Көрсеткіштері
|
Эпикритикалық ауырсыну
|
Протопатиялық ауырсыну
|
Тітіркену көзі
|
Тері, сілемей қабық
|
Ішкі ағзалар және тіндер
|
Латенттік кезең
|
Қысқа
|
Ұзақ
|
Тітіркенгішті жойғаннан кейін ұзақтығы
|
Тез жойылады
|
Ұзаққа сақталады
|
Өткізгіш талшық түрі
|
Миалиндік, А тип
|
Миалинсіз, С тип
|
Қабылдау шегі
|
Төмен
|
Жоғары
|
Орналасушылдығы
|
Нақты
|
Шашыранды (диффузды)
|
ТРОФИКАНЫҢ (НӘРЛЕНУДІҢ) НЕЙРОГЕНДІК БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Жүйке жүйесінің трофикалық қызметінің бұзылуы нейродистрофиялық патогенездік негізін құрайды. Бұл процесс шеткі ағзаларда және тіндерде, сонымен бірге, және жүйке жүйесінің өзінде пайда болады. Елеулі зат, денервацияда жүйке қатынасының үзілуі ағзада немесе тіндерде жарақаттаушы агенттерге – инфекцияға, механикалық зақымға, температуралық және басқа әсерлерге қарсы тұруы төмендейді.
ЖОҒАРҒЫ ЖҮЙКЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Невроздар (жүйке жүйесінің функциялық бұзылыстары) – жүйке жүйесінде көп тараған жоғарғы жүйке жұмысының қызметінің бір түрі. Невроздармен аурушандылық жер жүзінде 20-30%, ол тек медициналық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық мәні бар зәрулік. Невроздар «цивилизация ауруларына» жатады және оның кең тарауын халықтың өркендей түсуінен урбанизациямен, информациялық артық жүкпен, қазіргі адамдар өмірінде физикалық жұмыстың азаюымен, оларға қолайсыз әлеуметтік тұрмыстық факторлар ықпалымен, көптеген психико-зақымды ахуалдармен байланыстырады.
Клиникалық аспектіде невроздар психогендік жайларға жатады және өзінше дербес нозологиялық түрі немесе ауру алды (шекаралық) ахуалы, соматикалық және (немесе) психикалық аурулардың алдында жол салушылар болып табылады.
Адам неврозының себептері психогендік зақымдар болып саналады, белгілі бір тұлғада психоэмоцианальдық стресс процесі, негативтік жайлар қайталанылуы және ұзаққа созылуына ықпал жасайды. Бұлар орталық жүйке жүйесінде функциялық бұзылыстарға әкеледі және бас миының белгілі бір микроқұрлымдарында өзгерістерге (дендриттердің шипик аппараттарында мембранасының диструкциясы, қыртыстық мембрана рибосомасының санының азаюы, гипокамп жасушаларының дистрофиясы, локальдық микроциркуляция бұзылыстары және т.б.) әкеледі. Невроз жеке адамның өзі үшін қиын шешілмеген жағдайларға жауабы. Сонымен невроздың пайда болуы негізінен невроздық дау – жанжал, яғни белгілі бір ситуацияға адамның қатысы, келіспеушілікті оңтайлы шешуге мүмкіндігі жоқтығы.
Үрдіс бойынша көп таралған невроздың 3 түрі бар.
Невроздың бір жалпы тұрақты және ерте пайда болатын көрінісі вегетативтік бұзылыстар болып табылады: ішкі ағзалардың және олардың жүйелерінің функциялық бұзылыстар синдромы (қанайналым, тыныс, асқорыту, жыныс жүйесі және т.б.). олар орталықтық бұзылыстар нәтижесі, реттелу қызметінің нейрогендік генезінің бұзылуы. Клиникалық тұрғылы әдебиеттерде бұндай бұзылыстар әр түрлі терминдермен аталады: «нейроайналымдық дистония», «вегатоневроз», «вегатодистония», «вегатотивті тамырлық листония» және көптеген басқалар. Жалпы түрде, бұл бұзылыстар адекватсыздықпен сипатталады және ішкі ағзалар мен олардың жүйелері әр түрлі реакциялар береді (әр түрлі қоздырғыштарға), олардың келістірілген вегетативтік компоненттері, ағзаның реакциялық бірлігі, веатотивтік және локоматорлық диссоциация, вегатотивтік қызметтің қорғаныстық-бейімделушілігі жоғалған. Вегатоневроздың ең жиі көрінісі – жүрек аумағында ауырсыну, аритмиялар, жүрек соғуының алып-ұшуы, тахипноз немесе диспноз, тамырлық дистония (гипер немесе гипотензивті реакциялар), диспепсиялық құбылыстар. Бұл өзгерістер әдетте шаршағыштық, шамасыздық, ашушаңдық, ұйқының бұзылуы (ұйқы қашу, ұйқышылдық, тынышсыз ұйқы) және т.б. невроздық ахуалға соматикалық (денелік) патология алда жүреді – ЖИА, гипертония ауруы. Асқазан және ұйқы безі жарасы ауруы, әр түрлі эндокринопатиялар.
Достарыңызбен бөлісу: |