Эндокринология



бет59/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   435
Байланысты:
document

2.6. ГИПОПИТУИТАРИЗМ

Гипоталамус-гипофиз жеткіліксіздігі (гипопитуитаризм) – адненогипофиздің деструкциясы нәтижесінде дамитын, тропты гормондар синтезінің төмендеуімен және шеткері эндокринді бездер қызметінің бұзылуымен сипатталатын клиникалық синдром (2.6 кесте).




2.6 кесте. Гипоталамус-гипофиз жеткіліксіздігі



Этиологиясы

Ісіктер, гипоталамус-гипофиз аймағына жүргізілген операциялық араласулар мен сәулелену, гипофиз апоплексиясы (Шиен-Симмондс синдромы), инфильтративті аурулар (саркоидоз, гемохроматоз), ауыр бассүйек-ми жарақаты, «бос» түрік ершігі синдромы, туа біткен және жүре пайда болған синдромдар

Патогенезі

Гипофиздің тропты гормондарының жеткіліксіздігі нәтижесінде бүйрек үсті безі қыртысының, қалқанша бездің және тер бездерінің екіншілік гипофункциясы дамиды. Өсу гормонының тапшылығы

Эпидемиологиясы

Гипофизарлы нанизм 1:15000 жиілікте кездеседі, ал ересек жаста алғаш дамыған өсу гормонының тапшылығы 1:10000 жиілікте дамиды

Басты клиникалық көріністері

Науқас жасы мен аденогипофиз гомрондарының тапшылығы дәрежесіне қарай анықталады.
1.Парциальды гипопитуитаризм (екіншілік гипотиреоз, гипогонадизм және гипокортицизм, түрлі синдромдар бірлесуі+ ӨГ тапшылығы)
2.Шиен-Симмондс («7А» синдромы) синдромы кезінде дамитын пангипопитуитаризм: Аменорея, Агалактия, Аксилярлы түктенудің жоғалуы, Ареолалардың депигментациясы, «Алебастрлі» тері бозғылттығы және гипотрофиясы, Апатия, Адинамия.
3. Гипофизарлы нанизм

Диагностикасы

1.Анамнез (оперативті араласулар және т.б.)
2.Екіншілік гипокортицизм: АКТГ↓, кортизол↓, инсулинді гипогликемиямен сынама.
3.Екіншілік гипотиреоз: ТТГ↓ немесе қалыпты, Т4↓
4.Екіншілік гипогонадизм: ЛГ/ФСГ↓, Е2/Т↓
5.ӨГ тапшылығы: ӨГ↓, ИТФ-1↓, инсулинді гипогликемиямен сынама



Салыстырмалы диагностикасы

Ересек адамдарда: дене салмағының айқын төмендеуімен сипатталатын ауыр аурулар (ісіктер, туберкулез және т.б.), жүйкелік анорексия, аутоиммунды полигландулярлы синдромдар
Балаларда (нанизм синдромы кезінде): отбасылық бойдың қысқалығы, ауыр соматикалық патология, сирек тұқымқуалайтын синдромдар

Емі

Орынбасушы терапия

Болжамы

Гипопитутаризмді дамытқан сырқатпен анықталады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет