Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі


аул у «Хан  Шатыра » (КП. – 07.07.2012), « Да будет  той



Pdf көрінісі
бет73/83
Дата07.02.2022
өлшемі1,99 Mb.
#96415
түріМонография
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   83
Байланысты:
httpspspu.kzmoduleskafkilimagesppsErgaliev-K-Sknigi7-gazet-gramm.pdf

аул
у «Хан 
Шатыра
» (КП. – 07.07.2012), «
Да будет 
той
! Торжества и корпоративы 
глазами артистов
» (К. – 28.11.2014). Бұл тақырыпаттарда тілшілер 
орыс тілінде баламасы бола тұра, қазақ тіліндегі сөздерді қолданған: 
палуан – борец, ауыл – деревня, той – праздник. 
Сонымен 
қатар 
мақала 
атауларында 
лакуналар, 
яғни 
аударылатын тілде баламасы жоқ сөздер жиі кездеседі. Бұл да екі 
халық мәдениеттерінің тығыз байланысымен түсіндіріледі. Мысалы: 


118 
«
Курт
с приставкой «био
» (КП. – 16.08.2012), «
А был ли 
альчик
?» 
(ЭК. – 11.12.2014), «
Байга
! Как много в этом слове...
» (КП. – 
20.05.2011). 
Кейде бір ұлтқа тән әлемнің тілдік бейнесі басқа елде де 
қолданылуы мүмкін. Мысалы, ресейлік «Московская комсомольская 
правда» басылымында шыққан мына бір мақала – соның айғағы: 
«
Назарбаев снова 
елбасы
*
» (КП. – 26.04.2015). Қазақстан халқы ел 
президенті Нұрсұлтан Әбішұлын елбасы деп атап кетіп, бұл сөздің 
қоғамда сіңісіп кеткені сонша – оны көршілес елдердің азаматтары да 
танып, түсінеді. Публицистикада мұндай қадамға екінің бірі бара 
бермейді. Алайда бұл мақаланың авторы осындай шетелдік танымға 
сай сөзді оқырмандар түсінеді деген сеніммен қолданып, десе де бұл 
сөздің мағынасын білмей қалуы мүмкін адамдар үшін мәтін соңында 
жұлдызшамен белгілеп, мәнін ашып көрсеткен. Осылайша, көршілес 
екі халықтың дүниетанымы бір-бірімен жымдасып, өзара байланыста 
болуы олардың күнделікті тұрмысында да, публицистикасында да 
көрініс табатындығын байқауымызға болады. 
Әлем бейнесін сипаттайтын тағы бір құрал – біз өткен 
тараушаларда атап өткен прецедентті мәтіндер. Көбіне۔көп бұл – 
мақал۔мәтелдер, нақыл сөздер, фразеологизмдер, т.б. Ресейлік 
газеттердің тақырыпаттарын қарап көрейік: «
Цена высокого полета
» 
(РГ. – 21.04.2009), «
Кличко пришел, увидел, победил
» (Ком. П. – 
08.07.2014), «
Работа не волк
» (РГ. – 20.01.2011). Дәл осындай 
прецедентті құрылымдарды қазақстандық мақалаларда да кездестіруге 
болады: «
Музы высокого полета
» (ЭК. – 10.12.2014), «
Пришел, увидел, 
отследил
» (ЭК. – 09.12.2014), «
Жамбылская область. Работа – как 
волк: не догнать, не поймать
» (К. – 06.12.2014). 
Дей тұрғанмен, қазақстандық мақала атауларында тек біздің 
елде ғана «жалпыхалықтық танымал» сипатқа ие прецедентті 
құрылымдар кездеседі. Мысалға: «
Важно для тебя – важно для 
страны
» (КП. – 14.01.2012), «
Построим будущее вместе! Казахстан – 
2020
» (КП. – 19.03.2011), «
Кто вы, Коркыт-ата?
» (КП. – 21.01.2011). 
Қазақстандық және ресейлік реципиенттердің мұндай тақырыпаттарды 
оқығаннан кейінгі әсерлері әртүрлі болады, өйткені Ресей азаматы 
аталмыш тақырыпаттардың астарында біздің елде танымал партиялық 
және стратегиялық ұрандар және әйгілі кинофильмнің атауы 
жасырынғандығын түсінуі екіталай. 
Қазақстандық мерзімді басылымдардың журналистері көп 
жағдайда мемлекеттік тілдегі сөздер мен ұғымдарды олардың орыс 
тіліндегі аудармасы не мағыналас түсініктерімен қатар қолдану 
негізіндегі тілдік ойынды іске асырады, айталық: «
Коррупции – «жол 


119 
жоқ
» (КП. – 11.08.2012), «
Болашак» – устремленный в будущее
» (КП. – 
17.04.2013), «
Шектеу» ограничит должников
» (КП. – 27.10. 2011). 
Автордың мұндай «қулығын» бәрі бірдей түсіне бермейді, дәлірек 
айтқанда, оны ұғыну үшін Қазақстанда тұратын орыс халқының 
әлемнің тілдік көрінісіне ие болу керек. 
Тілшілердің мұндай сөздер мен ұғымдарды мақала атауында 
пайдалануының тағы бір себебі – мұның негізінде реципиент өзінің 
осы қоғамға (тілдік қауымдастық) тиесілі екендігін, оның басқа 
мүшелері сияқты аталмыш сөздердің мәнін түсінетіндігін және 
Ресейдегі қандастарына қарағанда мұндай тілдік «кедергілерді» 
оңайлықпен айналып өтетіндігін сезінеді. Осылайша, автор 
реципиентке өзін бірегей тілдік тұлға болып сезінуге мүмкіндік беріп, 
адресат пен адресант арасындағы арақашықтықты анағұрлым 
қысқартады. 
Отандық және ресейлік газеттерді оқи отыра байқалатын тағы 
бір қызықты жайт – қазақстандық журналистер, әдетте, тілдік 
нормаларды ескерсе, олардың ресейдегі әріптестері тайсалмай, ана 
тілінің тілдік құралдарын сан алуан жағдайда пайдалана отыра, тілдік 
ойын 
және 
окказиоанализм 
тәсілдерін 
жиі 
қолданады: 
«
Недореформаторы. Украинским правительством будет руководить 
Сорос?
» (АиФ. – 09.12.2014), «
Пристрелите доллар!» Как Иран 
"устаканил" свою валюту в условиях санкций
» (АиФ. – 11.12.2014), 
«
Крым отфутболили?»
(АиФ. – 11.12.2014). Ресейлік оқырмандар 
үшін бұл қалыпты жағдай болып көрінгенімен, басқа мемлекеттердегі 
орыс тілді реципиенттер үшін мұндай құбылыс үйреншікті емес, 
тосын, тіпті ерсі көрінуі мүмкін. 
Байқап отырғанымыздай, әлемнің санадағы көрінісі сол әлемді 
зерттеп тануға құрал болған тілге тікелей байланысты. В. фон 
Гумбольдт, Э. Сепир, Б.Л. Уорф бастаған бір топ ғалымның тіл 
ойлауды қалыптастыруда маңызды роль атқарып, белгілі бір халықтың 
мәдени мұрасы мен өзіндік танымы оның дүниетанымында көрініс 
табады деген тұжырымы әбден орынды болып, оны Л. Бородицки, 
В.А. Маслова сияқты ғалымдар өз еңбектерінде терең зерттеп, 
дәлелдеген. Түрлі этностардың қоршаған әлемді қабылдауындағы 
ерекшеліктер, ең алдымен, олардың тілі, ділі мен мәдениетіне 
байланысты. Одан басқа, біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, бір ұлт, 
бір тілдік топқа жататын, бірақ әртүрлі географиялық нүктелерде 
мекендейтін тұлғалардың дүниетанымында да қарама-қайшылықтар 
мен айырмашылықтар болуы мүмкін. Бұл – ойлау мен әлемді 
қабылдаудың белгілі бір әлеуметтік топтың тілдік әрекетімен 
байланысты екенідігінің тағы бір дәлелі. 


120 
Әлемнің 
тілдік 
бейнесі 
жетекші 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдарының бірі – газет-журналдардың маңызды элементі болып 
табылатын мақала атауларында да көрініс табады. Журналистер өз 
мақалаларына атау бергенде, оны мазмұнды әрі бейнелі етіп қана 
қоймай, әлеуетті оқырмандар қауымының дүниетанымы мен ойлау 
ерекшеліктеріне сай етіп те құруға тырысады. 
Қазақстандық және ресейлік мерзімді басылымдардан келтірілген 
мысалдар белгілі бір халықтың мәдени тұрмысы оның әлемнің тілдік 
бейнесінде көрініс табатындығын айқын көрсетті. Олар бір тілде 
жазылса да, лексика۔семантикалық тұрғыда да, этнопрагматикалық 
сипатта да өзгешеліктерге ие. Тіпті көршіліс елдердің де дүниетанымдары 
мен мәдениетінің бір-бірімен тығыз байланысы олардың күнделікті 
тұрмысында да, публицистикасында да көрініс табады. 
Осылайша, біз қазіргі газет۔журналдарды оқи отыра, 
тақырыпаттың оқырманды мақала мазмұнынан хабардар ететін 
публицистикалық мәтіннің ерекше лексика۔семантикалық құрылымы 
болып табылатынын ғана емес, сонымен қоса әлемді қабылдаудағы 
этномәдени ерекшелікті сипаттайтын қосымша қызметке ие екендігін 
де байқауымызға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет