Салыстырмалы диагностикасы Спорадикалық ісіктерді диагностикалау қағидаларына негізделеді.
Емі Емдік шара феохромоцитоманы алып тастаумен басталады. ҚБМО кез келген түрінде мойын лимфа түйіндері мен шелмай қабытымен бірге қалқанша безі экстирпациясы жасалады. Радикальды орындалған операциядан кейін науқасты өмір бойы бақылайды және кальцитонин деңгейін анықтап, пентагастринді немесе кальций глюконатымен сынақ жүргізіп отырады.
Болжамы КЭН-2 синдромы кезінде болжамы басқа КЭН-мен салыстырғанда нашар, себебі синдром қалқанша бездің медуллярлы обырымен және феохромоцитомамен көрінеді. ҚБМО кезінде бесжылдық өмір сүру көрсеткіші 40-80%-ды құрайды. МЭН-2В көрінісінде дамитын ҚБМО болжамы нашар.