Адамдар АИТВ қалай жұқтырады?
Вирус ағзадағы барлық сұйықтарда болады, бірақ адам тек қан, сілекей бездері мен емшек сүті арқылы жұқтырады. Аздаған мөлшерде ол сілекейде, теріде, көз жасында, кіші дәретте (зәрде) және басқа да физиологиялық сұйықтықтарда болады.
АИТВ-инфекциясын жұқтырудың бірнеше жолдары бар:
зақымдалған тері қабаты мен шырышты қабаттар арқылы сау адамның қанына ауру жұқтырылған қан құйылған кезінде (донорлық жолмен жұқтыру);
анадан балаға емшекпен емізу кезінде немесе босану жолдары арқылы өту барысында жұқтырылады (тікелей жұқтыру жолдары)
зарасыздандырылмаған инені немесе шприцтер мен басқа да инъекциялық құралдарды бірлесіп немесе қайтара қолданған кезде;
татуировкалар немесе пирсингтер жасау үшін зарасыздандырылмаған құралдарды пайдаланған кезде;
қан қалдықтары көрініп тұрған өзгенің қырыну құралдарын, тіс шөткесін пайдаланған кезде;
қан құю кезінде (донорлық тәртіп бұзылған кезде).
Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын (соз, мерез, хламидиоз, гарднереллез, трихомониаз және т.б.) кез-келген инфекцияның болуы гигиеналық ережені сақтамаудан АИТВ жұқтыру қаупін он есеге арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |