Экономиканың даму кезеңдері Қазіргі заманғы экономика



бет4/4
Дата08.12.2023
өлшемі28,89 Kb.
#195809
1   2   3   4
Байланысты:
Экономика реферат
ПРЕЗЕНТАЦИЯ, КІРІСПЕ (копия)
Қорытынды
Осы замандағы қалыптасып отырған ғаламдық процестер мемлекеттік құрылымы тұрақсыз, демократиясы әлсіз елдер үшін қауіпті болады. Сонымен бірге, тиімді де қатты тәртіп қалыптасқан мемлекеттер үшін бұл процесс экономикалық дамуға жаңа жол ашады. Әлем экономикасына жол ашуда жеке мемлекеттердің сақтығын түсінуге де болады. Әлем шаруашылығына қосылу – артықшылықтармен бірге қосымша қайшылықтардың пайда болуын білдіреді. Бұл мемлекеттің рөлін және жауапкершілігін арттыра түседі. Мемлекеттің міндеттері мен жауапкершілігі әсіресе өтпелі экономика жағдайында ерекше болады. Өтпелі кезеңде ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттікті нығайту – ұзақ мерзімдік қоғамдық стратегиялық басымдылық деп түсінген дұрыс.

Экономикалық саясат теориясы өмірде кездесетін кез келген жағдайлардың бәріне дәлме-дәл келетін, дайын шешімдерін табуға ұмтылмайды және бұл мүмкін де, қажет те емес. Мақсат басқада: нақты қалыптасқан жағдайларды жан-жақты ескере отырып, оңтайлы шешім қабылдауға көмектесу. Ал бұл үшін, анықталған қалыпты жағдайларды терең де нақты түрде зерттеп ұғыну қажет болады; бұл әдісті экономикалық процестердің бастапқы кезінде қолдану ерекше маңызды: онда факторлардың саны аз, сондықтан процестің болашақ дамуын болжап, нақты іс-әрекеттерге бару мүмкіншілігі жоғары. Кеңейіп, өріс алған жағдайлар бойынша экономикалық саясат кеңістік немесе уақыт шеңберінде өзара байланысты және бір-біріне қарама-қайшы келетін қоғамдық-әлеуметтік күштерді жан-жақты зерттеп, олардың дәлелденген сипаттамасын жасауға бағытталады.


Қорыта келгенде бұл жұмыста экономиканың жалпы даму кезеңдері қарастырылды. Жқмыстың бірінші бөлімінде экономикалық теорияның даму кезеңдері қарастырылды. Бұл мәселе бойынша экономикалық теорияның даму кезеңдеріне тоқталу, экономика курсындағы оның дамуының маңыздылығы қарастырылса, екінші бөлімі қазіргі замандағы экономикаға араналған.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. А.Г.Гранберг. Статическое моделирование и прогнозирование -
    Москва, 1990.

  2. Борисов Е.Ф. Экономическая теория – Москва, 2000.

  3. Гайнуллин Ф. Основы экономической теории – Алматы, 1998

  4. Осипова Г.Н. Экономикалық теория негіздері – Алматы, 2002

  5. С.С.Сахирев. Жаңа кезең – экономикалық теориясы – Алматы, 2004

  6. Шаденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория - Ақтөбе


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет