Жер дауы Қазыбек пен қОҢтажы



бет11/16
Дата18.02.2023
өлшемі66,37 Kb.
#169233
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Шешендік сөздер (1)
Ата Заңы кітабының, VIII-том, ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР
ДОСБОЛ МЕН КӨКШОЛАҚ БИ

Бала би Досбол он екі жасында жоғарғы Өр Найманға жүз жылқы дауына бас болып барған екен. Жылқыны айдатып алдырушы Өр Найманда Ебей, Себей деген бір тума екі бай қолдарына жүздеп жігіт ұстап, шет елден мал алдырып тұратын болған.
Орта жүз Момын баласы жүз жылқы алдырып бас қосып сөйлесіп, жүрген-түрғанды тексере келгенде Ебей, Себейдің жігіттерінің Момын ішіне келгендігі, жылқыны алып кетуші солар екендігі анықталады. Бірақ малдың артынан баруға ешкім шықпайды. Ебей, Себейдің байлығы, қолындағы жігіттерінің көптігі оның үстіне сөзге келсе Көк шолақ деген биі теңдік бермей жіберетіндігі елге мәлім болады. Іс теріс айналғанда іздеп барушылардың ат- тондарын сыпыртып алып, жаяу қайтатыны да бар.
Момынның сол күнгі жиын тобының бір шетінде Досбол балалармен ойнап жүр екен. Бұл сөзді естіп Досбол былай дейді:
— Ай, көпшілік! Ебей, Себей бүгін малыңды алып, қорқып бармадың, ертең қойныңдағы әйеліңді алады, одан дәндеп әлдилеген балаңды алады, сонда тағы бармайсыңдар ма? Бәрің бармасаң мына мен барамын, кәне, мал иелері ересіңдер ме? — дейді. Өздері бастаушы таба алмай отырған мал иелері «барамыз» деседі: Айналасы оннан аса адам жүріп кетеді.
Ебей, Себей бұлардың мал қуып жүрген Момынның адамдары екенін біліп, далаға лашық тігіп, сонда қонағасы беріп, «сөзің болса ертең сөйлерсің» деп кіргізбейді. Досбол балалық құрпымен киімдерін тастап, қотанда ақсүйек ойнаған балаларға қосылып ойнап жүріп Ебей, Себейдің біреуінің үйінде болып жатқан даулы әңгіме құлағына тиеді. Бала ойынды тастап жүгіріп келіп, босағадан сығаласа Найман Көкшолақ биді алдырып, семіз бағыланның етін жеп кеңесіп отыр екен. Көкшолақ:
— Мына Момындардың арқа сүйер басшы адамы кім екен? — дейді.
— Он екі жасар бір бала,— дейді Ебей, Себей.
— Жылаған баланың жұбанары бір собалақ нан ғой, сондай бір нәрсемен алдармыз,— деп Көкшолақ қарқылдап күледі. Сонда Досбол шыдай алмайды. Әуелі өзіне ишарат қылып:
Құлан тұяқ қу жебе,
Іздесең қайдан табылар.

Екінші Көкшолақ биге ишарат қылып:
Қарны жуан балпыаяқ,
Іздесең майдан табылар.

Енді Қазанды нұсқап:
Тымағының құлағы дардай-дардай,
Ертең маған айтар дауың әлде қандай? — деп жүгіріп кетеді.
Көкшолақ:
— Мынауың кім?— деп көңіліне күдік алып қалады.
Ертеңіне Найман жағы: «Кәне, Момын баласы, орталарыңнан бір адам шығарып, мына біздің бимен сөйлестір»,— дейді. Қарақұстың жанында отырған тұрымтайдай Досбол қыр басына барып Көкшолақтың қасына отырады. Көкшолақ би сөз бастап: «Малдарың мұнда келген жоқ, Ебей, Себей дәулетті адамдар — ұрлық қылмайды, қате келгенсіздер»,— дейді. Ақыры Досболға: «Талаптанып жаңа атқа мінген жас бала екенсін, қу қанжыға болып кетерсін, малың бізге келген жоқ, сөзіме нанғын, бірақта сенің жолыңа мына бір тайша бұқа байлатып қойдым, соны өзің ырым қыларсың»,— деп мазақтайды.
Сонда Досбол назаланып былай деген екен:
Ебей, байың өзіңе,
Себей байың өзіңе,
Желге қияр жұмыспен,
Келіп едім кезіңе.
Сірә құлақ салмайсын,
Менің айтқан сөзіме-
Таңда мақшар болғанда
Таласармын бөзіңе.
Маған деген бұқаның
Екі мүйізі екі көзіңе:
Қысырыңды бермесең,
Буазыңды берерсің.
Арығыңды бермесең,
Семізіңді берерсің.
Өз еркіңмен бермесең
Өнерімді көрерсің.
Досбол ашуланып, кетуге бет алғанда, Көкшолақ би халқына: «Мына бала бізді құтқармас, малының келгенін түр-түрімен мойнына қойсақ, құйрығына тіркеу қосып қайтарыңдар!» — деп Момынның малын бергізген дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет