1. Тироксин, тиреотропин и пропилтиоурацил гормондарының метаболизмге әсері.
2. Қандағы глюкоза деңгейіне инсулин мен аллоксанның әсері.
ТИРОКСИН, ТИРОТРОПИН И ПРОПИЛТИОУРАЦИЛ ГОРМОНДАРЫНЫҢ ЗАТ АЛМАСУҒА ӘСЕРІ.
(Виртуалді физиологиялық тәжірибе) Зат алмасуы эндокринді жүйенің қалпына, адамның жынысы мен жасына тәуелді. Қалқанша безінің фолликулярлы жасушаларымен түзілетін Т3 және Т4 тиреоидты гормондар зат алмасуды реттейтін негізгі гормондар болып табылады. Тиреоидті гормондардың түзулуін тежейтін жасанды зат - пропилтиоурацил.
Мақсаты: Әр түрлі қалыптағы (дені сау, тиреоидэктомиялы және гипофизі экстирпацияланған ) егеуқұйрықтардың тироксин, тиреотропин және пропилтиоурацил гормондарының метаболизмге әсерін көрсету.
Жабдықталуы:жеке компьютер, тақырып бойынша виртуалді физиологиядан «LuPraFi-Sim» бағдарламасы.
Жұмыс барысы: Тироксин, тиреотропин және пропилтиоурацилдың метаболизмге әсерін бағдарламаны қолдана отырып сараптау.
ҚАНДАҒЫ ГЛЮКОЗА ДЕҢГЕЙІНЕ ИНСУЛИН МЕН АЛЛОКСАННЫҢ ӘСЕРІ.
(Виртуалді физиологиялық тәжірибе) Инсулин – полипептидті гормон, ұйқы безінің Лангерганс аралшықтарындағы -жасушаларынан түзіледі. Неоглюкогенезді бәсендетіп, гликоген түзілуін жоғарлатып, глюкозаны жасуша ішіне өткізіп инсулиннің гипогликемиялық әсері іске асады.
Аллоксан (мезоксалилмочевина) – несеп қышқылының ыдырау өнімі, ол Лангерганс аралшығының ұлпасын зақымдап, -жасушасының қызметін бұзады. Аллоксанды егеуқұйрықтын 1 кг салмағына 50-70 мг енгізілсе онда инсулинтәуелді қант диабетінің белгілері байқала бастайды.
Жабдықталуы: жеке компьютер, тақырып бойынша виртуалді физиологиядан «LuPraFi-Sim» бағдарламасы.
Жұмыс барысы:Бағдарламаны қолдана отырып, дені сау және Лангерганс аралшығындағы -жасушалары зақымданған егеуқұйрықтың қанындағы глюкоза деңгейіне инсулиннің әсерін талдаңыз.