Пән: «Жалпы патология».
Тақырып №9
«Жүйке жүйесінің патологиясы».
(Қысқа және қосымша мәлеметтермен танысып, дәптерге көшіріп жазыңыздар)
Орталық және перифериялық жүйке жүйесінің зақымдалуын ажырата білу.
Жартылай және толық салдануға сипаттама бере білу
Жүйке жүйесіндегі барлық патологиялық процестер оның қызмет әрекетін, соған орай бүкіл ағзаны бұзатын бүліністер, жүйке жүйесінің тіндік элементтерінен бірінші кезекте нейрондардан (мембраналарынан, рецепторларден, иондық каналдардан, гендік аппараттың екіншілік ортақтастарынан) басталады. Сондай-ақ нейрондар арасындағы (құрылымдық-қызметтік байланыс) жүйке құрылымы ішінде (ядросында, нейрон торы арасында) қалыптасатын өзара байланыстар ахуалы маңызды болып келеді.
Жүйке жүйесінің зақымдалу себептері эндогенді және экзогенді болуы мүмкін.
Экзогенді себептерге мыналар жатады:
физикалық факторлар – механикалық жарақат, иондық радиация, тыныс алатын ауадағы РО2 деңгейінің төмендеуі немесе жоғарлауы және т.б.
химиялық факторлар, мысалы, әр түрлі спирттер, улы химикаттар – фосфорорганикалық байланыстар(пестицил, хлорофос).
биологиялық факторлар, мысалы, нейротропты вирустар (құтыру қоздырғыштары), микроб токсиндері (ботулизмдік, күл, сіріспелік);
психогенді факторлар – әр түрлі жүйкені жарақаттаушы жағдайлар, қорқынышты бейнелер, дыбыстар, сезімдер.
Жиі кездесетін эндогендік факторлар:
ағзалар мен тіндерде құрлымы мен қызметінің бұзылыстары, олардың жетіспеушілігі;
липидтердің асқын тотығуының шамадан тыс жоғарлауы;
гормондар мен медиаторлар және басқа да биологиялық белсенді заттардың дисбалансы.
Жүйке қызметінің бұзылыстарының патогенезінің жалпы заңдылықтары нейрон жарақаттануынан, нейронаралық өзара әсерлерінің бұзылуынан, жүйке жүйесінің интеграциялық қызметінің бүлінуінен тұрады. Бұларға әкелетіндер жүйке тінінің қуатпен қамтамасыз етуінің, оларда нәруыз синтезінің бүліністері, иондар мен сұйықтар дисбалансы, нейрон мембранасының жарақаты. Жүйке қызметінің бұзылыстарының көптеген түрінің патогенездік негізін құрайды, бөлек-бөлек немесе тіркескен бұзылыстар арнайы нейронға әр түрлі нейромедиаторлардан метоболизм процестері: олардың синтезі, аксондық тасмалы, секрециялары (сөлденуі), рецепторлармен әсерлесуі. Жарақаттанған нейронның көрсетілген механизмдердің іске асыру, қабылдап алу, анализ жасау, нейрондармен генерация және қозуды өткізу бұзылысына ықпал жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |