Емі Остеопороз кезінде бірнеше топ дәрілерін қолдануға болады:
Бисфосфонаттар (алендронат, ибандрон қышқылы) омыртқа, сан сүйегі, білек сүйегінің сыну қаупін төмендетеді. Олардың әсер ету механизмі остеокластар белсенділігін, остеокластармен сүйек тіні резорбциясының төмендеуіне байланысты.
Кальцитонин (миакальцик) остеокласттардың спецификалық рецепторлармен байланысып, антирезорбтивті белсенділікке ие болуымен қатар, сүйектің сынуы кезінде ауырсу сезімін басады.
Менопаузадан кейінгі кезеңде эстрогендермен орынбасушы терапия остепороздың алдын алу ретінде де, емдік шара ретінде де тағайындала береді (5.4 бөлімді қараңыз).