Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi


салығын алған кезде дәл уақытында және дөрекiлiк көрсетпеуi керек” деген



бет11/14
Дата19.11.2016
өлшемі2,52 Mb.
#2056
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

салығын алған кезде дәл уақытында және дөрекiлiк көрсетпеуi керек” деген.


1833 жылғы Тюринг Кеден бiрлестiгiнiң Заңы бойынша”, мына талаптар айтылған: “Кеден Шенеунигiнiң борышы-ол, өзiнiң қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде, әдептiлiк пен тәртiптi, өзiн дұрыс ұстай бiлу және қойылған талабы тиiстi заң мөлшерiнен аспау керек”, деген. 1815-1822 жылдары Францияда өз елiне тиiмдi кеден тарифын қабылдады, оның мақсаты сол Францияның өндiрiстiк шығарған өнiмдерiн қорғау мен Германиямен еркiн сауда жүргiзу болды.1834 жылы Германияда Пруссияның бастауымен 18 мемлекет бiрiгiп, iшкi кедендiк қайшылықтар мен мәселенi шешу үшiн, және iшкi рынокты нығайту үшiн, өнеркәсiптiң нығайуына байланысты жалпыгерманиялық рынокты қалыптастыру үшiн, кеден одағы құрылды. Сонымен қатар германия буржуазиясында сыртқы сауда аңғарларын қысқартуға керi талабы болды. ХIХ ғас. 60-70 жылында капталистiк жүйе әлеменiде еркiн түрде сауда жүргiзу алдыңғы шепте болды, оның нәтижесi бәсекелестiктiң пайда болуына әкелiп соқты, машина индустрясының шығару өндiрiсiнiң нығайуына байланысты кейбiр мемлекеттер жеңiске жеттi, сонымен қатар олар жаңарту жолдарын да қарастырды, оның нәтижесi монополияның пайда болуына себеп туды, оның себебiнен кедендiк қорғаушылықтан шығып, тасымалдау жасаудан шек қойылудан босанды. Сыртқы сауда мәселесi жөнiнде мемлекеттер арасындағы бәскелестiктi жою үшiн, кедендiк келiсiм жасауға әкелiп соқтырды, ал кей жағдайларда кедендiк одақ құруды қажет еттi. Кедендiк одақтың құрылу себебi,ол, екi немесе одан да көп бiрнеше мемлекеттердiң өз экономикасын көтеру үшiн, кедендiк одақ құруды және сол одақ құрамында тұрған мемлекеттердiң арасында ортақ бiр ғана кедендiк тарифы бойынша алым-салық жұмыстары жүргiзiлдi. Осы аталған кеден одағында тұрған мүше –мемлекеттерде бiр ғана орталық кеден әкiмшiлiгi болды. Бұл одақ тиiстi құжат бойынша рәсiмделдi, атап айтқанда: келiсiм-шарт пен конвенциямен бекiтiңлдi.

Мысал ретiнде 1842 және 1875 жылғы Германия мен Люксембург кеден одағы құрылып 1919 жылға дейiн жұмыс iстедi. 1843 жылы Пруссия мен басқа да Германдық мемлекеттер кеден одағын құрды.



АҚШ Кедендiк-тариф саясаты Табиғи кедендiк саясаты дамыған елдердiң iшiндегi АҚШ ең қуатты капиталистiк елдердiң үлгiсi ретiнде көзге түстi. Американдық рыногында өзiндiк кедендiк- тарифтiң саясаты әлi күнге дейiн түкпiлiктi өз орын алып келедi. Оның себебi кедендiк-тариф өз елiнiң тауарларына баж алым-салығына тиiстi жеңiлдiктер мен төменгi деңгейдегi өлшемдер бойынша салынды. Ол өз елiнiң рыногын қорғау болып табылады.150 жыл бойы АҚШ кедендiк өзiндiк экономикасын қорғау саясаты жүрiп келедi. 1865 жылы кедендiк кедергiлер деңгейi импорт тауарларына салынатын алымдары 48 пайызға дейiн жеттi, ал 1932 жылы 59 пайызға дейiн жеттi. Бұл АҚШ-ның тарихында өнеркәсiбi дамыған мемлекеттердiң iшiндегi ең жоғарғы көрсеткiш болды. Сол кезеңде заманның экономкаға деген ағымының нығайуына байланысты АҚШ кедендiк-тарифтiң арнайы сипаттық қызметi пайда бола бастады. Көлемi жағынан едәуiр үлкен болғандықтан, кеден iсiнiң жұмысы барлық жағынан жойқын екенiн көрсеттi. Кеден қызметiнде, кедендiк ставканың көтерiлуiнен көрi төрешiлiдiктiң кең қанат жайуы өте зор кедергiлiктi туғызды, оның нәтижесiнде кеден iсiнiң дамуына тежу болды. АҚШ кедендiк-тарифтың саясатында 1930 жылы шыққан өзiндiк экономикалық заңы болды. Бұл тарифте АҚШ тарихында ең жоғарғы тариф ставкасы болды. АҚШ осындай жойқын агрессиялық сипаттағы кедендiк саясаты мен өте жоғары кеден ставкасы болғандықтан 34 мемлекет жедел наразылық жасады. АҚШ сауда әрiптестерi бiрiнен соң бiрi қарсы iс-шавралар қолданды. Ең бiрiншi қарсы әрекет жасаған Англия өзiнiң кеден тарифын жоғарлатып және өзiнiң отар елдерiн де дуалдық қоғанмен қоршау әрекетiн жасады. 1929 – 1933 жылдарда әлемдiк экономикалық дағдарыстың қызу жүрiп жатқан кезде, АҚШ өзiнiң әдеттегi кедендiк саясатын амалсыздан қайта қарауға мәжбүр болды.150 жыл бойы жүрiп келген кеден кедергiлердiң жойқындығы, кейiннен сауда әрiптестерiмен баж алым-салығының төмендеу принципiне ұсыныс жасалды. Бұл ұсыныс Президент Ф.Д.Рузвельтпен ұйымдастырылды. Сауда мәселесi жөнiнде өз-ара келiсу арқылы бағаны кемiту АҚШ 28 жыл бойы (1934-1962) негiзгi саясаты болды. Бiрнеше жылдар iшiнде, аталған шараны қолданудың нәтижесiнде, АҚШ кедендiк кедергiлердiң деңгейi төмендеу арқылы, басқа сауда әрiптестерi де жауап ретiнде сауда бағасын түсiрдi. Сауда импортынан кеден баж салығының жалпы деңгейi 1932 жылы 59 пайызға, ал 1962 жылы 12 пайызға дейiн түстi. Амерка үкiметiнiң баж алым-салығының төмендету принципi-ол, АҚШ кәсiпорындарына зиян-зардаптар келтiрмеу үшiн шараларды қолдану қажет болдды. Кейбiр тауарлардың сауда бағасын түсiру үшiн арнайы тексеру арқылы шығарып салынатын болды. Бұл әрекеттер арнайы сараптама арқылы және нақты бағасын анықтау арқылы жасалды. Қортып айтқанда, 30 жыл бойы яғни (1932-1962) тарифтiк сауда бағасын өз-ара келiсу арқылы түсiрудiң нәтижесчiнде, АҚШ кәсiпорындарына ешқандай зиян келтiрмей және сауда саясатының негiзгi стратегиялық бағыты болды. Өткен ХХ ғас 50-шi жылдарында өз-ара келiсу арқылы сауда баж салығының төмендеу әдiс-тәсiлдерi көп ұзамай қиындай түстi. Оның себебi экономикалық қатынастардың және бәсекелестiктiң пайда болуы нәтижесiнде кеден баж салығын реттеу күрделi болды.

Еуропалық экономикалық қауымдастығын құрастыру (ЕЭҚ)

Капиталистiк мемлекеттердiң сауда-саттық мәселесiн аса-мұқият назар аударудың нәтижесiнде өз-ара бiрнеше мемлекеттiң бiрiгуi арқылы сауда қауымдастығын құрастыру болды. Бұд жөнiнде 1957 жылы капиталистiк рыногындағы мән-жағдайлар елеулi өзгерiске тап болып, жалпы экономиканың жағдайы өзгерiске ұшырады. Сол жылы (1957 ж.) еуропа елдерi бiрiгiп Еуропа экономикалық қауымдастығы құрылды (ЕЭҚ). ЕЭҚ жұмысы, халықаралық деңгейде сауда жасау нәтижесiнде, экономикалық қуаты, iшкi рыноктың көлемi “Жалпы рынок” бойынша және кейбiр жағдайларда АҚШ көрсеткiштерiнен әлде қайда жоғары болды. Мысал ретiнде мына мән-жайды айтуға болады:1964 жылы АҚШ ұлттық өнiмдерiнiң жалпы бағасы 622 млрд доллар болса, ал, “Жалпы рыноктың” көрсеткiшi:271 млрд.болды. “Жалпы рынок” көрсеткiшi АҚШ пен салыстырғанда екi маңызды сауда саласы бойынша: сыртқы сауда бойынша:45-50 млрд доллар, ал, алтын қорының резерiвтiк көлемi бойынша-15,9-19,8 млрд. доллармен тең болды. Кейбiр жағдайда АҚШ экономика, қаржы және әскерий күш жағынан батыс еуропа елдерiнен алда болды. Бұл жетiстiктер АҚШ-ның өзiнiң сауда-әрiптестер блогына өзiнiң талабын жүргiзуге және жүзеге асыруға аз болды. Сондықтан Американдықтар өзiнiң сауда бәскестерiнiң арасында кейбiр сауда жөнiнде айнымалы, баламалы жолдарын iздестiруге мәжбүр болды, ал кей жағдайда бағаны түсiруге де мәжбүр болды. АҚШ кедендiк баж алым-салығын үнемi жаңарту арқылы көп уақытқа дейiн сауда –саттық жүргiзу кезiнде жеңiлдiктерге ие болды. “Жалпы рыноктың” күннен-күнге нығайуына байланысты АҚШ өз сауда әрiптестерiнiң бәсеклестiгiне қарсы жұғыл iс-шараларын ұйымдастырды.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Қазіргі кезеңiнде қала-орталықтарында жедел түрде сауда-кәсiпкерлiктерi нығая түстi, қаладағы әлеуметтiк жағдайлары жорғары тұлғалар-боярлар баий бастады, көпестердiң беделi өстi, ал саудагерлердiң саны көбейе бастады.

2. Еуропалық экономикалық қауымдастығын құрастыру (ЕЭҚ)

Капиталистiк мемлекеттердiң сауда-саттық мәселесiн аса-мұқият назар аударудың нәтижесiнде өз-ара бiрнеше мемлекеттiң бiрiгуi арқылы сауда қауымдастығын құрастыру болды.
4. Сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар.

Қазақстан жеке өз адына егемендiкке ие болған соң өзiнiң саясатын, экономикасын еркiн, тәуелсiз жүргiзуге мәжбүр болды. Оның себебi Кеңес одағы ыдыраған соң 70 жылдан астам бойы жоспарлық экономика билiгiнде болды.1991жылдан бастап Кеңес одағы ыдыраған соң Қазақстан өз алдына нарықтық экономикасын қалыптасыруға мәжбүр болды. ҚР өз еркiмен шет елдермен сауда-саттық мәселесiн шешу үшiн сыртқы экономика қатынастарын нығайтуға мiндеттi болды. Сыртқы экономиканы нығайту үшiн мемлекеттiк қолдау, қорғау, қостаушы органдары жұмыс iстеуi қажет болады. Сол мемлекеттiк органдардың бiрi кеден қвзиет жүйесi болып табылады. Кеден дегенiмiз-ол, мемлекеттiң шекарасында орналасқан және мемлекеттен шығарылатын заттар мен өнiмдердi саудалау үшiн сыртқа шығарылатын заттар мен бұйымдарды, көлiк құралдарын бақылау қызметiн айтады. Кеден саласын басқару үшiн мына мәселелердi айқындау қажет болады: 1) кеден iсiн ұйымдастыру; 2) тауарлар мен көлiк құралдарын кеден шекарасы арқылы өткiзу; 3)тауарлардың кеден режимi; 4) кеден төлемдерi мен салықтары; 5)кедендiк рәсiмдеу; 6) кедендiк бақылау; 7) валюталық бақылау; 8) кедендiк статистиканы және сыртқы экономикалық қызметтiң Тауар номенклатурасын жүргiзу; 9) ҚР Кеден заңдарын қолдана бiлу және оны дер кезiнде пайдалану болады. Егер ҚР бекiткен халықаралық шартта осы Кеден кодексiнен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi орындалады. Кеден iсiн басқарудағы негiзгi бағыттар мына мәселеден тұрады: 1) Сауда және даму жөнiндегi БҰҰ-ның конференциясын басшылыққа алу (ЮНКТАД); 2) Бланкты толтыру “А” формасы бойынша тараулардың шығу сертификатын беру ретi; 3) Кедендiк Ынтымақтастық Кеңесi (КЫК). Осы аталған халықаралық ұйымдар “Сыртқы экономикалық байланысты реттеу институттары” деп аталады.

Егемендi Қазақстандағы жеке монополиялық мемлекеттiк және басқа салалардың өзара байланысығы

Монополия дегенiмiз-ол, адам қоғамындағы күнделiктi өмiрдегi және экономикалық сауда қатынастарында тек бiр ғана сатушының болуын және оған бәсекелестiктiң болмайтын жағдайдағы сауда жүргiзiлетiн iс-әрекеттерiн айтады. Жеке монополиялық мемлекеттiк дегенiмiз- ол, қоғамдық қатынастарындағы жеке меншiк иесiнiң және мемлекеттiң нарықтық экономиканы ұйымдастыру, үйлестiру және реттеу жүргiзетiн iс-шараны айтады. Монополиялық әрекеттерде ең негiзгi және түбегейлi мәселе-ол, сауда-саттықты жүргiзу, жеке меншiк иелерiнiң және мемлекеттiң өздерiне қажеттi деген тиымды кiрiстерге ие болу мақсаттарын көздеу болып табылады. Жеке меншiктiң дамуының нәтижесiнде, мемлекеттiк бюджет қорының кiрiс бөлiгiн толтыруға мұрындық болатын-ол, бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер мен салықтар болып табылады. Мiндеттi төлемдер мен салықтардың дер кезiнде жиналудың нәтижесiнде бюджет қалыптасады. Монополия мына салалармен байланысты болады: 1) Қражы және қаржы айналымы саласымен; 2) экономика саласымен (нарықтық экономикамен); 3) өндiрiстiк қатынастар саласымен; 4)жеке шаруашылық (кәсiпкерлiк) қатынастар саласымен; 5) сыртқы экономикалық қатнастар саласымен. Мемлекеттiң нарықтық экономикаға деген қарым-қатынастағы мынадан тұрады: а) сауда-саттық қатынастарын жүргiзу кезiнде мемлекет әрбiр меншiк иелерiне қажеттi емiн-еркiн жағдай жасайды;

б) монополистiң монополиялық шексiз билiк жасауына жол бермейдi;

в) моноалоияға қарсы арнайы мемлекет органдары жұмыс iстейдi; шағын және орта бизнестiң дамуына еркiндiк жайлы жағдайларды жасайды; г) сыртық сауда саттық жүргiзуге жайдайлар жасайды; е) халықтардың тұтынуына қолжеткiлушiлiк жағдайын жасайды; ж) жалпы халықтың талабын және әлеуметтiк жағдайы нашар тұлғаларға әлеуметтiк көмек көрсету және қолайлы жағдаларды жасауды ұйымдастырады. Мемлекет пен монополиялық байланыстың себептерi мынадан тұрады: 1) Садуа мәселесiн реттеу жөнiндегi байланыстар; 2) Тиымды сауда жасау жолдарын қарастыру; 3) Бәсекелестiк мәселесiн әдiлдiк тұрғыда жүргiзу; 4) Сыртқы сауда мәселесiн нығайту; 5) Қаржы айналымдарының үнемi мемлекеттiң бақылауында болуы. Мемлекет пен монополия әр қашанда экономикалық қарым-қатынасты шешу жөнiнде үнемi байланыста болады.



Саясат дегенiмiз-ол, әрбiр елдiң өз еркiмен, iшi және сыртқы қарым-қатынасты айқындайтын, тәуелсiз негiзiнде жүргiзетiн iс-шаларалды, әрекеттердi айтады. Оның себебi әрбiр мемлекет өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзедi. Кеден саясаты дегенiмiз-ол, мемлекет жүргiзетiн сакясаттың бiр салалық бөлiгiн айтажды. Кеден саясаты дегенiмiз-ол, ҚР iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiрiңғай кеден саясатының жүргiзiлуiн айтады. ҚР Кеден iсi кодексiнiң 3-бап: “ҚР Кеден саясаты”., 1) Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясаьтының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiрiңғай кеден саясаты жүзеге асырылады. 2) Кеден саясаты өз өкiлеттерi шегiнде ҚР орталық атқарушы органдарынынң қарауына жатады. 3) ҚР экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерiн қорғау, тиiмдi кедендiк бақылауды қамтамасыз ету және ҚР заң актiлерiнде белгiленген өзге де мақсаттар ҚР кеден саясатының негiзгi мақсаттары болып табылады. ТМД елдерiнiң мүшелерi кеден iсi жөнiнде экономикалық және ұйымдастырушылық реттеу принциптерi анықталу арқылы кедендiк саясатты жүргiзудiң маңызды мәселесi болып табылады. ТМД елдерiнiң кеден iсi жөнiнде бiрнеше мемлекеттер өз- ара келiсiм-шарт жасау негiзiнде кедендiк одағы қалыптасты. ҚР кеден саясаты Қазақстанның нарықтық, отандық тұтынушылар мен өндiрушiлердi қорғауға, экономикаға, экспорт және импорттың орнын басатын өндiрiстi дамытуға, шетел инвестициясын таратуға, сауда саясаты мәселелерiн шешуге және т.б. ықпал етуге тиiстi болады. Қазақстанның кеден iсiнiң жалпы мәселелерi. Қазақстанның кеден iсiнiң жалпы мәселесi-ол, ҚР аумағында сыртқы экономикалық қатынастарды, оның iшiнде сыртқы сауда қатынастарын жүзеге асыру үшiн, кедендiк қызметтердеiң көздеген мақсатына жету үшiн жүргiзiлетiн iс-шараларын айтады. Монополиялық мемлекеттiк ретке келтiру мәселелерiне кеден саласы, кеден саясаты, кеден iсi, кедендiк әкiмшiлiк ету, кеден заңдылықтарының нормаларын Қазақстанның басқа заңдылықтармен сәйкестендiру (қолданып жүрген iшкi құқықты үйлестiру), құқыққолданушылық тәжiрибесiне сәйкес мамандарды кәсiби дайындау, қоғамдағы құқықтық нигилизмдi жою жатады. Кеден iсiнiң жалпы мәселесiне мына мән-жайлар жатады: 1.Қазақстандық шығарылған бұйымдарын сыртқа экспорт жасау; 2. Отандық рыноктың мүддесiн қорғаудағы iс-шаралырын жүргiзу; 3.Қазақстан капиталының шығыуына бақылау жасауды күшейту; 4.Қазақстан аумағында отандық өндiрiстiк өнiмдерiн және бұйымдарын қазiргi заманның талабына, стандартына сай болуын көздеу жасау; 5.Кеден қызметiн атқарған кезде кедендегi алаяқтық пен контрабандаға жол бермеу- осы аталған iсшаралардың бәрi жалпы алғанда кеден саясатын ретке келтiру, жүзеге асырылуына байланысты болады. Кедендiк реттеу мен сыртқы экономиалық байланысты бақылау Қазақсатанның егемендiгiн қамтамасыз ету, экономикалық реформалық стратегиямен қатар экономикалық қаупсуiздiктiң тығыз үйлесiмiнде жалпы өндiрiстiң, рыноктың шынайы жай-күйiн есепке ала отырып, кеден саясатындағы арнайы тапсырмалар мен анық мақсатымызды шешуде басқа да басым мiндеттемелердi қамтамасыз ете алуы мүмкiндiк болады. Республикалық деңгейде мемлекеттiк органдардың бақылау функциясын атқаратын Кеден комитетi қызмет атқарады. Кеден Одағына мүше елдердiң кеден саясаты бiр- бiрiне ұқсас. Мәселен отандық нарықты қорғау, отандық өндiрiушiлер мен тұтынушыларды қорғау, экономикалық және экспортты дамытуды жандандыру, импорттың орнын баса алатын өндiрiстi қолдау, шетелдiк инвесторларды тарату, сауда саясаты мәселелерiн шешу т.б. мақсаттар ортақ болады. Қазақстан Кеден Одағына 1995 ж.,20 –шы қаңтарда мүше болды. Сөйтiп Белоруссия мен Ресей Федерациясының Кеден Одағының барлық мiндеттемелерiн қабылдады. Мiндеттемелердiң iшiнде шек қою мәселесi де бар. Шек қою мына жағдайларда орнатылады: 1).iшкi рынокта сол тауардың тапшылығы болған кезде; 2).жағдайды тұрақтандырғанға дейiнгi өтеу баланысыенынң тапшылығы болған кезде; 3).отандық тауар өндiрушiлерге нұқсан келетiндей немесе зиян келтiру қауптi бар немесе тiкенлей бәсекелестiкке түсетiн тауарды өте көп мөлшерде әкелу балған кезде.

Халықаралық деңгейдегi еңбектi бөлу дегенiмiз-ол, әлемдiк шаруашылық байланыстар мен интеграциялық процестердiң дамуының нәтижесiнде халықаралық деңгейде басқарушылық жүргiзудi талап етудi айтады. Халықаралық деңгейде сауда қатынасын реттеу үшiн: “Бүкiләлемдiк сауда ұйымы”,Халықаралық валюта қоры, “Бүкiләлемдiк Кеден ұйымы” құрамында болу мiндеттi болады. Еуропалық деңгейде халықаралық экономика қатынасының маңызы бойынша Еуропалық одағы бойынша ерекше орын алады (ЕС). Осы аталған органдардың жарғысы мен ережелерi, келiсiмдерiнiң көрсетлген талаптары барлық мүше-мемлекеттердiң сақтауы мiндеттi болады деген. Халықаралық кедендiк-сауда ұйымынынң әмбебап келiсiмдерiнiнң бiрi-ол, тариф пен сауда жөнiндегi Бас келiсiм болды.(Қазiргi кезеңде БСҰ,вто). Тариф пен сауда ұйымын құрастыру келiсiмi 1947 жылы қол қойылды, ал заң күшiне 1948 ж., ендi. Бүкiләлемдiк (ВТО) ұйымы құрылған соң 1995 ж.,31.12., ТСҰ өз қызметiн тоқтатты. 1986-1994 ж., Тарифтiк және Сауда ұйымының Бас келiсiмi бойынша көпжақты сауда келiсiмi жасалды бұл келiсiм “Уругвайлық рауынды” деп аталды. Бұл келiсiмде 120-дан астам мемлекет қатысты. 1994 ж., 15.04., келiсiмнен соң Маракеште (Марокко) Қортынды актiсiне қол қойылды, бұл дегенiмiз БСҰ кiруге жағдай туғызды. “Уругвайлық рауныд” келiсiмi-ол, 120 мүше-мемлекеттерiнiң сауда мәселесi жөнiндегi қарма-қайшылықтар мен басқа да келеңсiз жағдайларды реттеу және келiсiмдi реттеу болып табылды. БСҰ қызметi-ол, сауда барьерлерiн және тауар-айырбас және мемлекет аралық сауда қызметiн көрсету болып табылады. БСҰ ұйымы-ол, мүше мемлекет араларында сауданы жүргiзу кезiнде ешқандай кедергiлердiң болмауына, емiн-еркiн саду жүргiзудi көздейдi. БСҰ негiзгi мақсаттары мынадан тұрады:

-мүше мемлекеттердiң өз-ара саду қарым-қатынас жасау үшiн ешқандай кедергiлiктi балдыртпайтын iс-шараларын жүргiетiн болады;

-шығарылған бұйымдардың қажеттi деген сапасы халықаралық стандартқа сәйкес болу қежеттiгi;

-мүше-мемлекеттердiң өздерiне алған мiндеттерiн нақты –дәл орындалуы;

-мүше-мемлекеттердiң халықаралық деңгейдегi жауапкершiлiгi;

-мүше мелекеттрдiң қаржы айналымының халықаралық валюта қорының талабына сай болуы. БСҰ-ұлттық экономиканың саласына елеулi зардап тигiзетiндей зиян келтiретiн шетелодiк бәскелестiктен қорғау iс-шараларын жүргiзетiн болады. БСҰ халықаралық шеңберде тауарды сату мына аталған келiсiмдердi құрастырады:

-Халықаралық шеңберде тауар айналымдарын, қызмет көрстеу келiсiмдерi iс жүзiнде жүзеге асырылады;

-зияткерлiк меншiктi қорғау жөнiндегi келiсiмдердi орындау;

-кедендiк-тарифтiк мәселесiн шешу жөнiндегi құжаттарын орындау;

-мүше-мемлекеттердiң қол қойған мiндеттемелердi орындау. Халықыаралық кедендiк қызметте маңызды роль атқарушы-ол, Бүкiләлемдiк кеден ұйымы болып табылады (ВТО)-(СТС). 1947 ж., 13- (он үш) Батыс Еуропа елдерiнiң ұсыныстары бойынша, Еуропа эконимкалық қызметiнiң комитетi шегiнде, бiр немесе бiрнеше кедендiк одақты құру туралы Бiрiккен Декларациясын қабылдады. Кеден одағын құру жөнiнiде, Брюссельде осы мәселеге байланысты қызметшiлер тобы ұйымдастырылды, оның шегiнде экономикалық және кеден комитеттерi құрылды. Осы аталған комитет жұмысының нәтижесiнде 1950 ж., 15.12., Брюссельде екi конвенцияға қол қойылды, атап айтқанда : 1).“Кеден тарифтерiн жiктеу жөнiндегi номенклатурасының Конвенциясы және 2).Кедендiк мақсаттағы тауарларды бағалау Конвенциясы”. 1952 ж., 4.11., 17-тi мемлекетердiң құрамында “Кедендiк қызметтiк кеңесi” (СТС) ұйымын құрастыру туралы Конвенциясына қол қойылды. Кедендiк қызмет кеңесiне (СТС) мына мiндеттер кiредi:

а) кедендiк iсiнiң саласы бойынша мемлекеттердiң сұраныстарын зерттеп бiлу;

б) кедендiк рәсiмдердi жүргiзу және оның ережесiн сақтау жөнiндегi кедендiк қызмет кеңес (СТС) мүшелерiне техникалық және экономикалық жағынан баға беру; в) конвенцияны әзiрлеу және оған толықтрулар жасау; г) кедендiк рәсiмдерге байланысты мәлiметтердi жинау; д) мүше-мемлекеттердi қажеттi деген мәлiметтермен қамтамасыз ету; е) кедендiк мәселе жөнiндегi мемлекеттер арасындағы дау-жанжалды шешу; ж) басқа да халықаралық ұйымдармен қызмет жасау.1994 ж., қазан айында кедендiк қызмет кеңесi (СТС) бүкiләлемдiк кеден ұйымы деп ауыстырылды (БКҰ) бұл ұйымның құрамында 143 мүше-мемлекетерден тұрады. Бүкiләлемдiк кеден ұйымының (БКҰ) ең маңызды мiндетi-ол, бүкiл әлемдiк елдерде көп функционалдық кеден қызметiн жаңа сапада дамытуына көмек көрстудi құрастыруын жасау және бұл iс-әреттердi әсiресе экономикалық жаңа өзгерiстердiң жүрiп жатқан елдерге аса қажет екендiгi көрсетлген.1996-2000 ж., БКҰ мүшелерiне қазiргi заманға сай мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Стратегиялық жоспар қабылданды, бұл осы ұйымның негiзгi қызметтiк бағытан анықтап “Кедендiк модернизациялау және оны реформалау бағдарламасын” бекiттi. Бұл бағдарлама ұлттық кеден қызметiн алдағы уақытта басқаруын, ұйымдастуын және нығайтуын, кедендiк iстiң жаңа технологиясын енгiзудi қажет етедi. БҚҰ өзiнiң жұмысында аумақтық әдiсiн пайдалнуды ұсынды. БҚҰ барлық мүше-мемлекеттер аумақтық топтарға бөлiндi, атап айтқанда:Америка және Кариб бассейнi, Еуропа, Солтүстiк Африка, Таяу және Орта Шығыс, Батыс және Орталық Африка,Шығыс және Оңтүстiк Африка, Қиыр Шығыс, Оңтүстiк және Оңтүстiк-Шығыс Азиясы, Австралия және Океания. Осы аталған аумақтық топтың органдары кеден қызметшiлерiн оқытуымен айналысуда яғни дәрiс, семинар сабақатарын өткiзе отырып, кедендiк құқық бұзушлықтыпен күресу жөнiнде орталық ақпарат хабарын қалыптастыруын, ұлттық кедендiк қызметiнiң делегациясы мен БКҰ әкiмшiлiк органдарымен қарым-қатнас жасауды жүргiзу.

БКҰ сыртқы сауданы реттеу жөнiнде көптеген әр-түрлi бағыттан тұратын құжаттарды қабылдады. Бұл құжаттар мынадан тұрады: 1952 ж., қабылданған құжатта қосымша ретiнде “Стандарттық талаптың қойылуы туралы Кодкесi”; 1961 ж., шыққан нашақорлық айналымын бақылау Комитетiнiң шегiнде Нашақорлық бұйымдарын заңсыз түрде сатуға тиым салу туралы Конвенциясы қабылданды, 1977 ж., заңсыз түрде сауда жасаумен күрес жүргiзу Конвенциясы; 1974 ж., кеден рәсiмдерiн жаңарту және оның оңай жолын iздестру туралы Конвенциясы; Кедендiк құқық бұзушылықты алдын ала ескерту, тергеу жүргiзу, өз-ара әкiмшiлiктi жүргiзу Конвенциясы. Осы аталған құжаттар кеден қызметiнде нашақорлық және жүйкеге әсер ететiн бұйымдарды, контробанда арқылы тасымалдауын, антикварят пен ескiлiктi өнерлiк бұйымдарын заңсыз тасымалдауына қарсы күрес жүргiзуiне өз-ара көмек беруiн ұйымдастыруға жағждайын туғызады. БКҰ шегiнде 20 конвенция, 50 ұсыныстар және кейбiр кедендiк мәселе жөнiнде 10-нан астам халықаралық нормалардан тұрады. БКҰ-ның шешiмi ұсыныс сипатында болса да өзiнiң меншiктi бюджет қоры бар және орасан кең құқыққа, басымдылығы бар, жақсы ұйымдастырылған басқару құрылымынан тұрады. БКҰ-мы халықаралық қатынастарда маңызды орынға ие болып үнемi дамитын ұйымға айналды. БКҰ халықаралық сауда мүддесiнiң құрметiне, жоғарғы деңгейде гармоналдық және бiркелкi кедендiк жүйе әлемiн нығайтуын көздейдi.

Еуроодақ мүшесiне 15 мемлекет-мүшесi кеден қызметiн бiрiктiрiп 1991 жылы Еурокеден ұйымы құрылды. Кеден iсiнiң саласында, мемлекет-серiктестерi, мемлекетаралық көмек көрсетуiн үйлестiру үшiн, бiрлескен еуропа ұйымын құрастыру мақсаты болды. Еурокеден ұйымына мына мемлекеттер кiрдi: Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерi, ал ФАРО бағдарламасына кiргендер: Албания, Босния-Герцоговина, Болгария, Эстония, Чехия, Венгрия, Латвия, Польша, Румыния, Словакия, бывшая Югославия и Македония, ал, Армения, Әзiрбайжан, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Монголия, Россия, Тәжiкстан, Түркiменстан, Украина және Өзбекстан ТАСИС бағдарламасында тұрды. Еурокеден ұйымы сонымен қатар басқа да әлем бөлiгiнде де жұмыс iстейдi. Еурокеден ұйымының қызметi заңнамалық, саясаттық, ұйымдастырушылық және мемлекет- серiктестiк кеден қызметiнiң iс жүргiзушiлiк құрлымын, нарықтық экономикасы мен ынтымақтастықты әлемдiк қауымдастығын бiрiктiредi. Еурокеден ұйымы жүзеге асыратын келiсiм- шарттарын Парижде орналасқан Хатшылық мекемесi үйлестiредi. Еурокедннiң күнделiктi атқарған жұмысының көбiсi Францияның кеден қызметi есебiнен қаржыландырады. Кеден-сауда ұйымының бағдарламасында мемлекет-серiктерсерiн қолдау үшiн ,экономканы дамыту үшiн, ғылыми жаңалықтарды ашуын, жаңа жолддарға көшуiн көздейдi. Кеден-сауда ұйымының өз қызметiнде ноу-хау жұмыс тәсiлдерiн қаржыландыру үшiн және жаңа нарық экономикасына , демократиялық қоғамға көшуге қол жеткiзудi көздеу болады. Кеден iсi-ол, сауда қызмет бағдарламасының бiр бөлiгi ретiнде ТМД және Монголия елдерiнде, және Еуропа қауымдастық елдерiнде “Кеден сауда ұйымының бағдарламасын дамыту” болып табылады. Еурокедендiк қызметiнiң шеңберiндегi бағдарламасы бойынша, кеден транизтiн жасау үшiн, Еуропа-Кавказ-Орта Азия ал, одан әрi Тынық мұхитының жағасына дейiнгi транзиттiк коридорын жасауға Қазақстан осы ұйым жасаған бағдарламасына қатысуда. Қазақстан халықаралық кеден “Шекарада жүктердi бақылау шарты келiсiмi туралы” конвенциясына қосылуға әзiрленуде (Женева, 21.10.1982 г). Шет елдермен алдағы уақытта сауданы дамыту үшiн халықаралық контейнерлiк тасымалдауды және шекарада жүктердi бақылауды жеңiлдету үшiн, халықаралық конвенцияға қосылып, оның талабын орындау әлдеқайда жеңiлге түседi. Халықаралық конвенциясына қосылу, тауараларды кодтандыру және кедендiк рәсiмдеудi жеңiлдету туралы Халықарлық конвенцияда кедендiк рәсiмдеудiң жаңа редакциясын қабылдауын талап еттi.Кеден iсiнде жеңлдетiлген, нақты стандарттар бойынша жұмыс iстеу-ол, халықаралық сауда –саттық мәселесiн жүзеге асыру үшiн, кедендiк ережелдерi жеңiлдетi, оңай жолдарын қарастырып, оны iс жүзiнде жүзеге асыру арқылы, кедендiк заңдылықты сақтауға және сауда-серiктес елдерiмен қарым-қатынасты орнатуға, заңды құметтеушi елдермен, сыртқы экономика iстерi(СЭI) орнатудға жағдай туындайды.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Экономиалық даму үшiн құқық арқылы экономикаға ықпал ету, экономикалық проблемаларды басқара бiлудiң ықтимал мәселесiнiнiң тәжiрибелiк маңызы зор болады.қазiрiг нарықтық экономика тек ұлттық заңмен ғана емесе халықаралық құқық заңдармен реттелетiн болады.

2. БҰҰ бұрынғы Қазақстан аумағындағы Жібек жолында сауда саттық жұмыстырын жүргізу туралы және оның халықаралық экономикаға байланыстығы бар екенндігі жөнінде Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясында мәселе қозғалды.

3. Экономикалық шарттар дегеніміз-ол, екі немесе көпжпқты шарттардың сауда-саттық саласына байланысты жасалатын іс-шараларын айтады. Бұл экономикалық келісім-шарттардың қазіргі кезедегі дамуы ең басты орын алуда.

Қазіргі ЕУРРООДАҚ, Кедекндік одвақ және ЕУРО-Азиялық одақтар нақты дәлел бола алады.

4. Қазақстан жеке өз адына егемендiкке ие болған соң өзiнiң саясатын, экономикасын еркiн, тәуелсiз жүргiзуге мәжбүр болды. Оның себебi Кеңес одағы ыдыраған соң 70 жылдан астам бойы жоспарлық экономика билiгiнде болды.1991жылдан бастап Кеңес одағы ыдыраған соң Қазақстан өз алдына нарықтық экономикасын қалыптасыруға мәжбүр болды. ҚР өз еркiмен шет елдермен сауда-саттық мәселесiн шешу үшiн сыртқы экономика қатынастарын нығайтуға мiндеттi болды.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет