А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата24.03.2020
өлшемі2,39 Mb.
#60674
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva


 
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:  
 
1.Оқушылардың сӛйлеу тілін дамытудың маңыздылығын түсіндіріңіз. 
2. Оқушылардың сӛйлеу тілін дамытудағы жетекші ұстанымдарды атаңыз. 
3.Сӛйлеу  тілін  дамыту  бағытында  оқушылардың  қандай    құзіреттіліктерін  қа-
лыптастыру кӛзделеді? 
4.Оқушылардың  сӛйлеу  тілін  дамытуға  ықпал  ететін  сұрақ-тапсырмалар 
даярлаңыз.   
 
Әдебиеттер тізмі: 
1.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы,-А.,Мектеп, 1966,-217б. 
2.Кӛшімбаев А., Қазақ әдебиетін оқыту методикасы,-А.,  Мектеп, 1969,-217бет. 
3.Құтхожина Р. Қазақ әдебиетін оқыту/методикалық нұсқау/ 6 класс. А., Мектеп, 
1984. 6-б. 
4.Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., Білім. 2009. 131-133бб. 
 
Қосымша әдебиеттер: 
1.  Голубков В. Методика преподавания литературы. М., 1962. 
2.  Никольский В. Методика преподавания литературы в средней школе. М., 
Просвещение, 1971. 
3.  Методика преподавания литературы (под ред. З.Я.Рез) М., 1985. 
 
 
ІV. 2. ӘДЕБИЕТТІ ОҚУ  ҤДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫНЫҢ ЖАЗБА 
ТІЛІН ДАМЫТУ  
 
1.  Оқушылардың жазба тілін дамыту – шығармашылыққа бастар жол. 
2.  Оқушының жазба тілін дамыту мәселесінің зерттелу жайы. 
3.  Оқушылардың жазба тілін дамыту амалдары.  
Оқушылардың  жазба  тілін  дамыту  –  шығармашылыққа  бастар 
жол.  Оқушының  жазба  тілін  дамыту  -  әдебиет  пәнін  оқытудың,  білім  мен 
тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жас ӛркенді тіл 
ӛнеріне баулу, кӛркем шығарманы терең меңгеру, ойын жатық та кӛркем етіп 
жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады.  
Оқыту  мен  тәрбиелеу  үдерісінде    оқушының  жазба  тілін  дамыту, 
шығармашылыққа  баулу  қоғам  талабынан  туындайды.  Қоғам  қашан  да 
шығармашылық қабілеті дамыған, дарынды тұлғаларға зәру. Бүгінгі ӛзгерген 
заманға  сай    ӛзгеше  қабілет-қасиетке  ие  жаңа  адам,  тұлға  қалыптастыру 
қоғам  алдындағы  үлкен  міндет.  Қазіргі  уақытта  мамандықтың  барлығы 
бейімділікті,  ептілікті,    шапшаңдықты,  ерекше  ой  қызметін,    мол  шығарма-
шылық  мүмкіндікті,  ӛзін  қоршаған  түрлі    жағдайларға    тез  икемделіп  қана 
қоймай,    оларды  керек  бағытына  қарай  шығармашылықпен  бұра  білу 

230 
 
қабілеттілігін  қажет  етеді.  Ол  шығармашылық  үдеріс  үстінде  қалыптасатын 
тұтас кешенді қабілеттер болып есептеледі.  
Әдебиет  пәні  ӛнер  пәні  ретінде  шығармашылыққа  баулудың  мол 
мүмкіндігін тудыра алатын қасиетімен ерекшеленеді. Әр  оқушы табиғатында 
болмыстан  қалыптасқан  шығармашылық  кӛзі  болады.  Әдебиет  пәні  арқылы 
оқушының  шығармашылық  мүмкіндігіне  жол  ашудың  толып  жатқан 
жолдары мен тәсілдері  бар. Әдебиетті оқыту әдістемесінде оқушының жазба 
тілін дамыту мәселесін жазылған әдістемелік еңбектерде оқушылардың жазба 
тілін  қалыптастыру  жолдары  арнайы  зерттеу  нысанына  алынбай  келеді. 
Ілгері,  кейінді  жазылған  мақалаларда  бұл  арнайы  зерттеуге  нысан  болатын 
үлкен  мәселе  ретінде  сындарлы  ойлар  айтылғанымен,  аталған  тақырыпта 
әдістемелік зерттеулер жоқтың қасында. 
Шығармашылық  –  дамудың  кӛзі.  Ол  бүкіл  болмыстың,  қозғалыстың, 
дамудың,  жалпы  айтқанда,  барлық  ой-қиялдың  нәтижесі.  Табиғат,  қоғам 
құбылыстарында,  жеке  адамның    ақыл-санасында,  іс-әрекетінде,  ішкі  жан 
дүниесінде  шығармашылықтың табиғи үдерістері үздіксіз жүріп жатады.  Ол 
үдеріс жүйесіз жүрмейді, белгілі бір табиғи заңдылықтармен, табиғи жүйемен 
дамиды.  
Қазіргі  білім  беру  жүйесінде  оқушының  жазба  тілін  дамыту,  шығар-
машылық  мүмкіндіктерін  ұштау  мәселесі  жиі  айтылып  жүр.  Оқушының 
жазба  тілін  дамыту  мен  шығармашылыққа  баулу  мәселесі  бірін-бірі  толық-
тыратын бір жүйе.  
Әйтсе  де  шығармашылық  дегенді  кӛбіне  дарынды  оқушымен  жұмыс 
ретінде ғана қарастыратын қате ұғым бар. 
Шығармашылық  әдебиетті  оқыту  үдерісінің  ажырамас  бір  бӛлігі. 
Ә.Қоңыратбаев  мектептегі  әдебиет  пәнінің  мақсат,  міндеттеріне  оқушы-
лардың  тіл  мәтениетін  жасауды  жатқыза  отырып,  тіл  мәдениеті  сӛйлеу  тілі 
мен  жазба  тілдің  дамуы  нәтижесінде  қалыптасатынын  айтады:  «Сӛйлеу  тілі 
мен жазба тілі бірін-бірі толықтырады, бір-бірімен тығыз байланысты. Бірақ 
бұлардың  қызметі,  табиғаты  бірдей  емес.  Сӛйлеу  тілі  тыңдаушыға  арналса, 
жазу тілі оқушыға (анығырақ айтқанда оқырманға Б.Ж.) арналады. Бұлардың 
ӛзіндік  мәнін,  мақсатын  білу  қажет.  Мысалы,  тыңдаушыға  арналған  сӛйлеу 
тілінде  ой-сезім  толқыны,  интонация,  пауза,  дене  қимылы,  дауыс  қарқыны, 
жанды сӛйлеу формасында, құлаққа әсерлі түрде, ойды бірден сӛз, сӛйлемге 
құрып,  тӛгіп  айту  элементі  басым  болады.  Ол  –  кӛп  ойланып  жатпайтын 
ойдың  дәлдігі,  жүйелілігі,  сӛйлемнің  дұрыс  құрылуы,  зор  лексикалық 
байлығы керек. Жазу тілінің табиғаты одан біраз басқалау. Жазу тілі баланың  
текст  бойынша  үңіле  жұмыс  істеуіне  жол  ашады.    Ойды  жүйелеп, дәлелдеп 
жеткізе айтуға баулиды» 
1
, – дейді. 
 Оқушының  сӛйлеу  тілі  мен  жазба  тілі  дамыған  ӛзіндік  ой-пікірі 
қалыптасқан,  рухани  шыңдалған  тұлға  болып  қалыптасуына  жағдай  туғызу 
әдебиет пәнінің басты міндетіне жатады.  
                                                           
1
 Қоңыратбаев Ә.Әдебиетті оқыту әдістемесінің очерктері.  А., Мектеп. 1962. 

231 
 
Шығармашылықтың  түрлері  кӛп.  Алайда  сӛз  ӛнері  –  солардың 
барлығының  ішіндегі  ерекше  саласы.  Сӛз  ӛнері  жеке  адамның  шексіз 
мүмкіндігін ашу қасиетімен де ӛзгеше. Сӛз ӛнерінің осы қасиеті әрбір кӛркем 
шығарманы  меңгерту,  олардың  стилін,  поэтикалық  тілін  таныстыру,  сӛз 
орнын,  оның  кӛтеретін  идеялық-эстетикалық  жүгін  таныту  арқылы  емес, 
нақты, жанды шығармашылық үдерісте ғана балаға сәулесін түсіреді.  
Оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде  оқушының жазба тілін дамыту қоғам 
талабынан  туындайды.  Ертеңгі  қоғам  азаматы  ӛз-ой  пікірін  ауызша  да, 
жазбаша  да  еркін  жеткізе  алатын    ӛзіндік  ой-пікірі  бар  тұлға  болуы  керек. 
Шығармашылық  қабілеті  дамыған    оқушыдан  кез-келген  қоғамдық  істе 
шығармашылық  қабілет  пен  үлкен  қажыр-қайрат  кӛрсете  алатын  тұлға 
қалыптасады.   
Ал  психологтар  шығармашылықпен  айналысудың  қажеттілігін 
шығармашылық  үдеріс  үстінде  қалыптасатын    тұтас  кешенді  қасиеттермен 
байланыстырады.  В.С.Шубинский  «Педагогика  творчество  учащихся»  атты 
еңбегінде
1
  шығармашылық  үдерістің  ӛту  сатыларын  жіктеп,  әр  сатыда 
оқушыда  қалыптасатын  шығармашылық  қасиеттерді    талдап  кӛрсетеді. 
Шығармашылық қасиеттерді  кешенді жүйе тұрғысында  түсіндіреді.  
Шығармашылық  үдерістің  бірінші  сатысында  (шығармашылық  кӛңіл 
күйдің тууы) кӛрінетін қабілет-қасиеттер: 
Бірінші  саты  –  жаңаны,  ӛзгеше  тың  дүниені  сезе  білу,  қарама-
қайшылықтарды  түсіне  білуде  сезімталдық,  сындарлылық,  шығармашылық 
ой  талдауға  бейімділік,  жан  дүниесінде  ішкі  тартысты  оята  білу  қабілеті, 
танымдық қызығушылық.  
Екінші  саты  (оқиға,  образ  жасаудың  бағыт-бағдар  ұстанар  кезеңі  – 
эвристикалық саты) – интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, 
сӛз  ұшқырлығы,  қайшылықтарды  түсіну,  ой  қызметінің  ерекшелігі, 
батылдық,  шығармашылыққа  деген  ішкі  құштарлық;  үшінші  саты  (сын, 
дәлелдеме  сатысы)  –  ӛзіндік  сын,  бастаған  ісін  аяғына  дейін  жеткізу, 
дәлелдеме, дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу.  
Ендеше, қазіргі таңдағы әдебиет пәні мұғалімінің міндеті де – осы тың 
қасиеттерді  оқушысының  бойынан  аша  білу.  Ертеңгі  күні  қазақ  мектебін 
бітірген  жас  ұлан  қоғам  алдында  дәрменсіздік  кӛрсетпеуі  үшін  шаруашы-
лықтың  кез  келген  саласына  қажетті  ортақ  білік-дағдыны  мектептен  алып 
шығуы тиіс. 
Неліктен  шығармашылыққа  үйретудің  бірден-бір  мазмұн-формасы  – 
кӛркем сӛз деген ой туындайды. 
 «Оқушылардың  кӛркем  шығармашылық  қабілетін  дамыту»  мәселесін 
зерттеген  Қ.Әбдібекқызы  бірнеше  кӛркем  мысал  келтіреді:  «Сӛз  ӛнерін 
меңгеру барлық адамға суреткер болу үшін емес, ешкімге, ешнәрсеге тәуелді 
болмау  үшін  керек»  деген  Д.Родаридің  пікірін  айта  келіп,  «Бұдан  2,5  мың 
жыл бұрын ӛмір сүрген қытай философы Конфуций, грек философы Платон 
(б.з.д. 427-347) дарынды балаларды патша сарайында арнайы тәрбиелегенде, 
                                                           
1
 Шубинский В.С. Педагогика творчество учащихся.М., Знамя. 1988. 36 б. 

232 
 
ең алдымен, оларды кӛркем ӛнер түрлеріне үйреткен. Олар, әрине, осылардан 
сарай  ақындары,  суретшілері  шықсын  дегенді  мақсат  тұтпаған.  Ӛз  ұлтын, 
мемлекетін  ӛркендететін  білімді,  алғыр,  болашақ  данышпан  шәкірттер 
тәрбиелеу  үшін,  бірінші  кезекте  балалардың  сезімталдығын,  ойын,  тілін 
дамытуды қолға алған»
1
 деген мәліметті айтады.  
Шындығында бүгінгі қоғамның кӛркем әдебиетке салғырттығы, түптеп 
келгенде  шығармашылықты  шектеуге  әкелетін  болжауға  болады.  Бүгінде 
кӛптеген  мектептерде   жоғары  сынып  оқушыларын  ұлттық  бірыңғай  тестіге 
дайындау  салдарынан  әдебиеттің  тарихи  курсы  ӛз  мәнінде  оқытылмайтын 
тенденция  етек  жайып  отырғанын  мойындауымыз  керек.  Ал  қазақ 
әдебиетінің    кӛрнекті  тұлғалары,  классик  қаламгерлердің  шығармаларының 
кӛбі  әдебиеттің қысқаша тарихи курсын оқитын жоғары сыныптарда екенін 
еске  салайық.  Жалпы  білім  беретін  мектептердің  білімін  қорытындылау 
тестісіне  математика  пәні  жаппай  міндетті  саналады.  Оның  ӛзіндік  бір 
себептері  де  бар  болар.  Ал  неліктен  оқушының  шығармашылық  қабілетін 
қалыптастырушы  әдебиет  пәнін  оқытуға,  білім  стандарты  нұсқаған  
оқытудың қалыпты міндетіне кӛңіл бӛлінбейді?! Сонда ертеңгі қоғам тетігін 
қолына  алатын  жас  буынға  сезімталдық,  шығармашылық,  адамгершілік, 
ұлттық  рух,  ӛз  ұстанымына  беріктік,  табандылық  басқа  да  адамгершілік 
қасиеттер мен қабілеттер қалыптастыру маңызды болмағаны ма?!  
Ендеше, оқушыға сӛз ӛнерін меңгерту – білім беру саласының да алға 
қойған мақсаттарының қазығы болуға тиіс. Ол үшін оқытудың мазмұны мен 
әдістемесін  оқушылардың  жас  ерекшелігін,  қызығушылығын,  бейімділігін 
ескере отырып түбірлі ӛзгерту, оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, 
сӛйтіп,  баланың  жеке  қабілеті  мен  әлеуметтік  белсенділігінің  дамуына  жол 
ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндеті туындайды. 
Оқушының жазба тілін дамыту мәселесінің зерттелу жайы. Кеңес 
мектебі  тәжірибесінде  оқушылардың  жазба  тілін  дамыту  мәселесіне  кӛңіл 
бӛлініп,  байыпты  зерттеу  жұмыстары  жүргізілгеніне  аз  болған  жоқ.  Орта 
және  жоғары  буында  оқушылардың  жазба  тілін  дамыту  жұмыстарының 
жүйесін,  жазба  жұмыс  түрлерін,  жазба  жұмысына  оқушыларды  даярлау 
жолдарын,  мазмұндама мен шығарма жұмыстарын талдау жолдарын  қарас-
тырған  (В.В.Голубков,  М.А.Рыбникова,  С.А.Смирнов,  Н.В.Колокольцев) 
әдістемелік  еңбектер  кӛп.  Әсіресе    шығарма  жаздырудың  теориялық  және 
практикалық 
жолдарын 
қарастырған 
еңбектер 
(Н.В.Колокольцев, 
В.В.Литвинов,  В.А.Никольский,  А.П.Романовская,  И.П.Павлов  т.б.,  қазіргі 
әдіскер-ғалымдар: Ю.А.Озеров, Л.С.Айзерман, Н.П.Морозова, А.М.Гринина-
Земскова, О.Ю.Богданова, Л.В.Овчинникова, Е.С.Романичева, Т.А.Калганова, 
т.б.)  баршылық.  Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесінде  де  бұл  мәселе  60-
жылдардан  бастап  сӛз  етіле  бастаған.  Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесінен 
оқушылардың  жазба  жұмысы  жӛнінде  ғылыми  еңбектерге  талдау  жасай 
отырып:  әдебиет  пәнін  оқытуда  жазба  тілін  дамыту  мәселесі  кӛбіне 
                                                           
1
 Әбдібекқызы Қ. Оқушылардың кӛркем шығармашылық қабілетін дамыту/кӛмекші 
құрал/ А., Рауан. 1994 -18 б. 

233 
 
оқушыларға  жазба  жұмыстарын  (мазмұндама,  шығарма)  жазып  үйретуге 
қатысты  қарастырылғанын  аңғардық.  Сонымен  қатар  әдістемелік  ізденістің 
кӛбі жазба жұмыстарының ішінде шығарма жаздыруға арналады. 
Оқушының  жазба  тілін  дамыту  мәселесі  жӛнінен  әдебиетті  оқыту 
әдістемесі 
ғылымында 
Ш.Кәpібаев, 
Ә.Қоңыратбаев, 
А.Кӛшімбаев, 
Е.Дайрабаев,  Т.Ақшолақов,  Ә.Дайырова,  С.Тілешова,  Ә.Мұхтарова  т.б. 
еңбектерінде  жазбаша  сӛйлеуге  баулу  шығарма  жазу  жұмысы  ретінде 
қарастырылады. 
Жазба  жұмыстарын  әдебиет  пәнін  оқытуда  шығарманы  жазба 
жұмысының бipi ретінде қарастырған Ә.Қоңыратбаев жазба жұмыстарын пән 
бойынша  жүргізу  оқушылардың  тілін  дамытуға,  кӛркем  мәтінді  жинақтап-
саралауға  және  оларға  ӛздігінен  жұмыс  жасатуға  кӛмектесетінін  кӛрсетеді. 
Ол орта буын мен жоғары сыныптарда жазылатын шығарма жұмыстарының 
ӛзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Әдіскер кӛркем мәтіннің танымдық рӛлін 
жоғары қоя отырып,  орта буында үш түрлі формада үйретілетінін айтады:  а) 
оқылған  мәтін  бойынша  мінездемелік  (публицистикалық);  ә)  оқушылардың 
ӛзіндік тәжірибесіне негізделген еркін тақырыптағы шығармалар; б) оқиғаны 
суреттеп  жазу  үлгісіндегі  шығармалар.  Ал  8-11  сыныптардағы  жазба 
жұмыстарын  1)  тақырыптық  (талдау),  2)  публицистикалық,  3)  әдеби-
творчествалық  деп  топтайды,  бұлай  сараптауда  әдіскер  жазба  жұмысын 
жалпылама  қарастыра  отырып,  оқушылардың  мәтінді  оқи  отырып,  сол 
негізде ӛздігінен ой толғам пайда болатындығын айтады. 
Ә.Қоңыратбаев  сондай-ақ  әдеби-шығармашылық  мәтіннің  кӛркем 
стильде  жазылуына,  бейнелі  түрде  суреттелуіне  мән  береді.    Ол  шығарма 
жазу алдындағы тӛмендегідей алғышартқа: 1) мәтіндегі белгілі бip эпизодты 
оқушының    ӛзінше  суреттеуі,  2)  ӛлең;  мазмұнын  қара  сӛзге  айналдыру,  3) 
тыңнан  сюжет  ойлап  шығаруға  тоқталып,  оқушылардың  осы  мәселелерді 
тәжірибе жүргізуде іске асыруын  мақсат етеді. 
1
 
А.Кӛшімбаев  оқушылардың  жазба  тілін  дамытуға  мазмұндама  мен 
шығарманың тигізер пайдасын айта келіп, әрқайсысына сипаттама жасайды
2

 Әдіскер  оқушылардың  шығарма  жазуда  ескеретін  кейбір  жұмыс 
түрлерін  айқындап,  шығарма  жазу  үдерісінде  оқушының  мәтіндегі  оқиғаға 
байланысты кӛзқарасы, дәлелі болуын, жоспар кұра білуін, тақырыпты, мәтін 
мазмұнын толық меңгеруін назарға алады. Сондай-ақ, мұғалім әңгімесі, тезис 
жасату, қосымша материал жинастыру сияқты жұмыс түрлерін ұсынады. Ал 
шығарма  жаза  білу  дағдысына  тӛселдіру  мақсатында  тӛмендегідей  жұмыс-
тардың орындалуын міндеттейді: 
1.  шығармаға керекті материалды таңдап ала білу; 
2. ойын  тақырып  бойынша  да,  тақырыпқа  жасалған  жоспар  бойынша 
да реттеп жаза білу; 
3.  ойына қорытынды жасай білу; 
4.  кepeкті цитаталарды тауып, оларды орнымен пайдалана білу. 
                                                           
1
 Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы, А., Мектеп, 1966, - 111 б.
 
2
 Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикалсы. А., Мектеп, 1969 207-208 бб.
 

234 
 
А.Кӛшімбаев  жазу  жұмысының  алдына  қойылатын  міндеттердің  ең 
бастысы  оқушыны  ӛз  бетімен  іздене  алуға,  кітаппен  жұмыс  істей  білуге, 
ӛмірден  кӛрген,  тұшынған  мәселелеріне  байланысты  пікіp  түйіп,  ой 
тұжыруға  үйрету  екенін  айта  келіп,  шәкірттерді  шығарма  жазуға  үйретудің 
кейбір жолдарын ұсынады: 
-  тиісті  мағлұматты  оқушы  үндемей  отырып  ойлап,  іштей  қайталап, 
кейін ӛзінше мазмұндап шығу; 

 ӛмірмен байланысты жазу, оқушының мектептегі, жиналыстағы сӛзі, 
баяндау хаты, ic қағаздарын жазу, экскурсия, саяхат есебі; 

 кітапқа аннотация жазу
1

Ал  шығарма  жазу  әдістемесін  арнайы  зерттеген  ғалым  Е.Дайрабаев 
шығарманың оқушылардың шығармашылық ici, тӛл еңбегі екенін басты назарда 
ұстап,  жазба  жұмысының  белгілі  бip  тақырып  бойынша  ауызша  не  жазбаша 
құрастырылған ӛзіндік  топшылау мен пікіp екендігін дәлелдейді
2

Жазба  жұмысы,  соның  ішінде  шығарма  жаздыру  мәселесі  жӛнінде 
Р.Сүлейменова,  С.Тілешова,  Р.Құткожина,  С.Рахметова,  С.Мақпырұлы, 
Ә.Мұхтарова т.б. әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. 
Жазба жұмыстарын оқу үдерісінде жүргізу мәселесін арнайы қарастырған 
С.Тілешова  болды.  Әдіскер  негізінен  кӛркем  шығарманың  мазмұны  мен 
құрылымын  меңгеруге  байланысты  жазу  жұмыстарының    әдістемесі  ретінде 
қарастырды.  С.Тілешова  8-10  сыныптарда  жазылатын  шығарма  нысаны  белгілі  
бір    дәуірде  ӛмір  шындығына  байланысты  туған  оқиға,  кӛркем  бейне  болып 
есептелетінін,  оқушы  алған  тақырыбын  бүтіннің  бӛлшегі  етіп  кӛрсетуге 
талпынатынын  айта  келіп,  оқушыларды  шығарма
  жазуға  тӛселдіру  кезеңінде  
мәтіннің тақырыбы бойынша: сұрақ қойып, жауап алу, жоспар құру, кітаптан 
фактілерді  ipiктеп,  ӛзіндік  пікір  білдіру  сияқты    жұмыстардың  орындалуын 
ұсынады. 
3
 
С.Мақпырұлы шығарма жазуда ескеретін басты талаптарды кӛрсетеді: 
1.тақырыпты дұрыс таңдап алу; 
2.оқушының  ӛзі  әңгімелеп,  бағалап  отырған  кӛркем  туындының 
тақырыбы мен идеялық мәнін дәл, айқын аша білу
3.талдаудың жүйелі болуы; 
4. шығарманың  сауатты  жазылуы  (пунктуациялық,  емлелік,  стильдік 
қателердің болмауы).  
С.Мақпырұлы  «Қазақ  әдбиетінен  шығарма  жұмыстары»  еңбегінде 
шығарма  жұмысының  жоспарын  тиімді  кұру  жолдарына  біршама  назар 
аударады.  Автор  «шығарма  жұмысына  жоспар  міндетті»  деген  кӛзқарастың 
біржақтылығын  айта  келе,  жоспар  құруда  кететін  кемшіліктерге  тоқталады.  
Ол  еркін  тақырыптағы  шығарма  тіл  байлығын,  «кӛңіл  сергектігі  мен  қиял 
                                                           
1
 Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикалсы. А., Мектеп, 1969 217 б. 
2
 Дайрабаев Е. Мектепке шығарма жаздыру методикасының кейбір мәселелері,-
Алматы: 1963,-56 б. 
3
 Тілешова С. Әдебиет сабақтарында  жүргізілетін жазу жұмыстары (4-8кл.),- Алмат: 
Мектеп, 1971,-66-68бет. 
 

235 
 
жүйріктігін»,  логикалық  ойлау  қабілетінің  молдығын  талап  ететіндігін 
дәлелдейді.  Мәселен, еркін тақырыптағы шығарманы талдаумен, хат түрін-
дегі (эпистолярлық) жазба енгізу қырымен ерекшеленетіндігін айтады
1

Әдістемелік  еңбектерді  талдай  келе  байқағанымыз:  оқушылардың 
жазба  тілін  дамытудың  негізгі  түрі  ретінде    мазмұндама  мен  шығарма 
жұмыстары  аталады  әрі  олардың  түрлері  сараланады.  Мазмұндама  мен 
шығарма    жұмыстарын  жаздыруға  қойылатын  талап-шарттар,  жазба  жұмы-
сында  кездесетін  кемшіліктер,    оны  бағалау  жолдары  қарастырады.  Жазба 
тілді  дамытудың  шағын  кӛлемді  түрлеріне,  жаттығу    түрлеріне  кӛп  кӛңіл 
бӛлінбейді. 
Әдістемелік  еңбектерде  шығарма  жұмыстарының  түрлерін    (тақырып-
тық,  публицистикалық,  әдеби-шығармашылық)  топтап,  олардың  ӛзіне  тән 
белгілері  аталғанымен,  шығарманың  түрлері,  олардың  бір-бірінен  айырма-
шылығын  ажыратып  тану  жағы  әлі  де  жетімсіз  екені  байқалады.  Мәселен, 
тақырыптық  шығармалардың  ӛзін  бірнеше  түрге  жіктеуге  болады.  Мектеп 
практикасында  оқу  материалы  бойынша  ең  кӛп  берілетін  шығарма  түрі  – 
белгілі бір кейіпкерді, образды ашуға арналады. Ал осы кейіпкерді автордың 
сомдауы  қандай  кӛркемдік  тәсілдермен  жүзеге  асқан  немесе  кейіпкер 
тұлғасының жасалу жолдарын анықтап жазу жағы кемшін түседі.  Оқушылар 
кӛбіне  автор  қолданған  кӛркемдік  тәсілдерге  мән  бермей,    образды  ӛзіндік 
топшылаумен  (жақсы  адам,  жаман  кейіпкер  т.б.)  жадағай    жеткізеді,  кӛбіне 
жалпылыққа,  баяндауға  ұрынып  жатады.  Оның  бір  себебі  сыныптық 
сабақтарға  талдау  жұмыстарының  жетімсіздігінен,  оқушылардың  әдеби-
теориялық    мәселелерге  жете  кӛңіл  бӛлмеуінен  туындайды.  Оқушыларды 
жазба жұмысына тӛселдіру жұмыстарының жеткіліксіздігінен.  
Оқушылардың жазба тілін  дамыту  амалдары.  Оқушылардың  жазба 
тілін дамыту жұмыстарын бірнеше топқа жіктеуге болады:  
-  Репродуктивті:  қысқаша  мазмұндап  жазу,  толық  мазмұндап  жазу, 
ішінара мазмұндау, баяндаушы жақты алмастыра мазмұндап жазу, тапсырма 
түрлерімен күрделендіре мазмұндап жазу түрлері; 
 -  Репродуктивті-бағалаушы:  ӛзіндік  түсініктемелер  мен  сараптамалық 
ой  қосу  талап  етілетін    шығарма  элементтері  кірістірілген  мазмұндама-
шығарма  түрлері.  Бұл  қатарға  рецензия,  аннотацияларды  да  жатқызуға 
болады.  
- Әртүрлі жанрға жазылатын шығарма түрлері: бір ғана  мақал-мәтелге, 
жұмбаққа,  суретке  немесе  бір  құбылысты  бақылау  барысында  жазылатын 
шағын кӛлемдегі шығарма түрлері. 5-6 сыныптарда (ауыз әдебиеті үлгілерін) 
ӛту  барысында  сабақтың  шығармашылық  кезеңіне  берілетін  тапсырма  түрі  
ретінде жүзеге асыруға болады. 
-  Кӛркем  шығармашылық  элеметтері  бар  шығарма  мен  мазмұндама: 
Шығарма  кейіпкері  туралы  әңгіме,  ертегі-шығарма,  әңгіме-шығарма, 
аяқталмаған  әңгіме  желісіне,  кейіпкерлер  образына  ӛзіндік  болжам  түрінде 
                                                           
1
 Мақпырұлы С. Қазына/Әдеби мақалалар, зерттеулер, әдістеме/А.,Арыс. 2004 258-
287 бб. 

236 
 
жазылатын  шығарма,  ойтолғау,  эссе,  кӛркем  суретке,  сахналық  қойылымға, 
сценарийге жазылатын шығарма түрлері.  
Мектепте  осы  аталғандардың  біразы  қолданылып  жүр.  Кейінгі 
жылдары сабақтың қорытынды кезеңінде не сыныптан тыс уақытта ойтолғау 
жазу  жиірек  орындалып  жүрген  жазба  түрі  ретінде  танылып  келеді.  Бұл 
құптарлық  жұмыс  түрі.  Ойтолғауды  белгілі  бір  тақырып  аясында  сыныпта 
жан-жақты талдау жұмысынан кейін орындаған тиімді. Ойтолғау оқушының 
шығарма  талдау  не  белгілі  бір  мәселені  талқылау  кезінде  алған  әсерін 
суытпай  ізінше  жазылғаны    жақсы.  Ойтолғаудың  кӛлемі  шағын  келеді, 
оқушының  ӛзіндік  пайымы  мен  әсері  жазылады.  Мұндай  шағын  кӛлемдегі 
жазба  жұмыс  түрі  оқушыны  жалықтырмайды  әрі  ойын  шашыратпай 
ықшамдап жазуға үйретеді.  
Соңғы  жылдары  мектептерде  ішінара  жазылып  жүрген  жазба 
жұмысының  бірі  –  эссе.    Эссе  –  белгілі  бір  мәселе  тӛңірегінде  субьективті 
кӛзқарасты  танытатын,  құрылым  жағынан  еркін  жазылатын  шағын  кӛлемді 
жазба  жұмысы.  Эссе  тілі  образды  келеді,  афоризмдер  кӛбірек  ұшырасады. 
Эсседе  оқушы  кӛбірек  ӛзіндік  кӛзқарасы  мен  әсерін  жазуға  бейім  болады. 
Эссені  –  ойтолғау  деп  түсіну  басым.  Негізі  эссе  әдебиетте  белгілі  бір  жанр 
ретінде  қалаптасқан.  Эссе  жанрында  жазылған  кӛркем  дүниелер  кӛп.  Ал 
эссені    ойтолғау  деп  қана  тану  жанрдың  ӛзіндік  ерекшеліктерін  ескермеуге 
соқтырады.  Оның  үстіне  ойтолғау  жазуға  қойылатын  негізгі  шарттар  мен 
талаптар  анықталмаған.  Әзірге  ойтолғау  сабақтың  мақсат-мүддесіне  қарай 
еркін  түрде  жазылады.  Жазба  жұмысының  бір  түрі  ретінде  эссені  мектеп 
практикасына  енгізу  тиімді  әрі  оқушылардың  ӛзіндік  кӛзқарастары  мен 
таным дүниесін, шығармашылық әсерін  түсінуге кӛп септігін тигізеді.  
Рецензия – шығармаға, авторға қатысты жазылатын жазба жұмысының 
түрі.  Кӛбіне  қаламгер  шығармасы  оқылып,  талданғаннан  кейін  оқушының 
ӛзіндік  кӛзқарасын,  жеке  пікірін,  бағасын  білу  үшін  жазылады.  Оқушының 
сыншылдық,  сарапшылық,  жазушылық  қабілетін  қалыптастыруға  жәрдем-
деседі.    Оқушы  шығарманың  жетістігі  мен  кемшілігін  сараптай  отырып, 
кейде ӛзіндік ұсыныстарын да жазуына болады. Рецензия кӛлемі аз да, кӛп те 
болуы мүмкін. Кейбір рецензиялар әңгіме болып отырған шығарма мен оның 
авторы  аясынан  асып,  әдебиеттану  саласының  кейбір  мәселелерін,    кӛркем 
әдебиет  пен  ӛнердің,  т.б.  саланың  толып  жатқан  мәселерін  қамтиды.  Ондай 
рецензиялар  ғылыми-зерттеу  жұмысына  ұласуы  мүмкін.  Рецензия  ең 
алдымен ғылыми, обьективті түрде, түсінікті тілде жазылуы керек. Оқушыны 
рецензияны кӛп шұбалтпай түйінді ойын жинақтап жаза білуге үйрету керек.   
Аннотация  негізінде  кітапқа,  топтама,  жинаққа  жазылады.  Қысқаша 
мәлімет  беру,  оқырманға  таныстыру  мақсатында  жазылатыны  белгілі.  Ал 
әдебиет  пәнінде  оқушылардың  жазба  жұмысының  бір  түрі  ретінде  де 
қолдануға  болады.  Мәселен,  оқушыларға  ӛзі  сыныпта  не  сыныптан  тыс 
оқыған  кітаптарына,  жекелеген  шығармаларға  аннотация  жазуды  тапсыра 
отырып,  олардың    оқыған  шығарма  туралы  пікірлерін  тұжырып,  қысқаша 
жаза  білуге  үйретуге  болады.  Оқушылар  ӛзі  тоқталып  отырған  кітаптың 
жазылу  тарихынан  қысқаша  мәлімет  келтіруі,  кейде  басқа  әдебиеттерге 

237 
 
сілтеме  беруі  мүмкін.    Жазба  жұмысының  мұндай  түрлерінің  нұсқалары 
сыныпта  оқушыларға  таныстырылып,  ӛзіндік  белгілері  мен  ерекшеліктері 
кӛрсетілуі тиіс.   
Хат  жаздыру  да  жазба  жұмысы  ретінде  әдебиет  сабағында  еркін 
қолданылатын  жазба  жұмысының  бірі.  Авторға,  кейіпкерге,  қоғамға  т.б. 
сабақ  мақсатына  лайықты  таңдалған  адресентқа  хат  жаздыруға  болады.  Хат 
кӛптен  белгілі  жазу  үлгісі  болғанымен,  оқушыларға  ӛзіндік  ойын, 
кӛзқарасын,  кейбір  ішкі  сезімдерін  еркін  жеткізуге  мүмкіндік  туғызатын 
жазба түрі ретінде танылады.  
Оқушылардың  жазба  тілін  дамыту  жұмыстарын  күнделікті  оқу 
үдерісінде жүргізу  аса  маңызды.  Әдебиет  –  кӛркем  ӛнер  пәні  болуы  себепті  
сабақ  үдерісінде  мәнерлеп  оқу,  оқушыға  лирикалық  шығармаларды  кӛркем 
қабылдату, мәтіннен үзінді оқу, сұрақ-жауап әдістері арқылы мәтінге жақын 
баяндату,  эвристикалық  әдіс  арқылы  мәтінмен  жұмыс  жүргізу  күнделікті 
сабақ  үлесіндегі  іс-амалдар  болып  есептеледі.  Сонымен  қатар,  әр  сабақта 
мәтінге  қатысты  жазба  жұмыс  амалдарын  жүргізіп  отыру  оқушылардың 
жазба  тілін  дамытуға  бірден-бір  кӛмектесетін  іс-әрекет.  Жасыратыны  жоқ, 
әдебиет  сабақтарында  кӛбіне  сұрақ-жауап  әдісіне  басымдық  беріліп, 
оқушылар  ауызша  жауап  берумен  ғана  шектелетін  жағдайлар  жиі 
ұшырасады.  Сабақ  кезеңінде  оқушылардың  топпен  жазба  жұмыстарын 
жүргізуі    оқушылардың  үлкен    ықыласын  тудырады.  Мәтін  тӛңірегіндегі 
берілген  тапсырманы  жеке  орындай  отырып  жинақтау,  ӛзі  жазған  дүние-
лерінің  нәтижесін  топта  салмақтау  оқушыға  шығармашылық  қанағат 
сезімдерін  туғызады.  Мұның  ӛзі  шығармашылықтың  бастау  кӛздері  десе  де 
болады. Ал, оқушыға жеке жазба тапсырмаларын орындату оқушының тиянақты 
білімін  тексеруге    кӛп  мүмкіндік  береді.  Әдебиет  сабақтарында  жазба  жұмыс-
тары  әр  тақырыптың  орайында  үздіксіз  жүргізіліп  отыруы  керек.  Бір  академия-
лық  сағаттың  ӛзінде  әр  сабақ  сайын  оқушыларды  жазуға  жұмылдыру  (тіпті  бес 
минут кӛлемінде болсын) міндетті саналса, оқушылардың жазба тілінің дамуына 
жәрдемі тиері анық.  
Оқушылар  арасында  жазба  тіл  мен  сӛйлеу  тілінің  әр  қилы  дамуы 
байқалады. Ӛз ойын ауызша еркін жеткізіп тұрған оқушыдан «енді осы ойларың-
ды    дәптерге  түсір»  деп  тапсырсаңыз,    ӛзі  айтқан  ойын  жазып  беруге  келгенде 
қиналады.  
Ойды  сауатты  жазба  тілде  жеткізу  қарапайым  сӛйлем  жазудан,  ой 
құраудан  басталады.  Оқушыларға  сабақ  үстінде  шағын  тапсырмаларды  берудің 
маңызы  зор.  Оқушы  әуелі  сауатты  баяндап  жазу  тілін  меңгеруі  қажет.  Сауатты 
жаза  білу:  орфографиялық,  пунктуациялық  (үтір,  сызықша,
  қос  нүкте,  үтірлі 
сызықша,  тӛл  сӛз  бен  автор  сӛзінде  келетін    тыныс  белгілер)  ережелерді 
сақтап  жазуға  дағдылану,  стильдік  қателерді  жібермей  ӛз  ойын  еркін 
жеткізуден  басталады.  Баяндау  тіліне  тӛселген  оқушы,  сипаттау,  мінездеу, 
суреттеу тіліне де бірте-бірте дағдыланады.  
Жазба  жұмыстарын  (мазмұндама,  шығарма)  тек  тоқсанда  бір,  екі  рет 
жүргізілетін  жұмыс  түрі  ретінде  қарап,    жылына  тӛрт-бес  рет  жаздыру  еш 
нәтиже   кӛрсетпесі  анық.  Сондықтан  әр сабақта жазба жұмыстарын  түрлен-
діре пайдалудың маңызы зор.  

238 
 
Тұжырымдай  айтқанда,  жазбаша  сӛйлеу  –  коммуникативті-шығар-
машылық әрекеттің бір түрі. Оқушылардың тұлғалық жетілуіне ықпал ететін, 
шығармашылық  қалыптасуына  жағдай  жасайтын  осы  жазбаша  сӛйлеу 
әрекетін  дамыту  әдебиет  пәнінің  басты  мақсат-міндеттерінің  бірі.    Оқушы-
лардың  жазба  тілін  дамыту  олардың  танымды  қабілетін  шыңдау  барысында 
жүзеге  асады
.  Жазба  жұмысының  бірі  мазмұндама,  шығармаға  ойтолғау,  эссе, 
рецензия,  аннотация,  мінездеме,  хат  үлгілерін,  хабарлама,  дәйектеме,  жоба 
жұмыстарын жаздыру, әр сабақта  үлкенді-кішілі баяндау мәтіндерін  сипаттама, 
суреттеме,  мінездеме  түрлерін  жаздыру  оқушылардың жазбаша  сӛйлеу  әрекетін 
дамытуға кӛмектеседі. Жазба жұмыстарын  орта буын сыныптардан жүйелі қолға 
алып, жоғары
 сыныптарда дамыта   жүргізу жәтиже береді.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет