Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет83/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

7—8-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Академиктің стипендиясы.

Білімділік:

Тілдік коммуникация барысында А.Жұмаділдаев туралы ақпарат беру.

Дамытушылық:

Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында достық қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.




Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде академик, оның ғылымдағы жетістік- тері жайында ақпарат береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): мәтіндегі ақпараттың өзектілігін түсінеді, негізгі ойды табады, өз пікірін білдіреді.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында қазақша сыныптастарымен тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады, мәтін құрастырады.

Жаңа сөздер:

Ғылым, ғалым, ерекше қабілет, талмай іздену, жаңа ашылымдар, еліктеу, зерттеу жүргізу.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты слайдтар, буклеттер, парақшалар, желімқағаздар, смайликтер.

Оқыту әдістері:

С Сипаттау, түсіндіру, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі,

«Интервью» рөлдік ойыны, диалог, «Шағын шолу» тәсілі, «Жағымды сөздер» тәсілі.



Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтар көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды:

—Балалар, сендер академик А.Жұмаділдаев жайлы не білесіңдер? Ғалым ғылымда қандайжетістіктерге

жеткен?


Сұрақтарға жауап береді, сипат- тайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таны- стырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушы- ларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөз- дерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен

ауызша жаттығу жүргізеді.


2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 3-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, сөйлем құрап айтады.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіреді.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды, мәтіндегі әр ойбөліктерге тақырып қояды.

Ә) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.

Оқылым.Айтылым. Мәтіндегі тірек сөздерді табады, ғалым туралы қысқаша мәлімет айтады.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




4. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жаса- тады.

Сергіту жаттығуын жасайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс.

А) Жазылым. Оқулықтағы 7, 9-тапсырманы орындата- ды.



Жазылым. Көңіл-күй одағайларын пайдаланып, сөйлемдер құрап жазады, кесте- ні толтырады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Диалогті толықтырады.

IV. Бекіту

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Айтылым. «Интервью» рөлдік ойынының шартын орындайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мына- дай сұрақ қояды: Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтыл- ған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаз- дарға жазады, тақтаға жапсы- рады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет