Бөлімше шерулік қарауылда.
Марштағы бөлімдер шерулік қарауылмен қорғалады. Тікелей қорғау үшін, сондай-ақ басты шерулік заставаның қозғалыс бағытындағы жергілікті жерді қарау үшін, бағдарлау бөлімшесі бөлінеді. Оның міндеті – қорғалатын бөлімдерді қарсыластың кенеттен шабуыл жасауынан қорғау. Бұл алшақтау 400-1200 м болуы мүмкін. БТР-дағы КПВТ пулеметінің ату қашықтығы 2000 м, ПКТ – 1000 м, танкінікі – 2500 м. Осы көруі қалыпты жағдайдағы қашықтықта көзбен көріп, байланысу қамтамасыз етіледі [29]. Бағдар бөлімшесіне тапсырманы жіберіліп отырған бөлім немесе ротаның командирі береді. Бөлімшеге тапсырма беру кезінде, әдетте қарсылас туралы және олармен кездесуі мүмкін жер, міндеті, маршрут және қозғалыс жылдамдығы туралы мәлімет беріледі.
Шерулік қарауылға тағайындалған бағдар бөлімшесінің командирі карта бойынша қозғалыс маршрутын, қарсыласы мен кездесуі мүмкін жерді зерттеп, олармен кездескен жағдайда істейтін әрекетін, сондай-ақ бөлім командирінің белгісін баяндау тәртібін және ұрыстық бұйрық беруді білуі міндетті [30]. Бөлімше командирі ұрыстың бұйрығында мына жағдайларды көрсетіп айтады:
Қозғалыс барысында жеке құрам қарсыласты уақытында анықтау мақсатымен жергілікті жерге және заттарға аса қатты назар аударады. Қарсылас анықталысымен бөлімше командирі сол туралы шартты белгі беріп, жүргізуші-механикке көлікті қоятын таса жерді көрсетеді. Бөлімшенің асығуына бұйрық беріп, бағыттаушы-оператор, пулеметшіге нысананы көрсетеді. Қарсыластың нақты ату аймағына шығуына қарай бөлімше тұтқиылдан оқ атып, ұрысқа қозғалыстағы бөлімдердің кіруін қамтамасыз етеді. Егер бағдар бөлімшесі жабық жерлермен немесе түнде марш кезінде қарсыластың оғының астында қалса, онда олар бірден жинақталып, ұрысқа кіріседі.
Қарсыластың азғантай топтарын бағдар бөлімшесі жойып, құжаттарын, қару түрлерін алып, міндеттерін орындауды жалғастырады. Өзінен күші көп қарсыласты кездестіргенде, жағдайға қарай ұтымды позициядан оларды атқылап жоюға тырысады. Ал егер өз күшімен мүмкін болмаса, өз позициясын табандылықпен ұстап, қорғалатын колонаның ұрысқа кірісуін қамтамасыз етеді.