Пән: «Жалпы патология». Тақырып №9



бет10/13
Дата22.06.2020
өлшемі363,04 Kb.
#74268
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
жуйке жуйеси
Тұрмыс
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ІСІКТЕРІ

Жүйке жүйесі ісіктері – көптеген топ құрайтын жаңа өспелер. Олардың құрылымы және дамуы, осы ісікті бастап берген жүйке тінінің түріне байланысты. Жүйке жүйесінің ісіктері қатерсіз және қатерлі болып келеді. Бірақ та, ісік бас миында немесе жұлында орналасқан болса, жаңа өспе олардың морфологиялық құрылымына қарамай, ОНЖ қызметінің ауыр бүліністерін шақырады, сондықтан олардың барлық түрі де өмірге қауіпті болады. Егер бас сүйегі ішінде орналасқан қатерсіз ісікті алып тастамаса, ерте немесе кеш болсын, ол миды сығады және солай ауруды өлімге әкеледі. Қатерлі ісіктердің, сонымен бірге, тағы бір ерекшелігі – олар метастазды сол бас миы немесе жұлын аймағында береді.



Жіктелуі. Жүйке жүйесі ісіктерінің жіктелуі, жасуша ісік өсуінің көзі болатындығына байланысты. Жүйке тіндерінің жаңа өспесінің ісіктерінің түрлері:

  • орталық жүйке жүйесі;

  • ми қабықтары;

  • вегетативтік жүйке жүйесі;

  • перифериялық жүйке жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет