«Кришнаны тану қоғамы» да дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қатарына жатады. Басты қасиетті кітаптары «Бхават – Гита» және «Шримад – Бхагаватам» болып табылады.
«Саентология шіркеуі» АҚШ-та 1954 жылы пайда болды. Негізін қалаушы – жазушы-фантаст Лафайет Рональд Хаббард. Өзінің діни ілімі бойынша саентология буддизм мен Хаббардтың жеке бақылауларының қосындысынан құралған. Л.Р.Хаббард шығармаларының негізгі құрайтын бірінші кезекте «Дианетика»: жан саулығының заманауи ілімі», сондай-ақ, индуистік және буддистік мәтіндер болып саналады. Дианетика саентологтар тарапынан ақыл-ой туралы, жан саулығы туралы, зиянды әдеттер мен мінезден арылу технологиясы туралы ілім болып табылады. Хаббардтың айтуы бойынша, ол кез келген адамды аурудың барлық түрінен емдеуге мүмкіндігі бар.