Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi



бет3/14
Дата19.11.2016
өлшемі2,52 Mb.
#2056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Бақылау сұрақтары:

1.Грекия халық жиналысында қабылдаған “Пресбейс”-тiң мағынасы

қандай және ол қазiргi кезңде қалай аталады?

2.1815 жылғы Вена Конгресiнде дипломатиялық рангiнiң қандай түрлерi

қабылданды?

3. БҰҰ мамандандырылған органында Бүкiләлемдiк еңбек ұйымын қалай

атайды?

4. БҰҰ тұсындағы Атом қуатын бақлау және қадағалау органықалай аталады?



3 тақырып. Қазақстан тарихындағы халықаралық-құқытық институттардың пайда болуы және дамуы

Мақсаты: Қазақстан тарихындағы халықаралық-құқытық институттардың пайда болуы және дамуы. Халықаралық құқықтың қайнар көздерi оқып танысу. Білім алушылардың осы тақырып бойынша теориялық деңгейін одан әрі тереңдету және тәжірибе жүрзінде жүзеге асыра білу болады.
Жоспары:

1.Қазақстан тарихындағы ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық

нысанының пайда болуы

2. Советтік Социалистік Республика Одағы кұрамындағы Қазақ Советтік

Социалистік Республикасының халықаралық құқық субъектілігі

3.Қазакқтандағы шарттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етуші халықаралық-құқықтық іс-құралдар

4. Қазақстан Республикасы егемен, дербес мемлекет, кәзіргі халықаралық

құқықтың толыққанды, теңқұқылы субъектісі


1. Қазақстан тарихындағы ынтымақтастықтың халықаралық-

құқықтық нысанының пайда болуы

Қазақстан жеке өз алдына егемендi мемлекет болған соң 1992 жылдың 2-шi наурыз айынан бастап БҰҰ мүшесi болып қабылданды. Бұл дегенiмiз Қазақстан халықарлық құқықтың субъектiсi болып ресми түрде танылды. Қаазақстан елдiнде жүзден астам халықтың өкiлдiгi тұрады. Осы аталған халық ынтымақтастығы кеңiнен таралған. Халықаралық құқықтың субъектiсi дегенiмiз-ол, бүкiл әлемдiк шеңберде жаңадан пайда болған мемлекеттiң ресми түрде танылуды айтады. Ондай жағдайда адам құқығын бұзу мәселесi жөнiнде және екi мемлекет арасындағы дау-жанжалды шешу үшiн БҰҰ органдары халықаралық құқық пен нормативтiк актелер негiзiнде шешiлуге, реттелуге тиiстi болады. Мемлекет, бiр жағынан алғанда, халықаралық жүйенiң бiр бөлiгi болса, екiншi жағынан, одан тыс та дами бередi. Мысалы,ХХ ғ. 60-жылдарында Албания мемлекетi халықаралық ұйымдардың құрамынан шығып, басқа мемлекеттермен дипломатиялық және елшiлiк қатынастардың бәрiн тоқтатып, дербес дамуға бел байлады. Мемлекет iшiндегi құқытық реформаны жүргiзу бая болды. Өйткенi сыртқы байланыстар мен халықаралық ынтымақтасты қажет ететiн болады. Ынтымақтастық дегенiмiз-ол, белгiлi бiр халықтың өзге халықтармен қарым-қатынасты орнатуын, елшiлiк ресми түрде айырбас ету әрекеттi айтады. Қазақстан халықарылық аренада мынадай әлемдiк жұмысқа қатысты:

-ЮНЕСКО;

-УВКБ босқындар мәселесi жөнiнде;

-МОТ ;

-МАГАТЕ;


-МВФ;

-ВОЗ денсаулық сақтау ұйымы;

-ПРООН бағдарламаны дамыту туралы БҰҰ.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1. ҚР жеке өз алдына егеменгдікке ие болған соң халықаралық құқытың субъектісі болды.

2. Қазақстан аумағында 120 дан астам ұлт өкілдері тұрады, олардың бәрі

ынтымақтастық пен татулық негізде өмір сүруде.

3. Қазақстан 2010 жылы ЕҚҚҰ төрағалық ететін болады.


2. Советтік Социалистік Республика Одағы кұрамындағы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының халықаралық құқық субъектілігі

СССР дiң кезiнде Қазақ ССР-i одақтас республика болды. Ал одақтас республиканың мүддесi ол ешқандай өз бетiнше iшкi және сыртқы саясатты жүргiзуге болмады. Өйткенi сол кездегi 15 одақтас республикалардың бәрi тек Москваға бағынды. Яғни сол кездегi КПСС диктатурасының саясаты болды.Москваның рұқсатысыз ешқандай шетелмен өз бетiнше қарым-қатынас жасауға болмады. Өйткенi сол кезде Қаз ССР-нiң iшкi және сыртқв саясатын тек Москва ғана яғни Орталық саяси бюро анықтады. Сондықтан, Қаз ССР халықаралық құқық субъектiсi болмады. Өйткенi сол кездегi СССР заңы бойынша БҰҰ мүшесi болған жоқ. Сол себептен Қаз ССР өз бетiнше шетелмен қарым-қатынас жасауға құқығы болмады. Оның бәрi Москваның рұқсаты бойынша жасалатын болды. Сол кезде қазақстан СССР-дiң құрамында болғандықтан халықаралық құқықтың жеке өз алдына субъектiсi бола алмады. Қаз ССР-дiң сыртқы iстер министрлiгi Орталық яғни СССР дiң сыртқы iстер министрлiгiне тiкелей бағынысты болды. Яғни орталық диктатуралық билiгi болды. Қаз ССР-дiң халықаралық деңгейде және сыртқы iстер мәселесi тек Москваның бұйрығы бойынша жүзеге асырылды.Ал Қаз ССР де ешандай билiгi болмады. Сол себептен жеке өз аолдына субъектi болмады. Халықаралық құқық бойынша Қаз ССР жалпы субъекект боса да ал iс жүзiнде субъектi ретiнде БҰҰ қарауға жол берiлмедi. Өйткенi сол кездегi КПСС диктатурасы қатаң тиым салды. Оған мысал ретiнде 1986 жылдың желтоқсаны мысал болып табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1.Қаз ССР-і СССР-дің құрамында бола тұра ешқандай егемендікте және

БҰҰ мүшесі бала алмады.

2.Сол кездегі СССР дегі оның ең басты органы КПСС-тің Саяси

бюросының жүргізген саясаты 15-одақтас республикаларында

жаппай, тегісімен орыстандыру саясаты жедел жүргізілді.


3. Қазакқтандағы шарттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етуші халықаралық-құқықтық іс-құралдар
Шарт немесе келiсiм деймiз – осы аталған кеi сөздiң маңызы мен мағынасы бiр деуге болады. Өйткенi келiсiм мен шарт екi немесе одан көп жақтардың өз-ара келiсiмге, бiтiмге, пәтуаға келшулерiн айтады. Келiсiм мен шарт екi немесе бiрнеша адамдар мен ұйымдар, мекемелер мен кәсiполрындар және мемлекет арасында да болып тұрады. Қазiргi нарықтық экономика кезiнде мемлекет арасында келiiсiм-шарттың болуымен қатар әрбiр кәсiпорындар мен мекемелер дебелгiлi бiр мәселе бойынша мәмiлелердi жасайды. Шарт дегенiмiз-ол, қоғамдық қатынастардағы екi немесе одан көп мемлекет арасындағы белгiлi бiр мәселе жөнiнде жасалатын мәмiленi айтады. Мысалы, Қазақстан мен Ресей меимлекетi арасында космдром “Байқоңырын” пайдалану туралы шартқа екi жақтан қол қойды. Халықаралық құқықта шарт ең басты нормативтiк құық актiсi болып табылады. Оның себебi халақаралақ келiсiмдер, шарттарды әрбiр мелекетте Парламент ратификация жасауы керек болады. Қ.Р.Конституциясы бойынша халықаралық келiсiм, шарттар мiндеттi түрде ҚР Парламентi не ратификациялайды ,не денонсациялайды.

Халықаралық шартқа байланысты мәселелер қазiргi кезде негшiзгi үш шартқа байланысты мәселелер қазiргi кезде негiзгi үш келiсiмдермен реттеледi : 1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығының Вена Конвенциясымен, 1986 жылғы халықаралық ұйымдар арасындағы халықаралық шщарттар құқығы туралы Вена Конвенциясымен, сондай –ақ 1978 жылғы халықаралық шарттарға қатысты, мемлекеттердiң құқыққа иеленушiлiк жайындағы Вена Конвенциясымен реттеледi. Осы аталған құжаттың ең маңыздысы 1969 ж Вена Конвенциясы танылды. Осы аталған құжатты негiзге ала отырып халықаралық шарт-деп мемлекет арасында жазбаша түрде жасалатын мәмiленi айтатын болды.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Халықаралық құқытың шығу көздері-ол, келісімдер мен шарттар

болып табылады.

2.Халықаралық келісім-шарттар бекітілген соң белгілі бір уақыт ішінде

әр елдің Праламенті сол шарттарды қарап, не ратификациялау, не

денонсациялау шешімін қабылдауы керек болады.



4. Қазақстан Республикасы егемен, дербес мемлекет, кәзіргі халықаралық құқықтың толыққанды, теңқұқылы субъектісі

уралы Халықаралық экономиканың негiзгi қағидасы-ол, халықаралық экономикалық қатынасты реттеу болып табылады. Негiзгi қағидаға жатаындар: мемлекеттiң егемендiгiнiң сақталу қағидасы; мемлекеттiң тәуелсiздiiк қағидасы; партнерлық қарым-қатынасты нығайту; инвестициялық қатынас қағидасфы; екi немесе кқөпжақты теңдiктi сақтау қағидасы; экономикалық саласына күш қолдануды болғызбау; мемлекеттiң iшкi саячсатына кiрiспеу қағидасы; мемлекеттiң өзiнiң табиғи байлығына толық егемендiк қағидасы; сыртқы экономиалық байланысты ұйымдастыру нысанын таңдау қағидасы; экономикалық қатынастардығы мемлекеттердiң теңдiк қағидасы; еркiн және тәуелсiз жағдай жасау қағидасы; ұлттық режим қағидасы; өзара көмек көрсету қағидасы.1964жылы “Табиғи байлықты мемлекеттiң бөлiнбес қожалық ету қағидасы туралы” Женевада бекiтiлген Халықаралық пактiсi. Бұл пактi Женевалық қағида деп аталды. Өзара түсiнiктi қағида: Бұл қағида ұғымында бiр мемлекет келесi бiр мемлекетке белгiлi жағдайлар жасап, талаптар қойса, үшiншi ммлекетке де нақ сол талаптарды қойып, жағдайларды жасауды тиiстiгiн бiлдiредi. Яғңни бұл тек мемлекет өз iшiнен өзiнiң талкабын басқа мемлекетке де қоймақшы болғанын айтады. Яғни әрбiр мемлекет серiктғс мемлекеттiң өзге мемлекетке жасаған жағдайы, яғни жеңiлдiлiгi өзiне де жасалуын талап етуге құқылы. Бұл құқық заңды негiздерде жасалып жатқан жеңiлдiктерге жатпайды. Ең қолайлы жағдай жасау қағидасы: Бұл қағида мемлекеттiң әрiптес мемлекетке ұшiншi кез келген елге жасауы мүмкiн жеңiлдiктерiн жасауға заңды мiндеттiлiгiн айтады. Ең қолайлы жағдай жасау режимiнiң қолданылатын аясы әдетте бiр халықаралық шартта ең қолайлы жағдай жасау керектiгi туралы нақты ескертпеде айтылады. Бұл ескертпе жалпы сауда қатынасынынң барлық аясында немесе жекелеген қатынас түрлерiне таралады; кедендiк бар салықтары, транзиттiк, сандық, өзге де шектеулер мен тыйым салулар; көлiктiк режимге, жеке және заңды тұлғалардың салалық, т.б. құқықтарына. Дегенмен тараптардың келiсiмi бойынша ең қолайлы жағдай жасау режимiнен ауытқуға жол берiлердi, атап айтқанда мынадпай: көршiлес мемлекеттерге ерекше жеңiлдiктер, т.б. берiледi. Бұл режимнен ауытқу көбiнесе преференциялық кеден қатынастарында қолданылады (дамушы елдер үшiн, кедендiк одақ шегiнде, еркiн сауда аймағында т.б.). Ұлттық режим: Бұл режим бойынша шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың құқықтары отандық жеке және заңды тұлғалардың құқытарымен теңесiрiледi. Ол көбiнесе бiржақты жасалады немесе кейбiр сауда келiсiмдерiнде көрсетiледi. Әдетте, бұл сот өндiрiсiн қоса алғанда, азаматтық құқытық қабiлеттiкке қатысты болады. Екi жақты пайда қағидаты: Бұл қағида мемлекеттердiң арасындағы екiжақты тиiмсiз, қулықпен, жанама, тiкелей мәжбүрлеумен жасалған қарым-қатынастарды болдырмауды көздейдi,яғни табыс бөлу,мiндеттмелер жүктеу әдiлеттi түрде, салыстырмалы негәiзде болуы керек.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1.Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтаушы ол тек ҚР

Президенті болып табылады.

2. Экономикалық қарысм-қатынасты ңығайту ол халықаралық сауда-

саттықты жүргізу болады.

3. Нарықтық экономика-ол, дүнижүзілік экономикакмен тікелей және

тығыз байланысты.


Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстан БҰҰ –на қай жылы мүше-мемлекет болдып енді?

2.КСРО-ның құрамындағы Қаз ССР-нің халықаралық құқытық субъектілігінің

мәртебесі қандай болды?

3.Халықаралық шартты қалай түсінесіз және оның мемлекет аралықтағы

маңызы неде?

4.Халықаралық экономиканың Қазақстандағы нарықтық экономикасының

дамуына қандай әсері бар?

5.Қазақстан алдағы уақытта халықаралық мәселе жөнінде қандай

экономикалық мақсаттарды көздеуде?


4 тақырып. Халықаралық құқықтың қайнар көздері
Мақсаты: Халықаралық құқықтың қайнар көздері туралы оқып танысу болады. Білімм алушылардың теориялық қабілетін одан әрі тереңдете отырып алдағы тәжірипбе сабағында нақты өздерінің жауаптары арқылы дәлелдеуін көрсете білу болады.
Жоспар:

1.Халықаралдық шарт халықаралық құқытың негізгі қайнар көзі ретінде

2.Халықаралдық шарттар және халықаралық әдет- ғұрыптың өзара әрекеттесуі

3.Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сот және халықаралық төрелік

шешімінің рөлі

4.Қазіргі халықаралық құқықтың жүйесі


1.Халықаралдық шарт халықаралық құқытың негізгі қайнар көзі ретінде

Халықаралық құқықтың дамуындағы маңызды белгiлердiң бiрi, оның негiзгi қағидалары рөлiнiң үдемелi дамуында, басқаша айтар болсақ, ол белгiлi бiр қатынастардағы халықаралық құқық субьектiлерiнің тәртiптерiне негiзделген, заңи оқшауланған нормалары болып шығады. Халықаралық құқықтың белгiлi бiр обьектiсiне қатысты нақты құқықтық қатынастарды реттеуге арналған нормаларға қарағанда, қағидалар өз әрекетiн құқықтық қатынастардың тұтас аумағына таратады. Құқықтық нормамен салыстырғанда, қағида ұзақ мерзiмдi, әрi өзгерiп тұратын мән-жайлардың әсерiне көп ұшырамайды. Сонымен бiрге, нормаларға қарағанда қағидалар ұзақ мерзiм iшiнде қалыптасады.

Дегенмен, бұдан халықаралық құқықта тек осы 7 қағида бар екен деген ой тумау керек. 1975 жылы Хельсинкиде болған жалпы еуропалық жиналыстың Қорытынды Актiсiнде 10 қағида бар. 1970 жылғы Декларациядағы тiзiмге келесiлер қосымша енгiзiлдi: шекаралардың мызғымастық қағидасы; аумақтық тұтастық қағидасы; адамның құқықтары мен негiзгi мiндеттерiн құрметтеу қағидасы. Айтып өтетiн бiр жәйт, халықаралық құқық халықаралық құқық субьектiлерiнiң басшылыққа алатын қағидаларының барлығын белгiлеудi өзiне мақсат тұтпайды. Әрбiр жеке тарихи кезеңде қолданыстағы қағидалар жаңаланып, эволюция жүрiп тұрады. Мысалы, халықаралық экологиялық құқықта қоршаған ортаға залал тигiзбеу сияқты; қоршаған орта мен оның компоненттерiн еркiн зерттеу және пайдалану қағидасы; қоршаған ортаны тиiмдi пайдалану қағидалары және т.б. бар. Халықаралық әуе құқығында халықаралық әуе хабарламаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидасы; заңсыз қол сұғу актiсiнен әуе кемелерiн қорғау және т.б. қағидалар негiзгi қағидалар болып табылады. Халықаралық құқық доктринасы халықаралық жария құқықтың негiзгi қағидаларын былайша жiктейдi:

Мемлекеттердiң экономикалық, әлеуметтiк және саяси жүйелерiнен тәуелсiз түрде бейбiт қатар өмір сүру қағидасы. Осы қағидаға сәйкес, мемлекеттер халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдауға, сондай-ақ өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамытуға мiндеттi. Бұл қағиданың сипаттамалық белгiсi - ол халықаралық құқықтың көптеген негiзгi қағидаларының мән-маңыздарының үйлесуi. Сондықтан да, қазiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидаларының барлық жүйесi бейбiт қатар өмір сүру қағидаларының жүйесi деп атала алады. Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы. Алғаш рет бейбiтшiлiк туралы Декретте жарияланған басқыншылық соғысқа тыйым салу қағидасы, ең бiрiншi 1935-1939 жылдарда жасалған шабуыл жасамау және бейтараптық туралы шарттарда заңи бекiтiлген болатын. Осы қағида 1933 жылғы агрессияны айқындау жөнiндегi Лондон Конвенциясында; басқыншылық соғысқа тыйым салу қағидасын халықаралық құқықтың жалпыға мiндеттi нормасына айналдырған 1928 жылғы Париж шартында онан әрi бекiтiле түстi. БҰҰ Жарғысының қабылдануы - күш қолданбау қағидасын бекiтудiң келесi маңызды сатысы болды. Көпшiлiк мойындаған қағида - консенсус негiзiнде жасақталған басқыншылық анықтамасын мақұлдай отырып – БҰҰ Бас Ассамблеясы барлық мемлекеттердi түрлі басқыншылық актiлерiнен және БҰҰ Жарғысының ережелерi мен халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары туралы 1970 жылғы Декларациясына қайшы келетiн күш қолданудың басқа да түрлерiнен тыйылуға шақырды. Халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасы. Г.И. Тункин шабуыл жасамау және халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу қағидаларының арақатынасын қозғай отырып, бұл екi қағида бiр медальдың екi жағы сияқты деп атап өттi. Егер мемлекет өзiнiң басқа бiр мемлекеттермен қатынасында күш қолдануға тыйым салатын болса, тиiсiнше мұндай мемлекеттермен туындаған дауларды да бейбiт жолмен ғана шешуi тиiс. Сонда дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасы, осы дауларды реттеу үшін күш қолданбау керек дегендi бiлдiредi. Халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу, халықаралық құқық қағидасы ретiнде алғаш рет соғыстан бас тарту туралы 1928 жылғы Париж шартында бекiтiлген едi. 1928 жылғы Париж шартынан кейiн туындаған дауларды бейбiт жолмен шешу басқа да бiрқатар мемлекетаралық келiсiмдерде, сондай-ақ Ұлттар Лигасының резолюцияларында да халықаралық құқықтың қағидасы ретiнде танылды. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталғаннан кейiн осы қағида БҰҰ Жарғысында, атап айтқанда 2 баптың 2 бөлігінде бекiтiлдi: “БҰҰ-ның барлық мүшелерi халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке және ақиқатқа қауiп төндiрмеу үшін, өз дауларын бейбiт құралдар арқылы шешедi”.

Мемлекеттердiң аумақтық тұтастық қағидасы. 1970 жылғы Декларацияда осы қағида күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасының бiр бөлігі ретiнде баян етiлген. Мемлекеттердiң аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған әрекеттердiң iшiнде күш немесе қауiп-қатер күшiн қолдану ерекше орын алады. Қарастырылып отырған қағиданың тұжырымдамасында мемлекеттердiң кез-келген мемлекеттiң саяси тәуелсiздiгi мен бiрлiгiне қарсы бағытталуы мүмкін кез-келген әрекеттерден тыйылуы жөнiнде сөз бар. Шекаралардың мызғымастық қағидасы. Шекаралардың мызғымыстық қағидасының мәнi бұл қағиданың соғыс пен бейбiтшiлiк мәселелерiн шешудегi ұзақ мерзiмдi тәжiрибемен қамтамасыз етiлгенiмен айқындалады. Осы қағиданы қолдану әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан саяси және аумақтық болмыс шарт-жағдайларындағы барлық мемлекеттер үшін ақиқатты қауiпсiздiктi бекiту сұранысының жинақталған көрiнiсi болып табылады. Мемлекеттердiң дербес теңдiк қағидасы. 1975 жылы Еуропада қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi Кеңесте Еуропаның даму жолдары туралы пiкiрталасына белгiлi бiр қорытынды жасалды. Хельсинки Кеңесi мемлекеттердiң қарым-қатынасы дербес теңдiк, дербестiкке тән құқықтарды қорғау қағидаларына негiзделулерi қажет екендiктерiн растап бердi. Iшкi iстерге қол сұқпаушылық қағидасы. Мемлекеттердiң бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпауы туралы мәселе феодализм дәуiрiнде пайда болған едi. Бұл кезеңде қол сұқпаушылықты құқықтық норма ретiнде шарттық ресiмдеу - өте сирек кездесетiн құбылыс болатын. Ол халықаралық құқықтың жалпы қағидасы ретiнде буржуазиялық революция кезеңiнде қалыптасты. Халықтардың теңқұқылық және өзiн-өзi басқару қағидасы. Бұл қағида орталықтандырылған абсолюттi монархияның орнаған кезеңiнде, 15-16 жүзжылдықтарда пайда болды. Халықтардың өздерiнiң iшкi саяси мәртебесiн еркiн айқындауларына кедергi келтiру мақсатында мемлекеттердiң iшкi iстерiне қол сұғу басқыншы - мемлекеттерге тән сипат.Мемлекеттердiң ынтымақтасу қағидасы. Осы қағидаға сәйкес, мемлекеттер өздерiнiң ынтымақтастықтарын барлық салалар бойынша дамытуға мiндеттенедi. Егер 1975 жылғы Қорытынды Актiмен 1970 жылғы Декларациядағы осы қағиданың тұжырымдамасын салыстыра қарағанда, мемлекеттердiң бұл қағиданы материалдық мазмұн жағынан толықтыруға тырысқанын байқауға болады. Егер 1970 жылғы Декларацияда ынтымақтасудың бiр мақсаты ретiнде “халықтардың жалпы тұрмысын жақсарту” үшін жәрдемдесу көзделсе, ал, Қорытынды Актiде бұл ереже нақтылана түседi: мемлекеттер, өздерiнiң ынтымақтасуын дамыта отырып, халықтардың тұрмысын көтеруге, соның iшiнде экономикалық, ғылыми, техникалық, әлеуметтiк, мәдени және гуманитарлық салаларда таралып келе жатқан өзара таныстықтардан келiп шығатын пайданы қолдануға тырысады.

Адам құқықтарын құрметтеу қағидасы. Осы қағиданың мазмұнына сәйкес, мемлекеттер тек азаматтық және саяси ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк-экономикалық құқықтарды да сақтауды өздерiне мiндет етiп жүктейдi. Сөйтiп, тәуелсiздiкке тән дербес теңдiк және құқықтарды құрметтеу қағидаларын орындай отырып, мемлекеттер бiр-бiрiнiң өздерiнiң саяси әлеуметтiк, экономикалық және мәдени жүйелерiн еркiн таңдау және дамыту құқықтарын құрметтеуге мiндеттенедi. Халықаралық мiндеттемелердi адал орындау қағидасы. Халықаралық құқықта ертеден-ақ, шарттар орындалуы тиiс – pacta sunt servanda - деген қағида бар. Ол кейiн БҰҰ Жарғысының Кiрiспесінде көрiнiс тапты. Онда БҰҰ мүшелерiнiң “халықаралық құқықтың шарттарынан және басқа да қайнар көздерiнен туындайтын мiндеттемелердiң әдiлдiгi мен құрметтелуiнiң сақталуына шарт-жағдайлар қалыптастыруға” бел байлағандары атап көрсетiлген. БҰҰ Жарғысының 2 бабының 2 бөлігіне сәйкес, барлық мүше - мемлекеттер Жарғы бойынша қабылданған халықаралық мiндеттемелердi адал орындауға мiндеттi. Мемлекеттер өздерiнiң iшкi құқықтарына қарамастан, шарттың мақсаты, мазмұны, мерзiмi және орындалу жерi бойынша өздерінің мiндеттемелерiн адал орындаулары тиiс.

Халықаралық–құқықтық нормалар санының артуы оларды жiктеу қажеттiлiгiне әкеледi. Соның iшiнде көп таралғаны бұл нормалардың шарттық және жәй болып бөлiнуi. Дегенмен, оның күрделiлiгiне және көп қырлылығына байланысты басқа да маңызды белгiлердi ескеру қажеттiлiгi туындайды.

а) әрекет ету өрiсi бойынша – әмбебапты, аумақтық, партикулярлы (бытыраңқы).

Әмбебапты нормалардың болуы халықаралық әмбебап актiлермен қамтамасыз етiледi, олар халықаралық құқықтың көпшiлiк мақұлдаған нормалары деген атқа ие. Әмбебап нормалар БҰҰ Жарғысында, 1970 ж. халықаралық құқық қағидаларының Декларациясында бар, БҰҰ Бас Ассамблеясының көптеген резолюциялары, көпшiлiк мемлекеттердiң оның заңдық күшін қабылдағанынан кейiн, халықаралық құқықтың көпшiлiк мойындаған нормасына айналады. Әмбебап нормалардың негiзгi айырмашылық белгiсi олардың әрекет етуiнiң әмбебаптығы, жалпыға бiрдей мiндеттi күші болып табылады. Тек қана әмбебап норма ғана императивтi бола алады және ерекше әмбебап мiндеттемелердi жасай алады.

б) заңи күші бойынша – императивтiк және диспозитивтiк.

Халықаралық құқық доктринасы “императивтiк норма” және “jus coqens” терминдерiн тең дәрежеде қолданады. Императивтiк нормалардың пайда болуының алғы шарттарын БҰҰ Жарғысы жасады, мәселен 2 баптың 6 бөлігі, 106 бап. Онан әрi бұл тұжырымдаманы халықаралық шарттардың құқықтары туралы Вена Конвенциясы дамытты. Халықаралық құқық комиссиясы императивтiк нормалардың құқықтық табиғатын егжей-тегжейлi талқылады. Жалпы халықаралық құқықтың императивтiк нормаларына халықаралық құқықтың негiзгi қағидаларын; әлемдiк бiрлестiктердiң халықаралық құқықтың қол жеткiзген адамгершiлiк стандарттарын- әдiлдiк, адал ниет қағидаларын тарихи түрде бекiтетiн құқықтар мен нормалар; қол жеткiзген гумандық деңгейдi бекiтетiн – адамзат құқығы, халықтар, аз ұлттар құқығы жөнiндегi, соғыс құрбандарын қоғау жөнiндегi қағидалар; атмосфераны жалпылай ластауға, жер бетiн, теңіздердi былғауға тыйым салатын қағидалар мен нормалар; халықаралық кеңістiктердiң, ашық теңiздердiң, космостың, Антарктиканың режимiн айқындайтын қағидалар мен нормаларды жатқызуға болады. Диспозивтiк нормалар халықаралық құқық субъектiлерiнiң арасындағы келiсiм нәтижесiнде тәртiп ережелерiнен ауытқуға мүмкіндiк бередi. Диспозивтiк мынадай болып көрiнуi мүмкін”тараптар келiсiмiмен өзгеше көзделмесе тараптардың. . . мүмкіндiгi бар” – дегендей. Нормалардың диспозитивтiгі шектелген мiндеттi күшімен емес, ал субъектiлердiң өздерiнiң ара-қатынасын жалпы нормада бекiтiлгеннен басқаша реттеу құқығын көрсетедi. Мәселен, – халықаралық экономикалық қатынастар аумағында – 1980 жылғы халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы Конвенцияның 6 бабында диспозивтiк норма бар: тараптардың Конвенциясы қолданбауы да мүмкін немесе 12 баптың талаптарын сақтағанда оның кез-келген ережелерiнен бас тартуға немесе оның әрекет етуiн өзгертуге құқылы, - делінген.

в) халықаралық–құқықтық реттеу тетігі қызметі бойынша – материалдық және іс-жүргізушілік.

Халықаралық құқықтағы іс-жүргізу нормаларының мәнi ұлттық жүйеден өзгешелеу. Ондай нормалар арнайы заң шығарушы және құқықты қолданушы мекемелермен шығарылады және iске асырылады.

Ал, халықаралық құқықтың іс-жүргізу нормаларын негiзiнен алғанда, құқық субъектiлерiнiң өздерi шығарады және iске асырады, яғни материалдық және іс-жүргізу нормаларының елеулi ерекшелiктерi жоқ.

Сiлтемелiк (бланкеттiк) халықаралық-құқықтық нормалар басқа нормаларда көзделген ережелердi басшылыққа алуға мiндеттейдi. Мұнан басқа, құқықтық емес нормаларға да сiлтемелер жасалуы мүмкін. Мысалы, Халықаралық Сот Статутының 38 бабында, егер тараптар келiскен жағдайда дауларды әділдік бастамасымен қарау қарастырылған.

3. “Құқықтың қайнар көздерi” деген термин – материалдық және ресми (заңдық) екi аспектiде қолданылады.

Халықаралық құқықтың материалдық қайнар көздерi ретiнде халықаралық еңбек бөлiнiсi нәтижесiнде дамитын және халықаралық құқық нормаларын пайда қылатын бүкiләлемдiк экономикалық қатынастарды айтамыз. Қазiргi заманғы халықаралық құқықтың мағынасындағы қайнар көздерi –бұл оның нормалары мен қағидаларының көрiнуi мен бекiтiлуiнiң ерекше, арнаулы нысаны. Қазіргі заманғы халықаралық құқықтың заңдық қайнар көздерi халықаралық құқық шығармашылықта ерекше орынға ие, атап айтқанда халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларының қалыптасу және пайда болу процесiн қорытындылайды.

Сөйтiп, халықаралық құқықтың қайнар көздерiнiң – заңи мағынасы – бұл, оның субъектiлерiнiң келiсiлген еркiн бiлдiретiн халықаралық құқық нормаларына айналған нысандар.



бар. жолмен шешу қағидасы. ары арқылы дәлелдеуін көрсете білу болады.Қайнар көздердiң жүйесi негiзгi және көмекшi болып екiге бөлiнедi. Негiзгiге мыналар жатады:

Халықаралық шарт;

Халықаралық дәстүр;

Халықаралық құқықтың көмекшi қайнар көздерiне мыналар жатады:

Халықаралық ұйымдардың шешiмдерi, резолюциялары;

Халықаралық Соттың және Төрелік соттың шешiмдерi;

Iшкiмемлекеттiк заңдар, ұлттық соттардың шешiмдерi;

Халықаралық құқықтағы ғалымдар доктринасы;

Өкениеттi ұлттар мойындаған құқықтың жалпы қағидалары.

Халықаралық шарт, келiсiмге келушi тараптар үшiн құқықтар мен мiндеттердi пайда қылады және оның заң нормаларында бекiтiледі. Осы қайнар көз халықаралық құқықтың негiзгi қағидаларына сәйкес келетiн заң нормаларын жасайды. Халықаралық құқық нормаларын жасайтын мемлекеттердiң келiсiлетiн ерiктерi аяқталған нысанда болғанда және шарт болған жағдайларда бар болады.

Халықаралық дәстүр шарттан кейiн екiншi орынға ие, бұрындары ол басым дәрежеге ие болатын. Халықаралық дәстүр дегенiмiз халықаралық тәжiрибеде қалыптасқан тәртiп ережесi, халықаралық құқық субъектiлерi оның заңи мiндеттi сипатын мойындайды. Дәстүрдiң шарттық нормадан айырмашылығы тиiстi ережелердi нақты көрсететiн заңдық құжат еместiгiнде. Дәстүр барлық немесе бiрнеше мемлекеттердiң халықаралық әрекеттерiнiң ұқсастықтарының күші бойынша жинақталады. Ол ұзақ мерзiм бойында қолданылады және заңдық мiндеттiлiгiне сенiм сипатында болады. Сонымен, мемлекет тәжiрибелерiнiң ұзақтылығы салыстырмалы сипатта. Бүгiнгi таңдағы халықаралық қатынастарда жәй нормалардың қысқа мерзiмде жасалуы да кездеседi, - мысалы, ғарыш құқығында, теңiз құқығында.

Халықаралық дәстүрдiң пайда болуы үшiн қайталанба тәжiрибе керек. Халықаралық–құқықтық әдебиеттерде кез-келген қайталанудың жәй нормалары жасалмайтыны жөнiнде аз айтылып жүрген жоқ. Қандай да бiр әрекеттердiң қайталануы тәртiп нормасын жасауға әкелмеуi де мүмкін - ол жәй әдетке айналып кетедi. Халықаралық әдет деп мемлекеттердiң заңдық мiндеттiлiгi бар деп есептелiнбейтiн жалпы тәжiрибелерiн айтады.

Халықаралық дәстүр мен халықаралық шарт құқықтың негiзгi қайнар көздерi және жалпы халықаралық құқық нормаларын жасаудың екi түрлi тәсiлi болып табылады. Сөйтiп, халықаралық құқықтың жәй нормаларын шарттық жолмен өзгерту көп кездесетiнiн, әсiресе халықаралық құқықтың кодификациясында кездесетiнiн баса айтып кеткен жөн. Ал шарттық нормаларды жәй нормаларға ауыстыру жағдайлары сирек кездеседi, яғни шарттық тәжiрибе белгiлi болғанындай оларды өзгерту ережелерiн немесе күшін жоюды қарастырады. Халықаралық ұйымдардың шешiмдерi, резолюциялары. Халықаралық құқықтың аталмыш қайнар көзiнiң маңызы халықаралық құқық субъктiсi ретiндегi халықаралық ұйымдардың рөлімен бiрге арта түседi. Аталған қайнар көз, өз бетiнше халықаралық құқық нормаларын жасай алмайды. Халықаралық ұйымдардың қаулылары, ең бiрiншi Бас Ассамблея мен Қауiпсiздiк Кеңесiнiң резолюциялары норма жасау процесiне қатысады. Мәселен, БҰҰ Жарғысының 11 бабында Бас Ассамблеяның тек “БҰҰ немесе Қауiпсiздiк Кеңесiне мүше-мемлекеттерге ұсыныстар беру” құқығы ғана бар екендiгi көрсетiлген. БҰҰ-ның барлық органдарының iшiнде тек Қауiпсiздiк Кеңесiне ғана бейбiтшiлiктi қолдану мәселелерi бойынша, барлық мүше – мемлекеттерге мiндеттi шешiмдер қабылдау мүмкіндiгi берiлген және ол БҰҰ Жарғысының 25 бабында бекiтiлген. Халықаралық Соттың және төрелік соттың сот шешiмдерi.

Халықаралық Сот және төрелік сот әрекеттегi құқықтарды қолданады, талдайды, алайда құқық нормаларын шығармайды. Халықаралық Сот Статутының 38 бабы, d тармағында олардың шешiмдерiн “құқықтық нормаларды анықтау үшін көмекшi құралдар” ретiнде бейнелейдi. Сот шешiмдерiнiң маңызды рөлi мемлекеттердiң соттағы тәжiрибелерiн көрсетуiнен шығып төр. Оның халықаралық құқықтың кодификациясына көмегiн тигiзерi сөзсiз. Халықаралық құқық нормаларының қалыптасуына ұлттық заңнама үлкен әсерiн тигiзедi. Дегенмен, ұлттық заңнама халықаралық-құқықтық норма санатында танылған кезде ғана халықаралық құқықтың қайнар көзi болып есептеле алады (халықаралық шарт арқылы немесе халықаралық дәстүр арқылы). Халықаралық Сот Статутының 38 бабында Соттың iстердi шешу барысында “құқықтық нормаларды анықтау үшін қосымша құралдар ретiнде түрлi ұлттардың жария құқықтары бойынша ең бiлiктi мамандарының доктриналарын” қолдану мүмкіндiгi қарастырылған.

Мұндай доктриналардың маңызы қолданыстағы халықаралық құқықтың қандай да бiр нақты қағидалары, нормалары мен институттарының мазмұнын айқындау үшін мамандардың ғылыми пiкiрлерiнiң қосымша материалдар ретiнде қызмет етуiнен көрiнедi. Доктриналар халықаралық қатынастың жаңа ережелерiн дайындай алады және қалыптастыра алады. Бiрақ, олардың заңдық тұрғыда мiндеттi болуы үшін халықаралық тұрғыда танылуы керек, яғни бұл ғылыми көзқарастар халықаралық қатынас қатысушыларының ерiк бiлдiрулерiн келiсiмге келтiруге негiз болулары қажет.

Халықаралық шарт туралы 1969 жылғы Вена Конвенциясында нақты түрде бекiтiлдi. Ал осы аталған Конвенция 1980 жылы 27-қаңтарда күшiне ендi. Қазақстан, осы аталған Конвенцияға 1993 жылыдың 31 наурызында қосылды. Бұл жүйелеу құжаты 85 баптан және қосымшадан тұрады. Оның кiрiспесiнде, халықаралық шарттар құқытарының жүйеленуi және үдемелi дамуы халықаралық бейбiтшiлiк пен қаупсiздiктi қолдауға халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға және ынтымақтастық, алда қойған мақсаттарға қол жеткiзуге көмектеседi деп көрсетiлген.

Әскери дау-жанжал дегеніміз-ол, әдеттегідей соғысты айтады. Соғыс дегеніміз- ол, екі жақтың қарым-қатынастығын , әлем шеіңберінде алатын орнын анықтайтын және өзінің тәуелсіздігі үшін , ұлт-азаттығы үшін күрес жүргізілетін қарулы күш қолдану арқылы жасалатын іс-шараларын айтады. Соғыс дегеніміз-ол екі жақтың бір-біріне деген қарым қатынасты айқындайтын әдіс-тәсілдің бірі болып табылады. Әрбір соғыс міндетті түрде адм өмірін қиюдан, жойқын шығымдарға әкеліп соққызады. Соғыс жөнінде 1943 ж. 23 қараша айында Тегеранда кездесуде екінші майданды ашу үшін Үш держава басшылар кездесті: (У.Черчиль, Ф.Рузвельт, И.Сталин) сонда Черчильдің айтқаны егер әскери операцияны Ла-Манштан бастасақ онда үлкен шығын болады деген, ал оған жауап ретінде И.Сталин: «Шығынсыз соғыс болмайды » деген. Женева Конвенциясы бойынша, халықаралық әскери дау-жанжал дегеніміз-ол екі немесе бірнеше мемлекеттер арасындағы әскери қарулы күштерінің бір-біріне қарама-қайшы қарулы күшті қолдануын айтады. Соғыстың пайда болу себебі:

1.Ұлт-азаттық, тәуелсіздік үшін қарулы төңкерістер;

2.Белгілі бір жер аумағын жаулап алу;

3.Экономикалық мүдденің мақсаты үшін;

4.Бір мемлекеттің екініші бір мемлекетке үстемдігін жүргізу;

5.Белгілі бір мем лекетті отаршылдыққа айналдыру;

6.Геноцид әрекеттерін жасау;

7.Белгілі бір мемлекеттің немесе бірнеше мемлекеттің өз-ара бірігіп, бір каулиция (одақ құрып ) дүниежүзілік үстемдік немесе отаршылдық билігін жүргізу болып табылады. Мысалы: НАТО, СЕАТО,СЕНТО,АНЗЮС, 1939 жылы құрылған «Үштік одақ», оның құрамына кірген: Берлин, Рим және Токио.

Әскери дау-жанжалдың түрлері дегеніміз-ол, әрбір соғыстың алына қойған мақсаты мен міндетіне және сипатына байланысты жүргізілетін қарулы күштерін пайдалану әрекеттерін айтады. Әскери дау-жанжалдар, қойылған мақсаттар мен міндеттерге және сипаттарына қарай мана түрлерге бөлінеді: 1. Ұлт-азаттық үшін қарулы көтерілістер мен төңкерістер жасау;

2.Жаулап алу мақсатында жасалған әскери қарулы күшті қолдану;

3.Сырттан келетін әскери басқыншылыққа тойтарыс беру үшін қарулы

күштерін қодану;

4.Мемлекет ішіндегі (халықаралық емес) ұлт-аралық немесе жаппай

бассыздықты басып-жаншу үшін әскери күштерін қолдану;

5.Агрессорлық, әлемдік билікті, үстемдігін жүргізу үшін әсмкери күш қоқан-

лоқы көрсету әрекеттерін жасау.

Халықаралық сипаттағы емес әскери дау-жанжалдар

Халықаралық сипаттағы емес әскери дау-жанжал дегеніміз-ол, мемлекеттің ішіндегі әскери күштерді қолдану арқылы жасалатын іс-әрекеттерін айтады. Бұл туралы мына дай мысалдар келтіруге болады:

1.Ресей аумағындағы Шешенстандағы қақтығыстар;

2.Қытай аумағындағы Тайвань қақтығыстары;

3.1917 жылғы Ресей аумағындағы Қазан төңкерісі;

4.1917 жылдағы Мексикадағы Революция генералы Сапато бастаған

төңкеріс;

5.1773-1775ж. Емелян Пугачев бастаған Ресей империясына қарсы шаруалар

көтерілісі;

6. Қазақстан аумағындағы Ресей империясына қарчсы шыққан Исатай мен

Махабет; Срым Датұлы; Аменгелді Иманов, Әліби Жанкильдин.

7.1986ж. желтоқсан айындағы КПСС диктатурасына қарсы шыққан Қаз ССР-нің студент жастарының көтерілісі, ал оған СССР арнайы армиясын жіберіп басп-жаншуы, онда құрбан болған,ал қазір Халық қаhармандары болып танылған Талғат Рысқұлбеков пен Ляззат т.б. айтуға болады. Осы аталған дау жанжал мемлекет билеушілерінің мемлекетте әділетсіздік пен заңсыз бассыздық жасаудың, теңдік пен бостандықтың жоқтығынан пайда болады. Заңсыздық пен әділетсіздік, теңдік, әлеуметтік теңдіктің жоқтығынан мемлекетте міндетті түрде халықаралық сипаттағы емесе әскери –дау жанжал үнемі болып тұрады. Халықаралық сипаттағы әскери дау-жанжалдар дегеніміз-ол, екі немесе бірнеше мемлекеттер арасындағы әскери қарулы күштерін бір біріне қарсы қолданатып немесе бір мемлекет екініші бір мемлекеттің шекарасын бұзып кіріп, басқыншылық әекеттерін жасауды айтады. Мысалы: 1941 ж.,22.06., түнгі сағат 4-те Неміс-фашист басқаншылар армиясының СССР территориясын бомбалау мен әскери техника мен авияция және жаяу әскерінің баса көктеп кіруі арқылы бұл соғыстың 5-жылға созылғаны өте айқын дәлел бола алады. АҚШ тың Иракқа баса көктеп кіруі яғни тікелей әскери агресссияның жасауы. АҚШ-тың ең басты мақсаты ол экономикалық мақсатта, яғни мұнайды алып қою, оны өз территориясына тасмалдау болды. Біңр мемлекеттің екінші бір мемлекеттің егемендігіне, тәуелсіздігіне қол сұғушылық болып табылады. 1965 жылдары Израйлдің Египетке әскери шабуыл жасауы. «Асуан» гидоэлектростанциясын бомбалмақ болған кезде СССР авия полкінің Израил әуе күшін талқандауы нақты дәлел бола алады. АҚШ өзінің агрессиясын 1964 жылы Куба мемлекетіне әскери күштерін тақап қойып, күш қолданбақ болғанда СССР әскери теңіз күшінің атам қуаты бар сүңгуір қайытары АҚШ авианосецтерін қоршауға алды. Мұны байқаған АҚШ Президенті Д.Кеннеди өз әскерін кейін қайтаруға дереу бұйрық берді. Кубаға әскери қоқан-лоқысы жасалмай моральды түрде таяқ жеп қайтты. Бұл қақтығыс кейіннен «Кариб дағдарысы» деп аталды. Бұл дегеніміз СССР әскерінің әділдікті орнату жолындағы осындай асқан ерлігі деуге болады.

Халықаралшық әскери дау-жанжал кезінде Женевада қабылданған төрт Конвенция талабы сакқталуға тиісті. Атап айтқанда: 1949 жылдың 12 тамызында қабылданған мына конвенциялар жатады:

1. «Соғыс әскеріне қатысып жаралы болғандар мен аурулардың жағдайларын

жақсарту туралы»

2. «Қарулы күштер құрамындағы теңіздегі кеме апатынан жаралы болғандар

мен ауруларды жағдайларын жақсарту туралы»;

3. «Әскери тұтқынға түскендермен тәртіпті сақтау»;

4. «Соғыс кезінде азаматтық тұрғындарды қорғау туралы».

Кейіннен бұл Конвенцияға екі Хаттамалар қосылды:

№1-Хаттамада «Халықаралық әскери дау-жанжалда зардап шеккендерді

қорғау»;


№2-Хаттамада «Халықаралық емес әскери дау-жанжал кезіндегі зардап

шеккендерді қорғау».

ҚОРТЫНДЫ:

1.Құқытың қайнвар көзі-ол, кжелгі дәуірден бастап қәзіргі кезеңге дейін салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың жиы-жиы қолдануы нәтижесінде мемлекеттің заңнамаларында орын алуы деп түсінуге болады.

2.Халықаралық деңгейде жалпы әлемдік шеңберде кең алқапта салт-дәстүрді сақтау нәтиженсінде ұлтаралық құқытың пайд болуын айтуға негіз бар болады.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет