- Суббірлікті вакциналар. Гепатит В вирусына қарсы вакцинаны беткейлік ақуыз НВs-нан дайындайды. Қазіргі кезде бұл вакцинаны рекомбинанттық негіз ретінде қабылдайды – ашытқы клеткада плазмида көмегімен, НВs антигенін кодтайды.
Жаппай вакцинациялау тәсілдері Вакциндыпрофилактиканың жетістігі тек қана вакцинаның сапасынан емес, сонымен қатар қанша адам санын, немесе қауіп- қатерлі топтағы адамдардың санын қамтуына байланысты. Вакцинациялаудың өнімділігі бір бригада жұмыскерлерінің бір сағатта вакцинацияланған адам санына тәуелді. Мысалы, тері үстіне (скарификациялау) егу әдісімен бір сағатта 20 адамды егуге, терінің астына щприцпен - 30-40 адам егуге, ал инесіз инъектормен - 1200 адам шамасында егуге болады.
Вакциндыпрофилактиада қысқа мерзімнің ішінде көп адам санын егуге болатын зор өнімділігі бар тәсілдер қолданылады. Тәсілдерге жататындар: инесіз егу , пероралдық (ауыз қуысы арқылы) және аэрозолдық.