Адиодохокинез ( а-жоқ+ diadochos- келесі) - шапшаң супинациямен пронация кезінде қимылдың бір тектігінің бұзылуы.
Сөз мәнерінің бұзылуы – баяу немесе модуляциясыз сөйлеу.
Бұлшық ет гипотониясы – бұлшық ет былжырақтығы және әлсіздігі буын эксурсиясының шамадан тыс болуы.
Мегалография (грек сөзінен аударғанда megas – үлкен + grapho – жазу ) – жазуының сызығы иіріліп әріптері үлкен болып көрінеді.
Астазия – абазия (грек сөзінен аударғанда а-жоқ+ stagis – тік тұру, а – жоқ + basis – қадам) – қимыл мен жүрістің бұзылуы, науқас біреудің көмегінсіз өз бетінше тұрып жүре алмайды.