Эндокринология



бет378/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   435
Байланысты:
document

Клиникалық көрінісі

  • 50 % көп жағдайда симптомсыз немесе аздаған симптоматикада өтеді және тек сүйек сынғанда ғана анықталады.

  • Жиі сан сүйегінің проксимальды бөлігі мен иық сүйектерінің дистальді бөліктері сынады.

  • Омыртқа денесінің сынуы, арқадағы қатты ауыру сезімі, омыртқа деформациясы мен қызметінің бұзылуы (бойының қысқаруы, бүкірлік, жүрістің бұзылуы).



Диагностикасы
Остеопорозды диагностикалау мен сүйек тінінің минералды тығыздығын анықтаудың басты әдісі сүйек денситометриясы болып табылады, сирек жағдайда дәстүрлі рентгенография қолданылады ( 8.2.3 бөлімді қараңыз). Егер денситометрияның «Т» критерийі 2,5-нан төмен болса остеопороз, ал егер «Т» критерийі 1,0-ден төмен, бірақ 2,5-тен жоғары болса остеопения диагнозы қойылады. Сүйек денситометриясы төмендегі жағдайларда көрсетілген:
— Қосымша қауіп түрткілерінің болу/болмауына тәуелсіз 65 жастан асқан менопаузадан кейінгі әйел адамдарға.
— Қосымша қауіп түрткілері бар 65 жастан асқан менопаузадан кейінгі әйел адамдарға (8.7 кесте).
— 70 жастағы немесе одан асқан ер адамдарға.
— Анамнезінде минимальды сүйектің сынуымен жарақаты бар ересек адамдарға.
— Сүйек массасының төмендеуіне әкелетін сырқаттары немесе жағдайлары бар ересек науқастарға, әсіресе 45 жастан асқан әйел адамдар мен 65 жастан асқан ер адамдарға.
— Сүйек массасын төмендететін дәрілерді қабылдайтын ересек адамдарға.
— Остеопороз емінің әсерін мониторлау мақсатында.
Остеопороз терапиясының әсерін бағалау және сүйек метаболизмі деңгейін анықтау мақсатында сүйек тіні резорбциясы мен жаңаруының маркерлерін қолдануға болады (8.1 кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет