақтары да бар. Аздаған мөлшерде стресстен құтылуға жәрдемдеседі. Спирт адам ағзасында тотыққан кезде энергия бөледі екен.
Мысалы шараптың емдік қасиеттері де бар. Оның құрамына кіретін органикалық қышқылдар ас қорытуға пайдасын тигізеді, зат алмасу процесінде де маңызы зор. Асқазан, буын, тыныс жолдары ауруларын емдеуге, қан аздықта қолдануға болады. Ең бастысы – шектен асырмау. Сол кезде ғана ол қауіпті болмайды.
Темекі шегу. Никотин – жүйке уы. Ешбір емдік қасиеті жоқ. Өкпені зақымдайды.
Сонымен қатар темекі шегудің мындай теріс жақтары да бар:
Спортта, жұмыста жақсы жетістіктерге жету мүмкін емес, дәлдікті қажет ететін приборларда жұмыс істеу қиын;
Бет терісінің ерте қартаюы, тістердің нашарлауы, яғни, әсемдіктен айрылу;
Дауыстың қарлығып шығуы;
Жалпы жағдайдың нашарлауы (жоғары артериялық қысыммен байланысты бас аурулары, жүрек қызметінің бұзылуы);
Жұмысқа қабілеттіліктің айтарлықтай төмен болуы, сған байланысты профессионалдық жарамдылықтың болмауы;
Импотенция, бұл, әсіресе, шылым шегуді ерте бастағандарда жиі кездеседі, себебі жүйке жүйесі тұрақсыз болып, мұндай жағдайларға тап болу жеңілдей түседі;
Обыр ауруына шалдығу ықтималдығының жоғары болуы.
Нашақорлық – (грек тілінен «narke» – мелшию және «manіa» – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Қорыта келсек, төмен әлеуметтік рухани және мәдени деңгеймен байланысты әлеуметтік қауіптер тұлғаның моральдық-этикалық сапасының төмендеуіне, деградацияға ұшырауына әкеп соқтырады екен. Сонымен бірге, түрлі ауруларға (тез емделетінінен бастап, мүлде емі табылмағанға дейін (СПИД)) кез қылатындығын да есте ұстаған жөн.
Маскүнем, нашақорлардың кесірінен қоғамда жол-көлік апаттары, өндірістік жарақат алулар, қылмыскерлік (адам өлімі, зорлық) етек жаюда.
Достарыңызбен бөлісу: |