Әлеуметтік педагогика


Әлеуметтік – педагогикалық үдерістің негізгі құрамдас бөліктерінің жалпы сипаттамасы



бет18/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п
TASK 1, 203682, Iv-то?сан бжб «Т??ым?уалаушылы? ж?не ?згергіштік» б?лімі бойынша
5.2. Әлеуметтік – педагогикалық үдерістің негізгі құрамдас бөліктерінің жалпы сипаттамасы

Кез-келген үдерістің даму кезеңдері (сатылары) болады. Сапалы өзгеруі оның сатылары ретінде жиі сипатталады (уакытша кезеңдер). Кезең мен саты синоним ретінде жиі қолданылады.


Кезеңдер (сатылар) тәрбие, даму үдерісінде қандай жағдайда, қанша уақыт ішінде нелердің іске асатындығына тәуелді түрде анықталады. Олардың белгілері тиісті әлеуметтік-педагогикалық құбылыста тұлғаның жас мөлшерінің өзгеруі болуы мүмкін. Олардың әрқайсысындағы неғұрлым сипатты (типтік) сапалық өзгерістер (танылуы) бір кезеңнің басқа кезеңнен өзгешелігін ажыратуға мүмкіндік береді.
Егер адамның бүкіл өміріндегі әлеуметтік даму үдерісін қарасақ, даму кезеңдері адамның әлеуметтік мәртебесінің өзгешеліктерімен: бала, оқушы, студент, сондай-ақ, оның әлеуметтік даму және танылу ерекшеліктерімен анықталады.
Осы заманғы жасқа байланысты психология және педагогика жас ерекшеліктеріне қарай дамудың нақтылы кезеңдері мен сапалық және сандық сипаттарын, сондай-ақ, олардың әрқайсысындағы адамның даму ерекшеліктерін анықтап берді. Бұл білімдер әлеуметтік педагогқа адамның әрбір даму кезеңдеріндегі әлеуметтік дамуы барысын бағалауға және соған сәйкес әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мақсаты мен сипатын анықтауды бағдарлауға көмек береді.
Ішкі мазмұнның мүмкіндіктерін іске асыру пәрменділігі көбіне сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдеріспен анықталады. Ол қандай деңгейде қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді, мақсатқа сай ынталандырады немесе жағымсыз жағдайды тежейді, сондай мөлшерде ішкі үдерістің әлеуетін іске асырады. Әлеуметтік педагог үшін сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдерістің мәнісін білу және оны өзінің кәсіби қызметінде іске асыра білу маңызды фактор болып табылады.
Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің мазмұнын қарауда екі түрлі тәсілдеме негізге алынады, олар: қызметтік және құрылымдық.
Қызметтік тұғыр нақтылы маманның кәсіби қызметінің әрбір кезеңіндегі (кезең бөліктеріндегі) ерекшелігін анықтайды. Ол әлеуметтік педагогтың белгілі тұлғамен (топпен) кәсіби қызметінде неғұрлым мақсатқа сай нұсқасын іздеу, сондай-ақ, оның ұтымдылығын бағалау үшін маңызды.
Құрауыштарының құрамы бойынша бұл тәсілдеме құрылымдық тәсілдемеден субъекті мен объектісінің болуымен, сондай-ақ, функционалдық мақсаты бойынша әрбір кезеңге (кезең бөліктеріне) және оның маңызды құрауыштары ретінде кезең бөліктеріне (мысалы, диагностикалық-бағдарлаушы кезең: бағалаушы-жағдаяттық; диагностикалық; болжамдаушы кезең бөліктерін қамтиды) бөлінуімен ерекшеленеді.
Әлеуметтік - педагогикалық үдеріс субъектісі – бұл әлеуметтік педагог. Оның ұстанымы көбінесе уәждемемен, әзірлікпен, әлеуметтік тәжірибемен, жеке кәсіби қызметінің стилімен анықталады.
Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің мазмұны мен бағыты әлеуметтік-педагогикалық қызметтің белгілі объектісіне (адамдардың түрлі топтары – нормаға сәйкес келетін, сонымен бірге, қайсыбір ауытқушылықтары бар, түрлі жастағы, әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған адамдар), оның жеке ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне, әлеуметтік проблемаларына деген көзқарасына, оны шешу мүмкіндіктеріне бағдарланды.
Субъект пен объект әлеуметтік-педагогикалық үдерістің өзгешелігін анықтайды.
Субъектінің әлеуметтік-педагогикалық қызметі оның кәсіби мақсатына сәйкес іске асырылады, бұл маман қызметінің негізгі мақсатымен байланысты және нәтижесінің идеалдық көрінісі болып табылады. Бұл ретте, оның ақиқатқа сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін.
Қызметтік тәсілдеме бойынша әрбір кезеңнің функционалдық мақсаты болады, ал әдебиетте педагогикалық үдеріске функционалдық тәсілдеменің мынадай кезеңдері көрсетіледі:
- диагностикалық-болжалдық;
- технологияны таңдау;
- тікелей дайындық;
- іске асырушы;
- бағалаушы – нәтижелік.
Құрылымдық тұғыр белгілі мақсатқа жету бойынша қызметтің сипатын зерттеу және талдау үшін маңызды. Оның құраушы құрам шартты белгілері бойынша мынадай кезеңдерді қамтиды:
- дайындық;
- тікелей қызмет (таңдап алынған педагогикалық технологияны іске асыру үдерісі)
- нәтижелік;
Оларға толығырақ тоқталайық.
Дайындық кезеңі оның мазмұнын анықтайтын мынадай кезең бөліктерін құрайды;

  1. Ішкі әлеуметтік-педагогикалық үдерістің ерекшеліктерін айқындау және әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мақсатын анықтау. Негізінен, мәселе қызметтік тұғыр мағынасындағы қызметтің диагностикалық-болжамдау кезеңі туралы айтылып отыр.

Аталмыш кезең бөлігі мынадай құрауыштарды қамтиды.
Объектінің диагностикалық және жеке дара қасиеттерін анықтау. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет нақтылы жеке тұлғаға бағдарланады. Объектінің (баланың, жасөспірімнің) әлеуметтік мәселелеріне, оның жеке дара мүмкіндіктеріне, соның ішінде, өтемдеуіштік (компенсаторлық) және шектеуліктеріне (дене, физиологиялық, психологиялық), күнделікті әлеуметтік танылу өзгешеліктеріне байланысты, қызметке нысаналы түрде болжамдау жүргізуге болады.
Диагностика мыналарды анықтауды қарастырады:
- адамның жеке дара ауытқушылықтары мен онымен байланысты туындаған әлеуметтік проблемалары;
- клиенттің жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, оның өзінің қабілеттерін іске асыру үшін мүмкіндік беретін оңды әлеуеттері;
- адам ұстанымының ерекшеліктері, оның өзінің қабілеттерін іске асыруға көзқарасы, мақсатқа жетудегі (жеке тұлғалық) мүмкіндіктері, өзін-өзі жетілдіру жұмысындағы белсенділігі, әлеуметтік педагогқа қарым-қатынасы;
- клиент өмір сүретін орта және онымен байланысты өзінің қабілеттілігін іске асыру мүмкіндіктері.
Әлеуметтік педагогтың түрлі ауытқушылықтары, ерекше мұқтаждықтары бар адаммен жұмыс істейтіндігін ескере отырып, диагностика түрлі медициналық, психолог мамандардың қатысуын жиі қажет етеді. Мұндай тәсілдеме тәрбиелеушіге, клиентке неғұрлым толық диагностиканы мынадай негізде жүргізуге мүмкіндік береді:
- әлеуметтік-педагогикалық сипаттама;
- тәрбиеленушіге (клиентке);
- оның негізгі әлеуметтік- педагогикалық проблемаларын тұжырымдау;
- әлеуметтік педагогқа тәрбиеленушімен (клиентпен) жұмыста ұсынымдар әзірлеу; айғақ; күні бұрын сақтандыру (оның басты мақсаты – «зиян келтірме»); клиентпен және оның маңайындағылармен өзара неғұрлым оңтайлы әрекеттесуін орнату үшін кеңестер.
Диагностикалық факторлардың адамның жеке дара қасиеттерін (жеке дара ерекшеліктерін, мүмкіндіктері) айқындауға мүмкіндік беруі келесі кезең бөліктеріне өтуге жол ашады.
Әлеуметтік-педагогикалық болжамдау. Негізінде, мәселе ішкі әлеуметтік-педагогикалық үдеріс білімі және оның байқалу динамикасын бағдарлай білу туралы.
Әлеуметтік-педагогогикалық болжамдау. Негізінде, мәселе ішкі әлеументтік-педагогогикалық үдеріс білімі және оның байқалу динамикасын бағдарлай білу туралы Әлеуметтік педагог адамды және оның даму зандылықтарын (жеке тұлғаның маманды қызықтыратын сапалық қасиеттері) түсіну есебімен педагогикалық болжамдау мүмкіндіктеріне ие болады.
Әлеуметтік-педагогикалық болжамдаудың нысанасы ретінде:
- ішкі әлеуметтік-педагогикалық үдеріспен байланысты құбылыстардың бағыттылығы, динамикасы және қарқындылығы; клиенттің өз проблемаларын өзі шешуі бойынша ішкі ұстанымының бағыттылығы мен мүмкін болатын динамикасы; клиенттің ішкі ұстанымының тұтастай (жалпы) немесе жекелеген өзгеру мүмкіндігі анықталады;
- сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдеріспен байланысты проблемалар; әлеуметтік педагогтың клиенттің өз проблемаларын дербес шешу жөніндегі ұстанымы мен белсенділігінің оңтайлы және бағытталған түрде өзгеруін қамтамасыз етуге және болжанған мақсатқа жетуге қабілеттілігі; әлеуметтік педагогтың және клиенттің болжанған мақсатқа жету мүмкіндіктеріне жағдайдың сәйкестігі анықталады.
Болжамдау, біріншіден, клиенттің жеке тұлғасы туралы жеткілікті түрде толық мәліметтің болуына, екіншіден, әлеуметтік-педагогикалық қызмет субьектісінің жеке тәжірибесі мен ішкі түйсігіне негізделеді.
Кәсіби қызметінің басында маман (әлеуметтік педагог) оқу құралдарының деректерін, клиенттің әлеуметтік проблемаларын оның жеке бас ерекшелігіне қарай шешу мүмкіндігін арнаулы зерттеуді пайдаланады және қандай жағдайда жұмыстың қандай нұсқасын қолданған жөн, оның мүмкіндіктері қандай екендігі туралы ұсынымдарға сәйкес жұмыс істейді. Уақыт өте келе түрлі технологияларды қолдана отырып, жұмыс тәжірибесін жинақтайды, педагогикалық түйсігін дамытады, клиенттің болашағын және өзінің әлеуметтік педагогикалық қызметінің болашағын неғұрлым сенімді болжауға мүмкіндік алады.
Әлеуметтік педагог өзінің әлеуметтік мақсаттарын жеке басының түсінуіне және тәрбиеленушімен (клиентпен) жұмыс мүмкіндіктеріне сәйкес, оның жеке дара ерекшеліктерін және қызмет жағдайларын біле отырып, өз қызметінің мақсаты мен міндеттерін анықтайды. Мақсатты анықтау деп атауға болатын әлеуметтік-педагогикалық үдерістің келесі кезең бөлігінің мәні осында.
Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің мақсаты әлеуметтік педагогтың клиентпен өзара әрекетінде неге ұмтылу керектігін анықтайды. Өз мәніне қарай, бұл - әлеуметтік педагогтың осы тәрбиеленушімен (клиентпен) жұмысында ұмтылатын әлеуметтік мұраты болып табылады. Мақсатқа сәйкес, оған қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін шешілуге тиіс міндеттер анықталады.
2. Сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдерісті іске асырудың мазмұны мен тәсілін айқындау - технологияны таңдау және оны іске асыру тәсілі.
Бұл кезең бөлігі мынадай құрауыштарды қамтиды:
Әлеуметтік-педагогикалық модельдеу. Оның мағынасы – әлеуметтік педагогтың жеке тәжірибесі мен ортаның мүмкіндігі есебімен болжамды мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін нақтылы технологияны іске асыру бойынша, мақсатты қызметтің бейнесін эмпирикалық түрде жасау болып табылады. Ол жалпы немесе жеке сипатта болуы мүмкін: жалпы мақсатқа жету немесе жеке міндетті шешу. Модельдеудің басты мақсаты - әлеуметтік педагогқа тиісті жағдаятта болжамды нәтижеге жетуіне мүмкіндік беретін неғұрлым қонымды педагогикалық технологияны таңдауға көмек беру.
Технологияны таңдау. Технология бұған дейін жинақталған тәжірибенің немесе субъектінің нақтылы жағдаятта қолдану үшін айқындаған және негіздеген мақсатқа жету жолдарының бірі болып табылады.
Әлеуметтік педагогқа технологияны таңдау (жасау) үшін мыналарды білу қажет:
- клиенттің әлеуметтік мәселелері;
- клиенттің әлеуметтік мәселелері мен оның туындау себептері;

  • клиенттің жеке дара қасиеттері: ауытқушылықтар, ұстанымы мен мүмкіндіктері;

  • мақсаты (неге ұмытылады, нені күтуге болады) және оған жету үдерісінде шешілуге тиіс негізгі міндеттер;

  • технологияларды іске асыру жағдайлары (мамандандырылған орталықта, үйде);

  • технологияны іске асырудың мүмкін нысандары (стационар жағдайында; үй жағдайында; әлеуметтік қызмет көрсету орталығында);

  • технологияның қайсыбір түрлерін қолданудағы өз мүмкіндіктері;

  • технологияны іске асыру уақыты бойынша шектеулер.

Әрбір әлеуметтік-педагогикалық мәселесін шешу үшін бір не бірнеше технология қолданылуы мүмкін. Олардың әрқайсысы клиенттердің белгілі топтарына және шешілетін проблемаға бағдарланған. Ол: оның шешімі бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтің нұсқасын суреттеу; іске асыруға арналған ұсынымдар, жеке тұлғаға, әлеуметтік педагогтің кәсіби даярлығына және қызметіне қойылатын негізгі талаптарды қамтиды. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мамандандырылған орталығында түрлі әлеуметтік проблемалар бойынша технологиялар банкі құрылуы мүмкін.
Бұдан әрі оның технологияны іске асыру тәсілін – жобалауды анықтау қажет.
Әлеуметтік-педагогикалық жобалау таңдап алынған технологияны іске асырудың неғұрлым мақсатқа сай тәсілді таңдауға және жоба құруға мүмкіндік береді. Бұдан кейін келесі құрауышқа өту іске асырылады.
Қызметті жоспарлау жұмыстың түрлері, орны мен уақытын іске асырудың кестесін әзірлеуді қарастырады (қызмет сипаты). Ол қызметтің кешенділігі мен қарқындылығын қамтамасыз ете отырып, түпкі ойды іске асыруға көмектеседі.
Материалдық дайындық. Технологияны іске асыру белгілі әдістемелік қамтамасыз етуді қарастырады. Мәселе – мақсатқа жету бойынша мақсатқа сай қызмет үшін қажетті әдістемелік және дидактикалық материалды әзірлеу туралы.
Технологияны сынамалау әлеуметтік-педагогикалық қызмет технологияны жекелендіруді талап ететін жеке тұлғамен немесе топпен жұмыс істейтіндігімен байланысты қажет. Ол технологияның жеке дара түзетілуін анықтап, соның негізінде оны айқындауға көмектеседі. Мұнда әлеуметтік-педагогикалық үдерістің субъектісі мен клиенті бірлескен қызметке бейімделеді және бұл технологияны іске асыру тиімділігінің аса маңызды факторы болып табылады.
Осымен бірінші кезең аяқталып, екінші кезеңге өту басталады.
Таңдалған технологияны іске асыру бойынша тікелей қызмет кезеңі әдістердің, құралдардың, амалдардың жиынтығын пайдалану.Оның аясында жоспарланған нәтижелері және белгілі сапалық-сандық көрсеткіштермен ерекшеленетін өз кезеңдерінің бөліктері болады.Бұл кезеңде технологияның одан әрі жекеленуі жүреді. Кезең алға қойған мақсатқа белгілі бір дәрежеде қол жеткізумен аяқталады.
Нәтижелік кезең алынған нәтижелерге талдау жасау және қызметке баға беруді, сондай-ақ, перспективаны анықтауды көздейді.
Ол мынадай кезең бөліктерін қамтиды:
- қызмет үдерісінің нәтижелілігін алдын ала бағалау. Әлеуметтік- педагогикалық үдерістің пәрменділігі жөнінде ақырғы қорытындыны жасау үшін, адамның табиғи тіршілік қарекеті ортасында өзінің қабілеттерінің қандай деңгейде іске асырылатын көре білу маңызды.
Мұндай баға беру үшін адамға жаңа ортаға бейімделу және өзін-өзі танытуға мүмкіндік беру қажет;
- табиғи жағдайда өз қабілеттерін іске асыруға бейімделу. Мамандандырылған білім беру мекемелерінде немесе құрдастарымен араласу ортасынсыз үй жағдайында құқықтарын қалпына келтіру, қайта тәрбиелеу, түзету нәтижелері бойынша іске асады. Ойластырылған, жақсы ұйымдастырылған бейімдеу қызметтің қол жеткен нәтижелерін бекітіп қана қоймай, сонымен бірге, бүкіл үдерістің нәтижелілігін бағалауға мүмкіндік беретіндіктен, оны аяқталған операция ретінде санауға болады:

  • сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдерісті және оның нәтижелілігін жалпы бағалау;

  • әлеуметтік-педагогикалық үдерісті іске асыру бойынша жалпы (қорытынды) тұжырымдар.

Әлеуметтік педагогтің қызметі үдерісінің пәрменділігін көтеру жолдары қандай?
Ішкі әлеуметтік-педагогикалық үдеріс оны жетілдірудің жолдарын анықтаушы факторлармен байланысты:

  • клиенттің тиісті бейімделуге, құқықтарын қалпына келтіруге ішкі (жеке дара) мүмкіндіктері;

  • өз мәселелерін өзі шешу бойынша қызметін ынталандыратын клиенттің белсенділігі. Бұл фактор клиенттің өзінің айрықша рөлін көрсетеді: Ол өзін енжар өнім емес, белсенді жасампаз ретінде көрсетед;

  • оңтайлы технологияны таңдау үшін қажетті қызмет үдерісіне әлеуметтік-педагогикалық модельдеуді іске асыра білу;

  • неғұрлым оңтайлы технологияны және оны іске асырудың тәсілін таңдау;

  • сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдерісті іске асыру сапасын көрсеткен динамикасы мен оны жетілдіру мүмкіндігі есебімен қамтамасыз ету;

  • клиенттің іске асыру қызметі аяқталған соң бейімделуін қамтамасыз ету, оның өз қабілеттерін іске асыруына көмек беріп, қолдау.

Осылайша ішкі және сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдерістердің неғұрлым оңтайлы өзара әрекеттесуі және олардың мүмкіндікерінің толық іске асырылуын қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет