Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер



бет96/119
Дата01.04.2022
өлшемі3,41 Mb.
#137572
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   119
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1

«Саентология шіркеуі» өзінің көптеген филиалдары арқылы экономикалық, саяси және қоғамда әлеуметтік ықпалға ие болуға ұмтылады. Осы мақсаттағы негізгі ұмтылыс әдетте, басқару мен экономика өкілдеріне бағытталады. Дінтанушылар аталған ұйым алаяқтықпен айналысатын және оның қызметі адамдардың жүйкесіне кері ықпал ететін коммерциялық ұйым екендігін атап көрсетеді. Әртүрлі бағалаулар бойынша аталған сектадан шығу үшін 2-2,5 жылдан кем емес уақыт кететін көрінеді.
«Ахмадие жамағаты». Ол 1889 жылы Үндістанда Кадианнан шыққан Хазрат Мырза Гулмом Ахмад тарапынан құрылған. Қауымдастық атауын Мухаммедтің екінші аты – Ахмедпен байланыстырады. Мұсылман-ахмадиеліктер өздерін ақиқи исламды қалпына келтірушілерміз деп санайды (Пәкістанда ахмадиеліктерге мұсылманбыз деп айтуға тыйым салынған).
«Ахмадие» орталығы Лондонда орналасқан. Ахмадиелік қозғалыс Еуропа және ТМД елдері және Азияда барлығы шамамен 12 миллион адамды қамтиды. Олар Англияда, Германияда, Голландияда, Испанияда, Австралияда және басқа да мемлекеттерде 12 мыңнан аса мешіт тұрғызған.
Қазақстанда «Ахмадие» қауымдастығы 1994 жылы Алматыда пайда болды. Қауымдастықтың толық атауы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ахмадиелік мұсылман жамағаты». 2008 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда 4 Ахмедиелік жамағат діни бірлестігі (Алматы облысы, Шығыс Қазақстан, Алматы және Шымкент қалалары) қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет