Сабақтың тақырыбы Астана елімнің мақтанышы



Дата11.10.2022
өлшемі30,3 Kb.
#152549
түріСабақ

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6-бөлім: Астана-мәдениет пен өнер ордасы.

Мектеп: Краснодон орта мектебі КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Сайдалина Алия Сагандыковна

Күні:
Сынып: 6



Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Астана – елімнің мақтанышы

Сабақта негізделген оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т6.2.6.1.тірек сөздерге сүйеніп,сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру.
О6.3.1.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінеді.
Көпшілігі: тірек сөздерге сүйеніп,сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады.
Кейбірі: түйіндеме жаза алады.

Бағалау критерийлері

Тақырыпқа қатысты тірек сөздердге сүйеніп,әңгіме құрастырады.
Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: шаһар, алақан, сәулетші, мәдени орындар

Лексикалық минимум

Елорда, тамашалау

Құндылықтарды дарыту

Отанын сүйетін, еліне, жеріне қамқор болатын патриот азаматы тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім

Туған өлке туралы айтады, сипаттайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Ыстық алақан» тренингі


Қызығушылығын ояту. «Ой шақыру» әдісі
Сөзжұмбақ шешу.









К

А

Р

Л

Ы

Ғ

А

Ш

Т

А

С

Б

А

Қ

А




М

Е

К

Т

Е

П
















А

Б

А

Й







Н

А

Н










Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н




1.Екi айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрiгi. (Қарлығаш)
2.Асты тас, Үсті тас, Ортасында шандыр бас. (Тасбақа)
3. Бiлiмнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)
4. Ұлы ақын (Абай)
5.Ас атасы - ........... (нан)
6.Біздің мемлекет қалай аталады? (Қазақстан)
Оқушылар ортада шыққан сөзге қарап, сабақтың тақырыбын анықтайды

https://www.zharar.com/kz/zhumbak/1344-animal.html
Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы
30 минут


Жаңа сөзді меңгерту. «Сөз →сөз тіркесі → сөйлем»
Елорда
Жаңа Астана
Астана – бас қала.
«Мозаика» әдісі бойынша оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.
Оқылым.«Бiрiн-бiрi oқыту» cтрaтегияcы бoйыншa мәтінді тізбектей oқиды. Топта талқылау. Мәтіндегі әр сөздің мағынасын түсініп, түсінгендерін айту.
Есте сақаңыз:

Аумақ -территория сәулеткерлік ғимараттар-архитектурные здания жоба – проект өндіріс-производство кәсіпкерлік - бизнес



І топ: (қарапайым деңгей)
Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 853 мыңға жуық. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.
ІІ топ: (орта деңгей)
«Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды. Өзге де бірегей сәулеткерлік ғимараттар қатарында белгілі британдық архитектор Норман Фостердің жобасы бойынша пирамида үлгісінде салынған «Бейбітшілік және келісім» сарайын, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығын атауға болады.
ІІІ топ: (жоғары деңгей)
Қала экономикасының негізі – сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байла- ныс және құрылыс салалары.
Шаһардың өнеркәсіп өндірісі негізінен құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған.
Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналды. Кәсіпкерлік мәдениеті дамып келеді – Астанада 128 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді.
Сұрақтарға жауап бер.

  1. Мәтін не туралы?

  2. Астанада қандай мәдени орындар бар?

  3. Шаһар экономикасының негізін қандай салалар құрайды?



Дескриптор:_•_мәтін_мазмұны_бойынша_сөйлемдердің_ретін_көрсетеді__Бағалау_«Бағдаршам»_әдісі_арқылы_жүргізіледі._Жазылым_3_тапсырма'>Дескриптор:_-_мәтінді_тізбектей_оқиды;_-_оқу_барысында_дауыс_ырғағын_сақтайды;_-_мәтін_мазмұны_бойынша_сұрақтарға_жауап_береді._Кері_байланыс'>Дескриптор:
- мәтінді тізбектей оқиды;
- оқу барысында дауыс ырғағын сақтайды;
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Кері байланыс: Не қиын болды? Не жеңіл болды?
2 тапсырма.Мәтін мазмұны бойынша сөйлемдердің ретін көрсетіңіз.
• Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығына айналды.
• Қала үш ауданнан тұрады.
• «Бейбітшілік және келісім» сарайы белгілі британдық архитектор жобасы бойынша салынды.
Дескриптор:
• мәтін мазмұны бойынша сөйлемдердің ретін көрсетеді
Бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізіледі.
Жазылым
3 тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жалғап, сөйлемдерді жаз.
Бүгінгі Астана – жедел қарқын... дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілер... жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қала... халқы үш есеге артты. Аз уақыт.. қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.
Дескриптор:
• қосымшаларды ажыратып, дұрыс жалғайды.
• сауатты жазады
Тапсырманы «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.


Тыңдалым «Сүйікті қалам – Астанам» бейнеролик
Кері байланыс «Білем-Білгім келеді-Білдім» (БББ)



Б-біз нені білеміз

Б-нені білгіміз келеді

Б-нені білдік















https://www.youtube.com/watch?v=oWSLMNIDePk





Сабақтың соңы
5 минут

Үй тапсырмасы:
101 бет 5 тапсырма, үлгі бойынша сұрақтарға толық әрі қысқа жауап беріңдер.
Рефлексия
Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.
«Көңіл күйім» әдісі қолданылады.




Сабақ бойынша рефлексия









Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет