Пән: «Жалпы патология». Тақырып №9


ОЖЖ ДЕГЕНЕРАТИВТІ АУРУЛАРЫ



бет6/13
Дата22.06.2020
өлшемі363,04 Kb.
#74268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
жуйке жуйеси
Тұрмыс
ОЖЖ ДЕГЕНЕРАТИВТІ АУРУЛАРЫ

ОЖЖ дегенеративті аурулары бұл бас ми мен жұлынның әр түрлі ауруларының түрлері, нейрондар мен олардың аксондарының дистрофиясымен және үдемелі атрофияларымен сипатталады. Олардың арасында қазіргі кезде ең көп көңіл бөлетіні Альцгеймер ауруы.



Альцгеймер ауруы

Альцгеймер ауруы үдемелі ақылсыздық дамитын және соған әкелетін жиі кездесетін ауру, ол жүйке жүйесінің дегенеративтік ауруларының 70% шамамен құрайды. Адамдарда 60 жасқа дейін ол 100 000 адамға шаққанда 2 ауру, ал 60 жастан жоғары 1 000 000 халықта 127-сі ауырады.



Этиологиясы. Аурудың себебі белгісіз, бірақ көптеген ауруларды талдағанда тұқым қуалайтындығы байқалады. Кейбір мамандар Альцгеймердің ауруы амилоидозбен байланыстылығын жариялайды.

Морфологиясы бас миының қыртысының диффузды атрофиясымен сипатталады, ми жылғалары жіңішкереді, қатпарлары тереңдеген, ми қыртысы әлдеқайда жұқарған. Бүйірлік қарыншалар көрнекті кеңіген, микроскопияда қыртыс нейрондарында майда талшықтары топталған және майда эозинофильдік кірістер, лимбиялық жүйенің нейрондарында вакуольдық дистрофия, сонымен бірге жарақаттанған аксондардың жарақатқа ұшыраған қалдықтары, ортасында амилоидты топтасқан жиындар байқалады.

Аяқталуы. Дерт әдетте бірнеше сатыдан өтеді, ұзақтығы 7-10 жылдарға созылады және өрлеген ақылсыздық бірге жүреді, есі жоғалады (амнезия). Ауру жиі төсекте жатады және іркілістік бронхопневмония дамып, ақыры өлімге әкеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет