Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі


Медиафорум – не сорым... » (ЖА. – 28.04.2014),  « Аккредиттеу



Pdf көрінісі
бет74/80
Дата06.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#81360
түріМонография
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80
Байланысты:
7-gazet-gramm

Медиафорум – не сорым...
» (ЖА. – 28.04.2014), 
«
Аккредиттеуалға басудың алғышарты
» (ЕҚ. – 12.12.2014), 
«
Мобильді мемлекеттік қызметтер қарқын алады...
» (ЕҚ. – 
10.10.2014). Осының ішінде ғаламтор мен оған байланысты түсініктер 
үлкен бір топты құрады: «
Facebook чаттың орнын Facebook 
Messenger басады
» (ЕҚ. – 30.07.2014), «
Селфи-конкурстың жүлдегерлері 
анықталды
» (ЕҚ. – 11.07.2014), «
Онлайн. Оффлайн…
» (ЕҚ. – 
23.07.2014), «
Былғанышқа толы блог!
» (СС. – 28.08.2013), 


124 
«
Англиядағы қазақша стайл
» (ЕҚ. – 10.12.2014). 
Тілдегі жаһандану құбылысы оның лексикалық қабатына ғана 
емес, грамматикасына да біршама деңгейде ықпалын тигізді. Айталық, 
өз мақалаларына мейлінше қызықты да бейнелі атау беруді мақсат 
тұтқан журналистер көп жағдайда окказионализм яки тосын қолданыс 
амалын іске асырады. Осындайда авторлар тілімізде жоқ түсінікті 
белгілеп, жаңа бір сөзді «құрастырып», соның барысында ағылшын 
тілінің грамматикасына тән морфологиялық амалдарды біршама жиі 
іске 
асырып 
жатады: 
«
"Айханымизм
немесе 
ақырзаман 
жақындағанда жалған пайғамбарлар көбейеді
» (АТ. – 09-15.07.2009), 
«
Шибөризм
» (ЖА. – 14.09.2010) (ағылшын тілінде «-ism» қосымшасы 
зат есім тудыруда жиі қолданылатын жұрнақ болып табылады). 
Шетел сөздері тілімізге жаңа тілдік бірліктер ретінде енуімен 
қоса, өзінің астарындағы мағынасының «ойнақылығы» я болмаса «әр 
қырлылығының» арқасында тілшілер тарапынан метафора сынды 
ауыспалы мағынада, тағы бір жаңа қырынан көрініс тауып, мақала 
тақырыпатында жиі қолданылып жатады: «
Құрсақтағы сәбидiң 
"киллерiн" кiм тоқтатар?
» (ЖА. – 27.05.2004), «
Дiни зомбилер: дiн 
туралы сұмдық пен шындық
» (Ақ. – 2013. №6.). 
Көріп отырғанымыздай, бүкіл әлем бойынша ғылымның әр 
алуан салаларында кең өріс алып келе жатқан жаһандану құбылысы 
тіл білімін де сырт айналып өткен жоқ. Күн санап, көптеген халық 
тілдерінің (соның ішінде өзіміздің қазақ тілінің де) сөздік құрамдары 
жаңа ғаламдық түсініктер мен кірме сөздермен толығып, грамматикалық 
қабаттары да белгілі бір деңгейде аталмыш құбылыстың ықпалынан 
өзгеріске түсуде. Соның ішінде, уақыт ағынынан қалыспай, толассыз 
өзгеріп, дамып отыратын заман талаптарына мейлінше жауап беруге 
икемді келетін тілдік құрылым – публицистикалық мақалалар мен 
олардың тақырыпаттары осындай ғаламдық өзгерістердің бірден-бір 
айнасы іспеттес роль атқарады. 


125 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет