«Ақша, несие,банктер» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына тапсырмалар жинағы



Pdf көрінісі
бет15/55
Дата10.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157579
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
Байланысты:
ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАГЫ АНБ
1542728126, 1549168058
Бақылау сұрактары 
 
1. Алғашқы банктер қай жерде және қалай пайда болды? 
2. Банк дегеніміз не? 


3. Банк қызметіне нелер жатады? 
4. ҚР-ғы банк жүйесінің құрылымына неден тұрады? 
5. Банктік операцияларға нелер жатады? 
6. Коммерциялық банкке қандай анықтама бере аласыз? 
7. Неліктен банкті несиелік мекеме деп атаған? 
5-тақырып. Бағалы қағаздар нарығы және қор биржасы. 
 
Активтік операциялар — бұл банктердің табыс алу және өзінің 
өтімділігіи қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды 
орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде
тартылған қаражаттарды пайдаланудағы 
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына әр 
түрлі болып келеді. Банктердің активтік операциялардың ең көп тараған 
түрлеріне мыналар жатады: 
• ссудалық (несиелік) операциялар; 
• инвестициялық операциялар; 
• депозиттік операциялар; 
қаржылық операциялар
• өзге де операциялар. 
Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін - 
банктік 
несиелік 
(ссудалық) операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары 
негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты 
және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтср топтары банктің басты 
пайда көзі ретінде қызмет етсді. 
Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда
банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін (мысалға, 80%-ға
жуық) құрайды. Микроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, 
оның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай
қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну процесінде жұмыс 
жасайтындығымен 
сипатталады. 
Коммерциялық 
банктер 
өздерінің 
клиенттеріне әр түрлі ссудаларды береді. Банктің беретін ссудалары туралы 1 
тақырыпта жазылған. 
Банктің инвестициялық операциялары несиелік операциялардан кейін 
банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары 
негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар 
портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: біріншісі — банкке табыс 
әкелу, екіншісі — өтімді активтер қатарын толықтыру. 
Бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді: 
1) Мемлекеттің бағалы қағаздары; 
2) Корпоративтік бағалы қағаздар. 
Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді: 


-
Дисконттық, 
мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға 
жеңіддікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық 
құны бойынша өтеледі. 
-
Купондық, 
яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс 
әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін 
төленеді. 
- Аралас, 
яғни купон жөне дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы 
қағаз. Бұл жағдайда инвестор-банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі 
және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады. 
Сонымен қатар активтерінщ бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы 
қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтіқ бағалы қағаздарға мыналар 
жатады: 
• акциялар; 
• облигациялар; 
• депозиттік және жинақ сертификаттары; 
• ипотекалық куәліктер; 
• депозитарлық қолхаттар. 
Осылардың ішінде инвестициялау операциялары акциялар мен 
облигацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз 
деңгейінде дами қойған жоқ. 
Акция
— 
бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес 
қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуга құқық беретін, 
сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қагаз.
Дивидент төлеу тәсілінің айырмашылығына байланысты жай және 
артықшылықты акцияларға бөледі. Жай акция, оның иесіне акционерлік 
қоғамының табысына байланысты табыс әкеледі жене қоғамды басқару ісіне 
немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал, артықшылықты акция, 
иесіне қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқык береді, 
бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жиналысына қатысуға 
құқық бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығы - қоғам 
борыштық тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция иесінен 
бұрын алуға мүмкіндік беруі. 
Акциялар шығару формасына қарай да ажыратылады: 
құжатты 
(сертификатпен) түрде және 
құжатсыз 
(шоттағы бухгалтерлік жазулар 
арқылы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет