Пән: «Жалпы патология». Тақырып №9



бет4/13
Дата22.06.2020
өлшемі363,04 Kb.
#74268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
жуйке жуйеси
Тұрмыс
ОЖЖ АУРУЛАРЫ

ТАМЫРЛЫҚ АУРУЛАР

Ишемиялық инсульт

Ишемиялық түрде (ишемиялық инсульт) ми қанайналымының жіті бұзылысы немесе ми инфарктысы – ми тінінің некроз ошақтары, оның қанайналымының жіті тоқтауының салдарынан пайда болған.



Этиология. Ми тінінің қанайналысының жіті бұзылысының себебі мойынның артерияларында және ми бағанындағы тамырларда атеросклероз, тромбоэмболия, майлық және ауалық эмболия, сонымен бірге ми артерияларының спазмы тарылуы.

Морфологиясы. Некроз ошағы ең жиі үлкен жарты шар аймағында орналасады, сиректеу – ми бағанында. Аурудың қолайлы ағымында инфаркт пайда болуының 3 сатысы бөлінеді:

  • некроздық саты – тіннің некроздық зонасы қалыптасады, айналасында шеткері жүйке жасушалары орналасқан, оларда ишемиялық жарақаттану белгілері көрінеді;

  • репаративтік саты – некроз зонасын шет айналдыра жаңа капиллярлардың қалыптасуымен сипатталады және бұл зонада марофагтар мен астроциттер миграциясы некрозға ұшыраған тінді лизистейді (ерітіп жібереді);

  • қалыптастыру сатысы – астроциттер және фибробластар активті полиферациясы жүреді; қалыптасқан ми инфарктісі қабырғалары қатайған, қуыс болады.

Аяқталуы. Ми инфарктісі жедел сатыда аумақты невроздан немесе ми тінінің аумақты ісінуінен адам өледі. Қалыптасу және репарация сатыларында өлім асқынудан пневмония, өкпе артериясында тромбоэмболия, инфаркт аймағына екінші рет қан құйылудан (реперфузиялық) дамиды. Қолайлы аяқталған жағдайда ауруда қалдық өзгерістер, координация, сөйлеу, жүріс және т.б. бұзылыстар сақталып қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет