«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»



Pdf көрінісі
бет36/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция


 
Тайпа- Ру аты
 
Таңба
 
Эпитафиясынан үзінді
 
Қорым
 
1
Төре
(Жәңгірхан Бөкейханұлы
 
(1803 – 1845.VІІ.11), ММА.
 
Құлпытас 
кітабынан
2
Төре
Сатан төре Жанғалисұлтанұлы 
(1791 – 
1835. ММА)
 
Құлпытас 
кітабынан
3
Төре
Ғатан ханым (Бөкей Нұралыханұлы 
сүйіктісі) 
(1772 – 1824. Қаңтар).
 
Құлпытас 
кітабынан
4
Төре
Шадхан Айбас баласы (1866)
Суретен
5
Қожа
(Маңғыстау)
Есімі: Жақып/Иахуб/ хожа ибн Сәдір 
хожа. (** – 1861)
Назаралы 
қорымы


57 
6
Қожа
Назар қожа ибн баба қожа
Сарықора
7
Әлім, Шекті- Шүрен
Қонтай баласы Рысхан мырза. 67 жаста
Ұшқан-ата
8
Әлім, Назар- 
Бәйбіше
Кежек баласы Лесқан. (1796 – 1864).
Есет батыр
9
Әлім, Шекті- Шүрен
Ожырбай Әнетбай баласы
(1798 – 1861).
Есет батыр
10
Әлім, Қаракесек. 
Жаналы- Қонақбай
Нұрсұлу Емен қызы (Жаб-ағы Атбас 
зайыбы), 31-де
Абат- Байтақ
11
Әлім, Кете- 
Байқошқар
Бекбай баласы Тоқтарбай, (1789 – 1866),
Ұшқан- ата
1
12
Әлім, Кете- 
Әлмембет
Қара баласы. (*** – 1910)
Ұшқан- ата.
13
Әлім, Кете- Алтай
Балбан баласы Ғиса (1794
– 1846)
Қиыл қопасы
14
Әлім, Кете- 
Байқошқар
Жалмыс Айтқұлұлы, офат
62 жас
Абат- Байтақ
15
Әлім, Кете- 
Құттығай- Кетебике
Ырғызбай баласы Тұрым-бай. (1800 – 
1862) шахид.
Ұшқан-ата
16
Әлім, Қаракесек
Жыға батыр баласы Жолбарыс батыр. 42 
жаста
Есет батыр
17
Әлім, Қаракесек- 
Жылқышы
Жылқышы бай ахырысы Қатақұрман 
(1785 –1833)
Ұшқан-ата
18
Әлім, Төртқара
Сейтман Бұзорбай баласы, офат (** – 
1796)
Есет батыр
19
Әлім, Қаракесек- 
Жаналы- Қонақбай
Жабақ халалы Нұрсұлу Еменқызы. 1824
Абат- Байтақ
20
Әлім, Шекті- Назар- 
Бекқайыр
Хожа Ізбайұлы (1659 – 1733)
х – 1146 ж. 74 жаста қайтты
Қандағаш, 
Жаңажол
21
Әлім, Шекті- 
Шүрен- Майлы
Салман бай Доспан баласы (1673 – 175)
Ұшқан-ата
22
Әлім- Ожырай- 
Айтқұл
Өтеқан Нұржау баласы
(1786 – 1835)
Ортақ аулы, 
Қарамола
23
Әлім- Ожырай- 
Қоршы
Бейсеубай Қожағали баласы, (1812 – 
1882)
Ортақ аулы, 
Қарамола
24
Әлім-Шүрен- Аман
Сман мырза.
Құлшан ата
25
Байұлы, Шеркеш- 
Қосым
Қалдыбек, Бекет софы жиені. (1819-1861)
Ескі Бейнеу
26
Байұлы, Адай- 
Қосқұлақ
Мұрзағұл бин Меңдіқұл батыр (Һафиз)
Ескі Бейнеу
27
Байұлы, бер-
ішҚаратоқай- 
Итемген
Үміт Сарыұлы (1818 – 1881)
Қарабау- 
Қаракөл


58 
28
Байұлы, Беріш- 
Айтболат
Бекенжан халалы Нәсен
(1873 – 1899), Тауық ж
Қарабау- 
Қаракөл
29
Байұлы, Ысық-
Сары
Ыхлас би Алмабай ұлы (1781– 1844)
Махамбет 
ауданы
30 
Жетіру, Табын- 
Жылқышы- Құл
Тілеубай Собалақұлы-Қайып- бай 
немересі (1790 – 1848)
Ортақ аулы, 
Қарамола
31 
Жетіру, Тама- 
Кенжебайтаз
Қадма...Гимадұлы (** – 1849)
Есет батыр
32 
Жетіру, Тама- Таз
Төлеш Жайық қызы, Қашқын-бай халалы 
(1792 – 1851)
Есет батыр
33 
Жетіру, Тама- 
Дәулеткелді
Мыңжан Дианбайұлы, 64-те
Сарысу бойы
34 
Жетіру, Табын
Кестен Қонайбайұлы..
. жазу өте көмескі
 
Абат- Байтақ
35 
Жетіру, Шөмішті- 
Жалпақтіл
Ес Жан баласы. Офат 80-де
Құлпытас 
кітабынан
36 
Жетіру- Табын, 
Қарақойлы- Сағыр
Бек Ақбалық баласы
(1799 – 1882)
Ортақ аулы, 
Қарамола
37 
Жетіру- Табын, 
Қаспақ-Құл
Сұлтан Тілеу баласы
(1813 – 1869)
Ортақ аулы, 
Қарамола
38 
Жетіру- Табын, 
Жылқышы- Құл
Сүлеймен хазірет Мұсылманұлы (1830 – 
1907)
Сүлеке
39 
Табын, Жылқышы
Байтоқ Жарас (1777 – 1861)
Абат- Байтақ
 
МАҢҒЫСТАУ ТОПОНИМИЯСЫНДАҒЫ КӨНЕТҮРКІЛІК ЭЛЕМЕНТТЕР 
 
Көшімова Бибатпа Әмірханқызы 
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, 
Ақтау, Қазақстан 
Географиялық атаулардың жасалуы – үздіксіз тіл шығармашылығының процесі. 
Топонимдер ғасырлар бойы пайда болып жатады. Кез келген елдің картасында әр дәуірде, 
адам әрекетінің әртүрлі саласымен байланысты пайда болған, әртүрлі тілден жасалған жер 
атаулары кездеседі. Географ Э.М. Мурзаев: «географиялық атаулар халықтың қоғамдық 
өмірімен, сол жерді мекендеген халықтың тілімен тығыз байланысты жасалады. Тарихи 
жағдай, тіл, халық, сонымен бірге географиялық орта да өзгерді. Сондықтан да ешбір елде 
бірыңғай географиялық номенклатура жоқ. Ол бірінің үстіне бірі жинала беретін қабат құсап 
көбейгендіктен, топонимдерде әр уақыттағы әр түрлі тілдердің элементтері көп кездесетінін» 
айтады [1, 323 б.]. Тарихи дамудың процесі көрсеткендей, соңғы топонимдік толқын 
алдынғысын басып қалады да, топонимдердің тарихи қабаты қалыптасады. 
Маңғыстау өңірі топонимиялық жүйесі де мыңдаған жылдар ағымында қалыптасты. 
Маңғыстау топонимдерінің социолингвистикалық табиғатын анықтау үшін, алдымен 
Маңғыстаудың бай тарихына соқпай өтпеуге болмайды. Біздің жыл санауымызға дейінгі 
замандарда, дәстүрлі тарих, тілтану ғылымдарында «иран тілді» делініп жүрген массагеттер 
мен дайлар» олардан кейін аландар мен каспилер, пешенек-қаңлылар, IX-X ғасырларда 


59 
оғыздардың Маңғыстауды қоныстануы, XIII ғ. моңғол үстемдігі, XI-XIII ғасырлардағы «орта 
түрікмен», XV-XVI ғасырларда қалыптасқан «жаңа түрікмен» этносы, ноғайлардың XVI-
XVII ғасырдың басында Маңғыстауда болуы, XVII ғ. Жоңғар қалмақтарының әсері, патшалы 
Ресейдің отаршылық саясаты т.б. өлке топонимдерінде өз іздерін қалдырған. 
Маңғыстау өңірі топонимиясындағы үлкен бір бөлікті көне түркілік қабатты оғыз-
қыпшақ тілдеріне тән атаулар құрайды. Бұл қабаттағы атауларға ру-тайпа атауларынан, 
географиялық терминдерден және түрлі жалпы есім мәнді сөздерден жасалған атаулар 
жатады.
Бүгінгі түркі тілдес халықтардың тарихында өзіндік із қалдырған ортағасырлық 
тайпалық одақтардың бірі – Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген оғыз тайпалары 
болып табылады. 
Оғыздар жайында жүйелі мағлұмат беретін С.Г. Агаджанов «Очерки истории огузов и 
туркмен Средней Азии IX- XIII вв.» деп аталатын еңбегінде оғуздар және олардың таралу 
аймағы туралы былай деп жазады: «Оғыз» атауы IX-X ғ.ғ. бастап Орта Азияда кең жайыла 
бастады. Бұл оғыздардың печенегтерді жеңіп, Сырдария ябгаларының одағы құрылғанына 
байланысты болса керек. IX ғ. аяғында оғыздар хазарлардың қолдауымен печенегтерді 
ойсырата жеңіп, олардың Орал мен Еділ арасындағы жерін иемденген еді. Осыдан бастап XI 
ғ. ортасына дейін Орта Азияның кең жерін оғыз көсемдері басқарды. Орта Азиядағы, әсіресе 
Сырдарияның төменгі бойы мен Каспий, Арал маңын қоныстанған оғыздар түркі тілін 
иемденді» [2, 6 б.]. Оғыздардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. 
Оғыз тайпаларының бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспий 
маңындағы далаға көшкен [3, 57 б.].
Оғыздар Үстіртті IX ғасырдың аяғында иемдене бастап, Маңғыстаудың ойын X 
ғасырда қоныстанып болған [4, 15 б.
]
.
XVII ғасырдың ескерткіші Әбілхазының «Түркмен шежіресінде» Әли ханның баласы 
Шаһ Мәлікті Тоғрұл өлтіргеннен кейін, Сыр бойындағы оғуз жұрты арасында араздық туып, 
олардың 
игдір, чәуілдір, абдал
деген және басқа да біраз руларының Маңғыстауға көшіп 
кеткендігі туралы сөз болады [5, 68 б.].
 
«Мұндағы Шаһ Мәлік пен Тоғрұл – тарихта XI 
ғасырда өмір сүрген адамдар». 
Маңғыстаудан, осы дәуірге тән, ортағасырлық оғыз тайпа, ру атауларынан қалған 
жер-су атауларын көптеп кездестіруге болады. «Маңғыстауда көптеген зираттар әлі күнге 
дейін 
Шопан-ата, Масат-ата, Есен-ата 
тәрізді оғыз көсемдері мен әулиелерінің атымен 
аталады» (Ә.Кекілбаұлы).
Ру-тайпа атауларынан пайда болған топонимдерге: 
Алаторпа,
Егдір, Емір,
Көгалы, 
Қарқын,
Қызан, Құшшыата, Қызық, Уа, Шәудір т.б. жатады.
 
Бозашы 
– Каспий теңізінің солтүстік-шығысындағы түбек. 
Бозашы 
атауының 
этимологиясы туралы қазақ тіл білімінде Т.Жанұзақов, Е.Қойшыбаев, С.Әбдірахманов т.б. 
жазды. Географ С.Әбдірахманов түбек атауының екі түрлі мағынасын көрсетеді: бірінші, 
боза – тарыдан ашылатын ішімдік. Бозашы – қолсыраның осы түрін дайындайтын адам. 
Кейінірек бұл термин осы өлкеде қазақ тұрғындарының арасында өмір сүрген 
түрікмендердің бір руының атына айналды. Қазақтың Әлімұлының бір бұтағы осыған ұқсас 
«бозаншы» аталады. Түбек аты осы этнонимге байланысты қалыптасқан деген жорамал бар. 
Екінші, түбектің аты қазақтың «бозащы» – «бозғылт», «татырлы жер» немесе «ащы немесе 
тұзды жерге бейімделген жусан көп жер дегеннен шығуы ықтимал [6, 257 б.]. Е.Қойшыбаев: 
«бозды сортаң жер», – дейді [7, 68 б.]. Ал
 
тарихи деректерге сүйенсек, бозашы – өлкені 
мекен еткен оғыздық шәудір тайпасының бір руы. Атаудың «Біздің ойымызша, атау екі 
бөлімнен тұрады: 
боза және -жы
. Боза, буза қазақ, қырғыз, тобыл және түрік тілінде 
«тарыдан ашытылған ішімдік» деген мағына береді. Этнонимдегі -жы аффиксі -чы, -чі (-шы, 
-ші) жұрнағымен қатар қолданылып, мамандық атауларын тудырады. Сонымен, бозажы 
«боза ішімдігін дайындаушы адам» [8, 33 б.]. Атау осы ру атына байланысты қалыптасқан. 
Егдір
– Маңғыстау ауданындағы құдық, қоныс атауы. 
Егдір
(игдир) – «ортағасырлық 
оғыз-түрікмен тайпасы. Этноним әртүрлі варианттармен (игдер, йигдер, икдур, икдир) түрлі 


60 
дереккөздерде кездеседі. Егдір Оғызханның немересі, Теңізханның ұлы және «жақсы», 
«ұлы» деген мағынаны береді. Қазіргі зерттеушілер этнонимді 
«ег» 

«негіз», «өзек»
деген, 
тазақанды
деген мағынаға және өткен шақ етістіктің -
дир
аффиксіне апарып тірейді» [8, 72 
б.]
Егдір 
– «егдір руының мекен еткен жұрты, құдығы» деп білеміз. 
Емір
Маңғыстау ауданындағы ауыл, жер аты. 
Емір
– ортағасырлық оғыз-түрікмен 
тайпасы –
имир
атынан пайда болған. «М.Қашқари және Рашид-ад-Диннің еңбектерінде 
этноним 
эймюр
формасында кездессе, Абылғазыда – 
имир
. Барлық осы ғалымдар 
(М.Қашқариден басқасы) этнонимнің шығу тегін Тау-ханның екінші ұлы, Оғыз ханның 
немересінің есімімен байланыстырады және оның мәнін былай деп түсіндіреді: Рашид-ад-
Дин: «өте керемет және қуатты», Абылғазы: «бай және аса бай», Салар баба: «ол күшті және 
мықты әскері болуы керек. Рашид-ад-Диннің бір кездері эмирлердің тотемі ешкі болған 
деген пайымдауына негізделе отырып, Ю.Зуев этнонимді этимологиялауға тырысты. Х-ХІ 
ғасырлардың қытайлық көздерінде ол қырғыз тілінде қара құйрықты жануарлар, яғни 
ешкілер мен жейрандарды білдіретін имо (яғни имир) сөзін тапқан. Сөйтіп, ол этнонимді 
тотемнен шыққан деп түсіндіріп, оны екі бөлімге бөледі: й, йим и–р. Ю.Зуев йымга-умга 
жабайы тау ешкісінің аналығында сақталған им немесе йим сөзін эммек – «сору» деген 
сөзбен ұқсастырады [8, 136 б.].
 
Емір
 – «емір руының қонысы» 
деген мағынада қолданылады.

Қызан 
– Маңғыстау ауданындағы ауыл және қорым аты. «
Гызан 
– Сақар тайпасының 
руы» деген С.Атаниязов, атаудың этимологиясын былайша түсіндіреді: «
Қызан 
– ғуз (оғыз) 
+ ан – көптік мән беретін жұрнақ» [8, 57 б.]. Негізінен, «-ан жұрнағы географиялық 
атауларды жасайтын көне жұрнақ болып табылады. Мысалы: Иран, Хорасан, Тұран т.б.» [9, 
10 б.].
 
Демек, 
Қызан
атауы – «оғыздар елі» немесе «қызан руының қонысы» деген мәнді 
береді. 
Қызық 
– Маңғыстау ауданындағы құдық. 
Қызық
– ортағасырлық түрікмен тайпасы. 
Әбілғазының пікірінше, Қызық – Оғызханның немересі, Жұлдызханның ұлы және «батыр» 
деген мән береді» [8, 58 б.].
 
Сонда 
Қызық 
атауы – «қызық руының құдығы» мағынасында 
қолданылады. 
Шәудір 
– Маңғыстау ауданындағы құдық. 
Шәудір
– ортағасырлық түрікмен тайпасы. 
«Этноним түрлі дереккөздерде әртүрлі варианттарда кездеседі: Махмуд Қашқарида – 
Джувалдар, Рашид-ад-Дин, Әбулғазы және Салар Бабада – Джаулдур, Чавулдур, Языджы – 
оглы – Чавындыр. Барлық дереккөздерде ол антропоэтноним, яғни Көкханның үшінші ұлы, 
Оғызханның немересінің есімі екендігі айтылады. Оның мағынасы туралы былайша түсінік 
беріледі, Рашид-ад-Дин: «даңқты және қатты дауысты», Языджы-оглы: «әділ және қатты 
дауысты», Абулгазы: «атақты», және Кононов «әділ». Ал аңыз бойынша этноним: «құрмет 
батыры болуы тиіс» және «атақты» мағынасын береді» [8, 130 б.].
Осы этнонимнен жасалған 
Шәуілдір
топонимі Оңт. Қазақстан облысында да кездеседі. 
Шәуілдір топонимінің этимологиясын тілші-ғалым С.Омарбеков жазған. Ғалым 
С.Омарбеков: «Шәуілдір деген атаудың жазба деректе тұңғыш рет кездесуі XI ғасырда, 
Махмуд Қашқар сөздігінде. Көнелігі жағынан бұл жөніндегі содан кейінгі дерек Рашид-ад-
Диндікі. Бірақ осы екі деректің екеуінде де ол ауызға жер аты ретінде емес, оғыз жұртының 
құрамына кіретін ру аты ретінде алынған» – дей келе, бұл тұста аталған деректердегі сөз 
болып отырған ру атының құрамымен салыстырып қарағанда дәлме-дәл бірдей емес 
екендігін, олардың арасында азды-көпті дыбыстық айырманың бар екендігіне тоқталған. 
Сондай-ақ ғалым осы атудың Шәудір деп аталатын жер атының Маңғыстауда да кездесетінін 
айтып, «Республиканың батыс аймағындағы соңғы аталып кеткен жер аты Шәудір мен оның 
оңтүстігіндегі жер аты Шәуілдірдің әу баста бір этникалық атаудан шыққан, өзара тағдырлас 
сөздер екендігін, Қазақстан территориясында бір заманда тіршілік еткен бір оғыз руы 
атының бұл күнде екі бірдей жер атында сақталып қалғанын, ал Шәудір топонимі осы ру 
есімінің кейін пайда болған варианты да, ал Шәуілдір топонимі мұның көне варианты екенін 
білеміз» деп түйіндейді [10, 181 б.]. Сонымен Маңғыстауды мекендеген көнетүркілік, 
ортағасырлық тайпа атаулары өлке жер-су атауларында сақталынып қалғандығын байқадық. 


61 
Ендігі бір көнетүркілік қабаттың ауқымды бөлігін географиялық терминдерден жасалған 
атаулар құрайды. Енді осыларға тоқталайық. 
Ада
Қарақия ауданындағы құмдауытты құмқайыр. 
Ада
термині


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет