көбесі сөгілді
» (ЕҚ. – 03.12.2014) («көбе» (көнерген сөз) – бүкіл
кеудені қорғау үшін қола не мыс, кейде алтын мен күміс
табақшаларды қатпарлап тізіп немесе металл шынжырларды
біріктіріп, көйлек тәріздес етіп жасаған қорғаныш киім, «көбесі
сөгілді» – жоқ болды, құрыды).
Әлемнің тілдік бейнелеріндегі айтулы айырмашылықтарды
Ресейде және Қазақстанда жарияланатын орыс тілді мерзімді басылым
беттерін оқып отырып байқауға болады. Жергілікті қазақтармен ұзақ
уақыт бойы бір аспанның аясында өмір сүру, қос халықтың мәдениеті
мен ділінің өзара әрекеттесуі Қазақстанда мекендейтін этникалық
орыстардың ойлауы мен әлемді қабылдауына өз ықпалын тигізбей
қоймады. Келесі мысалдарды қарастырайық: «
Мы ждем медалей от
наших палуанов
:
В Лондоне нашу страну будут представлять семь
борцов вольного стиля
» (КП. – 28.06.2012), «
Этноаул у «Хан
Шатыра
» (КП. – 07.07.2012), «
Да будет той! Торжества и корпоративы
глазами артистов
» (К. – 28.11.2014). Бұл тақырыпаттарда тілшілер
орыс тілінде баламасы бола тұра, қазақ тіліндегі сөздерді қолданған:
палуан – борец, ауыл – деревня, той – праздник.
Сонымен
қатар
мақала
атауларында
лакуналар,
яғни
аударылатын тілде баламасы жоқ сөздер жиі кездеседі. Бұл да екі
халық мәдениеттерінің тығыз байланысымен түсіндіріледі. Мысалы:
118
«
Достарыңызбен бөлісу: |