Сандардың, бас әріптердің және аббревиатуралардың (қысқарма) көпше түрлері s арқылы жасалғанда апостроф қойылатын да қойылмайтын да жағдайлар бар. Мысалы:
He has a problem with r’s (“Р” әріптерін айтуға қиналады. Мысалы, мәтіндегі “Р” әріптері).
Егер апострофтың алдында сан, таңба (символ) немесе бас әріп келетін болса, апостроф түсіп қалады да тек s әрпі жалғанады. Мысалы: I have got tree Samsung H1s = three of Samsung H1 mobile phones.
the 1970s = from 1970 to 1979 (70-ші жылдар).
Ескерту Тәуелділік есімдіктеріне (possessive pronouns) ешқандай ’s жалғауы жалғанбайды. Мысалы:
wrong (қате) and right (дұрыс) forms
wrong: my’s pen, right: my pen (менің қаламым)
wrong: hi’s ball, right: his ball (оның добы)
wrong: a friend of yours’, right: a friend of yours (сенің досың)
Ағылшын тілі грамматикасы. 5-сабақ: Реттік сан есімдердің жасалуы Ordinal numbers | Реттік сан есімдер Ағылшын тіліндегі реттік сан есімдердің жасалу жолы қарапайым. Бірден үшке дейінгі реттік сандар, яғни, бірінші, екінші және үшінші дегендер ерекше болады. Төрттен бастап, ары қарайғы сандардың негізгі түбіріне -th жалғауы жалғанады. Мысалы:
20th=20th Он екінші (twelfth) дегеннің ерекшеленіп жазылуына келсек, негізгі түбірінде twelve болып жазылады. Бұның алдындағы зат есімнің көпше түрінің жасалу жолдары жайлы сабақта көптік жалғауы жалғанғанда -vәрпінің -f әрпіне өзгерітінін айтқан болатынбыз. Сол секілді реттік сан есім жасалатын кезде негізгі түбірдегі -v әрпі -f әрпіне өзгеріп отыр.
Соңы -y әрпіне аяқталатын сан сандардан реттік сан жасалғанда олардың соңындағы -y әрпі -i әрпіне өзгереді, -eth жалғауы жалғанады. Мысалы:
20th — twentieth
30th — thirtieth
40th — fortieth
Мұнда 40 саны реттік сан ретінде fourtieth болып емес, fortieth болып
жазылады. -u әрпі түсіп қалады.
Реттік сан есімдерді жасаудың тағы бір ерекшелеу түрі бар. Оған мысал ретінде жиырма бірінші, жиырма бесінші, т.с.с. Сандарды келтіруге болады. Ондай сан есімдерден реттік сан есімдерді жасағанда ондығы мен бірлік сандарының арасына дефис қойылады, -th жалғауы соңғы сөзіне жалғанады (first, second, third дегендерден басқа). Мысалы: