Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi



бет1/14
Дата19.11.2016
өлшемі2,52 Mb.
#2056
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi




А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттiк университетi

Заң факультеті


Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы
Әбілқадіров С.Қ.

Халықаралық бұқаралық құқықтың

дәріс конспектісі

Оқу - әдiстемелiк құралы

Қостанай, 2011

ББК 67. 621 (5 Каз) Я 73

Ә - 20

Құрастырушы: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Заң факультетінің


«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының аға оқытушысы

Әбiлқадiров Сапар Қасымбекұлы


ПІКІР ЖАЗҒАНДАР:

Ибраев А.З. Қ Р Ішкі істер министрлігінің ҚЖАЖК Академиясының, біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау факультетінің бастығы, заң ғылымының кандидаты, доцент

Укин С.К. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Заң факультетінің


«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының доценті, заң ғылымының кандидаты

Хакимова Г.Е. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Заң факультетінің «Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу» кафедрасының доценті, заң ғылымының кандидаты.

Әбiлқадiров С.Қ.

Ә-20 Халықаралық бұқаралық құқықтың дәріс конспектісі күндізгі және сырттай бөлімінде оқитын студенттерге арналған. Оқу - әдiстемелiк құралы. С.Әбілқадіров –Қостанай, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011 ж., 144- бет.


ББК 67. 621 (5 Каз) Я 73

Ұсынылып отырған оқу - әдiстемелiк құралы студенттердің халықаралық қарым - қатынасты ұйымдастыру үшін және осы сала бойынша мемлекеттер арасындағы қатынастарды іс жүзінде қалай жүзеге асыру керек екендігі жөнінде түсініктеме беріледі. Бұл пән міндетті базалық болып табылады. Осы аталған оқу - әдiстемелiк құралы жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған


А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттiк Университетiнiң

Оқу - әдiстемелiк кеңесiмен мақұлданған, хаттама №_4___,

«__23___» ___02_____2012 ж.

© А.Байтұрсынов атындағы Қостанай

мемлекеттiк университетi


© Әбiлқадiров Сапар Қасымбекұлы
Мазмұны

Алғы сөз.................................................................................................................4



І Бөлім. Дәріс сабағының тақырыптары.......................................................5

1 тақырып. Қәзіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі

ретіндс және оның мазмұны..............................................................................5

2 тақырып.Халықаралық – құқықтық ғылым және халықаралық

құқықтың тарихы..............................................................................................10

3.Қазақстан тарихындағы халықаралық - құқықтық институттардың пайда

болуы және дамуы............................................................................................20

4. Халықаралық құқықтың қайнар көздері........................................................24

5. Халықаралық құқықтың қағидалары.............................................................39

6. Халықаралық құқықтың субъектілері, мемлекетті тану және

мемлекеттің құқық мирасқорлығы.................................................................44

7.Халықаралық шарттар құқығы........................................................................ 51

8. Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі.........................................57

9. Біріккен Ұлттар Ұйымы - әмбебап халықаралық ұйымы ретінде...............65

10.Халықаралық және мемлекетшілік құқықтың қатынасы және

бір - бірімен өзара әрекеттесуі.......................................................................74

11.Халықаралық – құқықтық жауапкершілік...................................................79

12.Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау.....................................85

13.Халықаралық экономикалық құқық..............................................................95

14.Дипломатиялық құқық.................................................................................116

15.Консулдық құқық......................................................................................... 131

ІІ. Пайдаланған дерек көздері..........................................................................142



АЛҒЫ СӨЗ
Мемлекетаралық қарым - қатынасты реттеу үшін ең басты міндет - ол, сол екі немесе оданда көп мемлекеттер арасында өзара келісім-шарт жасалуы керек болады. Яғни, дәлірек айтатын болсақ алдын - ала келіспей немесе тиісті өзара мәлімдеме жасамай ешқандай қарым - қатынас болуы мүмкін емес екендігі айқын белгілі.

Біздің оқып - білуге ұсынылып отырған пәннің аты – ол , халықаралық бұқаралық құқық деп аталады. Жалпы алғанда халықаралық құқық пәні негізгі екі бөлімнен тұрады, яғни екі саладан десек болды, оған мына бөлік аталуынан тұрады:

- халықаралық бұқаралық құқығы ал екіншісі халықаралық дербес құқығы.

Ал біздің осы оқып-танысуға жататын пәннің нақты аталуы «Халықаралық бұқаралық құқық» деп аталады. Бұл дегеніміз ресми түрде бекітілген.

Сонымен халықаралық бұқаралық құқығы нені оқытады және жеке өз алдына ғылым саласы бола ма, жеке өз алдына құқық саласы бола ма, және жеке өз алдына оқу пәні бола ма деген сұрақтар туындайды. Осы аталған сұрақтарға жауап беру үшін осы курсты оқу барысында оқып келе және игеру арқылы толық түсінуге және анық - қанығына жетуге болады.

Аталған пәннің бұқаралық болып аталу себебі – ол , мемлекет арасындағы қарым - қатынасты және мемлекеттік билік деңгейінде шешілетін қарым - қатынастар жұмысы жөнінде айтылады. Өйткені қандай да мемлекет болмасын екінші бір мемлекетпен қарым - қатынас жасау үшін міндетті түрде алдан - ала келісім жасауды қажет етеді. Ондай келісімдер мемлекеттік аппараттарының жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, сыртқы істер органдарының, атап айтқанда сыртқы істер министрлігі, шетелде орналасқан елшіліктер мен консулдық мекемелер т.б. мекемелер болып табылады. Міне осы аталаған мемлекеттік мекемелер тікелей сол жіберген мемлекеттің басшысына ресми жауапты және есеп беруге міндетті болады.

Осы аталған пәнді жетік игеру үшін ең алдымен шетелдердің мемлекет және құқық тарихын, рим құқығын, мемлекет және құқық теориясын оқып танысқан жөн болады. Оның себебі әрбір құқық саласының өзіндік тарихи өмірбаяны бар, оның шығу тегі, пайда болу себептері және салалық мақсаттар т.б. ерекшетіктерінен тұрады.

Қазақстан жеке өз алдына егеменді ел болғандықтан өзінің саясатын, экономикасын жаңадан қалыптастыруға мәжбүр болды. Бұл жөнінде ҚР Президенті Н.Ә.Назабаев өзінің Қазақстан халықтарына «Еркін де еңселі және қауіпсіздік қоғамға қадам басайық» деген ең алғашқы жолдамасында дәл, нақты айтқан болатын. Бұл жолдамада Қазақстанның егемендігі оңайға соқпағаны және халықтың әл - ахуалын жақсартуы, елдің экономикасын, шетелдік қарым - қатынасты қалыптастыру жолдарын іздестіру оңай емес екендігі туралы айтылған болатын. Міне осы жолдамада халықаралық қарым - қатынасты кеңейту, мемлекеттің интеграциясын нығайту туралы айтылған.



І Бөлім. Дәріс сабағының тақырыптары
1 тақырып. Қәзіргі халықаралык құқық қүқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны

Мақсаты: Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұнымен оқып танысу. Сонымен қатар халықаралық құқықтың қәзіргі кезеңде интеграциялық қатынастарды қарастыру әдістерін іс жүзінде ұйымдастыру туралы білім алушылардың теориялық деңгейін нығайту иболады.
Жоспары:

1.Халықаралық құқық және халықаралық қатынас, олардың

арасындағы байланыс және бір-бірімен қарым - қатынастығы

2.Халықаиралық құқытық мәжбүрлеу шаралары

3.Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы халықаралық құқықты оқьггу мен халықаралық құкықта іс құқықта білімді тарату туралы резолюцияларды жиі қабылдауда.

4.Халықаралық жария құқығы және халықаралық жеке құқықтың арақатынасы


1.Халықаралық құқық және халықаралық қатынас, олардың арасындағы байланыс және бір-бірімен қарым-қатынастығы

Халықаралық құқықтың анықтамасы мен ұғымы - ол, мемлекеттер арасындағы әр түрлi саяси,экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтiн құқықтың бiр бөлiмiн айтады.

Халықаралық қарым-қатынастардың нақты ұғымы – ол , мемлекет арсында саяси, экономикалық және басқа да байланыс жасаудың жүзеге асырылатын iс-әрекеттерiн айтады. Халықаралық қатынастар бекiтiлген шарттар мен келiсiмдер арқылы жүзеге асырылады. Мысалы Қазақстан мен Ресей мемлекет арасындағы “Байқоңыр” космодромын пайдалану жөнiндегi келiсiм - шартты бекiту. Осы космодромды пайдаланғаны үшiн Ресей мемлекетi әр жыл сайын бәлен сомдай ақша төлеуге мiндеттi болады. Мемлекет даму үшiн шетелмен қарым-қатынастар яғни сауда- саттық жұмыстарын жасау керек болады. Сонымен қатар ұлттық қаупсiздiк мәселесiн шешу үшiн әскери қорғанысты, қарулы күштердi нығайту қажет болады. Ондай жағдайда қару-жарақты және басқа да қорғаныс қондырғыларын сатып алу немесе сату қажет болады. Ал ендi халықаралық құқыққа келетiн болсақ оның құқық нормасы мемлекеттер арасындағы келiсiм процесiнде орынай бастайды.

Халықаралық жария құқығы мына мәселенi реттейдi:

-мемлекет арасындағы экономика мәселесiн;

-мемлекет арасындағы әскери мәселесiн;

-мемлекет арасындағы сауда-саттық;

-мемлекет арасындағы құқықтық көмек көрсету қызмет мәселесiн;

-халықарылқ ынтымақтастықты нығайтуын;

-халықырылық деңгейде ғылыми-зерттеудi нығайту;

-халықаралық апренада жаңа техниканы нығайту.

Халықаралық қатынастарға мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, халықаралық ұйымдар ролiнiң артуы, бейбiтшiлiк пен халықаралық қаупсiздiктiң жаңа проблемаларының туындауы, ядорлық соғыстың алдын алу, халықаралық құқық рөлiнiң өсуi сияқты сипаттар тән.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Халықаралық құқық-ол, құқытың ерекше жүйесі мен белгісі болып

табылады;

2.Халықаралық қарым – қатынастар -тек алдын-ала екі немесе көп жақты мемлекеттердің келісім-шарт жасау арқылы жүзеге асырылады;

3. Халықаралық құқық дегеніміз ол, мемлекеттер арасындағы қарым-

қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды айтады;

4. Хылықаралық құық мемлекет аралық қатынастағы жан-жақты

әр -салалық және нақты мәелені реттейді.


2. Халықаралық құқықтық мәжбүрлеу шаралары

Мемлекеттер арасында халықаралық норманы ашықтан-ашық ауытқу жасау немесе оның жалпы көрсетілген талабын орындамау және бір мемлекеттің екінші бір мемлекетке экономикалық және саяси қысым көрсеткен жағдайда халықаралық ұйымның араласуына негіз болатын мән-жайларды айтады.

Оған мысал ретінде Израильдің Палестина автономиясын құруға кедергі жасауы. Ресейдің Грузияға бомба тастауы. Немесе 1946 жылы Ұлы отан соғысы аяқталған соң фашистік германияның басшыларын Ньюренберг халықаралық әскери трибуналдың соттауы және Германияға 60 жылдай ешқандай әскери армиясын құруға қару жарақты жасауға тиым салуы. Сол сияқты милитаристік жапониаға әскер и қару мен армия құруға тиым салу туралы токодағы халықаралық әскери трибуналдың шешімі. Халықаралық құқытық мәжбүрлеу мына түрлерге бөлінеді:

1.Саяси мәжбүрлік жасау (дипломатиялық қарым-қөатынастарды үзуі) т.б.

2.Экономикалық блокада жасауы.

3.Халықаралық ұйымдардың арнайы комиссиялары әр жыл сайын тексеру жүргізуі.

Келесі бір мысал ретінде бұрынғы Югославияның президенттері Родован Караджич пен Слободан Милошович Албан халық өкілдерін жаппай қырғынға салғаны үшін БҰҰ тұсындағы Халықаралық әскери трибуналы соттады. Бұл қылмыстьтық іс «Геноцид» деп аталды. Міне осы аталған мысалдпар БҰҰ халықаралық сотының атқараған әділ соттық еңбегі деуге негіз бар. Сонымен қатар Ливияның Джамахеррея диктаторы Муаммар Каддафи билік басында елу жылдай билік басында жеке басқа табынушылық билігін жүргізумен келді. Сол елдің қарапайым халықтары бас көтеру нәтижесінде және БҰҰ мен НАТО әскери күштерінің қатысуымен диктатор тақтан кетуге мәжбүр болды.
ҚОРЫТЫНДЫ:

1.Халықаралық құқытық мәжбүрлеу-ол, бір мемлекеттің екінші бір мемлекетке себепесіз жаулап алфып оның халқын құлдыққа айналдырғван жағдайда халықаралық ұйымның қауапсіздік кеңесінің шешімімен сол жауланған елді азат етуге немесе жаулап алушы елді сол жасаған әрекетінен бас тартуға әсекр ету шараларын жасауды айтады;

2.Халықаралывқ әмбебап ұйымы халықаралық құқытық мәжбүрлеу жасау шараларын жүзеге асыру жолында ең маңызды және қолайлы іс-шара болып табылады;

3.Халықаралық құқытық мәжбүрлеу шаралары келтірген зардаптың орнын толтыруға әсерн ететін іс-шараның ең басты әдіс-тәсілі болып табылады.



3. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы халықаралық құқықты оқьггу мен халықаралық құкықта іс құқықта білімді тарату туралы резолюцияларды жиі қабылдауда

Қазақстан 1991 жылдан бастап жеке өз алдына егемендікке ие болған соң 1992 жылдың 3-наурызда БҰҰ Егеменді мемлекет ретінде мүше болып кірді. Яғни Қазақстан халықаралық құқытың субъектісі және объектісі болды. Бүкіл әлемге белгілі халықаралық әмбебап орган ол Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) болып табылады. Бұл орган халықаралфық шеңберде мемлекеттер арасындағы дау-жанжалдың бейбіт түрде ешуін реттеуге аса қызмет атқарады. Соғысты және басқа да әскери қақтығыстардың болуына жол бермеуге белсене әрекет жасайды. БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымының) маманданджырылған халықаралық соты мен мекемелерінің рөлін арттыру - халықаралық құқықтық қатынастакғы саяси және ойды енгізудің, яғни халықаралық құқық рөлін арттырудың халықаралық қауымдастықтағы құқықтық мемлекеттердің және Еуропадағы қауымдастық пен қаупсіздік үйымы және «халық дипломатиясының» рөлін арттыру және халықаралық құқықты нығайтудың құралы ретінде пайдаланады. БҰҰ құқық актлерiн жасауға мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қызметтерiнiң үйлестiру орталығы болып табылады.

Мысалы, қылымспен күресудегi мемлекетер мен халықаралық ұйымдар қызметтеiнiң үйлестiруi. БҰҰ 1872ж құрылған Халықаралық қылмыстық және пенетенциарлық комиссия қысқартылғаннан кейiн 1950 ж қайта орнай бастады.

БҰҰ қызметiндегi халықаралық ынтымақтастықтың дамуы, қылмыстылықтың алдын алу, онымен күресу және құқық бұзушылармен қатынас жасауды мына төмендегi факторлар айқындайды:

-қылмыстың нақты қоғамының объективтi негiзделген әлеуметтiк құбылысы ретiнде болуы, мемлекеттердiң олармен күрсте жинақталған тәжiрибелермен алмасу қажеттiгi;

-ұйымдасқан қылмыстар үлкен залал әкелуде-олар мемлекеттердегi қылмыстық iстердiң ажырамас бөлiгiне айналды;

-бiрқатар мемлекеттер үшiн есiрткi заттарын заңсыз сату, ұшақтарды айдап әкету, әйелдер мен балаларды сату және т.б. елеулi проблемалардың бiрi болып табылуда.БҰҰ 50 жылдың iшiнде халықаралық ынтымақтастықты үйлестiру жөнiнде тиiмдi жәрдем көрсеттi. БҰҰ тұсында қылмысқа қарсы күрес комитетi бар. Оның негiзгi мiндетi қылымсты алдын ала ескеру, халықаралық қаупсiздiктi қамыту.БҰҰ қылмыс жасаған қылмыскердi беру- ол, экстрадиция (extraditition) француз сөзi- ex, ал латын сөзi tradititio қосылып ұстап беру деген мағынаны бiлдiредi. БҰҰ Жарғысының 1(3)-бапта көрсеткендей мынадай мақсаттарды көздейдi:

Бүкiләлемдiк шеңбердегi экономикалық, әлеуметтiк, мәдениеттiк немесе гуманитарлық сипаттағы және адамның нәсiлiне, ұлтына, жынысына, тiлiне және дiни нанымына қарамастан құқықтары, бостандығы, құрмет көрсету мәселесiн шешуiн орындалуына қол жеткiзу керек болады.

БҰҰ Жарғысының 55 және 56-бабында ББҰ және оның мүшелерiнiң негiзгi мiндеттерi мен мақсаттары мынадан тұрады:

55-бапта:

БҰҰ ұлттардың өз еркiмен өздерiн айқындау және сый-сиапат көрсету қағидасында, мемлекеттер арасындағы татушылық пен тұрақтылық жағдайларын қамтамасыз ету мақсатын жүзеге асыру үшiн мынада iс-әрекеттер қажет:

а) әлеуметтiк, экономикалық және прогрессивтiк даму жағдайын сонымен қатар халықты жұмыспен қамытуды,өмiр сүру деңгейiн нығайту болып табылады;

б) халықаралық экономикалық және әлеуметтiк мәселелерiн шешу, денсаулық мәселесiн және соған байланысты басқа да мәселелердi шешу; бiлiм және мәдениет саласындағы халықаралық қарым-қатынас жасауға қол жеткiзу болады;

с) адамның нәсiлдiгiне, шығу тегнiе, жынысына,тiлiне және дiни нанымына қарамастан барлық тұлғалардың негiзгi бостандықтарын, құқығын сақтауды және жалпыға бiрдей сый-сиапатты қамтамасыз ету болады. 56-баптата:

БҰҰ барлық мүшелерi 55-бапта көрсетiлгендей бiрiгiп және өз бетiнше жұмыс мiндеттерiн атқаратын болады.
ҚОРЫТЫНДЫ:

1. БҰҰ- халықаралық шеңберде бейбітр өмірді сақтау, халықтар

ынтымақтастығын нығайту жолында әмбебап орган болып

табылады;

2.БҰҰ Халықаралық аумақта бейбіт өмірді қорғау үшін маңызды

іс-шаралырын жүргізеді;

3. БҰҰ- хылықаралық шеңңберде ұйымдасқан қылмыспен күресу үшін

үнемі маңызды іс-шараларын жүргізуді ұйымдастырады.


4.Халықаралық жария құқығы және халықаралық жеке құқықтың арақатынасы

Халықаралық бұқаралық құқығы - ол, мемлекеттер арасында, мемлекеттік деңгейлерде болатын немесе болған іс-шараларды жүзеге асыру мәселессін реттейтін болса, ал халықаралық жеке құқық тек жеке тұлғалар арасында немсе жеке меншік иелерінің шетелдік фирмалармен қарым-қатынас немесе бір елдщің азаматы екінші бір елдің азаматымен некеге тұру, бала қылып асырау, оқуға түсу, ғылыми-зерттеу жұмысын т.б. жеке тұлғалық шеңберде жасалатын мәмілелер мен іскерлік- қатынакстарды айтады. Халықаралық жеке құқықтың пәнi дегенз-ол, халықаралық шеңберде жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың шаруашылық қарым-қатынасты ретiне келтiретiн және жеке бастың мәселесiн шеудi оқып таныстыратын құқық саласын айтады. Қазiргi нарықтық экономика кезеңiнде әрбiр заңды тұлғалар (кәсiпорындар мен мекемелер) өз еркiмен шетелдiк фирмалармен бiрiгiп жұмыс жасау үшiн келiсiм-шарт жасауға құқылы. Халықаралық жеке құқық пәнi мына мәселелердi шешедi: азаматтық-құқытық қатынастарды; жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мәселесiн шешедi; ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу; еңбек-дау жанжалдарын шешу; неке-отбасылық мәселесiн шешу;

Халықаралық жеке құқығы –ол, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы жеке-қатынастық мәселенi шешетiн құқық жүйесiн айтады. Халықаралық жеке құқығы-мүлiктiк және мүлiксiз қатынасты реттейдi. Халықаралық жеке құқық- ол, ерекше түрдегi қатынасты реттейдi, атап айтқанда:жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың құқытық қабiлеттiгiн, әрекет қабiлеттiгiн анықтайды. Халықаралық жеке құқық- ол, мемлекет қатыспайтын әрбiр тұлғалардың жеке басына байланысты мәселенi шешетiн құқық саласы болып табылады.

Шет мемлекетте жүрген ҚР азаматтары сол келген елде жұмыс iстеген кезде сол елдiң заң талаптарын орындауға мiндеттi. Азаматтық құқытың шығу көздерi ұлттық заңнамалардан тұрады. Еңбек туралы қатынастары жөнiнде ҚР еңбек заңнамасы бойынша: ҚР аумағында бiрiккен фирмаларда, кәсiпорындарда, мекемелерде шетел азаматтары мiндеттi түрде келген елдiң және өз елiнiң заңдарын сақтауға тиiстi. Мысалы ҚР аумағында шетел фирмалары жұмыс iстейдi олар ҚР заңдарын және өз елiнiң заң талабын сақтауға мiндеттi. Отбасылық құқық шетелде сол некенiң қай жерде (елде) тiркелу рәсiмi жүргенкезде сол мемлекеттiң заңы бойынша орындалады. Мысалы ҚР, Ресейде неке бекiтiлген жерде осы аталған мемлекеттiң заңдары бойынша рәсiмделедi. Азаматтығы жоқ тұлғалар некеге тұру кезiнде қай жерде тұрақты орналасқан жерiнiң заңы бойынша жүзеге асырылады. Шетел азаматтарының некеге тұру тәртiбi Ресейде егер ол азамат қосазаматтық болса онда неке шетел азаматымен онда өзiнiң қалауы бойынша осы екi елдiк бiрiн таңдап сол елдiң заңы бойынша тiркеу рәсiмделедi. Азаматтық құқықтар ҚР аумағында шетел азаматтары ҚР азаматтарына тән барлық құқығына ие болады. Тек әскери борышты, сайлауға, сайлануға ,мемлекеттiк қызметке кiруге болмайды. 1991 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР жеке өз алдына егемендiк алған соң өзiнiң саясатын, экономкасын дербес жүргiзуге бет алды. Қазақстан аумағында жеке және шағын бизнестiң дамуына жеке кәсiпкерлiктiң дамуын нығайту үшiн шетелдiк кәсiпорындар мен мекемелермен қарым-қатынас, танысу, зерттеу, тәжiрибе алу жұмыстарын жүргiзу қажет болады. Мысалы ҚР кейбiр кәсiпорындар шетелдiк фирмамен жұмыс iстеуде, атап айтқанда ЖШС “Иволга” Канада мемлекетiнiң бидай өндiру фирмасымен тәжiрибе алу жұмыстарымен айналысуда.Канада бидай өсiру жағынан әлемге әйгiлi мемлекет. ҚР халықаралық жеке құқық-ол, елдiң экономикасын дауға жағдай жасайды.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1.Халықаралық жария құқығы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты және мемлекеттік басшылар асындағы келісімдер мен қарым-қатынасты әр салада жасалатын мәселелерді реттейтін ғылым саласын айтады;

2.Халықаралық жеке құқық пәнi мына мәселелердi шешедi: азаматтық-құқытық қатынастарды; жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мәселесiн шешедi; ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу; еңбек-дау жанжалдарын шешу; неке-отбасылық мәселесiн шешу;

3.Халықаралық жеке құқық- ол, мемлекет қатыспайтын әрбiр тұлғалардың жеке басына байланысты мәселенi шешетiн құқық саласы болып табылады.

4.Халықаралық жеке құқықтың пәнi дегенз-ол, халықаралық шеңберде жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың шаруашылық қарым-қатынасты ретiне келтiретiн және жеке бастың мәселесiн шеудi оқып таныстыратын құқық саласын айтады.
Бақылау сұрақтары:

1 Халықықаралық құқыщқтың пәні қанай мәселені реттейді?

2 Халықаралық құқытық жауапкершіліктің қандай түрі бар?

3 Бірікекен Ұлттар Ұйымының жалпы мәртебесі қандай?


2 тақырып. Халықаралық - құқықтық ғылым және халықаралық құқықтың тарихы
Мақсаты: Халықаралық- құқықтық ғылым және халықаралық құқықтың тарихын оқып танысу. Білім алукшылардың теориялық деңгейін тереңдету мен қатар оны алдағы уақытта тәжірибе кезіне қолдана білу болады.
Жоспары:

1. Халықаралық құқықтың қалыптасуы жәнс оның тарихи шығу көздері

2.Ежелгі ойшылдардың халықаралық құқық мәселелері туралы айтқан

ой - пікірлер

3. 1648 жылғы Вестфаль конгресі және оның халықаралық құқықтың

дамудағы рөлі

4.Гуго Гроций, оның замандастары және оның жолын қуушылар
1. Халықаралық құқықтың қалыптасуы жәнс оның тарихи шығу көздері

Тарихи декректер бойынша Үндiстандағы құқытық ескерткiштердегi Ману заңы бойынша дипломатиялық қызмет соғыстың алдын алу және бейбiтшiлiктi нығайтуды көздеген, олардың қызметшiлерi мен баспанасы мемлекет пен құдай өзiнiң қорғауына алады деген. Батыс Еуропа елдерiнде: Римде, Греция, Португалия, Германия дипломатиялық мәселенi шешу әр-турден тұрды.Римде арнайы ұйымдар құрылды. Олар ораторлардан және хабаршылардан тұрды. Грецияда сыртқы қатынастардың дамуы нәтижесiнде қариялардың кеңесiнде жауапты тұлғалар тағайындалған, оларды Пресбейс деп атады, оның қолына тиiстi грамота берiлдi ол “диплом” деп аталды. Грецияда елшiлерге қол сұқпаушылық ресми түрде танылды. Елшiлiктер тұрған жерлер сол келген мемлекет юрисдикциясынынң құрамынан алынатын болды. Яғни сол жер аумақтары белгiлi мемлекет елгiлiгiнiң пайдалануына берiлдi. БҰл рәсiмдер:Рим, Лиссабоан,Венеция, Генуя,Франкфурт-на-Майне, Мадридте болды. Грецияда дипломатиялық қатынас жұмысын жүргiзгенде тақтайшаға жазылатын болды оны диплом деп атады. Араб Шығыс мемлекеттерiне:Египет, Судан, Иордан, Сауд Аравиясында елшiлiк мiндеттi түрде қорғаушылыққа алдынды, яғни сол келген мемлекеттiң қорғауында болды.Елшiлер мемлекет аралық байланысшы деп анықталды. Орта Азия мен Қазақстанның елшiлiк қызметi ҚР 1991 ж. желтоқсан айынан бастап егемендiкке ие болған соң дипломатиялық қызмет байланыстары қалыптаса басталды. Орта Азия мемлекетi Өзбекстан,Тәжiкстан, Пәкiстан, Ауғанстан, Иран т.б. елдерiнде елшiлiк қызметтер ең басты орын алды. Тек елшiлiк қызметтiң нәтижесiнде мемлекет аралық қарым-қатынас орнатылатын болды. ҚР елшiлiк қызмет жөнiнде “Дипломатиялық қызмет туралы” ҚР Заңы,2002 ж.,7-шi наурызда шықты.Ал келесi нормативтiк құқыққа: “ҚР елшiлiгi туралы” ережесi ҚР Президентiнiң 1992 ж.,2-шi шiлдеде шыққан№ 832 және 833 қаулысымен бекiтiлген. Аталған құжаттарда ҚР Төтенше және Өкiлеттi елшiсiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi айтылған.

Елшiлiк құқытың пайда болу кезеңдерi:

1.Сыртқы дипломатиялық елшiлiгi бiрiншi рет 1815ж орнатылды.,Лондонда.

2.Елшiлiк қызметтiң мәселесi.,1961 жылы Вена конвенциясында қабылданды.

3.ҚР бойынша елшiлiк қызмет: Төтенше және өкiлеттi елшi деп аталды ол,

“ҚР елшiлiгi туралы”ҚР Заңы, 2002 ж.,7-шi наурызда бекi бекiтiлдi.

ҚР жеке өз алдына егемендiк мемлекет болған соң дипломтиялық қызметтi, елшiлiк қызметтерi қалыптастырылды.



ҚОРТЫНДЫ:

1 Халықаралық құқық ең алғаш Ежелгі Грекия мен Римде, Қытайда, Египетте және шығыс елдерінде салт-дәстүрле мен әдет- ғұрыптардың үнемі қолдануы арқылы құқыққа айналды.

2. Ежелгі дүниеде мемлекетаралық қатынастар бір-біріне елшіні жіберу арқылы келіссөз, бітім жасау арқылы байланыс жасады.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет