«Әкология негіздері»білім беру саласы жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. Жасы


«Таным»білім беру саласы жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы



бет3/35
Дата02.11.2022
өлшемі384 Kb.
#156244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
«Таным»білім беру саласы жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«Таным»білім беру саласы жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы .
Жасы:3-4 екінші кіші «Жұлдызша»тобы
Күні:09.11.17
Тәрбиеші:Абенова М.К.
Тақырыбы:«Жемістер»
Мақсаты: Жемістердің бірнеше түрлерін білуге таныстыру,балалардың зерттеу дағдыларын тәрбиелеу.
Алдына ала жұмыс және оқу қызметіне дайындық:Д/о»Жемістер көкөністер»
Дидактикалық құралдар: муляждар

Іс-әрекеті кезеңі

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың іс әрекеті

/-кезең
Мотивациялық қозғаушылық

Жұмбақ жасырады.
1.Іші жұмсақ,сырты қатты,
Еті қызыл,сүті тәтті.
2.Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
3.Жер астында жез қазық,
Жеуге болар ас қазық.

Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады.
-Қарбыз

-Жеміс

-Сәбіз деп жауаптарын айтады.



/-кезең
Ұйымдастырушылық ізденушілік

«Сиқырлы қорапша» ойыны.
-Балалар,қалай ойлайсыңдар, мына менің қолымдағы қораптың ішінде не бар?
Балалар,ол-ағашта өседі.
Бұл қораптың ішінде жеміс бар екен.Ал бірақ қандай жеміс екені белгісіз.Енді соны табыңдар.-Иә,таптың,ол-алма.
-Екінші қораптың ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
Ол-көкөніс.Бірақ қай көкөніс екенін табыңдар.
-Жемістер мен көкөністердің адамға қандай пайдасы бар?
-Жемістерден нелер жасауға болады? -Жемістер қайда өседі?

Қандай көкөністердің түрлерін білесіңдер?


Балаларды екі орталыққа бөліп,екінші таңғы асқа дайындық жасау керек екенін айтады.Бірінші орталықтағы балаларға жемістердің,екінші орталықтағы балаларға көкөністердің туралмаған кездегі түрі,иісі,түсі және дәміне байланысты сұрақтар қояды.Соңынан ортасынан екіге бөлінген жеміс немесе көкөністі беріп,қайсысының иісінің қатты шығып тұрғанын сұрайды.Бірінші орталықтағы балаларға туралған жеміс түрлерінен,екінші орталықтағы балаларға көкөністерден салат жасауды тапсырады.Орталықта жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертеді.



«Сиқырлы қорапшаға» назарларын аударады.
-Балалар қорапқа қарайды ішінде не бар екенің ойласады.

Алма деп жауабын айтады.


Ол-қызанақ депайтады.

Жемістер мен көкөністер-адам ағзасына өте пайдалы.


Жемістер бақта,ағаштарда өседі,жемістерден әртүрлі дәмді тосаптар мен шырындар дайындайды. Шырынды адамдар сүйсініп ішеді
Балалар білетін көкөністерді атайды.
Көкөністердің құрамында адамның ағзасының өсуі мен дамуына пайдалы түрлі дәрумендер бар.Көкөністер бақшада өседі.
Балалар әлі туралмаған
көкөністер мен жемістерді
қарап,зерттеу жүргізіп,түсі,
иісі,дәмі қандай екендігін
айта отырып,бүтін
қалпын салыстырады,
иісін анықтайды,қайсысының
иісінің басым екенін айтады.
Бірінші орталықтағы
балалар туралған
жеміс-жидектерден (ананас,алма,банан,мандарин,)
екінші орталықтағы балалар көкөністерден(қияр,қызанақ)салат жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет