Саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың әсерінен ұлттық психика мінездемесінің ерекшеліктері қалыптасады, себебі бұл ерекшеліктер қоғамдық және өндірістік қатынастарға тәуелді. Бұлардың ерекше көріністері әр мемлекеттегі этностық бірлік өкілдері санасының дамуына ерекше белгі қалдырады.
Этностық бірліктің тарихи дамуы – көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, ұлттық психиканың көрінісі мен қызметі, оның ерекшеліктерінің туындауы сыртқы және ішкі атрибуттармен анықталады, оның өкілдерінің психикасының ерекшеліктері, өмір сапасының тасымалдануы заңды. Этностық бірліктің жасы – адамдардың ұлттық психикасының ұзақ қалыптасу куәгері, оның даму келешегінің болашағы немесе деградациясы. Неғұрлым ол жас және көп болса, соғұрлым басты ерекшеліктерінің көріністері тұрақты немесе кертартпа.
Ұлтаралық қатынастардың сипаты және ондағы тарихи дәстүрлер ұлттық санаға және өзіндік санаға, басқа ұлтқа қатынасындағы сезім көріністерінің динамикасына әсер етеді.
Этностық бірліктің мәдени дамуы (оның мәдениетінің тұтастығы) - адамдардың ұлттық психикасының негізгі сапалық мінездемесі олардың қоршаған әлемді арнайы эстетикалық, моральдық және адамгершілік тұрғыда қабылдауы басқа әлеуметтік өкіл топтарының қатысуына әсер етеді.
Этностық бірліктің тілі мен жазуы оның өкілдерінің ойлау ерекшеліктерін және дүниетанымының кеңдігін, түрлілігін, өз өмірінің ерекшеліктеріне көзқарасын анықтайды.
Ұлттық-психологиялық ерекшелік мазмұны.