Клизмалар. Асказанды жуып шаю. Қуықты катетрлеу


Жел шығаратын түтікті қолдану алгоритмі



бет7/13
Дата12.06.2022
өлшемі66,71 Kb.
#146429
түріМетодическая разработка
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Клизма Асказан шаю Қуықты катетерлеу

Жел шығаратын түтікті қолдану алгоритмі
Мақсаты: ішектегі газдарды сыртқа шығару.
Көрсетпелері: метеоризм, ішек атониясы, дәрілік клизманы қойған кезде
Қарсы көрсетпелер: ішектен қан кету, тік ішектің төмен түсуі.
Жабдықталуы:

  1. стерильді жел шығаратын түтікше

  2. стерильді науа (лоток), стерильсіз науа

  3. вазелин майы

  4. стерильді таңу материалы

  5. қолғап, фартук, маска

  6. клеенка, пеленка

  7. дәрет ыдысы

  8. су

Міндетті шарттар: жел шығару түтікшесі 30 мин дейін қойылады.
Іс-әрекетер алгоритмі:
1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру және келісімін алу.
2. Науқастың кереуеті жанына ширма қою.
3. Науқасқа сол қырымен жатуына көмектесіп, аяқтарын ішіне қарай бұгу.
4. Қолғапты кию.
5. Науқастың жамбасының астына клеенка, үстіне пеленка төсеп қою.
6. Кереуеттің жанына орындықтың үстіне ішінде 1/3 бөлігі суы бар дәрет ыдысын қою.
7. Түтікшенің бас жағын 20-30см-ге дейін вазелинмен майлау.
8. Түтікшені ортасынан бүгіп, бос ұшын 4-ші 5-ші саусақтармен ұстау қажет, ал бас жағын қарындаш ұстағандай етіп ұстау керек.
9. Сол қолдың 1-2-ші саусақтарымен құйрығын ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікшені 20-30см тереңдікке енгізу қажет.
10. Түтікшенің бос ұшын дәрет ыдысына салу керек.
11. Белгілі уақыт өткеннен соң (газ толығымен шыққан соң немесе 30 мин кейін) түтікшені алу қажет.
12. Қолданылған түтікшені Б сыныбы жұмсаққа салу керек.
13. Анальді аймақты салфеткамен сұрту.
14. Клеенка және салфетканы арнайы қапшыққа салу.
Қолғапты шешу, қолды жуып құрғату

Асқазанды зонд арқылы шаю
Мақсаты: Диагностикалық және емдік.
Көрсеткіштері: улану
Кері көрсеткіштері: өңештің органикалық тарылуы, ойықтар, ісіктер
- асқазан-ішек жолдарынан қан кету
- бронхиалды астма
- ауыр жүрек патологиясы
- асқазанның, өңештің, жұтқыншақтың өткір қышқылдардан және
сілтілерден болған химиялық күйігі (уланудан кейін 4 сағаттан соң).
Жабдықталуы:

  1. стерильді науа (лоток), стерильсіз науа

  2. жуан асқазан зонды

  3. шыны воронка және ожау - сыйымдылығы 0,5- 1л

  4. жуынды су үшін шара немесе шелек

  5. 10-12л бөлме температурасындағы су

  6. таза құрғақ, қақпағы бар ыдыс (жуынды судың алғашқы үлесі үшін)

  7. зертханаға жолдама

  8. жеке бас қорғау барьерлері, сүлгі

  9. Жане шприці, фонендоскоп



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет